Пятница , 4 июля 2025

Ақбота өзінен сегіз жас кіші ЖІГІТКЕ КҮЙЕУГЕ ТИДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (376) от 30 мар­та 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Өзі­нен сегіз жас кіші ер аза­матқа тұр­мысқа шыққан Ақбо­та Керім­бе­ко­ва той­ла­ры ора­за айын­нан соң бола­ты­нын айтты.

Stan.kz тіл­шісін той­ы­на қонақ болуға шақы­рған әнші ата-енесінің қала­у­ы­мен ақ көй­лек кимек­ші екенін де айтты.

«Бұл менің өз өмірім, бақыт­ты болуға құқым бар шығар. Жасы­мыз орта жасқа кел­ді. Бала­лар өсті, қашанғы жалғыз жүре­міз деген оймен тұр­мысқа шығып жатырмын.

Ұлда­рым да айта­ды: «Мама, өзіңіз­ге жана­шыр, қамқор бола­тын кісі бол­са, тұр­мысқа шық» деп. Кіш­кен­тай бол­са да, олар­дың ұсы­ны­сы мен ақы­лы мен үшін маңы­зды», – дей­ді таны­мал әнші.

Енді оқу бітір­ген қызға үйлен­гелі жатқан Асхат Тарғын той­ға 8–9 млн қар­жы жұм­салға­нын айтқан бола­тын (Келесі жари­я­ла­ным­ды қараңыз). Бірақ Ақбо­та ондай ақша ысы­рап жаса­май­мыз дей­ді. Тіп­ті той жасағы­сы да кел­меп­ті. Оған ата-енесі қой­маған. «Мен негізі той­ды жаса­май-ақ қоя­лық деген едім, оған ата-енем: «Ақбо­та бақы­тқа лай­ы­қты, үйлен­ген­нен кей­ін кіші­гірім той жасай­ық» деп қоймады.

Сөй­тіп, ата-ене­мнің ақ бата­сын алып, доста­ры­мыз бен жақын адам­да­ры­мы­зды жинап, атап өтей­ік деп жатыр­мыз. Бұй­ырт­са, жақын деген адам­да­рым­ның басын қоса­мын. Мен 8–9 млн құр­тып, ысы­рап жаса­май­мын. Жақын адам сына­май­ды. Одан да сол ақша­ны бала­ла­ры­ма жұм­саға­ным дұрыс», – дей­ді әнші Ақбота.

Ақбо­та үлкен той­ға аппақ қалы­ң­дық көй­ле­гін киюді де арман­дап жүр. Бірақ әнші нақты киетін ақ көй­ле­гін әлі таң­да­мап­ты. «Ия, ақ көй­лек кие­мін. Бірақ әзір­ге таң­да­ма­дым. Жақын­даған соң көре­міз», – дей­ді Керімбекова. 

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн