Суббота , 5 июля 2025

Ақбота КЕРІМБЕКОВА: ЕКІ КҮЙЕУІМ ДЕ менің үйімде тұрды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (361) от 01 декаб­ря 2016 г.

 

Жұл­ды­здар­дың жан сыры

 


 

Ақбо­та Керім­бе­ко­ва елде­гі теле­ар­на­лар­дың біріне бер­ген сұх­ба­тын­да бала­лық шағы­ның бақыт­сыз күн­дер­ге толы болға­нын айтып­ты. Әкесі ішім­дік ішіп, ана­сы­на қол көтер­ген екен. Олар Ақбо­та­ның 11–12 жасын­да ажы­рас­ып кет­кен. Әнші ата-ана­сы­ның ажы­рас­қа­ны­на тек қана қуа­на­ты­нын айтады.

 

– Бірін­ші күй­е­уіңіз­бен саған қол көтер­гені үшін ажы­рас­ты­ңыз ба?

– Жоқ! Алла көріп тұр – күй­е­уім маған қол көтеріп, ұрып-соққан емес. Бірін­ші күй­е­уім 93–94-жылдардағы былға­ры күр­те киіп жүретін рэкет­тер­дің бірі бол­ды. Таза жол­мен жүр­ме­се де, мұн­дай істер­ден бас тар­та­мын деп уәде бер­ген-ді. Бірақ қой­ма­ды. Қазір қай­да жүр­генін де білмеймін.

Еркек­ті сый­лау керек деген қаза­қы тәр­би­ем­нің арқа­сын­да оған көп нәр­сені кешір­дім. Басқа­лар­ды ұрған шығар, бірақ маған сау­сағы­ның ұшын да тигіз­ген емес. Мен­де лау­лаған сезім бол­ма­са да, күй­е­уім мені қат­ты жақ­сы көрді.

Ақша­мыз бол­маған­ды­қтан, той жаса­ма­дық. Дәстүр­ге сай ешнәр­се бол­ма­ды. Еке­уміз де қара­пай­ым отба­сы­нан шыққан едік. Менің әке-шешем «мәсе­ле ақша­да емес, бір-бір­леріңді шын сүй­сең­дер бол­ды» деген қағи­да­ны ұстан­ды. Көп нәр­се­ге көз жұмып қара­ды. Әсіре­се шешем көп нәр­сені кешірді.

 

– Күй­е­уіңіз­бен бір­ге өмір сүре алмай­ты­ны­ңы­зды қашан түсіндіңіз?

– Күн сай­ын үйде­гі әңгі­ме­міз ұрыс-төбе­ле­стің айна­ла­сын­да өрбіді. Шар­ша­тып жібер­ді. Мен өнер ада­мы болғым кел­ді. Кіш­кене күнім­нен әнші болу­ды арман­да­ма­сам да, музы­каға жақын болып өстім. Іштей ән айтқым келіп тұра­тын. Жол­да­сым үйлен­ген­ге дей­ін «Маған бір ұл туып бер­сең бол­ды. Ары қарай Қытай асып кет­сең де бәрібір» деп жүретін аза­мат еді. Кей­ін бәрі­нен қызға­на­тын болды…

Отба­сы­мы­зды қан­ша сақтап қала­мыз десек те, бір­ге тұра алма­дық. Ол өз жолын таң­да­ды. Мен шыдап, көніп жүре беретін әйел­дер­дің қата­ры­нан емес­пін. Көзім жет­се болға­ны, әп-сәт­те шешім қабыл­дай­мын. Ажы­рас­уға ұсы­ныс тастаған өзім.

 

– Екін­ші некеңіз де сәт­сіз аяқтал­ды. Не себептен?

– Екін­ші күй­е­уім өте жуас жігіт бол­ды. Өзін­дік пікірі бол­ма­ды. «Мен отаға­сы­мын, отба­сым­ды қорғап, асы­ра­уым керек» деген түсіні­гі бол­ма­ды. Ана­сы­ның айтқа­ны­мен жүр­ді. Біздің ажы­рас­уы­мы­зға енем себеп­кер бол­ды. Осы бағ­дар­ла­ма­ны көріп оты­рған бол­са, ол кісі­ге еш рені­шім жоқ. Толы­қтай кешір­дім. Оларға менен гөрі, дүни­ем керек болған сияқты. Бұл ашы­қтан-ашық айтыл­ды. Үйі­ме, көлі­гі­ме, ақша­ма, менің тапқан табысы­ма қызы­ға баста­ды. Жұрт Ақбо­та Керім­бе­ко­ва мил­ли­о­нер, ақша­ны туып жатыр деп ойлай­тын шығар… Осы­лай­ша, қара­пай­ым 50–60 мың тауып жүр­ген адам бай­лы­ққа кенел­ген­де, алжып қал­ды. Дым көр­ме­ген­дік деген осы болар…

Жал­пы, күй­е­уі­міз еке­уміз ешқа­шан ұры­сқан емес­піз. Әңгі­менің бар­лы­ғы ене­мнің тара­пы­нан айтыл­ды. Ол кісінің «Балам­ды дуа­лап алдың» деген сөзіне шыда­ма­дым. Мұн­дай қаси­етім бол­са, жоға­ры­дағы мини­стр­ді неме­се мил­ли­о­нер­ді, жағ­дайы жақ­сы адам­ды дуа­лап алмай­мын ба?! Осы сөзді мен кеші­ре алма­дым. Қорға­у­шы жал­дап, ажы­рас­ып кет­тім. Менен ешнәр­се ала алмады.

Екі күй­е­уім де табыс тапқан емес. Еке­уі де менің шаңы­рағым­да тұр­ды. Еке­уінің де тамағын, киі­мін өзім алып беріп, жағ­дай­ла­рын жаса­дым. Алла­дан жасыр­май­мын! Мұның бар­лы­ғы шын­дық. Бір күні «Қой, Боташ! Ары қарай өміріңді сүр! Үйіңді сал. Ана үш балаң­ды дүни­е­ге алып кел­ген екен­сің, асы­рап бақ» дедім. Бұл өмір­де ешкім ешкім­ге мін­дет­ті емес. Оның үстіне мен өзге біре­уден тиын сұра­уға дағ­ды­лан­баған адам­мын. Той-тома­лақ пен кон­церт­тен алда­нып, ұры­нып жүр­сем де, шүкір, табыс таба­мын. Қазір үш бала­ма анам еке­уміз қарай­лап отырмыз.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн