Ақбота СЕЙІТМАҒАМБЕТ: ТОҚАЛ БОЛҒАНЖАЛҒЫЗ МЕН БЕ?!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №33 (397) от 14 сентября 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 

 


 

 

Таныстығы «Гламур для дур» атты картинаның түсірілімінен бастау алған Дәурен мен Ақботаның махаббат хикаясы кинодан кейін жалғасын тапқанымен, алғашқыда көпшілік сене қоймаған еді. Тіпті жас жұбайлар жеке өміріндегі өзгеріс жайлы ешкімге тіс жарғысы келмеген. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Ақбота Дәуренмен арадағы қарым-қатынасты қандай мақсатта жасырғанын жария етті.

 

«Негізі бастапқыда ешнәрсені айтқым келген жоқ. Оның үстіне жолдасым да шамалы қарсы болды. Біз біраз жағдайдан кейін, кейінірек айтамыз деп, қазір жасырын түрде болғаны жақсы деп ойладық. Енді аяқ асты мен де шыдамай кеттім, ол да шыдамай кетті, айтуға тура келді», – дейді ақ келін атанған Ақбота.

Иә, Ақбота үлкен сахнаға қыздар тобы арқылы қадам басқанымен, шығармашылығы әншіні жұлдыз еткен жоқ. Керісінше, «Кешьюден» кеткен сәтте жеке өмірінде орын алған өзгерістер өнер иесіне танымалдылықты тарту еткенін жасырмайды.

«Жеке өмірімдегі жаңалықтар мені танымал етті деп айта аламын. Бірақ жақсы жағынан жұлдыз болған жақсы ғой, екінші жағынан… Мысалы, «тоқал» жағынан жұлдыз болғанның несі жақсы?! Бірақ бүгінде тоқал алу қалыпты жағдай. Соны көбісі түсіне алмай жатыр. Тіпті шоу-бизнесте тек қана біз Дәурен екеуміз осындай оқиғаға тап болғандай», – дейді ашуға булыққан Ақбота.

Ақботаның дәл бұлай сөйлеуі де тегін емес. Әнші жұмбақтап айтса да, ойындағысын жеткізгісі келгендей… Иә, отандық шоу-бизнеске тосыннан төңкеріс әкелген тек Ақбота мен Дәурен емес. Бұл тізімде бүгінде экс-Есентаева атанған Баян мен оның ғашығы Тұрсын Алакөзов бар. Сонымен қатар Сейітмағамбетованың сахнадағы серігі болған Жұлдыз Өмірғали мен Айқынды да айтпасқа болмас.

«Дәл қазіргі танымалдылығым туралы айтатын болсам, көбісі дұрыс түсінбейді. Біреуі айтады біреудің тоқалы дейді, енді бірі біреуді отбасынан ажыратып алды деп жатады. Қазақтар ештеңені көрмей, білмей жатып, көргендей қылып айтады. Көбінесе мән бермеуге тырысамын. Бірақ шектен шығып кеткендердің сөзі көңіліме тиеді», – дейді Ақбота желіде жағымсыз пікірлерді қарша борататын оқырмандары жайлы.

Бүгінде «тоқал» тақырыбынан шаршаған Ақбота әншілік мансабын қайта қолға алғанын айтады. Тіпті тың тректі жазып үлгерген өнер иесі жеке шығармашылығын шыңдауда тынбай тер төгіп жатқанын жеткізді. Ал жақын күндері дебюттік бейнебаянды түсіруді жоспарлап отыр.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн