Понедельник , 7 июля 2025

Ақботаның арманы  АЛДАМАСА ЕКЕН!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №04 (275) от 29 янва­ря 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Әттең деші!..

 

Ән өнерін­де өзінің нәзік үні­мен, ақ үміт – «Аппақ гүлі­мен» халық жүре­гі­нен мықтап орын алған бел­гілі әнші Ақбо­та Керім­бе­ко­ва алда-жал­да қолы­на билік тиер бол­са, өнер­ді дарын­сыздар­дан тазар­тқы­сы келетін­ді­гін айтады.

Тұтас өмірінің жиыр­ма жылға жуық уақы­тын шығар­ма­шы­лы­ққа арнаған Ақбо­та Керім­бе­ко­ва­ның бұлай айтуы­на бүгін­гі шоу-биз­не­стің бір­жо­ла бұзы­лған шырқы себеп болғанға ұқсай­ды. Бұл тура­лы әнші: «Қары­ны­ң­ды ашы­ра­тын дүни­е­лер өте көп. Халық – қашан­да айна. Сапа­сыз әндер көбей­іп кет­ті. Өнер­ді шынайы дары­ны­на қарап емес, үлде мен бүл­десіне қарап баға­лай­тын хәл­ге жет­тік», – деген болатын.

Бір айта кетер­лі­гі, Ақбо­та Керім­бе­ко­ва биы­лғы жылы осы­мен үшін­ші рет Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да жеке ән кешін өткіз­ген еді. Енді өзге қала­лар мен аудан­дарға барып, өз тың­дар­ма­ны­ның құлақ құры­шын тағы бір мәр­те қан­ды­рып қай­ту­ды ойлап жүр­ген көрінеді.

Осын­дай­да ақын Мұх­тар Шаха­но­втың «Бар­се­ло­на әуе­жай­ын­дағы сұңқар­лар» деген өлеңі еске түсетіні бар. Сол аңыз-дастан­дағы ақыл­ман қари­я­ның ақы­лы­мен бес сұңқар арқы­лы ұсақ-ұсақ, қалың құс қап­таған қара аспан­ның «қасіретін» айы­қты­ра­ты­ны жадымызда.

Бәл­кім, Ақбо­та­ның жанай­қай­ы­на құлақ асқа­ны­мы­зда: біз­ге де осын­дай «бес сұңқар­мен» шым­шық пен шіл­ге толы өнер аспа­нын айна­дай етіп, таза­лап алу керек пе еді деп ойға қаласың?!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн