Пятница , 4 июля 2025

АҚСАҢДАҒАН АДАМҒА ҰҚСАП ҚАЛМАЙЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

Латын – лаң болмасын!

 


Латын әлі­п­биі негізін­де­гі осы заманға лай­ы­қталған жаңа қазақ әлі­п­биі тура­лы сөз 1991 жыл­дан бері айты­лып келе жатыр. Біздің топ та (марқұм болған досым, инфор­ма­ти­ка мама­ны Мұрат Алтай) бұл мәсе­ле­мен он жыл­дай айна­лы­сып кел­ді. Біз жаңа әлі­п­бидің бір­не­ше нұсқа­сын ұсы­нып, ойы­мы­зды «Латын негізін­де­гі қазақ әлі­п­биі» деген шағын кітап­ша­да тұжы­рым­да­дық (Алма­ты, 1998, 136 бет). Осы кітап­та дер­бес мем­ле­кет болған түр­кі тіл­дерінің дыбыст­а­рын салы­сты­ра талдадық.

 

Одан бері талай жыл­дар өтті. Латын әлі­п­биіне біз­ден бұрын өтіп кет­кен елдер (өзбек, түр­кі­мен, әзір­бай­жан) басқа түр­кі ағай­ын­да­ры­на қараған жоқ, қаза­қтар да латын­ды таң­даған екен деп, олар алфа­ви­тін енді өзгер­те қой­мас. Сон­ды­қтан қаза­қтар туы­сқан­шы­лы­қты қоя тұрып, алды­мен өзінің жағ­дай­ын ойлаға­ны дұрыс.

Бұл ара­да еске­ретін ең бірін­ші жәйт – біз халы­қа­ра­лық әлі­п­би емес, қазақ әлі­п­биін жаса­мақ­пыз. Латын әлі­п­биінің 26 таң­ба­сын түгел пай­да­ла­най­ық, жет­пе­ген кез­де апо­строф (‘) бел­гісін қол­да­най­ық және 1940 жылға дей­ін аға буын қол­данған кей­бір ұтым­ды жол­ды пайдаланайық.

Қазақ тілін­де 28 дыбыс бар деп жүр­міз, олар мына­лар: а, ә, б, г, ғ, д, е, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ш, ы, і. Қалған 14‑і біздің тілі­міз­ге жат дыбыст­ар. 28-ге 14‑і қос­сақ, бүгін­гі 42 әріп шыға келеді. Біз­де­гі дауы­сты дыбыст­ар­дың саны тоғыз (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е). Латын әлі­п­биін­де­гі дауы­сты дыбыст­ар­дың таң­ба­сы алтау ғана (а, е, і, о, u, y). Апо­строф (‘) арқы­лы ә‑ні a’ деп, ө‑ні o’ деп, ү‑ні u’ деп бел­гіле­сек, қалға­нын а‑а, о‑о, ұ‑u, і‑i, e мен э‑ні‑e, ы‑y деп бел­гіле­у­ге болады.

Ұяң дауыс­сыздар қазақ тілін­де алтау (б, г, ғ, д, ж, з), бұлар­дың латын­ша таң­ба­сы: b, g, f, d, x, z бол­мақ. Бүгін­гі әліп­пе­міз­де­гі 7‑нші ұяң дыбыс – кирил­ли­ца­ның Вв таң­ба­сы, оны немістер­дің әдісі­мен латын­ның Ww таң­ба­сы­мен бел­гілей сала­мыз. Ғғ дыбысы­ның бүгін­гі таң­ба­сы латын­ның Ff таң­ба­сы­на өте ұқсас. Басты қатыр­май, көз үйреніп қалған осы таң­ба­ны Ғғ етіп алай­ық (Fasyr – ғасыр, qyzfa – қызға). Талас туды­ра­тын Xx таң­ба­сы, латын әлі­п­биінің 26 таң­ба­сын түгел пай­да­ла­ну прин­ци­пі­мен келісіп алып, Ж‑ны Х‑мен таң­ба­ла­у­ға бола­ды, Ж болу үшін бір-ақ таяқ­ша жетіс­пей­ді, мыса­лы: Хамbyl – Жам­был, Жай­на – Xaina, ешқан­дай ерсілі­гі білін­бей­ді, еке­уі де дауыс­сыз дыбыс.

Бүгін­гі Ии таң­ба­сы қаза­ққа мүл­де керек емес, қаза­қта Йй таң­ба­сы ғана бар, от тек 9 дауы­сты­дан кей­ін ғана (…ай, …әй, …ой, …өй, …ұй, …үй, …ый, …ій) қол­да­ны­ла­ды, ең жиі қол­да­ны­ла­ты­ны: ый мен ій. Бүгін ине деп жазып ійне деп оқып жүр­міз, енді латын әрпі­мен ijne болға­ны жақ­сы. Сый­ыр­ды ака­де­мик Н. Т. Сау­ран­ба­ев­тың 1954 жылы шыққан сөзді­гі­мен таза қаза­қ­ша жоға­ры­дағы­дай жазып жүріп, жорға­мы­здан жаңы­лып, бүгін­гі орыс­шыл ака­де­ми­к­тері­міздің Рус­ско-казах­ский сло­вар бой­ын­ша (Алма­ты, «Дайк-пресс», 2005) коро­ва – сиыр деп жаза­тын бол­дық. Мәң­гі өзгер­ту­ге бол­май­тын үндестік заңын үнде­мей жүріп өрес­кел бұз­дық. Себебі таза қазақ сөз­дерін­де не тек жуан дауы­сты дыбыс, не жіңіш­ке дауы­сты дыбыс тұру керек. Кирилл әліп­пе­сін­де­гі Ии – жіңіш­ке дыбыс, оның жуан Ыы дыбысы­ның қасын­да тұруға қақы­сы жоқ. Енді оны латын­ша syjyr деп жаза­тын шығармыз.

Үнді (сонор) дауыс­сыздар қазақ тілін­де 7‑еу (й, л, м, н, ң, р, у). Л, М, Н, Р төр­те­уінің таң­ба­сы дай­ын тұр, олар: L, M, N, R. Талас туғы­за­тын дыбыст­ар: й, ң, у. У дыбысы тек дауы­сты дыбыст­ар­дан кей­ін таза у болып айты­ла­ды, ең жиі кез­де­сетін дыбыс тір­кестері: ау мен еу, қалған­да­ры сирек­теу. Басқа кез­де У дыбысы сөздің басын­да да, соңын­да да біре­се жуан ұу, біре­се жіңіш­ке үу болып естіледі. Сөздің басқы буы­нын­да кез­дес­се, жуан айты­ла­ды (бу, ду, жу, зу, йу, қу, лу, му, ну, пу, ру, су, ту, шу), тек жіңіш­ке к мен г‑ден кей­ін келетін буын­да жіңіш­ке айты­ла­ды: ку, гу (айты­лған­да: күу, гүу бола­ды: куә деп жазып, күуә деп айта­мыз, гуіл деп жазып, гүуүл деп айта­мыз). Мыса­лы, бу сөзін бұу деп айта­мыз, келу десек, келүу деп айта­мыз, бұл жер­де ешқан­дай талас бол­мау керек.

Қара­пай­ым халы­ққа бәрі бір­дей болуы мүм­кін, ал біз маман ретін­де айтып отыр­мыз. У таң­ба­сы сөздің соңғы буы­нын­да тұр­са, сол сөз­де қан­дай дауы­сты дыбыст­ың тұрға­ны­на қарай не жуан, не жіңіш­ке айты­ла­ды. Мыса­лы, бару десек, осы сөз­де жуан а дауы­сты дыбысы тұрған­ды­қтан, сөздің соңын­дағы у таң­ба­сы ұу болып, жуан айты­ла­ды: барұу. Ал жүру десек, осы сөз­де жіңіш­ке айты­ла­тын ү дыбысы тұрған­ды­қтан, у таба­сы үу болып, жіңіш­ке айты­ла­ды. Қор­тын­ды­лап айт­сақ, сон­да у таң­ба­сы дауы­сты дыбыст­ар­дан кей­ін таза у болып айты­ла­ды. Басқы буын­дар­да негізі­нен жуан ұу дыбысын бер­се, сөздің соңын­да не жуан ұу, не жіңіш­ке үу болып айтылады.

 

Ал енді осы Уу таң­ба­сын латын­ның 26 таң­ба­сын түгел пай­да­ла­ну прин­ци­пі бой­ын­ша Vv-мен таң­ба­ла­у­ға бола­ды, 1940 жылға дей­ін аға буын Уу-ды осы­лай бер­ген, мыса­лы: қау­лы – qavly деп жазы­лған, тек ы‑ның орны­на ол кез­де жіңіш­келік бел­гісі (мяг­кий знак) қол­да­ны­лған. Уу қаза­қта көбірек қол­да­ны­ла­ды, мыса­лы, етістік­тер – қимыл­дың ата­уы тек у‑ға аяқта­ла­ды: бару, келу, кету және т. б. Латын­ша­ла­сақ, barv, kelv, ketv бола­ды. Енді Йй дыбысын латын­ның Jj бел­гісі­мен таң­ба­лай­мыз, мыса­лы: baj, kedej, saraj, aj және т. б.

Ал Ңң-ды N’n’ сим­вол­дар тір­кесі­мен таң­ба­ла­уды ұсы­на­мыз. Осы дыбысты таң­ба­лау үшін ағы­л­шын мен немістер­де­гі Ng, ng тір­кесін алған­нан гөрі N’n’ әлдеқай­да тиім­ді, себебі: (қаза­қтың: ңг, нғ, нг, нғ, нге, ңға тір­кесі­мен келетін) тең­ге, кей­ін­гі, күн­гей, Жек­сен­ге деген сөз­дер­ді латын әрпі­мен tenge, kejingi, ku’ngej, Xeksenge деп жаз­сақ, олар­ды теңе, кей­іңі, күңей, Жек­сеңе деп оқи­мыз ба, әлде тең­ге, кей­ің­гі, күн­гей, Жек­сең­ге деп оқи­мыз ба? Себебі ng дыбыст­ар тір­кесі шетел тіл­дерін­де ң дыбысын береді, сон­ды­қтан ң дыбысын N’n’ сим­вол­да­ры­мен бер­ген дұрыс. Бұл жер­де апо­строф өзі бөлек таң­ба ретін­де жазы­лып тұр. Мыса­лы, жоға­ры­да кел­тіріл­ген сөз­дер біздің жоба­мыз бой­ын­ша латын­ша ten’ge, kejingi, ku’n’gej, Xeksenge деп жазы­ла­ды, айты­лған­да: тең­ге, кей­ің­гі, күң­гей, Жек­сең­ге деп айты­ла­ды. Жазы­лған­да қазір­гі кез­де тең­ге, кей­ін­гі, күн­гей, Жек­сен­ге деп жазы­лып, оқы­лған­да: тең­ге, кей­ің­гі, күң­гөй, Жек­сең­ге деп оқы­ла­ды. Тоқ етерін айтқан­да, латын­ның ng деп жазы­ла­тын тір­кесі ң деп оқыл­май, нг деп жазы­лып, ңг деп оқы­луы керек, себебі бүгін­де біз ңг, нг, нге тір­кестерін ңг, ңге, жуан бол­са, ңғ, ңға (Айды­нға-Айды­ңға) деп оқып жүр­міз. Тіле­шов мыр­за­ның жоба­сы бой­ын­ша tengge деп жаз­бақ­пыз, біздің жоба­мыз бой­ын­ша ten’ge деп жаза­мыз. Ал енді «Дол­лар­ды тең­ге­ге айыр­ба­стай­мыз» деген сөй­лем жаз­сақ, Тіле­шов­ше tengge енді tenggege болып, жыбыр­лаған g таң­ба­сы пай­да бола­ды. Осы біз­ге керек пе?

 

Қазақ тілін әлі үйрен­бе­ген, үйрен­гісі кел­мей жүр­ген, үйрен­гісі кел­се де, басқа­лар­ды айт­паған­да, бүгін­гі кири­л­ше әріп­пен еже­леп те оқи алмай жүр­ген бауыр­ла­ры­мыз қай­те­ді?! Нағыз сор­лай­тын солар ғой. Олар­дың жағ­дай­ын кім ойлап жатыр? Әлде өзіңе де сол керек деп таба­лай­мыз ба? Адам бір нәр­сені үйрен­ген­де, әсіре­се басқа тіл­де сөй­ле­уді үйрен­ген­де, күрес­кен сай­ын бір ғана қиын­ды­қ­пен күре­су керек. Оны жеңіп болып, екін­шісіне көшу керек. Жалғыз жүріп, екі қиын­ды­қ­пен күре­се алмай­сыз. Біз сол бауыр­ла­ры­мы­зды ойлап, қол­дан кел­се, аз да бол­са, жеңіл­де­ту жағын қарас­ты­руы­мыз керек.

Латын­ның Hh таң­ба­сы­мен бүгін­гі х мен һ еке­уін таң­ба­ла­у­ға бола­ды, мыса­лы: Habar, Xanar, Gauhar, Qaharman. Гауһар деген­де бүгін­гі қаза­қтар Гаухар деп жүр, сон­ды­қтан бір таң­ба­мен екі дыбысты беру­ге бола­ды, оқу­шы­лар дик­тант жазған­да да, оңай бола­ды, айты­луын әркім әрқа­лай айта береді. Қ дыбысы­на Qq лай­ық болып тұр. Гг латын­ша Gg бол­мақ, сон­да басы­нан бас­та­сақ, алды­мен кири­л­ше, содан кей­ін латын­ша беріп көр­сет­сек, былай бола­ды: Аа- Aa, Әә-A’a’, Бб-Bb, Вв-Ww, Гг-Gg, Ғғ-Ff , Дд-Dd, Ее-Ee,Ёё-Jo, Жж-Xx, Зз-Zz, Йй-Jj, Кк-Kk, Ққ-Qq, Лл-Ll, Мм-Mm, Нн-Nn, Ңң-N’n’, Оо-Oo, Өө-O’o’, Пп-Pp, Рр-Rr, Сс-Ss, Тт-Tt, Уу- Vv, Фф-Ph ph, Хх және һ – Hh, Цц-Ts, Чч- C’c’, Шш-Cc, Щщ-CC cc, Ыы-Yy, Іі-Ii, Ээ-Ее, Юю-Juju, Яя-Jaja. Айт­пақ­шы, Шш таң­ба­сын да аға­ла­ры­мыз латын­ның Cc таң­ба­сы­мен бер­ген. Біз де солай еттік.

Ал Щщ деген таң­ба қаза­қта жоқ, бірақ біздің Құдай­дан қоры­қ­пай­тын ака­де­ми­к­тер оны да орыс­ша­лап горь­кий – ащщы (181-бет), тұщы – прес­ный, несо­ле­ный (851-бет, Қаза­қ­ша-орыс­ша сөздік, Алма­ты, «Дайк-пресс», 2001) деп беріп жібер­ген. Құдай қала­са, олар да, оры­ста­нып кет­кен басқа сөз­дер де енді қаза­қы шапа­нын киіп, біздің жоба бой­ын­ша accy, tuccy бола­тын шығар деп үміттенеміз.

Тоқ етерін айтқан­да, біз­де латын­ның 26 сим­во­лы мен апо­строф (‘) бел­гісі ғана бар, бар болға­ны 27-ақ таң­ба. Және төл дыбыст­ар­дың бәрі негізі­нен бір-ақ таң­ба­мен беріледі, біздің жоба­да төрт жер­де ғана апо­строф ’ қол­да­ны­ла­ды. Ал шет­тен енген дыбыст­ар­дан біз бәрібір бас тар­та алмай­мыз, себебі басқа алды­ңғы қатар­лы елдер­мен тығыз ара­ла­сып кет­тік. Орыс тілін­де бар дыбыст­ар олар­да да бар, сон­ды­қтан ф, ц, ч, щ, ё, ю, я (8) дыбыст­а­ры қос таң­ба­мен беріл­ген. Бар нәр­се­ден, білетін нәр­се­міз­ден айы­ры­лып қалмайық.

 

Айт­пақ­шы, орыс тілі мен басқа да еуро­па тіл­дерін­де қосар­ла­нып келетін кс деген таң­ба бар. Қазақ тілін­де к мен с таң­ба­ла­ры­ның қосар­ла­нып келуі мүл­де кез­дес­пей­ді. Жал­пы біз­де дауыс­сыз дыбыст­ар­дың қатар келуі өте сирек, кез­дес­се де, тек сөздің соңын­да қант, жент, мүлт, сүрт, түрт, құрт деген секіл­ді басқа да сөз­дер­де бар. Экс­по, Ксе­ния, Маркс деген сияқты сөз­дер­ді біз құдай­дың құт­ты күні жазып жүр­ген жоқ­пыз. Сон­ды­қтан кс-ты таң­ба­лау үшін латын­ның Xx таң­ба­сын қал­ды­ру­дың кере­гі жоқ. Бұл тір­кесті де латын­ның Ks-ks деген қос бел­гісі­мен бере ала­мыз: Ekspo, Marks, Ksenja десек, тақи­я­мы­зға тар келе ме?!. Ал Xx таң­ба­сын біз өз қажеті­міз­ге жара­тып, Жж дыбысын осы таң­ба­мен бердік.

Пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев­тың өзі де 1991–1996 жыл­да­ры бұл мәсе­ле көтеріл­ген­де, біздің таң­ба­мы­зда түрік­тер­де­гі­дей құжы­наған қосым­ша құй­рық-жал­дар бол­ма­са екен деген тіле­гін біл­дір­ген. Біздің нұсқа­мыз осы тала­пқа әбден сай, қара­пай­ым. Ә‑ні, Ө‑ні, Ү‑ні таң­ба­лау үшін, немістер­дің умля­у­тын қол­да­нуға бол­май­ды, себебі олар сыр­тқа шыққан­да, амал жоқ ае, ое, ue деген қосар­ланған сим­вол­дар­ды пай­да­ла­на­ды, өйт­кені латын әлі­п­биін­де немістер­де­гі­дей а умля­ут, о умля­ут, u умля­ут жоқ. Біздің қаза­қтар шетел­дер­ге барған­да немістер сияқты ә‑ні ae деп, ө‑ні oe деп, ү‑ні ue деп бел­гіле­месін деген оймен апо­строф арқы­лы беріп отыр­мыз: a’, o’, u’. Немістер сияқты бер­сек, адам­дар бірін-бірі түсін­бей қала­ды, әсіре­се мек­теп­те­гі оқу­шы­лар қат­ты шата­са­ды. Әліп­пе­нің қара­пай­ым болға­ны жақсы.

Біз әліп­пе­ні ком­пью­тер­ге лай­ы­қтап жаса­дық, апо­строф бел­гісі кла­ви­а­ту­ра­да Ээ әрпінің қасын­да тұр. Кла­ви­а­ту­ра­да жоқ таң­ба­ны алуға бол­май­ды, алсақ, ақсаң­даған ада­мға ұқсап қаламыз.

 

Әлмағам­бет ТӨРЕХАНОВ,

қазақ және шет тіл­дерінің маманы

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн