Понедельник , 7 июля 2025

АҚШ ЗҰЛЫМ ЕЛ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

 

Пай­ым патшалығы

 

  • Қазір­гі заманғы қоғам­дық-сая­си ой-пікір­де исла­мо­фо­бия, анти­се­ми­тизм, сино­фо­бия, анти­аме­ри­ка­низм, аме­ри­ка­но­фо­бия, НАТО-фобия сияқты түр­лі фоби­я­лар, яғни қорқы­ныш ұяла­та­тын ұғым-түсінік­тер мен жек­көру­шілік сезім­дер туын­дап оты­рға­ны жасы­рын емес. Соны­мен қатар анти­г­ло­ба­ли­стік, еврос­кеп­тиктік, анти­е­ура­зи­я­лық пиғыл­дар да, ұлт­шыл­ды­қты фашизм­ге теңе­уші анти­укра­и­на­лық көзқа­рас та белең алып тұр.

Осын­дай фоби­я­лар­дың бірі – Исла­мо­фо­бия мәсе­лесі жан-жақты талқы­ла­нып, оның мән-жайы мен ақ-қара­сы ашы­лған еді. Қаза­қстан­ның ақпа­рат­тық кеңісті­гін­де ресей­лік бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры үстем­ді­гін жүр­гізіп оты­рған­ды­қтан, қазір анти­укра­и­на­лық ұста­ным­мен бір­ге «модаға» айналған «фоби­я­лар­дың» бірі – аме­ри­ка­но­фо­бия неме­се анти­аме­ри­ка­низм болып отыр.

Идео­ло­ги­я­лық бұр­ма­ланған сая­си үгіт-наси­хат сал­да­ры­нан қоғам­дық пікір­дің де сыңаржақ болып қалып­та­суы заң­ды­лық. Сон­ды­қтан қазір­гі қоғам­да Аме­ри­ка десе, аза бойы қаза бола­тын, АҚШ-қа қар­сы жағым­сыз ой жете­гін­де жүр­ген­дер жетіп арты­ла­ды. Ал Аме­ри­каға барып, ондағы өмір­ді өз көз­дері­мен көріп, білі­мін алып, жұмысын істеп, ақша­сын тауып келіп жатқан­дар­дың пікірі мүл­дем бөлек – олар АҚШ-тың жақ­сы жақта­рын айтып, жап­пай мақтай­ды. Аме­ри­каға қаты­сты қоғам­дық пікір амби­ва­лент­ті (екіұ­шты) болып тұр. Осы­дан келіп: «Ау, сон­да бұл фәни­де­гі демо­кра­ти­я­ның эта­ло­ны сана­ла­тын АҚШ шын мәнісін­де зұлым ел ме?» дей­тін, көп­шілік­ті ойлан­ды­ра­тын сұрақтар­дың бірі туындайды.

Бұрын да, Кеңе­стер Одағы дәуірін­де АҚШ құбы­жық, соғы­сқұ­мар, отар­шы, адам­ды қана­у­шы ел ретін­де наси­хат­та­ла­тын. Себебі түсінік­ті, ол кез­де­гі әлем екі полярға бөлін­ді: бір жағын­да – дүние жүзін тота­ли­тар­лы ком­му­низм­ге айнал­ды­ру­ды көк­се­ген, КСРО ықпа­лын­дағы, Вар­ша­ва шар­ты ұйы­мы­на кір­ген соци­а­ли­стік лагерь елдері; қар­сы жағын­да – демо­кра­тия мен либе­ра­лизмді ту еткен, АҚШ бастаған НАТО-ға мүше елдер тұр­ды. Бипо­ляр­лық теке-тірес­кен «Қырғи-қабақ соғы­стан» соңғы­лар­дың мерейі үстем болып шықты. Осы­лай­ша «Ядро­лық пари­тет», «Айға ұшу жары­сы», «Кариб дағ­да­ры­сы», «Жан­та­ла­са қару­ла­ну» сияқты сая­си-тари­хи про­це­стер мен ғалам­дық ауқым­дағы гео­са­я­си, идео­ло­ги­я­лық, әске­ри, эко­но­ми­ка­лық кон­фрон­та­ци­яға арқау болған екі поляр­лы әлем құры­лы­сы ыды­рап, жаңа әлем­дік тәр­тіп қалып­та­сты.  Ал оның басты ерекшелі­гі – алып дер­жа­ваға айналған АҚШ-тың әлем­дік сая­си аре­на­дағы үстем­ді­гіне (геге­мон­ды­ғы­на) негізделуі.

Кезін­де «темір леди» атанған Мар­га­рет Тэт­чер «Мем­ле­кет­ті басқа­ру өнері. Өзгеріс үстін­де­гі әлем үшін стра­те­ги­я­лар» атты еңбе­гін­де қырғи-қабақ соғыс пен Аме­ри­ка­ның жеңісі тура­лы ой толғай келе, АҚШ қана әлем­дік лидер болу­дың мораль­дық құқы­ғы­на ие және оған мате­ри­ал­дық негізі де бар деп қоры­тын­ды жасай­ды. Оның ойын­ша, АҚШ пен НАТО ғалам­шар­да демо­кра­ти­я­лық құры­лыс орна­уын, адам­ның құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры қорға­луын бақы­ла­у­шы «әлем­дік жан­дарм» рөлін ойна­уы уақыт тала­бы­нан туын­дап отыр.  Өйт­кені көп­те­ген мем­ле­кет­тер­де адам құқы­қта­ры аяққа тап­та­лу­да, авто­ри­тар­лы неме­се тота­ли­тар­лы билік орна­уда, ксе­но­фо­бия, гено­цид, тер­ро­ризм, аза­мат­тық соғы­стар, әске­ри агрес­сия сияқты адам­за­тқа қар­сы әре­кет­тер мен әске­ри қыл­мыстар жаса­лу­да. Бұлар­дың бәрін халы­қа­ра­лық дең­гей­де рет­те­ме­се, жеке-дара мем­ле­кет­тер мен ұлт­тар­дың шама­сы жет­пе­сі анық.  Алай­да   М.Тэтчер АҚШ-ты еге­мен­ді елдер­дің ішкі ісіне қол сұға­тын, яғни гума­ни­тар­лық көмек беру­мен бүр­ке­ме­лен­ген күш қол­да­ну­дан сақта­нуға шақырады.

Сая­сат­кер ретін­де өзінің ұста­ным­шыл қатал­ды­ғы­мен қатар, праг­ма­ти­ка­лық көре­ген­ді­гі­мен де ерекше­лен­ген марқұм М. Тэт­чер­дің әлем­дік сая­сат­тағы АҚШ-тың рөлі тура­лы пікірін­де ақиқат бар екені дау­сыз. АҚШ пен НАТО бло­гы­ның қыры­на ілі­гетін мем­ле­кет­тер­дің тізі­міне көз сал­сақ, олар негізі­нен демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтарға пысқы­рып та қара­май­тын авто­ри­тар­лы, тота­ли­тар­лы неме­се дес­пот­тық сая­си билік орнаған, ғалам­дық қауіп­сіздік­ке қатер төн­діретін жап­пай қырып-жою­шы қаруға құмар, экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм қозып тұрған, адам құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын бұза­тын, ксе­но­фо­бия, дис­кри­ми­на­ция, гено­цид, әске­ри қыл­мыстар белең алып оты­рған елдер. Яғни, АҚШ экс-пре­зи­ден­ті, кіші Дж.Буштың тілі­мен айт­сақ, бұлар «зұлым­дық шығыр­шы­ғын­да» (ось зла – Ред.) орна­ласқан Сол­түстік Корея, Ирак, Иран сияқты мем­ле­кет­тер. Кей­інірек АҚШ мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Джон Бол­тон бұл тізім­ді Куба, Ливия, Сирия сияқты анти­де­мо­кра­ти­я­лық елдер­мен толы­қтыр­ды. 2005 жылы Кон­до­ли­за Райс ең анти­аме­ри­кан­дық режим­дер деп Куба, Иран, Сол­түстік Корея, Бела­русь, Зим­баб­ве мен Мьян­ма­ны атады.

Екі поляр­лы әлем­нің қалып­та­суы Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін бастау алса, гео­са­я­си гра­ви­та­ци­я­лық тар­ты­лы­стың күшті әсерін бірін­ші болып сезген Гер­ма­ния бол­ды.  Потс­дам кон­фе­рен­ци­я­сы негізін­де екі­ге бөлін­ген неміс елінің Баты­сы АҚШ бастаған баты­стық елдер­дің ықпа­лын­да қал­са, Шығыс бөлі­гі – КСРО жете­гін­де кет­ті. Фаши­стік фюре­рмен импе­рия құруға дәме­лен­ген, ари­я­лық ұлт саналған немістер екі­ге айы­ры­лып қой­май, орта­сы­нан қыл өтпей­тін Бер­лин қабы­рға­сы арқы­лы қақ бөлін­ді. Қырық жыл­дан астам уақыт бір ұлт екі түр­лі тәр­тіп­пен өмір кешті: елдің баты­сын­дағы немістер евро­аме­ри­кан­дық демо­кра­тия прин­циптерін, ал шығыс немістері ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ны бас­шы­лы­ққа алды.

1980 жыл­дар­дың орта­сын­да Шығыс Еуро­па­да «шошы­тып емдеу», «барқыт төң­керістер» жүріп, анти­кеңе­стік көңіл-күй өрісте­ді. Оған қоса, КСРО-да билік басы­на Миха­ил Гор­ба­чев­тің келуі, «қай­та құру», «жари­я­лы­лық» сияқты сая­си өзгерістер соци­а­ли­стік лагерь елдерін дүр сіл­кін­дір­ді. 1989 жылы 9 қара­ша­да Бер­лин қабы­рға­сы құла­ты­лып, Гер­ма­ния бірік­ті, екі­ге айы­ры­лған ұлт қай­та табысып, бір­тұ­тас ел-жұр­тқа айналды.

Міне, сол кез­де әлем­дік қауым­да­стық қаті­гез сая­си экс­пе­ри­мент­тің нәти­же­сін көріп, қай­ран қал­ды. Қырық төрт жыл екі түр­лі сая­си жүй­е­де бөлек­теніп өмір сүр­ген бір ұлт­тың өкіл­дерінің сая­си сана­сы мен мәде­ни­еті, пси­хо­ло­ги­я­сы мен мен­та­ли­теті бір-біріне мүл­дем ұқса­май­тын дәре­же­ге жет­кен. АҚШ ықпа­лын­дағы батыс немістері қай жағы­нан алсаңыз да, әлдеқай­да дамып кет­кен, ал КСРО «тәр­би­есін­де­гі» шығыс немістері мешеу күй­де қалып қой­ған. Содан бері де ширек ғасыр уақыт өткені­мен, бұл ерекшелік әлі күн­ге дей­ін теңес­пей келе жатқан көрі­неді. Егер де АҚШ жаман бол­са, батыс немістері соғы­стан қираған қала­ла­рын қал­пы­на кел­тіріп қана қой­май, одан сай­ын гүл­деніп, жан-жақты дамып, еуро­па­лық бет­ке ұстар елдің дең­гей­іне қалай жеткен?

Тура осын­дай ана­ло­ги­я­ны (теңе­уді) корей ұлты­на қаты­сты қол­да­нуға бола­ды. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста гит­лер­лік Гер­ма­ни­я­ның одақ­та­сы болған жапон мили­та­ри­стері жау­лаған Коре­я­ны азат ету­ге екі дүлей сая­си күш – КСРО мен АҚШ білек сыба­на кірісті. Бірі елдің сол­түсті­гі­нен, екін­шісі оңтүсті­гі­нен Корей еліне көмек қолын созып, жапон басқын­шы­ла­рын қуып шықты. Кеңес Одағы­на Қытай жақ­тас бол­ды, АҚШ-қа Ұлы­бри­та­ния, БҰҰ бітім­гер­шілік күш­тері мен НАТО бло­гы қол­дау жасады.

Жапон басқын­шы­ла­ры­нан құты­лған соң, одақ­та­стар уақыт­ша басқа­ру режи­мі тура­лы келісім жасап, Коре­я­ны қақ орта­сы­нан бөліп жатқан гео­гра­фи­я­лық 38 бел­деу (парал­лель) бой­ы­мен КСРО ықпа­лын­дағы Сол­түстік Коре­яға және АҚШ ықпа­лын­дағы Оңтүстік Коре­яға бөлуді ұйға­ра­ды. Уақыт­ша басқа­ру режи­мі біт­кен соң, екі тарап­ты бірік­ті­ру көз­дел­ді. Сол­түстік Коре­я­ны басқа­руға ком­му­нист Ким Ир Сен тағай­ын­дал­са, Оңтүстік Коре­я­ны басқа­руға Ли Сын Ман сай­лан­ды. Бірақ көп ұза­май, Корея екі алып дер­жа­ва­ның сая­си ойын­шы­ғы­на айна­лып, корей ұлты­ның тағ­ды­ры тәл­кек­ке түсті. Екі­ге жары­лған корей­лер бірік­пек түгілі, бір-бірі­мен соғы­сып кет­ті. 1950 жылы 25 мау­сым­да басталған Корей соғы­сы 1953 жылғы 27 шіл­де­ге дей­ін жалға­сты, ал соғы­стың біті­мі тура­лы ресми келіс­сөз әлі күн­ге дей­ін жасал­маған. Корей соғы­сы­ның зардабы орас­ан зор бол­ды: түр­лі деректер бұл соғы­ста жал­пы саны 5–6 млн. адам қаза тапқа­нын көр­се­те­ді, мыңға тар­та ұшақ жой­ы­лған, аты­лған оқ-дәрі мен қар­жы-қара­жат шығы­нын­да қисап жоқ. Корей соғы­сы­нан кей­ін екі поляр­лы әлем­дік сая­сат­тың құр­ба­ны­на айналған бір ұлт екі­ге бөлініп, КСРО мен Қытай ком­му­ни­стік пар­ти­я­ла­ры­ның ықпа­лын­дағы Сол­түстік бөлік — Корей халық демо­кра­ти­я­лық рес­пуб­ли­ка­сы (КХДР), Оңтүстік бөлік АҚШ ықпа­лын­дағы Корей Рес­пуб­ли­ка­сы­на айна­лып шыға келді.

Содан бері жар­ты ғасыр­дан астам уақыт өтсе де, ком­му­нист корей­лер мен демо­крат корей­лер­дің басы бірі­гер емес, бір-бірін жаудай көреді. Дамуы­на кел­сек, тағы да сол – КСРО ықпа­лын­да болған Сол­түстік Корея арт­та қал­ды, билі­гі әске­ри авто­ри­та­ризм болған­ды­қтан, өмір­лері жан­та­ла­са қару­ла­ну­мен, ықти­мал соғы­сқа дай­ын­да­лу­мен өту­де. «Тен­тек шоқ­пар жинай­ды» деген сөз тегін айтыл­ма­са керек.

Ал АҚШ ықпа­лы­на өткен Оңтүстік Корея демо­кра­ти­я­лық жолға түсіп, қары­штап дамып, өрке­ни­ет­ті елге айнал­ды. Қазір оңтүстік корей­лік ғылым мен тех­ни­ка дамуы жағы­нан әлем­де­гі алды­ңғы оры­нға шықты, басқа­сын айт­паған­да, корей­лік Samsung ком­па­ни­я­сы аме­ри­ка­лық Apple ком­па­ни­я­сы­мен ашық бәсе­ке­ле­сетін дең­гей­ге жет­кен. Бұдан басқа да бәсе­ке­ге қабілет­ті бренд­тері жетіп арты­ла­ды. Корей­лік элек­тро­ни­ка мен тұр­мыстық тех­ни­ка әлем­ді жау­лап бара­ды, авто-мото, ауыр маши­на жасау, жеңіл өнер­кәсіп те күшті даму­да. Оңтүстік Корея кеме жасау сала­сын­да да әлем­дік лидер. Сауда-эко­но­ми­ка­лық бағыт­тағы порт­ты қала Пусан­да әлем­дік жиын­дар мен спорт дода­ла­ры өтсе, аста­на­сы Сеул – Азия-Тынық мұхи­ты аймағын­дағы ірі қар­жы­лық және мәде­ни орта­лы­ққа айналған.

Осы жер­де тағы да орын­ды сұрақ туын­дай­ды: АҚШ жаман бол­са, оның ықпа­лын­дағы Оңтүстік Корея қалай жақ­сы ел болып отыр? Неме­се АҚШ-ты жау көретін Сол­түстік Корея неге арт­та қалып қойды?

АҚШ-тың әскер қол­да­нып, бөг­де мем­ле­кет­тің ішкі ісіне қол сұққан кез­дері көп-ақ, мұны анти­аме­ри­ка­низм өкіл­дері үне­мі бет­ке баса­ды. Бірақ АҚШ бет-албат­ты, ешбір себеп­сіз басқа елдер­ге қаты­сты әскер күші мен қару­ды қол­да­нып оты­рған жоқ. Біз АҚШ-ты ақтаға­лы неме­се жақтаға­лы оты­рған жоқ­пыз. Әйт­се де, фак­ты­ның аты – факт.

Объ­ек­тив­ті жазы­лған арнайы әде­би­ет­ке тал­дау жасау арқы­лы АҚШ неме­се НАТО әскері көп жағ­дай­да амал­сыздан, кей­де өткір қажет­тілік­тен түр­лі жан­жал ошақта­ры­на қаты­сқа­ны­на көз жет­кі­зу қиын емес.Мысалы, Гре­на­да жерін­де АҚШ қару­лы күш­тері 1983 жылы «Urgent Fury», яғни «Қаһар­лы ашуға булы­ғу» деген шар­тты ата­у­мен әске­ри опе­ра­ция ұйым­да­сты­рып, қару­лы күш­терін ендір­ді. Мұн­дай қадам жаса­уға қолқа салып, өтініш біл­дір­ген Аме­ри­ка­лық мем­ле­кет­тер ұйы­мы бол­ды. Себебі 1979 жылы 13 науры­зда Гре­на­да қару­лы төң­керісті бастан өткер­ді. КСРО қол­да­уы­мен Морис Бишоп­тың «New Jewel Movement» атты қозға­лы­сы Гре­на­да­ны басқа­рып оты­рған Эрик Гей­ридің үкі­метін құла­тып, әске­ри авто­ри­тар­лық билік орнат­ты. КСРО, Куба мен КХДР сияқты соци­а­ли­стік елдер­дің бер­ген $100 млн. жуық қар­жы­лық көме­гі мен озық қару-жарағы­ның арқа­сын­да М.Бишоп гре­на­да­лы­қтар­ды бақай­шағы­на дей­ін қару­лан­ды­рып, 1983 жылға таман Кариб теңізі бас­сей­нін­де­гі ең мықты қару­лы күш жасақта­ды. КСРО Гре­на­да­мен ғана шек­тел­мей, Ника­ра­гу­а­дағы сан­ди­ни­стер мен Саль­ва­дор­дағы сол­шыл пар­ти­зан­дарға да жан-жақты қол­дау жаса­уға тырысты.

Осы­лай­ша, Орта­лық Аме­ри­ка­дағы жағ­дай күрт шие­леністі. Баста­пқы­да АҚШ Гре­на­даға бай­кот жари­я­ла­у­мен шек­тел­ді. Бірақ КСРО-ның Гре­на­да арқы­лы аймаққа өз ықпа­лын арт­ты­руға дәмелі екені анық сезі­ле баста­уы, қан­ды­қол           М. Бишоп­тың өз оппо­нент­терін қатаң жаза­лап қой­май, қырып-жоюы, аме­ри­кан­дық тури­стер­дің өміріне қауіп төн­діруі, жал­пы Кариб теңізі аймағын­дағы тұрақ­сызды­қты шай­қал­та баста­уы Аме­ри­ка­лық мем­ле­кет­тер ұйы­мын ойлан­ды­рып, жоға­ры­да айты­лған­дай, аяғы АҚШ-тан көмек сұра­уға алып кел­ді. АҚШ көп ойлан­ба­стан әске­ри опе­ра­ци­я­ны бастап, М.Бишоп тиісті жаза­сын алды. Осы­лай­ша, 1984 жыл­дан бастап Гре­на­да­ның қоғам­дық-сая­си өмірі тұрақтан­ды. Бүгін­де Гре­на­да Ұлы­бри­та­ни­я­ның құра­мын­дағы кон­сти­ту­ци­я­лық монар­хи­я­лы мем­ле­кет. Туриз­мі дамы­ған, аграр­лы ел, Кариб теңізін­де­гі қауіп­сіз өмір аймақ сана­ла­ды. Егер АҚШ ара­лас­па­са, М. Бишоп­тың әске­ри режи­мі Гре­на­да­мен қоса, Орта­лық Аме­ри­ка аймағын қан қақ­са­тар еді.

Аме­ри­ка­ны жек көру­шілер­дің АҚШ-қа қар­сы шүй­лі­гетін тұсы – Балқан дағ­да­ры­сы­на қаты­сты. КСРО тұсын­да Юго­сла­вия деген ата­уы бар дар­дай мем­ле­кет Кеңе­стер Одағы­мен бір­ге ыды­рап, тоз-тозы шықты. Юго­сла­ви­я­ның тер­ри­то­ри­я­сын­да 1991–2001 жыл­дар ара­лы­ғын­да этни­ка­лық және діни жан­жал­дар негізін­де тұтанған қару­лы қақты­ғы­стар серия-сери­я­сы­мен жүр­ді. Ресей­дің қол­да­уы­на ие болған сер­б­тер (негізі­нен – пра­во­слав­тар) бір жақ, хор­ват­тар (като­лик­тер), бос­ни­я­лы­қтар мен косо­во­лық албан­ды­қтар (негізі­нен мұсыл­ман­дар) – қар­сы жақ болып, бір қырыл­ды. Оны­мен қой­май, хор­ват­тар мен бос­ни­я­лы­қтар өза­ра қыры­лы­сты. Бұл аздай, албан­ды­қтар мен маке­дон­ды­қтар бір-бірі­мен атысып-шабысты.

Осы­лай­ша Юго­сла­вия соғы­сы Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін­гі кезең­де­гі Евро­па­да болған ең үлкен соғы­сқа айнал­ды. Сло­бо­дан Мило­ше­вич бастаған Юго­сла­вия ұлт­тық арми­я­сы сер­б­тер­ді қол­дап, жүген­сіз әре­кет­тер­ге бар­ды. Этни­ка­лық таза­лау, атып-асу, гено­цид, зор­лық-зомбы­лық жап­пай орын алып, айу­ан­дық әске­ри қыл­мыстар жасал­ды. Әсіре­се Сара­е­во мен Среб­ре­ни­це қала­ла­рын­да адам­за­тқа жат, жан түр­ші­гер­лік қан­ды қырғын­дар бол­ды. Әлем­дік қауым­да­стық ара­ла­сып, ара-ағай­ын­дық етпе­се, тым ұза­ққа созы­лған Балқан жан­жа­лы өз-өзі­нен шешіл­мей­тіні анық еді.

АҚШ-тың ара-ағай­ын­дық етуі­мен 1994 жылы Вашинг­тон келісі­мі жаса­лып, Бос­ния мен Гер­це­го­ви­на Феде­ра­ци­я­сы құрыл­ды. 1995 жылы бос­ни­я­лық сер­б­тер­дің қанқұй­лы арми­я­сы­на қар­сы НАТО әскерін енгізу­ге тура кел­ді. 1995 жылы 21 жел­тоқ­сан­да АҚШ-тың Огайо шта­тын­да, Дей­тон қала­сын­да кезек­ті бей­біт келіс­сөз­дер өтіп, жан­жал­ды рет­те­у­ге мүм­кін­дік туды: ол тарих­та «Дей­тон келісі­мі» деген атпен қалды.

Осы сұра­пыл соғы­ста адам­за­тқа қар­сы жасалған әске­ри қыл­мыстар­ды тер­геу мақ­са­тын­да Бұры­нғы Юго­сла­вия жөнін­де­гі халы­қа­ра­лық три­бу­нал құрыл­ды (Гаа­га три­бу­на­лы). Бұл әске­ри сот 2008 жылға дей­ін 45 сер­б­ті, 12 хор­ват­ты, 5 бос­ни­я­лы­қты әске­ри қыл­мыс­кер ретін­де сот­та­ды. Олар­дың қата­рын­да С. Мило­ше­вич те бол­ды. Жал­пы, Балқан кон­флик­тісін­де қай­тыс болған­дар саны 130 мың адам­нан асып кет­ті, жапа шек­кен 2,2 млн адам босқы­нға айнал­ды, ондаған мил­ли­ард дол­лар мате­ри­ал­дық шығын шықты. Егер де жан­жал­ды шешу­ге АҚШ пен НАТО ара­лас­па­са, БҰҰ атса­лы­спа­са, Балқан соғы­сы­ның зардап­та­ры бұдан да қай­ғы­лы, шығы­ны әлде­не­ше есе көп болар еді…

Сей­іл­бек МҰСАТАЕВ,

 

әл-Фара­би атындағы

Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің профессоры,

сая­сат ғылым­да­ры­ның докторы

Abai.kz

(Жалға­сы келесі нөмірде)

 

Comments

Есенға­ли, Антакиядан:

Совет дәуірін көр­ген бұры­нғы қызыл­көз-ком­му­ни­стер мен көзқа­ман-мәң­гүрт қара­оры­стар үшін, «СШАВРАГ № 1».

Мен секіл­ді көзі қарақты, көкіре­гі ояу қазақ үшін, АҚШ – әлем­де­гі балан­сты сақтап тұрған, эко­но­ми­ка­сы мен демо­кра­ти­я­сы дамы­ған (біздің «мно­го­век­тор­ный» көсе­кеңнің қағи­да­сы бой­ын­ша – әуелі эко­но­ми­ка, ауы­сып бара жат­са, демо­кра­тия), әлем­ге сөзін өткі­зе ала­тын күшті ел. АҚШ мем­ле­кеті бол­ма­са, оры­сың оды­раң­дап, қытай­ың қоды­раң­дап кетер еді.

Ертең Қара­ба­ла­ның орны­на Хила­ри КЛИНТОН ханым АҚШ прзи­ден­ті болып кел­се, қор­тық лили­Пу­т­ин­ді «сор­тир­де мочить» етіп, «Кузь­ки­на мать» кім екенін таны­тып қояды. Сон­да үш дик­та­тор­дың ЕАЭО деген уто­пи­я­лық «союз­да­ры» әдірем қалады.

 

Ермұрат Бапи:

Сей­іл­бек бауыр, мен талай маман-ғалы­мға өтініш айтып, жаз­ды­ра алмай жүр­ген тақы­рып­ты кере­мет қозғаған екен­сің! Respect! 

Айт­пақ­шы, дәл осы­ған ұқсас тақы­рып­ты біздің газет­те бел­гілі ғалым аға­мыз Қанағат Жүке­шев те жан-жақты жазған еді. Ол да бір тұжы­рым­ды, тұщым­ды дүние болған-ды. Кей­ін­нен, өткен жыл­дың соңын­да бел­гілі пуб­ли­цист Сер­гей Дува­нов «Поче­му мы не любим Аме­ри­ку» деген мақа­ла жазды. 

Негізін­де «анти­аме­ри­ка­низм» деген ұғым­ның өзі лаң­кест­ік, тер­ро­ри­стік мән­ді біл­діреді. Мәсе­лен, АҚШ өзі барып, Сауди­яға, Эми­рат­тарға, Оман мен Катарға неме­се мұсыл­ман­дық Малай­зи­яға килі­гіп оты­рған жоқ қой: олар­мен тең пари­тет­тік дәре­же­де қарым-қаты­нас жаса­уда. Ал адам­за­тқа қатер болған мұсыл­ман­дық-ислам­дық ошақтар­дың жаны­нан АҚШ тез табы­ла­ды. Себебі АҚШ өзін ғана қауіп­тен қорға­май­ды, ол әлем­дік қатер­дің алдын ала­тын заң­ды жан­дарм болға­ны бүгін­гі ала-құла әлем­дік адам­зат үшін өмір­лік қажет­тілік. Мәсе­лен, соңғы мысал – егер АҚШ бол­маған­да, Ресей өткен күз­де-ақ Укра­и­на­ны жау­лап алуы әбден мүм­кін еді.

Рах­мет, бауы­рым! Бұл тақы­рып­ты тоқтат­пай, дамы­та беру керек. Бұл аме­ри­кан­дық сая­сат­ты дәріп­теу үшін емес, әлем­дік тыны­шты­қты сақта­удың балан­сы үшін қажет тақы­рып. Оны біздің қаза­қтар да түй­сіне түс­кені өте-мөте қажет. 

 

Шалақа­зақ:

Рос­сия ТВ-дан айтып едi: бiз Аме­ри­ка­ны ядро­лық тоза­ңға айнал­ды­ра­мыз деп. Өзiңiз ойлаңыз­шы: есi дұрыс адам­дар осы­лай айта ма? Оры­стар ойлай­ды ғой дей­мiн – Аме­ри­ка аузын ашып, қарап оты­ра­ды деп?! «Ақмақтар­дың талай­ын көр­дiм, бiрақ дәл осын­дай ақмақты кез­де­стiр­медiм» деген екен ата-бабам !!!

 

Қазақ үні: жм, 06/02/2015 — 12:29

Жақ­сы сарап­та­ма. Қарап отыр­сақ, әлем­де­гі соғыс ошақта­ры ЖАМАНДЫҚ ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ АЯУСЫЗ АРПАЛЫСЫ екен­ді­гі дау­сыз. Бірақ адам­зат арман еткен дей­тін­дей ДЕМОКРАТИЯНЫҢ өзі де ада­ми азғын­ды­ққа өз қата­ры­нан орын беретіні қын­жы­л­та­ды. Деген­мен, бүкіл адам­заттың руха­ни азы­ғы Ислам діні­мен таза сусын­даған әрбір АДАМ­ның жүре­гі тек ізгілік пен мей­ірім­ге, ада­ми асыл қаси­ет­тер­ге толы бола­ты­нын өз зама­ны­ның небір озық ойлы АБЫЗ ҒАЛЫМДАРЫ жазып та, айтып та өтті. Бірақ мұсыл­ман-шариғат ұста­ным­да­ры басым­дық орын алған Ирак, Иран, Алжир, Иор­да­ния, Еги­пет, Йемен, т.с.с елдер бас­шы­ла­ры­ның өз халқын қана­уға түсіріп, Қаси­ет­ті Құран Кәрім­де жазы­лған «бас­шы­ның Жаратқан­ның жер­де­гі көлең­кесіне» қар­сы шығуға дей­ін апа­руы нені көр­се­те­ді. Ол ел билі­гінің халы­қты аяу­сыз жаны­штап, сенім­дерін тұл еткенінің айғағы. БАБАЛАРЫМЫЗ АЙТҚАН «ХАЛЫҚ ҚҰДАЙДЫҢ БІР АТЫ», ал оны жаны­шта­уға ЖАРАТУШЫ ИЕМІЗ пен­десіне мүм­кін­дік бермейді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн