Понедельник , 7 июля 2025

ЖАЛҒЫЗ ХАНДЫ ҚАЙТАЛАЙТЫН сәт келіп қалыпты…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Репор­таж орнына

 

Соны­мен, кеше Қаза­қстан­ның ширек ғасыр­дан бер­гі пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ҚР пре­зи­дент­ті­гіне «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­нан кан­ди­дат ата­нуға кезек­ті келісі­мін бер­ді. Жай ғана бере салған жоқ, қина­ла-қина­ла берді:

«Біздің жетістік­тері­міздің база­сын­да біз өз мем­ле­кет­ті­гі­мізді нығай­ту үшін алға жыл­жуға тиіс­піз, – деді ол кеше өткен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның XVI съезін­де. – Сон­ды­қтан осын­да келіп, сіз­дер­дің алда­ры­ңы­зда сөз сөй­леп тұр­мын, бәл­кім, менің кан­ди­да­ту­рам­ды ұсы­ну тура­лы сіз­дер­мен тек бір ғана мақ­сат­пен – алды­мы­зда тұрған жаңа мін­дет­тер­ді, ауыр мін­дет­тер­ді ұсы­ну үшін келісермін».

Аса қиын жағ­дай: «жаңа және ауыр мін­дет­тер­ді ұсы­ну үшін» кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау өткі­зу қажет болған екен. Бұл қиын­ды­қты Ақор­да­ның көбе­дей-көп жиын­да­ры­ның бірін­де шешу­ге кел­мей қалған жағ­дай туыпты.

Бірақ бұл «қажет­тілік» жөнін­де­гі баста­ма­ны Назар­ба­ев­тың өзі емес, беті-басы бей­мағлұм «Ассам­блея» деген көп қоғам­дық ұйым­ның бірі көтер­гені – «қиын­ды­қты» әу баста кім ойлап тапқа­нын аңғар­тып қалға­ны рас енді. Шама­сы, ол ойы өзі­нен шыққа­нын аңда­май қалған болу керек: «… Бұл баста­ма­ны біздің істің күй-жай­ын өлшеп, піше оты­рып, Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы ұсын­ды, мен мұн­дай баста­ма­ны ұсы­нған­дарға алғы­сым­ды біл­діре­мін және өз халқы­ма тағы бір рет риза­шы­лы­ғым­ды біл­діре­мін», – деп тастаға­ны қызық болды.

Деген­мен, бұл құры­л­тай­да сарқы­ра­ма­дан сарыл­даған­дай сала-сала, сара-сара сөз­дер­дің ең қызы­ғы бұл емес. Әңгір-дүң­гір әңгі­менің әде­місін ақын апа­мыз Ақұ­штап ұштап-ұштап, ұрым­тал тұсын ұстап-ұстап айтып берді.

«Шыны­мен де, халық сіздің сая­са­ты­ңы­здың дұры­сты­ғын мой­ын­да­ды, – деді қызды-қызды­ға кел­ген­де Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның БҚО-лық басты­ғы Ақұ­штап Бақтыг­е­ре­ева. – Сон­дай-ақ мен біздің халық арқа сүй­еп оты­рған бір посту­лат­ты айтқым келеді. Кезін­де Абы­лай ханды ханды­ққа сай­лаған уақыт­та Абы­лай айтқан екен: «Қазақ ханды­ғын азат еткен батыр­лар да хан сияқты осын­дай құр­мет­ке ие» деп. Сон­да Қабан­бай батыр айтып­ты: хан жалғаз, ал қалған­да­ры оған қол­дау болуы керек және біз де сол посту­лат­ты қай­та­ла­у­ы­мыз керек. Сол сәт келгендей».

Құры­л­тай­дағы­лар қота­ры­ла қол соқты: «Пай-пай-пай, пай­ым­ды посту­лат!» деген сыңай­мен. Оны Ақұ­штап апам өзі тауып айт­ты ма, жоқ әлде нығ­ма­ту­лин­дер нұқы­ды ма – қалай болған­да да, жақ­сы айт­ты: иә, Нұре­кеңді хан көте­ретін сәт туды. Осы сай­ла­уда тағы да тоқ­сан неше пай­ы­з­бен періп өте­ді – хан бол­маған­да, несі қалды?!

Ақұ­штап апам­ның сөзіне «посту­латқа» пара-пар Нұре­кеңнің өзі де шар­шаңқы шырай­мен қол соқты. Шар­ша­маған­да қайт­сін-ай, енді: екі жастың біріне кел­ген­де, осын­дай «жаңа және ауыр мін­дет­тер­ді» дырыл­да­тып сүй­реу оңай ма? Құрып қалғыр қиын­ды­қтар да мысы­қтыр­нақта­нып, теке­мет­ке тыр­мысқан­дай жатып алды. Сол құры­л­тай­ға құрқыл­да­сып жиналған­дар­дың бір­де-бірі айта ала ма: «Нұре­ке, сіз әбден шар­ша­ды­ңыз, енді­гі сүй­рет­пе­ні біз сүй­рей­ік, сіз енді дема­лы­ңыз» деп.

Айта алмай­ды. Себебі ол пақыр­лар­дан посту­лат шық­пай­ды. Шық­пақ түгілі, 75-ке кел­ген шал­дың шаңы­на да іле­се алмай­ды. Өзі айтқан­дай, «Алла беріп оты­рған күш-қуат» деле­бені дыңғыр­ла­тып тұр. Осы­дан кей­ін «Нұр­сұл­тан – Қаза­қстан!» деп айғай­ла­маған­да, қай­тесің! Өздері сүй­ре­те алмай­тын болған соң, құрқыл­дақтар да еден ұрғы­лап ұран­дат­ты: «Нұр­сұл­тан – Қазақстан!»

Қой­шы әйте­уір, несін айта бересің, біздің «Мәң­гілік елде» мәң­гілік Нұре­кең тағы да пре­зи­дент бола­тын бол­ды. Ал Қызы­лқоға­да қалған-құтқан төрт-бес тұяғын жай­ып жүр­ген қаза­ққа не керек: Ақұ­штап апам айтқан­дай, «дала халқы жақ­сы өмір сүру­де, біз­де мере­ке­лер көп, сол үшін халық пре­зи­дент­ке алғыс айтады».

Соны­мен, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның құры­л­тай­ы­нан жүр­гіз­ген репор­та­жым­ды аяқтаймын.

Репор­таж­ды жүр­гіз­ген – Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн