Пятница , 4 июля 2025

Ақбота КЕРІМБЕКОВА: Күйеуге еріккенненТИГЕН ЖОҚПЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Әншінің жан сыры

 


Үшін­ші рет тұр­мысқа шыққан кез­де ел ара­сын­да Ақбо­та Керім­бе­ко­ва­ны қол­даған­дар да, сынаған­дар да табыл­ды. Алға­шқы­ла­ры әншіні бақыт­ты болуға әбден лай­ық деп тап­са, екін­шілері қазақ әйелінің бір­не­ше рет тұр­мыс құруын ерсі деп сына­ды. Халы­қтың сынын есту Ақбо­таға да оңай­ға соққан жоқ.

Осы орай­да Zhuldyz.tv арна­сы­ның «Сен­білік серу­ен» бағ­дар­ла­ма­сын­да әнші үшін­ші рет тұр­мысқа шығуға не итер­ме­ле­генін айтып бер­ді, деп хабар­лай­ды Stan.kz. Ақбо­та жеке өмірін елге жария еткен­ді ұнат­пай­ты­нын айт­ты. Десе де, әле­умет­тік желі арқы­лы тарап кет­кен­дік­тен, ол бар құпи­я­сын ашуға бел буды.

 

«Бақыт деген тыны­шты­қты жақ­сы көреді екен. Соны енді түсін­дім. Ол әркім­нің бақы­ты, тір­шілі­гі, өмірі, әркім­дікі – өзінікі ғой. Оны бірі түсі­неді, бірі түсін­бей­ді. Деген­мен де, әле­умет­тік желі­де естіп, біраз шулап, біра­зы анау деді, біра­зы мынау деді… Өз басым­ды айтай­ын – ерік­кенім­нен күй­е­у­ге шыққан жоқ­пын. Жалғы­здық Аллаға ғана жарасқан. Жасы­мыз орта жасқа кел­ді. Көңілі­міз 18 деген­мен де, 40-қа кел­гені­міз өтірік емес. Барар жерің, ортаң бола­ды, сол кез­де қасы­ң­да бір сүй­ені­шің, тіре­уің жүр­се… Бала­ларға да әке бол­ма­са да, әке орны­на үйде ер аза­мат­тың жүр­гені дұрыс қой. Бала­ла­ры­ңа айта алмай­тын әңгі­ме­лер бола­ды. Сон­дай әңгі­ме­лер­де дұрыс бағыт беріп, жол көр­сетіп отыр­са, неге жалғы­з­ба­сты әйел­дер­ге өз бақы­ты үшін күре­спес­ке?» – дей­ді Ақбота.

Әнші үшін­ші рет тұр­мысқа шығу тура­лы шешім­ді қабыл­дау үшін ұзақ ойланға­нын айта­ды. Айтуын­ша, бала­ла­ры да алға­шқы­да бұл жаңа­лы­қты оңды қабыл­да­маған. Ойла­на келе: «Сіз бақыт­ты бол­саңыз бол­ды», – деп келісім­дерін бер­ген. Ал самай­ы­на ақ түс­кен ана­сы қашан­нан Ақбо­та­ның өз теңін табуын тілеп келіпті.

«Өмір бір-ақ рет беріл­ген. Бала-шаға өседі. Біздің мін­деті­міз олар­ды өсі­ру, дұры­стап тәр­би­е­леу, оқы­ту, орны­на қою», – деген Ақбо­та алдағы уақыт­та өзі үшін де өмір сүріп көру­ге бел буға­нын айтты.

Stan.kz

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн