Среда , 27 августа 2025

Көшербаевтың көшіне үрген ИТТЕЙ БОЛДЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10 (281) от 12 мар­та 2015 г.

 

Қызы­лор­да облы­сы­ның әкі­мі Қырым­бек Көшер­ба­ев­тың халы­қ­пен есеп­тік кез­де­суі­нен кей­ін, көкей­де біраз ой қал­ды. Ол Қызы­лор­да облы­сы­на әкім болып кел­гелі биыл үшін­ші рет есеп бер­ді. Алға­шқы екі жыл­да көкей­де­гі сұрағы­мы­зды бере алмай, қапы қалған­быз. Сұрақ беру кезе­гі келіп тұрған­да мик­ро­фон­ды тұм­сы­ғы­мы­здың асты­нан жұлып алып, «сұрақ-жау­ап тоқта­тыл­сын» деп жари­я­лаған еді.

 

Бірін­ші жылғы кез­де­су­де­гі бере алмаған сұрағы­мы­зды газет бетін­де жари­я­лап, оны ресми түр­де әкім­ге жол­даған­быз. Ол кісі біздің сұрағы­мы­зға жау­ап беруді керек деп тап­па­ды. Екін­ші жылғы кез­де­су­де зал ішін­де­гі әкім­нің қыз­мет­кер­лері біздің сұрақ бер­ме­уі­мізді қиы­лып сұра­у­мен бол­ды. Олар бізді келісім­ге келу­ге шақыр­ды. Біз олар­дың өтіні­ші­мен сұрақты тіке­лей зал­дан емес, кей­ін­нен жаз­ба­ша беру­ге келіс­кен­дей болып, бірақ мик­ро­фонға кезе­гі­міз­бен жақын­дай бер­ген­біз. Кезек тура біз­ге кел­ген­де, сұрақ беру тағы да тоқта­тыл­ды. Өзі­міздің «кінә­мізді» біл­ген­дік­тен, кей­ін сұрағы­мы­зды жаз­ба­ша жолдамадық.

Бірін­ші жылы ол кісінің Маңғы­ста­удан кел­ген беті бола­тын. Сон­ды­қтан Жаңаө­зен тура­лы біл­мек­ші болған­быз. Ондай қырғын­ның біз­де де орын алма­сы­на әкім ретін­де қан­дай кепіл­ді­гі, яғни қан­дай алдын алу шара­ла­ры барын сұраған­быз. Жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, ол сұрақты қояр­да-қой­май бас­пасөз арқы­лы бер­сек те, жау­ап­сыз қалдырды.

Міне, биыл үшін­ші жыл. Биыл облыс әкім­ді­гі Көшер­ба­ев­тың есеп беру қар­саңын­да халы­қтың сұрақта­ры үшін жер-жер­ге жәшік­тер қой­ып­ты. Біз сұрағы­мы­зды қағазға түсіріп, сол жәшік­тер­дің біріне сал­дық. Жау­ап бол­май­ды деп ойлаған жоқ­пыз. Сөй­тіп, әкім­нің жау­а­бын алуға, бір жағы есеп­ті тың­да­уға есеп­тік кез­де­су­ге бар­дық. Бірақ әкім бұған да жау­ап бермеді.

Сұрақтар аймақтағы еңбек заң­ды­лы­қта­ры­ның сақтал­мауы, атап айтқан­да, кәсі­по­рын­дар­да айлық еңбе­кақы­ның уақты­лы беріл­мей­тін­ді­гі; еңбек­шілер­ді «ақы­сыз дема­лы­сқа» заң­сыз шыға­ру үрдісі кең етек алып, қалып­тасқа­ны; аймақтағы шетел­дік кәсі­по­рын­дар­дың әле­умет­тік теңсіздік­тер­ге жол беруі тура­лы еді. Тіп­тен солар­дың ең сорақы­ла­рын, яғни жыл­дап еңбе­кақы төле­ме­ген­дерін дағ­да­ры­сқа қар­сы шта­б­тың құра­мын­да әкім­нің өзі қараға­нын, бірақ соңғы нәти­же­сі халы­ққа хабар­лан­баған­ды­қтан, сол тура­лы әкім­нің өзі­нен біл­гі­міз келетінін жазған­быз. Жау­ап болмады.

Облыс әкі­мі бұл сұрақтар­ды өзіне қаты­сы жоқтай көр­ді ме, әлде айтар жау­а­бы бол­ма­ды ма? Жоқ, әлде басқа бір себебі бар ма? Сұрақ ЖСДП пар­ти­я­сы­ның аты­нан беріл­ген бола­тын. Бәл­кім, бұл билік оппо­зи­ци­ядағы пар­ти­я­ны мой­ын­дағы­сы кел­ме­ген шығар. Алай­да пар­тия оппо­зи­ци­я­лық болға­ны­мен, қой­ы­лған сұрақ халы­қты толған­ды­рып жүр­ген мәсе­ле­лер­дің қата­ры­нан еді. Яғни, халы­қтың сұрағы деп қабыл­да­нуы тиіс бола­тын. Ол үміт ақтал­ма­ды. Сөй­тіп, әкім­ге қолай­сыз сұрақ қоя­мыз деп, керу­ен-көш­ке үрген иттің кебін киген­дей болдық.

Ал бұған еңбек­ші халық не дей­ді? Соңғы есеп­ті кез­де­суін­де әкім олар­ды «өздеріңнің құқы­қта­ры­ң­ды біл­мей­сің­дер» деп сөк­кені бар. Біздің халы­қтың өз құқы­қта­рын біл­мей­тіні рас. Жұмысқа кіре­рде бұй­ры­қтың қалай беріл­гені, келісім-шар­ттың қалай жасалға­ны ешкім­ді де қызы­қтыр­май­ды. Жұмысқа кір­се – бол­ды, соған да риза. Әкім мұны тек құқық біл­ме­ген­дік­тен деп санай­ды. Мұны толық түсі­ну үшін, қазір­гі әкім­дер­ге баяғы­ның пат­ша­ла­рын­дай болып, жұмыс­шы­ның киі­мін киіп, айлап жары­тым­ды тамақ ішпе­ген жүде­удің күй­ін­де жұмыс беру­ші­ге келіп, жұмыс сұрап көру керек қой. Сол кез­де халы­қты бұлай жазғыр­мас еді.

Әйт­пе­се өзі өлдім-тал­дым деп, осы жұмысқа жет­кеніне де шүкір деп тұрған бей­бақтың жар­ты­құ­дай басты­ққа «келісім-шарт жасай­ық, бұй­ры­қты дұры­стап бер» деп шіре­ну­ге шама­сы бол­май­ты­ны облыс әкі­мінің ойы­на қай­дан кел­сін. Мұны біл­ме­ген жан дәл осы жер­де күр­делі әле­умет­тік мәсе­ле­лер­дің түй­іс­кенін де түсінбейді.

Елде­гі жұмыс­сызды­қтың дең­гей­ін ресми ста­ти­сти­ка­дағы­дай көреді. Жұмыс іздеп, тен­тіре­ген халы­қтың босып жүр­генін, сол себеп­ті жұмыс беру­шінің жұмыс­шы­ны жұмысқа қабыл­дар­да заң­ды бел­ден баса­рын, жұмысқа қабыл­да­ну­шы­ның мұны­мен амал жоқ келі­серін, келіс­пе­се, жұмыс­сыз өтерін, оның орны­на онан гөрі «көн­біс» жұмыс­шы­ның 10‑ы келерін түсін­ген кісі осы түйт­кіл­ді мәсе­ле­лер­дің бар­лы­ғын «құқық біл­ме­ушілік­ке» ысы­ра сал­маған болар еді. Яғни, бар­лық әле­умет­тік мәсе­ле­лер үшін еңбек­ші халы­қты жазғыр­мас еді. Әле­умет­тік түйт­кіл­ді мәсе­ле­лер тура­лы сұрақтарға түсіністік­пен қарап, оны шешудің жолын іздер еді.

Өкініш­ке орай, облыс әкі­мі бұлай етпе­ді. Бұл дағ­да­ры­стың белең алып тұрған кезін­де­гі жағ­дай. Бұл тұс – біз көтер­ген мәсе­ленің өзек­тілі­гі есе­леп артар тұс. Осы кез­де мән беріл­ме­ген мәсе­ле – ертең «есе­гі судан өтіп кет­кен соң», яғни дағ­да­ры­стан соң тіп­тен ескеріл­месі түсінік­ті. Енде­ше әле­умет­тік жағ­дай­ды жақ­сар­ту тура­лы әкім­нен үміт күт­кені­міз қалай болар екен?

Абдул­ла ШАХАНОВ,

Қызы­лор­да облыстық

ЖСДП бөлім­ше­сінің төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн