Пятница , 4 июля 2025

«ҚАҺАРМАНДАР» қорына көмектесу керек

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.

 

Жазы­лған жәй­дің жаңғырығы


 

Шығыс Еуро­па мем­ле­кет­тері, пост­кеңе­стік Лит­ва, Гру­зия, басқа да елдер тәжіри­бесі­нен білетіні­міз­дей, ең басты­сы ел сана­сын отар­сыздан­ды­ру, жаңа тари­хи сана қалып­та­сты­ру қажет­тілі­гі­нен туып отыр. Елба­сы Н.Назарбаев «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» атты мақа­ла­сын­да: «Өткен ХХ ғасыр халқы­мыз үшін қасірет­ке то¬лы, зоба­лаң да зұл­мат ғасыр бол­ды», – деді. Соны­мен бір­ге «тарих­тың ащы сабағын түсініп қана қой­май, өзі­міз күн­де көріп жүр­ген қазір­гі құбы­лы­стар­дан ой түй­іп, бола­шақтың баста­ма­сы­на қарап, пай­ым жасай білу де айры­қ­ша маңы­зды» екен­ді­гіне назар аударды.

 

Тәу­ел­сіздік жолын­да күрес­кен және сол үшін қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған тұлға­лар­дың ерлік­терін қастер­леу ұрпақтар сана­сын­да ерекше әсер туғы­за­ды. Марқұм­дар­дың рухы біз­ге руха­ни иде­я­лар беріп, бүгін­гі күн­мен бай­ла­ны­сты­рып, жалға­сты­рып жатыр. Осы­лай көз­ге көріне бер­мей­тін руха­ни қаты­на­стар қалып­та­са­ды, өткен заман тағ­ды­ры жас ұрпаққа сабақ бола­ды. Ал ата-баба­ла­ры­ның ерлі­гін өз ұрпақта­ры ерекше қастер­леп, мақтан тұтуы – әр халы­қтың руха­ни заңы.

Қазақ елінің, жерінің тұта­сты­ғы үшін күрес­кен­дер, Қазақ елінің руха­ни және мате­ри­ал­дық бай­лы­ғы­на үлес қосқан, кей­ін қуда­ланған қаза­қтар мен басқа ұлт өкіл­дері, мұсыл­ман­дар мен хри­сти­ан­дар тари­хи ақиқат­ты өздері­мен бір­ге о дүни­е­ге ала кет­ті, олар енді үнсіз… Біз, тірілер, олар­дың қыл­мыс­кер емес, қай­рат­кер екен­ді­гін айтуы­мыз керек, айтып қой­май, лай­ы­қты құр­мет көр­сет­кені­міз абзал.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін бірқа­тар маңы­зды мем­ле­кет­тік шешім­дер қабыл­даға­ны­на қара­ма­стан, әлі де елі­міздің азатты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі үшін күрес­кең­дер, тер төгіп, еңбек еткен көпұлт­ты интел­ли­ген­ция өкіл­деріне арналған мем­ле­кет­тік акті қабылданбады.

Бұл мәсе­лені негізі­нен алған­да, сая­си күш­тер, құқық қорға­у­шы ұйым­дар, ғалым­дар және басқа аза­мат­тық қоғам инсти­тут­та­ры көте­руі керек еді. Қаза­қстан өзінің еге­мен­ді­гін алған­нан кей­ін, бұл мәсе­ле­лер­ді мем­ле­кет­тік дең­гей­де шешу – үкі­мет пен пар­ла­мент­тің тіке­лей мін­деті бола­тын. Ал өткен 25 жыл­да олар неге мұн­дай қада­мға бар­ма­ды, өзінің мін­детін атқар­ма­ды – бұл үлкен әрі бөлек мәселе.

Қазір­гі алмағай­ып шақта осы­нау аса маңы­зды мем­ле­кет­тік мін­дет­ті жүй­елі атқа­ру­мен айна­лы­су­ды жос­пар­лаған «Қаһар­ман­дар» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қорын құру – үлкен құр­мет­ке лай­ы­қты іс. Бұл – назар ауда­рар­лық айту­лы оқиға. Алды­на қой­ған мақ­сат­та­ры мен мін­дет­теріне қара­сақ, бұл ерекше Қор, сол себеп­тен басқа қоғам инсти­тут­та­ры­на қараған­да, оған деген көзқа­рас басқа­ша болуы керек.

Сон­ды­қтан да біздің қоғам, зия­лы қауым, кәсіп­кер­лер өз Ота­ны­ның бостан­ды­ғы мен еге­мен­ді­гі үшін күрес­кен қаһар­ман­дар­дың, яғни өз ата-ана­ла­ры­ның, ата-баба­ла­ры­ның ерлі­гіне, пат­ри­от­тық сезі­міне басын иіп, лай­ы­қты құр­мет көр­се­те­ді деп сене­мін. Өйт­кені отар­лау және тота­ли­тар­лық сая­сат­тан зардап шек­пе­ген бір­де-бір қаза­қтың отба­сы жоқ шығар. Сон­ды­қтан «Қаһар­ман­дар» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қорын бар­ша­мыз қол­дай­ық, ағайын!

Аман­гел­ді АЙТАЛЫ,

фило­со­фия ғылымдарының

док­то­ры, профессор,

мем­ле­кет және қоғам қайраткері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн