Суббота , 12 июля 2025

«ҚАҒАЗДАҒЫ ЖЕҢІСТІ» халық қалай мойындайды?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Сай­лау қалай жасалды?

 

Соны­мен топан су қап­тап, базар өртеніп, көпір құлап, «тоқал» үшін қырық пышақ болып жатқан елде «сай­лау» деген ала­ша­пқын науқан аяқтал­ды. Оның жырын біздің 24 парақтық шағын газеті­міз түгілі, бүкіл «без­раз­мер­ный» интер­нет әле­мі жыр­лап бітер емес. Сон­ды­қтан әлем­дік сай­ла­у­лар тарихын­да бұрын-соң­ды бол­маған рекорд­тар жаңар­ты­лған сол сай­ла­у­ға қаты­сты пікір­лер­дің көшір­месін қаз-қал­пын­да жари­я­лап отыр­мыз. Мәсе­лен, «Азаттық» радио­сы­ның хабар­ла­уы бой­ын­ша, «Батыс басы­лым­да­ры­ның көбі кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ын­дағы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жеңісін алдын ала болжанған «қағаз жүзін­де­гі жеңіс» деп баға бер­ген екен.

 

Ал New York Times газетінің жазуын­ша, дауыс беру бары­сын­да жұрт­ты сай­ла­уда кім­нің жеңетіні емес, кезек­тен тыс бұл сай­ла­удың жал­пы не үшін өткізіл­гені тура­лы сұрақ көбірек қызықтырған.

Ұлы­бри­та­ни­я­ның BBC News агент­ті­гі Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың, «қалың жұрт күт­кен­дей, сай­ла­уда жой­қын жеңіс­ке» жет­кенін жазған. Сайт сай­ла­удың алдын ала жари­я­ланған нәти­же­лері­нен «сай­ла­у­шы­лар­дың 97,7 пай­ыз дауы­сы мен 95,11 пай­ыз рекорд­ты саны қаты­сқан» деген деректер­ді келтірген.

BBC News агент­ті­гі «74 жастағы Назар­ба­ев мыр­за­ға бес жыл­дық бесін­ші пре­зи­дент­тік мерзім сый­лай­тын нәти­же шыға­ты­ны­на ешкім­нің шүбәсі бол­маған… Жұрт оның екі қар­сы­ла­сын да билік­шіл кан­ди­дат деп санай­тын­ды­қтан, бұл сай­ла­уда ол шын мәнін­де жалғыз кан­ди­дат бол­ды» деп жазады.

Reuters агент­ті­гі «Қаза­қстан бас­шы­сы жаңа пре­зи­дент­тік мерзім­ге «тұрақты­лық» ман­тра­сы­мен атта­нып бара­ды» деген мақа­ла­сын­да ешкім бұл сай­ла­удан ешқан­дай тосын жаңа­лық күт­пе­генін жаза­ды. Reuters «Жек­сен­бі күні Қаза­қстан­да өткен пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да эко­но­ми­ка­лық және құқық қорғау ұйым­да­ры «билік­тің 26 жыл өзге­ше ойла­уды басып-жан­шуы» деп атай­тын әле­умет­тік тұрақты­лы­қты ұсы­нған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев талас­сыз жеңіс­ке жет­ті» деп жазады.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бәсе­ке­ле­стері­мен күре­сте­гі жеңісін «қағаз жүзін­де­гі жеңіс» деп атаған Аме­ри­ка­ның Wall Street Journal газетінің сай­ты сай­лау эко­но­ми­ка­лық өсім күрт құл­ды­раған және көр­ші Укра­и­на мен Ауған­стан елдерін­де­гі толқу­ларға алаң­дау күшей­ген тұста өткенін жаза­ды. Аме­ри­ка­ның New York Times газеті Қаза­қстан сай­ла­у­шы­ла­ры жек­сен­бі күні қазір­гі пре­зи­дент­ті қай­та сай­ла­у­ға әзір әрі одан «жалғыз ғана нәти­же» күтілетінін жазған.

Reuters агент­ті­гі Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың нары­қтық рефор­ма­лар жүр­гі­зу­де­гі, шетел инве­сти­ци­я­сын тар­ту­дағы және «дала ұлтын бұры­нғы Совет Одағын­дағы ең ірі екін­ші эко­но­ми­каға» айнал­ды­ру­дағы еңбе­гі тура­лы жаза­ды. Бірақ агент­тік­тің жазуын­ша, «Назар­ба­ев­тың мықты сын­шы­ла­ры­ның» көбі қазір түр­ме­ге қамалған неме­се шетел­ге қашқан.

Wall Street Journal «Нағыз бала­ма кан­ди­дат­тар бол­маған­ды­қтан, Назар­ба­евқа қар­сы жан­дарға дауыс беру­ге мүл­де қаты­спа­удан өзге вари­ант қал­ма­ды» деп жазады.

BBC News басы­лы­мы сай­ты «мұра­гер­ге қаты­сты қау­е­сет­тер­ді тоқта­туға бағыт­талған қадам ретін­де» сай­лау бір жыл ерте өткізіл­ді деген болжам жасай­ды. Reuters агент­ті­гінің пікірі де осы­ған сая­ды. Мұра­гер тақы­ры­бын Wall Street Journal газеті де қозғап, келесі пре­зи­дент­тік мерзім­нің аяғы­на қарай Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жасы 80-ге тақай­ты­нын, әрі оның орны­на келетін мұра­гер «өз ман­да­тын ұлт­тық мүд­де тура­лы попу­ли­стік уәде­лер­мен нығай­туға» тыры­суы мүм­кін деп жазады.

New York Times газетінің жазуын­ша, жұрт кезек­тен тыс сай­лау өткі­зуді мұнай баға­сы­ның арзан­да­уы­на бай­ла­ны­сты эко­но­ми­ка­лық өсім құл­ды­раған және Укра­и­на­дағы дағ­да­ры­стан кей­ін­гі аймақтағы тұрақ­сыздық күшей­ген тұстағы Назар­ба­ев мыр­за­ның «халық сені­мін» иеле­ну үшін жасаған қада­мы санай­ды, әрі дауыс беру бары­сын­да жұрт­ты сай­ла­уда кім­нің жеңетіні емес, жал­пы бұл сай­ла­удың не үшін өткізіл­гені көбірек қызықтырған.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн