Среда , 27 августа 2025

Құл болғанша, КҮЛ БОЛ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Тура­би тұғыры

 

Қасым Аман­жолұ­лы:

Жұмыс теле­фо­ным шырыл­да­ды. Көтердім:

– Кім боласыз?

– Сафи­ол­ла­мын, афга­ны­c­пын ғой. Тір­кел­дім. Кан­ди­дат бол­дым. Екін­ші боп тұр­мын. Сен өткен­де Жар­ма­хан­мен сөй­лесіп отыр едің ғой, сол маған финан­со­вый көмек­тес­пей ме екен?

– Жар­ма­хан­ның хат­шы­сы емес­пін, өзі­мен сөйлесіңіз.

– Ой, оның Аста­на­да офи­сы жоқ екен. Мен екін­ші боп тұр­мын. Бар­лық афга­ны­стар мені қол­даға­лы жатыр. Екін­ші болам деп отырмын.

– Ақы­ры тір­келіп­сіз, екін­ші бол­маңыз, жеңіп шығы­ңыз, – деген тілек айтып, әрең қошта­стым. Смай­лик «smile»

 

Әбдіра­шит БӘкірұлы:

«Биік өкше туфлиді еуро­па­лы­қтар боқ бас­пай­тын аяқ киім ретін­де ойлап тапқан» деді Мұха­меджан Таза­бе­ков» – деп жазып­ты мұн­да (Дина­ра Нұрлан).

Баяғы­да, жас кезі­міз, инсти­тут­та «Эсте­ти­ка­дан» сабақ беретін доцент аға­мы­здың сабағы­на қаты­сқам. Тақы­рып «Әсем­дік» тура­лы бола­тын. Сон­да аға­мыз ауди­то­ри­ядағы кілең қыздарға әсем­дік­ті былай түсін­діріп еді: «Мысық тышқан­ды ұстап ала­ды, сол сәт­те мысық үшін тышқан­нан әсем нәр­се жоқ», – деп… Сол кез­де «Көке, «әсем­дік – биік иде­ал» деген сөзді неге мұн­ша қор еттіңіз? Әсіре­се қыздар алдын­да!» – деп рен­жіп едім…

Мынау да сол сияқты «лек­ция» болып­ты… «Әсем­дік­ке ұмты­лу­дың» өзі де боққа шыла­нып жата­ды екен!…

 

Ақбө­пе Қалила:

Орыс­ша сөй­лей­міз, түрік­тің дөнерін жей­міз, үндінің сери­а­лын көре­міз, фран­цуз­дың әтірін себе­міз, қытай­дың киі­мін кие­міз, немістің көлі­гіне – қырғы­здың нөмірін тір­кеп алып жүре­міз… Біздің ел деген ШЕТЕЛ ғой, шіркін!..

 

Темірға­ли Көпбаев:

Түр­ки­я­лық бір аза­мат: «Қаза­қтар – ен бай­лы­қтың үстін­де оты­рған кедей халық» деп сал­ды. Расын­да да, біз «Жері­міздің асты тұнған бай­лық!» деп мақтанған­ды жақ­сы көре­міз. Қазақ жерін­де Мен­де­ле­ев таб­ли­ца­сын­дағы бар­лық эле­мент­тер бар. Ол шын­дық. Бірақ осы­дан қара халы­ққа келіп жатқан не пай­да бар? Халы­қтың басым бөлі­гі кедей­шілік­тің шыр­мауын­да отыр.

Токи­о­да – 34 400 000, Джа­кар­та­да – 21 800 000, Нью-Йорк­та – 20 090 000, Сеул­де – 20 010 000, Бом­бей­де – 19 530 000, Мехи­ко­да – 18 430 000, Дели­де – 18 000 000, Оса­ка­да – 17 270 000 халық тұра­ды. 2015 жыл­дың 1 қаңта­ры­на дей­ін­гі мәлі­мет бой­ын­ша, Қаза­қстан халқы­ның жал­пы саны 17 417 447 адам болыпты.

Жер асты қаз­ба­ла­ры мен табиғи ресур­старға осын­ша­ма бай мем­ле­кет­тің бір қала­ның тұрғын­да­рын­дай ғана бола­тын өз халқын кедей­лік­тен шыға­ра алмай оты­рға­ны нелік­тен? Ол ресур­стар­дан бөлек сырт­тан алған мил­ли­ард­таған қары­здар ше? Қара­пай­ым халық ол қар­жы­ның шетін де көр­ген жоқ.

Жер­дің бай­лы­ғын ат төбелін­дей топ­тар ғана ием­деніп, ата­сы­нан қалған­дай мен­шік­теп алды. Олар бай­ы­ған үстіне бай­ып, қара­пай­ым бұқа­ра­ны мен­сін­бей­тін жағ­дай­ға жет­ті. Негізін­де жер асты бай­лы­ғы халы­қтың ортақ игілі­гі деп сана­ла­ды. Қаза­қстан­да бұл сөз жүзін­де ғана. Іс жүзін­де жері­міздің бай­лы­ғы­нан кедей-кеп­шік көк тиын пай­да көріп оты­рған жоқ.

 

Аңсаған Мұста­фа:

11 жасар батыр қыз естерің­де ме? Өткен­де Ақтө­бе облы­сын­да үйі өртен­ген­де, қолы­мен тере­зесін сын­ды­рып, екі сіңлісін үйден аман-есен алып шыққан. Сол кез­де­гі жаңа­лы­қты тауып алып тағы қара­дым, міне сілтеме:

http://www.ktk.kz/kz/news/video/2014/12/10/55708

Кеше «Қаза­қстан» Ұлт­тық арна­сы шақы­рып алып, батыр қызды сол ерлі­гі үшін мара­пат­та­ды. Кәм­шат­тың әкесі сол кез­ден бері үйсіз жүр­ген­дерін айта­ды. Аудан әкі­мі жанып кет­кен үйдің баға­сы 8 мил­ли­он­нан асса, қай­та­ра ала­мыз деп­ті. Ал ол кісі біздің ауыл­да сон­ша тұра­тын үй жоқ, әрі кет­се баға­сы 2 млн дей­ді. Үш бала­мен алыс туы­ста­ры­ның тастаған үйін пана­лап отыр екен…

Ауыл әкі­міне өкпе­ледім. Не деген нашар жігіт­сің? Біздің бей­біт заман­да одан артық қан­дай ерлік керек, ебін тауып үй жасап бере сал­май­сың ба? Эһ‑һ!

 

Ақбе­рен Елгезек:

Бал­конға мем­ле­кет­тік Туды ілмеңіз­дер, үйде кеудеңіз­ге қолы­ңы­зды қой­ып, Әнұран айтып жүр­меңіз­дер. Елтаң­баға ұзақ қара­уға бол­май­ды, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қасы­нан өткен­де, жана­ры­ңы­зды төмен салып, тез-тез өтіп кету керек. Елба­сы­ның бей­несі бедер­лен­ген кілем­ше, сыр­мақ, ала­ша, түскиіз, фото­су­рет­тер, жай сурет­тер­ді үйге ілсеңіз, өз оба­лы­ңыз өзіңіз­ге – басы­ңы­зға қара басып, елба­сы­мы­здың суреті салы­нған бейс­бол­ка кисеңіз – біт­ті шаруа! Баба тіліңізді қорғап, әуре болу – жын­ды­ның ісі. Тарихы­ң­ды қаз­ба­лап қай­тесің, оның бәрі өтірік, себебі басқа ұлт­тар­дың ғылы­ми көзқа­рас­та­ры – ақиқат­тың нақ өзі. Өз ұлты­ң­ды сүю­ші бол­ма, оның мүд­десін қорғау – таза ақы­мақтық, мәм­бет­тік, өрке­ни­ет­сіздік һәм мар­ги­нал­дық! Ешқа­шан сені қор­лап жат­са, қар­сы сөз айту­шы бол­ма, өйт­кені бұл бүлікқұ­мар­лық, бұзы­қтық және дін­нен без­ген­дік. Құл болуға үйрен, өйт­кені біз­ге бәрі қожай­ын болуға, біз тек қана құл болуға лай­ы­қ­пыз! Әділет­сіздік жаны­ң­ды жеп бара жат­са, құл екеніңді есіңе ал. Құл­да пат­ри­о­тизм, құл­да Отан, құл­да ұлт, құл­да Ту мен Елтаң­ба, қорған бола­тын бас­шы­сы мен намыс болмайды.

Құл болған­ша, күл бол!

 

Расул Жұма­лы:

Несін айта­сың, мықты халы­қ­пыз ғой: Келім­сік­тер­ді төр­ге оты­рғы­зып, босаға­да малай боп жүр­ген­ге мәз­біз, өз жері­міз­де оны­мыз оты­рып, араға бір орыс енсе, соның тілін­де шүл­дір­лей жөне­лу­ге дай­ын­быз. Зауыд түтіні­нен бала­ла­ры­мыз ауы­рып, тұн­шы­ққан­да, себебін зауыд­тан не жау­ап­ты шене­унік­тен емес, басқа­дан көру­ге әуе­с­піз. Жемқор­лы­қтан қор болға­ны­мы­зды аңғар­сақ та, түбі сол жемқорға барып бас иеміз. Әкім­дер­дің озбыр­лы­ғы мен арам­ды­ғын көре тұра, ұрпағы­мы­здың әкім болуын арман­дай­мыз. Бел­ше­міз­ден қары­зға бату түк емес, басты­сы – той өткізіп, көр­ші­ден асып түсу­ге құмар­мыз. Екі орта­да елді ақы­лға шақы­рып, жөн­ге салған­ды міней­міз рахат­та­на. Iштей жек көр­сек те, ауыз­ша басты­қты мадақта­уда түбін түсіре­міз. Сон­дағы­сы – «Мен Қаза­қ­пын» деп кеудені қаққан­да, алды­ға жан сал­май­мыз. Сосын тығы­ры­ққа тірел­ген­де, күй­і­не­міз де жылай­мыз. Жылай­мыз да, үйрен­шік­ті күй­ге қай­та көше­міз. Вобщым, мо-ощни халықпыз.

(Пікір­лер әле­умет­тік желілер­ден алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн