Понедельник , 7 июля 2025

АЛПЫСҚА жетсек екен ЕНДІ БІЗДЕР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Мерей­той мүйісі

 

  • Бел­гілі қалам­гер Әмір­хан Мең­де­ке тура­лы бір үзік сыр

 

Кеше­гі күн бір­ге жүр­ген жігіт­тер 60-қа келіп жатыр. Ілгер­гі дәуір­де 60 деген өмір­дің соңғы бір шегі сияқты жетіп бол­май­тын ұзақ ғұмыр еді.

Қазір… Иә. Бала­ның жасы. Бұны қатар­ла­ста­рым­ды кәрілік­ке қимаған­ды­қтан айтып оты­рға­ным жоқ. Шын­ды­ғы сол.

Бұл – жасқа бай­ла­ны­сты көзқа­рас. Ал ақыл-ес, мінез-құлық тұрғы­сы­нан сара­ла­сақ, 60-қа келіп жатқан­дар­дың қай-қай­сысын да жас дей алмай­сың. Тіп­ті олар­ды ерте «қар­тай­ған­дар» сана­ты­на жатқы­зуға болады.

Солар­дың бірі, дұры­сы – біре­гейі Әмір­хан Мең­де­ке. Иә. Әмір­хан Мең­де­ке сын­шы. Сөз­ден де қадір қашты. Сонау бір жыл­да­ры қаза­қтың үш биін «би» деп айтуға қораш­сы­нып, олар­ды пай­ғам­барға балап едік. Сол сияқты абы­зды да әркім­ге бір телідік. Енді, міне… Сын­шы­лық та Әмір­хан­ның бол­мысын ашуға дөп кел­мей тұр. Неге екенін қай­дам, сын­шы десем бол­ды, кеше­гі соци­а­ли­ст­тік реа­лиз­мнің ұңғыл-шұңғы­лын жетік білетін ака­де­мик шал­дар көз алдым­да көл­бең­дей­ді. Сол сірес­кен соци­а­ли­стік реа­лиз­мнің көбесін сөк­кен осы Әмір­хан Мең­де­ке­лер еді.

Мең­де­ке­лер деп көбей­тіп отыр­мын. Негізі­нен олар екі-үшеу ғана. Нақты­ла­сақ – Әмір­хан Мең­де­ке, Тұр­сы­н­жан Шапай, Тала­с­бек Әсе­мқұ­лов. Бары – осы. Аға-інілерім­нің көңіліне кел­мес үшін, «біздің қатар­ла­ста­ры­мы­здан» деген­ді қосып қояйын.

Соны­мен Әмір­хан… Біз «Соци­а­ли­стік Қаза­қстан» (қазір­гі «Еге­мен Қаза­қстан») газетін­де қатар қыз­мет атқар­дық. Қай­та құры­лып жатқан кез. Сол бір кезең «СҚ»-ның өзге­ше бір түле­ген кезі еді. Әуел­гі оппо­зи­ци­я­лық ойлар сол газет­тің бетін­де айтыл­ды. Бір жиын­да Әмір­хан: «Мына редак­ци­я­ның алдын­дағы парк­те (аты есі­ме түс­пей тұр деп Пан­фи­лов пар­кі деген­ді аузы­на алма­ды) құшағын жай­ып тұрған алып бір адам­ның бей­несін қаңы­л­тыр­дан жасап қой­ған. Мүм­кін, көр­ген шығар­сыздар, – деді де, – Сол алып адам­ның қол­ты­ғы­ның, бұты­ның ара­сы­нан қаза­қтың баста­ры қыл­тиып тұр. Біз соған мәз­біз. Енді­гі жер­де мұн­дай әділет­сіздік­ке төзу­ге бол­май­ды», – деп бір-ақ тоқта­ды. Әмір­хан дәл бұлай емес, өзіне тән шешен­дік­пен түбіне жет­кі­зе, тау­сы­ла айт­ты. Өз басым сол сәт­те оны 28 баты­рға қой­ы­лған ескерт­кіш тура­лы айтып жатыр деп ойлаған жоқ­пын. Менің көзі­ме ол кез­де Әмір­хан айтқан кем­шілік­тер көрін­бей­тін. Сту­дент кезім­де кур­с­та­сым Ғалым Дос­кен­нің Ленин­ді балағат­таға­нын естіп, есім шығып кетіп еді: тап солай бұл жолы да Әмір­ханға қай­ран қал­дым. Ол мені, мені ғана емес, тәмам жұрт­ты содан бері қай­ран қал­ды­ру­мен келеді.

Әмір­хан Мең­де­кенің өзім мән бер­ген алға­шқы сын­шы­лық еңбе­гі Дулат Иса­бе­ко­втың бір шығар­ма­сы хақын­да бола­тын. Шығар­ма­ны Әмір­хан­ша түсініп, Әмір­хан­ша тал­даған адам­ды өз басым соған дей­ін де, одан кей­ін де көр­ген емес­пін. Басы­ма сол кез­де Д. Иса­бе­ко­втың өзі шығар­ма­сын Әмір­хан­ша түсіне алмаған шығар деген ой келді.

Қаза­қты Әмір­хан Мең­де­ке­ше жақ­сы көретін адам некен-саяқ. Жал­пы Әмір­хан­ның негіз­гі тақы­ры­бы – қаза­қтың мұңы. Ол мұң оны ден­деп алған. Сон­ды­қтан да ол не жаз­са да, қала­мын шер­ге малып алып жаза­ды. Оқы­ған­да… Көп­ке дей­ін өз-өзіңе келе алмай­сың. Жылағың келеді. Бір сөз­бен айтқан­да, Әмір­хан­ша жазу – бұл мектеп.

Әрине, ол өзінің баға­сын біледі. Бірақ ешқа­шан киме­леп алға шыққан емес. Сол баяғы қоңыр тір­шілік. Қазақ радио­сы­на дирек­тор да бол­ды. Өзгер­ген жоқ. Жал­пы ол өзге­ге бол­сын деп жүретін жігіт.

Өткен күн­дер еске түседі. Әмір­хан­мен бір­ге өткен күн­дер. Еріксіз жыми­я­сың. Енді, міне… 60 есік қағып тұр. Ақын Аман­хан Әлім ағам 60-қа кел­ген­де сұрағам: 60-тың жай­ын, «алпыс – тал түс» деген­нің қан­ша­лы­қты шын­ды­ққа жана­са­ты­нын. Аман­хан ағам тыр­жы­ң­дап кет­ті. Бет-әлпе­ті­нен 60-қа көңілі тол­май­ты­нын аңғар­дым. Сол сау­ал­ды Мұх­тар Шаха­нов көке­ме де қой­ғам. Жет­пістің жай­ын біл­мек­ке. Ол кісі қашанғы­сын­дай «қарт­ты­қты мой­ын­да­мау керек» деген өз ұста­ны­мын көл­де­нең тарт­ты. Осы тақы­ры­пқа орай өлең оқы­ды. Жігер­лен­дім. Нағыз өмір­дің 70-тен кей­ін баста­ла­тын­ды­ғы­на бек сен­дім. Сон­ды­қтан Әмір­хан дос, 60 деген…

Алпы­сқа жет­сек екен енді біздер…

Құди­яр БІЛӘЛ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн