Суббота , 5 июля 2025

АҚСАҚАЛ ҒАЖАРАСАДЫ АҚ СӨЙЛЕУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

Бір жари­я­ла­ным хақында

 


 

Дана халқы­мыз ел басы­на күн туса, ете­гі­мен су кеш­кен ерлерін ғана елге тұлға деп атап, жырға қосқан, атын аңы­зға айнал­ды­рған. Әрине, әр заман­ның, әр қоғам­ның өзіне тән тұлға­ла­ры бола­ды. Әрі­ге бар­май-ақ, елі­міз тәу­ел­сіздік туын көтер­ген­нен бер­гі кезең­дер­ді алып қара­сақ та, осы­нау қып-қысқа уақыт ара­лы­ғын­да есі­мі енді­гі жер­де ел есін­де мәң­гі сақта­ла­тын Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев, Заман­бек Нұрқа­ді­лов, Болатхан Тай­жан сияқты ардақты да арыс тұлға­ла­ры­мыз аз бол­мап­ты. Олар­дың бер жағын­да қалай опат болға­ны әлі де жұм­бақ күй­ін­де қалып бара жатқан Батыр­хан Дәрім­бет, Нури Муф­тах, Асхат Шәрі­п­жан сияқты қала­мын билік­тің қара күшіне қар­сы жұм­саған қалам­гер­лер ше? Заман азды ма, әлде әділет, ақиқат деген қаси­ет­ті ұғым­дар бүгін­де билік басын­да «бақы­тқа балқып» жүр­ген­дер­дің қол­жа­улы­ғы­на айнал­ды ма – қай­дам, әйте­уір қазір жасы жет­пістің жел­кесіне мініп, сек­сен­нің сең­гіріне шыққан ақсақал­да­ры­мы­здың да аузы­нан ата­лы сөздің орны­на дәм-тұзы жоқ су таты­ған ата­ла сөз ести­тін болдық.

 

Жақын­да «Қазақ әде­би­еті» газеті­нен жасы 80-ге таяп қалған Ғазиз­бек Тәшім­ба­ев деген аға­мы­здың «Есенға­ли еле­ме­ген екі тұлға» деген мақа­ла­сын оқып, шынын­да да, бүгін­гі Қаза­қстан­да нағыз тұлға деп жоға­ры­да аты аталған, шын асыл ардақты­ла­ры­мы­зды емес, әркім өзі қалаға­нын тұлға жасап ала­тын заман орна­ды ма деп қал­дық. Әйт­пе­се Ақор­да­да іс жүр­гі­зу­ші екен деп, Мах­мұт Қасым­бе­ко­вты және ана заман­да – кеңе­стің, мына заман­да – билік­тің қай­қы қара қылы­шын­дай қыз­меті­нен бір тай­маған газет­ті басқа­рып, бұдан қан­ша­ма ғасыр бұрын өмір сүр­ген Қазы­бек бек Тауа­сарұлын супер­мен­дей сурет­те­ген екен деп, Балға­бек Қыдыр­бекұлын ұлт тұлға­сы деу кім­нің ойы­на келе қояр еді?!

Айт­пақ­шы, осы баба­мыз «Түп-тұқи­ян­нан өзі­ме шей­ін» деген кітап­та бір­де сонау Вати­кан­нан бір-ақ шыға­ды. Вати­кан­да ықы­лым заман­нан бері әр құжат­тан бастап, осын­да дүни­е­ге кел­ген әр сәбидің туған күні мен кәрілік­тен қай­тыс болған күніне шей­ін тір­ке­улі тұра­ды. Бірақ солар­дың бір­де-бірін­де, не Рим папа­ла­ры­ның естелі­гін­де «біз­ге шапы­ра­шты Қазы­бек бек Тауа­сарұ­лы келіп қонақ бол­ды» демек түгілі, «нан ауыз тиіп кет­ті» деген сынар ауыз сөз жоқ. Бұл кітап хақын­да кезін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы ғылы­ми шешім шығарған. Ака­де­ми­к­тер, нақты айт­сақ, тарих­шы­лар мен әде­би­ет­шілер өз пікір­лерін біл­дір­ді: менің есім­де қалға­ны – марқұм Рах­манқұл Бер­ді­ба­ев пен Манаш Қозы­ба­ев­тың және көр­нек­ті жазу­шы Қаб­деш Жұма­ді­ло­втың пікірлері.

Бірақ сөз өтпей­тін, ұял­май­тын, қызар­май­тын, тіп­ті ар-ұят, иман-сау­ап ата­улы­ны жинап қой­ып, тақы­мы­на басып жүретін бір топ­тар бола­ды. Оларға не айт­саң да, «жоқ, бәрібір менікі дұрыс» дей­ді. Содан жазу­шы­лар қауы­мы «ақы­рғы сөзді елба­сы­мыз айт­сын!» деген де еме­урін біл­дір­ді. Енді, міне, осы «Түп-тұқи­ян­ның…» кесірі­нен ел ара­сы әлі күн­ге дауға, ала­у­ы­зды­ққа толы. Бәл­кім, жәй халы­қтың бір-бірі­мен осы­лай ұдайы шекеқы­з­ба болып жатуы жоға­ры­дағы біре­улер­ге тиім­ді де шығар. Тоқ етерін айт­сақ, бұл «шығар­ма» қазақ әде­би­еті тарихын­дағы адам қолы жасаған ұят істер­дің ең сұм­пайы үлгісі бол­ды. Оны тари­хи еңбек ретін­де қарас­ты­руға мүл­де кел­мей­ді. Әде­би шығар­ма ретін­де де тіп­ті сын көтер­мей­тін бір­деңе. Өз басым Балға­бек Қыдыр­бекұлы­ның жазу­шы­лы­ғын қабыл­дай алмай­мын десем – кінәлі емес­пін. Жур­на­лист еді дей­ді. Білмеймін!

Оның есесіне Ұзақ Баға­ев, Сапар Бай­жа­нов, Кәкім­жан Қазы­ба­ев, Сей­дах­мет Бер­діқұ­лов, Сар­бас Ақта­ев, Нұр­ма­хан Ораз­бе­ков, Ақсе­леу Сей­дім­бе­ков, Қой­шы­ға­ра Салға­рин, т.б. жур­на­ли­стер­ді өте жақ­сы біле­мін, бірақ Қыдыр­бекұлы­ның жур­на­ли­стік кере­меті деген­ді есті­ген емес­пін. Иман сала­ма­ты бол­сын, Б. Қыдыр­бекұлын­да ешкім­нің алты ала­сы, бес бересі жоқ. Бірақ тари­хи шын­дық, әсіре­се отар­шыл­ды­қтың таба­ны астын­да мың өліп, мың тіріл­ген қазақ ұлты­ның басы­нан кеш­кен көп зоба­лы­ның бірі 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі (ол әлдебіре­улер айтып жүр­ген­дей уақиға емес – көтеріліс) кезін­де Б. Қыдыр­бекұ­лы «аға газет» – «Соци­а­ли­стік Қаза­қстан­ның» бас редак­то­ры-тұғын. Яғни, сол тұста қаза­қтың қызғал­дақтай құл­пы­рған қызда­ры мен сәм­бітал­дай сақыл­дап тұрған жас жігіт­терін итке тала­тып, бірін зор­лап, екін­шісін қор­лап, ұзақ жыл­дарға түр­ме­ге айдап, ату жаза­сы­на кесіп жатқан­да, Б. Қыдыр­бекұ­лы басқа­рып тұрған осы «аға газет» бұл дұрыс емес деп бір ауыз сөз айт­ты ма?

Айт­пақ түгілі, әлгі айда­уға, атуға кесіл­ген­дер­дің аты-жөнін тізіп, оны «Әділ сот» деген айдар­мен газет бетін­де беріп оты­рға­нын көзі­міз көр­ді. Сол кез­де әлдебір сай­қал сая­сат­кер­лер мен көбіка­уыз жур­на­ли­стер осы газет­ке «қос тілің – қос қана­тың» деген жары­мес мақал тара­тып, қазақ тілін орыс­ша­ның аудар­ма тіліне айнал­ды­рып, қазақ мек­теп­тері жап­пай жабы­лып жатқан­да да, Бәкең марқұм Орта­лық Коми­тет­тің мүше­сі, газет­тің бас редак­то­ры ретін­де бір ауыз пікір айт­ты ма?

Жазу­шы­лы­ғын қой­шы, Б.Қыдырбекұлының ғазиз басты Ғазе­кең айтқан «тұлға­лы­ғы» да, жур­на­ли­сті­гінің шыққан шыңы да сон­дай-ақ еді ғой! Есенға­ли оның бәрін біл­мей­ді емес – біледі. Тек о дүни­елік боп кет­кен фақыр­ды ғай­бат­тағы­сы кел­меді. Енде­ше Ғ. Тәшім­ба­ев неге «шыбық-шилан» болып, шыр-пыры шыға­ды?! «Ақсақалға жара­са­ды ақ сөй­леу» деген­де де, осы­ны айт­пақ болдық.

 

Амал не, кей­бір ақсақал­да­ры­мыз кей­де қол­дан тұлға жаса­мақ болып оты­рып, жал­пы қаза­қтың емес, өз руы­нан, не өз тай­па­сы мен жүзі­нен тұлға жасағы­сы келіп оты­рға­нын басқа­лар бай­қа­май­ды деп ойлай­ды. Бұл жер­де Абай бей­бақтың «Біріңді қазақ – біріңді дос, көр­ме­сең, істің бәрі бос» дегені Есенға­ли Рау­ша­но­вқа емес, Ғ. Тәшім­ба­евқа қар­сы айтуға келіңкірей­тін сияқты… Өйт­кені ғұла­ма Абай­дың екі сөзінің бірі өтірік­ке, бос мақтау мен мақтан­шақты­ққа, жоқтан бар жаса­уға қар­сы айты­лып еді ғой біздің білуі­міз­ше. Жеке басы­на тиіскім жоқ. Жақын­да Шешен­стан­ның халық баты­ры, қазақ ақы­ны Рафа­эь Нияз­бе­ков «Бұры­нғы бас­шы­лар­дың бірі тура­лы роман жаз­ды» деген хабар­ды естіп, бұл Ж.Тәшенов, Ж.Шаяхметов, С.Мұқашев, С.Құбашев неме­се Е.Әуелбеков, Х.Шаяхметов, М.Ықсанов тура­лы шығар­ма ма екен деп қызы­қтық. Жоқ, ол әдет­те­гі­дей Асан­бай Асқа­ров тура­лы дүние болып шықты. Рафа­эль мұның алдын­да Д.Қонаев тура­лы толып болып жатқан өлең де жазға­нын білетін едік. Оба­лы­на не керек, «Түп-тұқи­ян­нан өзі­ме шей­ін­нен» гөрі, Рафа­эль­дің Асан­бай Асқа­ров тура­лы­сы әлдеқай­да шын­шыл­дау көрінді.

Ал Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков, Қуа­ныш Сұл­та­нов, Нұр­лан Ора­за­лин, Сауыт­бек Әбдірах­ма­но­втар ешқа­шан билік­тен қол созым алы­стаған емес. Ақор­даға ең жақын жүретін­дер де солар. «Түп-тұқи­ян…» тура­лы айтуға кел­ген­де, неге осы аталған ақсақал-қара­сақал­дар­дың бет мон­шағы үзі­ле қала­ды? Алаш жұр­ты­ның қабы­рға­сын қай­ы­сты­рып, Заман­бек Нұрқа­ді­лов, Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­тар ажал құшқан сәт­тер­де де, осы Ғазиз­бек аға­лар үнсіз қалды.

Ғ.Тәжібаев айтқан­дай, Ақор­да про­то­кол­шы­сы М.Қасымбеков тарих ғылы­мы­ның док­то­ры және пар­тия қыз­метін­де жақ­сы еңбек еткен-ақ дей­ік­ші. Бірақ ол аза­мат тарих ғылы­мы­на қан­дай еңбек сіңіріп, қан­дай жаңа­лық ашты? Ау, тарихқа сон­ша­ма жана­шыр жур­на­лист бол­са, Ғазиз­бек көкем тұлға деп Ақор­да­ның хат­шы­сы емес, сонау Е. Бек­ма­ха­но­вты былай қой­ған­да, бүгін­гі Б. Көме­ко­вты, М. Қой­гел­діні, Т. Омар­бек­ті, Б. Кәрі­ба­ев­ты, С. Өте­ни­я­зо­вты тұлға­лар деу­ге тиіс еді ғой.

 

Айт­пақ­шы, бұл кісі өзін жазу­шы деп атай­ды екен. Мүм­кін, бүгін­гі Жазу­шы­лар одағы жазу­шы деген атақты 800-дің о жақ-бұ жағын­дағы ада­мға бір күн­де «Алаш» сый­лы­ғын 42 ада­мға «оптом» үле­стір­ген­дер­дің бірі бол­са, өзі білер, бірақ қазақ, орыс және өзге де шетел әде­би­еті­нен азды-көп­ті хаба­рым бар өз басым Ғазиз­бек Тәшім­ба­ев деген жазу­шы­ның бір­де-бір көр­кем дүни­есін оқы­мақ түгілі, көр­ген емеспін.

«Қазақ әде­би­еті» газетіне шыққан «Есенға­ли еле­ме­ген екі тұлға» атты мақа­ла­да негіз­гі қозғаға­ны екі мәсе­ле екен. Бірін­шісі, Ақор­да аппа­ра­ты про­то­ко­лы­ның бас­шы­сы М. Қасым­бе­ко­вты мақтап жазы­лған мақа­лаға орай Есенға­ли Рау­ша­нов осы­дан төрт-бес жыл бұрын газет­те пікір біл­діріп еді, олар сон­ша дәріп­тей­тін тұлға­лар ма деген­ге сая­тын сұрақ қойылады.

Ал атал­мыш мақа­ла авто­ры Ғазиз­бек Тәшім­ба­ев айта­ды: Есенға­ли неге бұлай сұрақ қояды, ол деген елі­мізді – ел, жері­мізді – жер қылып оты­рған сана­у­лы ары­стар­дың бірі емес пе? – дей­ді. Ашу-ыза­ға толы мақала.

Екін­ші сау­ал аты­шу­лы «Түп-тұқи­ян­нан өзі­ме шей­ін» атты кітап­тың осы­дан жиыр­ма шақты жыл бұрын баста­лып, қазақ интел­ли­ген­ци­я­сын екі­ге бөліп тастаған ескі дау. Ескі дауды бастап беріп кет­кен марқұм Балға­бек Қыдыр­бекұлы­на қаты­сты сөздер.

Айт­пақ­шы, «Түп-тұқи­ян­нан өзі­ме шей­ін» тура­лы не айтыл­ма­ды, бас­пасөз­де не жазыл­ма­ды дей­сіз?! Тіп­ті авто­ры бұдан пәлен­бай ғасыр бұрын өмір сүр­ген Қазы­бек бек Тауа­сарұ­лы деп, ХХ ғасыр жур­на­ли­сти­ка­сы­ның тілі­мен жазы­лған бұл кітап­тың атын ата­саң-ақ, біраз адам­ның «Е‑е, әлгі өтірік кітап па?» дегенін талай естідік.

Айт­пақ­шы, мұның алдын­да Пан­за­бек деген кісі осы мағы­на­лас мақа­ла жаз­ды, «Бұл қай Пан­за­бек екен?» деп іздеп жүріп, жасы сек­сен­ге кеп қалған Көп­бо­сы­нов деген ақын­ды тауып алдым. Өте дұрыс деген шешім­ге кел­дім, себебі ана­дай «талан­ты» бар автор­дан тек осын­дай ғана мақа­ла күту­ге болар еді. Сөзім дәлел­ді болу үшін, ол кісінің «шығар­ма­шы­лы­ғы­на» кей­ін бір айна­лып соғамын.

 

Әзір­гі әңгі­ме Ғазиз­бек ағай­ы­мы­здың ғазиз жанын жара­лаған Есенға­ли­дың мақа­ла­сы тура­лы. Күлбіл­те­ле­мей, ашы­ғын айт­сақ, Жазу­шы­лар одағы­ның енді­гі жаңа бас­шы­лы­ғы­на лай­ық деп баға­ла­на­тын­дар­дың тізі­мін­де Есенға­ли Рау­ша­но­втың аты жиі ата­ла баста­ды. «Сон­да қалай, бәрі­міз төрт көзі­міз түгел оты­рып, билік­ті Есенға­лиға қол­дан бере­міз бе, жоқ, жол­дастар, оны осы жолы ретін кел­тіріп, аяқтан бір шалып жібе­релік, арғы жағын көре жатар­мыз» деген бақай есеп­тің бірі деп қой­дық бұл мақа­ла­да. Одақ бас­шы­ла­ры алда-жал­да «біздің ойы­мыз ол емес еді» десе – дей жатар, бірақ бұл біздің ойы­мыз ғана.

Бір нәр­сені ашып айтай­ын: мен Есенға­ли­ды мақтаға­лы да, ақтаға­лы да оты­рғам жоқ, қажет деп тап­са, өзі ақтал­сын. Оны аз десеңіз, тағы қосып айтай­ын, егер Есенға­ли Рау­ша­нов Жазу­шы­лар одағы бас­шы­лы­ғы­на талас­са, өз басым оған дауыс бер­мей­мін. Қар­сы боламын.

Оны өзіне де айтқам. Міне, газет арқы­лы да айтып отыр­мын. Бұл Есенға­ли Рау­ша­но­вты жек көр­ген­нен емес, керісін­ше, сый­лаған­ды­қтан. Шын ақы­нға төраға­лы­қтың түк­ке қажеті жоқ. Маған төраға Есенға­ли емес, ақын Есенға­ли керек. Төраға­ның түбі не бола­ты­нын көріп отыр­мыз ғой. Ал Есенға­ли­ды қазір­гі жастар іздеп жүріп оқи­ды, бұл аз бақыт па? Сон­ды­қтан Одақ бас­шы­лы­ғы­на Есенға­ли тала­сып жүр деп, қасірет шегудің қажеті жоқ.

Жә, мақа­ла тура­лы пікірі­міз­ге тағы бір ора­лай­ық. Әуелі мақа­ла­дағы кең­се про­то­кол­шы­сы тура­лы айтар бол­сақ, ешқан­дай елде, ешқан­дай мем­ле­кет­те кең­се про­то­ко­лы­ның басты­ғы мем­ле­кет қай­рат­кері болып есеп­тел­мей­ді. Аузы­мен құс тісте­се де. Билік иерар­хи­я­сы бой­ын­ша, ол атал­мыш құры­лым­дағы он… пәлен­бай­ын­шы адам. Яғни, қыз­мет­ші. Негіз­гі ісі хат­шы­лық. Құжат тір­кеу. Жүр­ді-бар­ды­ны, шықты-кір­діні бақы­лау. Кел­ді-кет­тіні қадаға­лау. Қысқа­сы – қағаз ісі. Тарих­та әртүр­лі жағ­дай кез­де­суі мүмкін.

Десек те, өз басым әзір­ге ешқан­дай елде біздің мем­ле­кет­тік хат­шы­ға ұқсап, кең­се про­то­кол­шы­сы хақын­да мадақ жазға­нын ешқан­дай тарих­тан оқы­ған емес­пін. Сон­ды­қтан Ғазиз­бек ағам қан­ша жер­ден шыр-пыр бол­са да, Есенға­ли ақын­ның мұн­дай іске таңға­луы ғажап емес. Ота­ны­мы­зда про­то­кол­шы­ның, Ғазе­кең айтқан­дай, тұлға болған­нан гөрі, көбірек еңбек сіңір­ген қара­пай­ым еңбек адам­да­ры, шопан­дар мен мұнай­шы­лар, шах­тер­лар мен ардақты ана­лар, көр­нек­ті қалам­гер­лер мен өнер қай­рат­кер­лері тура­лы жазы­лған қан­дай мадаққа да халық таң қалмайды.

Сіз, құр­мет­ті оқыр­ман, көзіңіз­ге еле­с­те­те ала­сыз ба, АҚШ-тың мем­ле­кет­тік хат­шы­сы болған Мад­лен Олбрайт ханым­ның аппа­рат про­то­кол­шы­сы тура­лы елдің ең үлкен газетіне арнайы мақа­ла жазы­лға­нын. Мен еле­с­те­те алмай­мын. Неме­се бүгін­гі мем­ле­кет­тік хат­шы Джонн Кер­ри мыр­за Ақ үй про­то­кол­шы­сы тура­лы там­са­нып, таңға­лып кітап жазар ма еді?! Менің­ше, жоқ. Тіп­ті мұн­дай ой оның қия­лы­на да кел­ме­уі мүм­кін. Әрине, ол оның про­то­кол­шы­ны кем санаған­ды­ғы­нан емес, мем­ле­кет­тік хат­шы­ның про­то­кол­шы тура­лы мақа­ла жазу­дан гөрі, маңы­зды­рақ істері бар болғандықтан.

Ғазиз­бек Тәшім­ба­ев ағам бұдан былай үшбу сала­да мақа­ла жаза­тын бол­са, мем­ле­кет­тік құры­лым жүй­есі тура­лы өте қара­пай­ым қағи­дат­ты һәм көр­кем әде­би­ет­те­гі талант тек­то­ни­ка­сы заң­ды­лы­қта­рын иге­ре алма­са да, бір-екі кітап­ты оқып, біліп барып жазға­нын қалар едік.

Жоға­ры­да айтқан «Қазақ әде­би­еті» газетін Одақ бас­шы­лы­ғы тура жеке мен­ші­гін­дей көріп, өз «шедевр­ла­рын» көл­дей-көл­дей қылып, жыл сай­ын бір­не­ше рет жари­я­лай­ды. Ал Есенға­ли жыр­ла­ры атал­мыш газет­те неге соңғы жиыр­ма жыл­да бір рет басыл­май­ды? Н. Ора­за­лин жол­дас білу­ге тиіс: оны­мен Рау­ша­но­втың ортай­ып қал­май­ты­нын. Жастар Есенға­ли­ды өз Лидері, оны айта­сыз, Ұста­зы санай­ды. Қатар­ла­ры мен аға­ла­ры көзі тірі клас­сик деп талай мақа­ла да жаз­ды. «Қазақ әде­би­еті» газеті Жазу­шы­лар одағы­ның орга­ны болған­ды­қтан, оны білу­ге тиіс.

Сынау – кінәлау емес. Біре­удің сыр­ты­нан бір­деңе­лер­ді ұйым­да­сты­ру да емес. Құдай таға­ла талант­ты біре­у­ге артық, біре­у­ге кем береді. Бірақ бұл үшін араз­да­су­дың не кере­гі бар? Қалай болған­да да, Ақор­да­ның ішін­де жүр екен деп, про­то­кол­шы­ны, әлгін­дей «аға газет­ті» басқарған адам­ды Тұлға деу – ақсақал­дық емес.

 

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ,

ақын,

ҚР мәде­ни­ет қайраткері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн