Понедельник , 7 июля 2025

АҚШЗҰЛЫМ ЕЛ  МЕ? (Соңы. Басы газеттің өткен санында)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №07 (278) от 19 фев­ра­ля 2015 г.

 

(Соңы. Басы газет­тің өткен санында)

АҚШ-тың шетел­де­гі әске­ри әре­кет­тер­ге қаты­суын­да ерекше орын ала­тын жағ­дай – Пар­сы шыға­нағын­дағы соғыс, Ира­кқа қар­сы ұйым­да­сты­ры­лған «Шөл­де­гі дауыл» әске­ри опе­ра­ци­я­сы. Оның мәнін түсі­ну үшін, алғы­шар­тта­рын білуі­міз қажет.

Иран-ирак соғы­сы кезін­де Сад­дам Хусейн Сауд Ара­ви­я­сы мен Кувейт­ке шаш етек­тен қары­зға бата­ды. Көр­шілес жатқан Кувейт­тің өзіне Ирак­тың қары­зы 17 млрд. АҚШ дол­ла­ры­на жет­кен. Қары­зын қайт­се де қай­тар­мауды көз­де­ген Сад­дам Хусейн Кувейт­ке Ирак мұнай­ын ұрла­у­шы, келісім-шар­тты бұзу­шы сияқты негіз­сіз жала жауып, қары­зды қысқар­ту тура­лы талап қояды. Оны­мен қой­май, С.Хусейн Кувейт­ке қарас­ты аймақтағы стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар Вар­ба және Буби­ян арал­да­рын тар­тып алғы­сы кел­ді. Өзінің еге­мен­ді­гін қорға­мақ­шы болған Кувейт­ке Ирак соғыс ашып, басып алды. Пар­сы шыға­нағын­да туын­даған халы­қа­ра­лық шие­леністі рет­те­у­ге БҰҰ-ның арнайы ман­да­ты арқы­лы АҚШ-қа әске­ри опе­ра­ция жүр­гізу­ге рұқ­сат беріл­ді. 1990 жылы 29 қара­ша­да БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесі қарар қабыл­дап, Ира­кқа қар­сы ықпал етудің бар­лық мүм­кін шара­ла­рын Жарғы­ға сәй­кес қол­да­ну­ды мақұл­да­ды. АҚШ бастаған көпұлт­ты НАТО әскері «Шөл­де­гі дауыл» опе­ра­ци­я­сын сәт­ті жүр­гізді, нәти­же­сін­де Кувейт­тің тәу­ел­сізді­гі қал­пы­на кел­ді, Ирак БҰҰ талап­та­рын мой­ын­да­уға мәж­бүр болды.

Кувейт­ке шабуыл жаса­мас бұрын, соғы­сқұ­мар С.Хусейн Иран­мен ұзақ жыл соғы­сты. Көр­ші елдер­мен соғы­сып қана қой­май, қанқұй­лы биле­уші Ирак­тың ішін­де­гі өзге ұлт­тарға қаты­сты гено­цид жасап, әске­ри қыл­мыс­кер атан­ды. Ол 1983 жылы жаз айла­рын­да күрд­тер­дің Бар­зан тай­па­сы­ның 15 жасқа толған еркек кін­дік­тілеріне қар­сы гено­цид жаса­ды. 1987–1989 жыл­да­ры Сол­түстік Ирак­ты мекен­дей­тін күрд­тер­ді қырып-жою мақ­са­тын­да Анфаль (араб­ша – «олжа») атты жасы­рын бағ­дар­ла­ма жүр­гізіп, оған С.Хусейннің туы­сы Али Хасан әл-Мәжид (лақап аты «Хими­я­лық Али») бас­шы­лық етті. Ол Бали­сан, Кара­даг, Яхсо­мер, Халабдж атты күрд­тер­дің елді мекен­дерін аса улы иприт, зарин, табун, «VX» газ­да­рын қол­да­ну арқы­лы бом­бы­ла­тып, олар­ды жап­пай қыр­ды. Мұн­дай бас­сызды­ққа бүкіл әлем нара­зы­лы­ғын біл­діріп жатқан­да, КСРО ғана үнде­мей, қалыс қалды.

Human Rights Watch және Халы­қа­ра­лық амни­стия ұйым­да­ры­ның есебі бой­ын­ша, қані­шер­лік әре­кет­тен 182 мың күрд өлген, 5 мың күрд ауы­лы жер­мен жек­сен етіліп жой­ы­лған, 4700 күрд конц­ла­герь­лер­ге тоғы­ты­лған, 1 млн. астам күрд босқы­нға айналған. Жоға­ры­да аталған қыл­мыстар­дың бәріне қаты­сты БҰҰ арнайы қарар қабыл­дап, АҚШ пен НАТО әскеріне «Шөл­де­гі дауыл» опе­ра­ци­я­сын жүр­гізу­ге рұқ­сат беруіне ықпал етті.

С. Хусейн жап­пай қырып- жою­шы атом қаруын иеле­ну­ге бір­не­ше рет тал­пы­ныс жаса­ды. Ирак­тың Фран­ци­ядан сатып алған атом реак­тор­ла­рын АҚШ Орта­лық бар­лау басқар­ма­сы мен Изра­иль­дің «Мос­сад» бар­ла­у­шы­ла­ры бірі­гіп жүр­гіз­ген «Опе­ра», «Вави­лон» опе­ра­ци­я­ла­ры арқы­лы жой­ған. 1981 жылы 7 шіл­де күні «Оси­рак» атом реак­то­ры бом­ба­ла­нып, жой­ыл­ды. «Шөл­де­гі дауыл­дан» кей­ін тәу­бесіне кел­ген С. Хусейн айтқанға көніп, БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің қара­ры­на сәй­кес, жап­пай қырып-жоя­тын қару­ды қадаға­лау талап­та­рын орын­дай­ты­нын мәлім­деді. БҰҰ Арнайы комис­си­я­сы Ира­кқа келіп, хими­я­лық, ядро­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық қару­лар­ды, алыс қашы­қты­ққа ұша­тын зымы­ран­дар­ды әзір­ле­уді доға­ру мен жою бағы­тын­да жұмыс жүр­гізді. Деген­мен, Ирак билі­гі 1998 жылы БҰҰ-мен ынты­мақ­та­су­дан бас тарт­ты. С.Хусейннің бұл әре­кеті әлем­дік қауым­да­стық тара­пы­нан күдік пен қауіп­ті күшейтті.

2011 жылғы 11 қыр­күй­ек­те­гі АҚШ-та орын алған тер­ак­тілер сери­я­сы­нан кей­ін, Ира­кқа қаты­сты күдік одан сай­ын күшейе түсті. Бұған қоса, С.Хусейн «Аль-Кай­да» тер­ро­ри­стік ұйы­мы­м­ен бай­ла­ны­сы бар деген қау­е­сет те тарап кет­ті. Одан кей­ін­гі хал-аху­ал­дың қалай өрбі­гені бар­ша­мы­зға бел­гілі: АҚШ және оның одақ­та­ста­ры 2003 жылы 20 науры­зда «Ирак бостан­ды­ғы» атты әске­ри опе­ра­ци­яға кірісті. Бұл опе­ра­ция пар­ти­зан­дық соғыс, тер­ак­тілер жасау сияқты қиын­ды­қтарға тірел­ді. Соған қара­ма­стан, С.Хусейннің әске­ри-сая­си режи­мі талқан­дал­ды, 2003 жылы 13 жел­тоқ­сан­да Тикрит қала­сы­нан 15 шақы­рым жер­де­гі Ад-даур елді мекенін­де 2 метр тереңдік­те­гі бун­кер­ге тығы­лған С.Хусейн жаны­дағы екі сері­гі­мен бір­ге қолға түсті. 2005 жылғы 19 қазан­да С.Хусейн 14 түр­лі айып­та­у­мен әске­ри қыл­мыстарға, гено­цид пен репрес­си­яға қаты­сты болған­ды­қтан, сот оны дарға асу арқы­лы өлім жаза­сын кесті. Үкім 2006 жылы 30 жел­тоқ­сан­да орын­дал­ды. 2011 жылғы 15 жел­тоқ­сан­нан бастап, АҚШ 9 жылға созы­лған ирак­тық ком­па­ни­я­ны аяқтады.

АҚШ-тың Ирак соғы­сы­на қаты­суы, С. Хусейн­ді жасаған қыл­мыста­ры үшін сот арқы­лы жаза­ла­у­ы­на қаты­сты пікір де кереғар. Біре­улер АҚШ-ты жақ­та­са, енді біре­улері айып­тай­ды. Бірақ Аме­ри­каға жағым­сыз көзқа­рас­тағы­лар мына бір ақиқат жағ­дай­ды көпе-көр­неу ескер­гілері кел­мей­ді: егер де С. Хусейн демо­кра­ти­я­ны қол­дап, заң­ды сақтап, гено­цид пен репрес­сия жаса­май, гуман­ды да бей­біт сая­сат жүр­гіз­ген бол­са, АҚШ-тың да, НАТО-ның да, БҰҰ-ның да Ирак­та шаруа­сы бол­май­тын еді.

Тағы да АҚШ-ты айып­та­у­шы­лар­дың жақ­сы көретін тақы­рып­та­ры­ның бірі – Ауған­стан. «Халы­қа­ра­лық тер­ро­ризммен күрес, «аль-Кай­да» мен Уса­ма бен Ладен­ді жою сияқты желе­умен аме­ри­кан­ды­қтар ауған еліне басқын­шы­лық жаса­ды» дей­тін пікір­лер­ді жиі естіп жата­мыз. Алай­да «демо­кра­ти­я­лық ауған халқы­на көмек», «интер­на­ци­о­нал­дық боры­шты өтеу» деген ұран­дар­мен кезін­де КСРО да Ауған­станға әскер ендіріп, оның аяғы онжыл­дық соғы­сқа (1979−1989) ұласқа­нын анти­аме­ри­кан­ды­қтар естері­нен шығарған сыңайлы.

Соғы­стан көз ашпаған, кедей­лік­тен сіңірі шығып, білім мен мәде­ни­ет­тен мақұ­рым қалған Ауған­станға шетел­дік­тер неге әскер кір­гізу­ге құмар? Кей­біре­улер Ауған­стан маңы­зды гео­са­я­си аймақ, Қытай, Үндістан, Паки­стан, Ресей сияқты ядро­лық клубқа мүше, әле­уеті де зор елдер­дің қол­ты­ғы­на кіріп кетіп, кеңір­дек­ке қан­жар тіре­у­ге қолай­лы дейді.

Алай­да АҚШ-тың Ауған­станға әскер енгі­зуінің алғы­шар­тта­рын тал­да­сақ, гео­са­я­си фак­тор­дан гөрі, әлем­ді алаң­да­та­тын, ғалам­дық қауіп­сіздік­ке қатер төн­діре­рлік дәре­же­ге дей­ін шие­леніс­кен ішкі про­бле­ма­лар шешу­ші рөл ойнаға­нын бай­қау қиын емес. КСРО 1989 жылы әскерін шыға­рып әкет­кен соң, Ауған­стан­дағы «демо­кра­ти­я­лық» билік­тің дәу­рені бес-алты жыл ғана бол­ды. Өмір­ден де, сая­сат­тан да жақ­сы­лық көр­ме­ген халық тек дін­ге үміт арта­тын дең­гей­ге жете­ді. Ауған халқы ара­сын­да «Тали­бан» ислам­дық қозға­лы­сы­ның тез ара­да бедел мен билік­ке ие болуы­на осын­дай руха­ни-сая­си дағ­да­рыс қосым­ша әсер етті.

Тали­бан – (пушту тілін­де «мед­ре­се­де тәлім алушы­лар, тәлім­гер» деген мағы­на береді) ауған­дық пуштун­дар­дың ара­сын­да 1994 жылы туын­даған исла­ми­стік қозға­лыс. Тали­бан­дар 1996–2001 жыл­да­ры «Ауған ислам әмір­лі­гін құрып», Ауған­стан­ды билеп-төсте­ген сая­си күш­ке айнал­ды. «Тали­бан» өзінің бақы­ла­у­ын­дағы аймақтар­да діни тота­ли­та­ризм орна­тып, қоғам өміріне шариғат нор­ма­ла­рын енгізді. Шариғат заң­да­ры­ның сақта­луы тали­б­тер тара­пы­нан қатаң бақы­ла­у­ға алы­нып, теле­ди­дар көру­ге, музы­ка тың­да­уға, музы­ка­лық аспап­тар­да ойна­уға, сурет салуға, ком­пью­тер мен интер­нет­ті пай­да­ла­нуға, шах­мат ойна­уға тый­ым салын­ды. Сон­дай-ақ, тали­б­тер­дің туы ақ болған­ды­қтан, ақ түсті аяқ киім киген­дер жаза­ға ұшы­ра­ды. Ер адам­дар бел­гілі бір ұзын­ды­қта сақал қоюға мін­дет­ті бол­ды. Ал, әйел­дер қоғам­дық орын­дар­да бетін жауып жүруі тиіс және жалғыз емес, туыс ер аза­матқа еріп жүруі керек. Әйел заты­на жұмыс істе­у­ге тый­ым салын­ды, қыз-келін­шек­тер тек қана әйел дәрі­гер­ге қара­луы қажет. Нәзік жан­ды­лар­дың білім алуы­на да шек­теу қойылды.

2001 жылы 26 ақпан­да мол­да Мохам­мед Омар Ауған­стан­дағы бар­лық исла­ми емес ескерт­кі­ш­тер­ді қира­ту тура­лы жар­лық бер­ді. Сол жылы 2 науры­здан бастап, Бами­ан алқа­бын­дағы ЮНЕСКО қорға­уын­дағы әлем­дік мәде­ни мұра сана­ла­тын тари­хи ескерт­кі­ш­тер – тауға қашалған Буд­даға арналған екі алып ескерт­кіш талқан­да­ла баста­ды. Бұл айу­ан­дық әре­кет әлем наза­рын аудар­тып, бар­ша адам­заттың нара­зы­лы­ғын туғызды.

Тали­б­тер зай­ыр­лы білім беретін мек­теп­тер­дің бар­лы­ғын жауып таста­уға тыры­сты. Олар өздерінің сая­са­тын қар­жы-қара­жат­пен қам­та­ма­сыз ету үшін, нар­ко­тик өндірісіне кең жол ашты. Өйт­кені ондаған жыл­дық соғы­стар­дан Ауған­стан эко­но­ми­ка­сы да, халқы да әбден титы­қтап қал­жы­раған еді. Ислам мен шариғат­ты бет­пер­де етіп жамы­лған талиб өкі­меті харам әре­кет­тер­ге дей­ін бар­ды: опи­ум­ды мак өсіріп, геро­ин өндіру­ден басқа ауған­ды­қтар­дың қолы­нан келер кәсіп түрі жоқ екенін сезіп, адам­за­тқа ажал себу­ші нар­ко­биз­не­сті өздерінің бақы­ла­у­ы­на алды.

Осы­лай­ша тали­бан­дар Ауған­стан­ды геро­ин өндіру­ші әлем­дік лидер­ге айнал­дыр­ды. Шетел­дік сарап­шы­лар Ауған­стан 1999 жылы әлем­де­гі бар­лық геро­ин­нің 79% өндір­генін, опи­ум­ды мак егетін егістік көле­мі 57 мың гек­тар­дан 91,5 мың гек­тарға артқа­нын көр­се­те­ді. Тіп­тен шару­а­ларға бидай егу­ге тый­ым салын­са, апиын магын егу­шілер керісін­ше, ақша­лай сый­ақы ала­тын болған. Тали­б­тер мак егу мен сатуға 10%, опи­ум өнді­ру мен сатуға 20% ресми салық ендір­ген. Осын­дай бас­сызды­қтан Орта­лық Азия, Ресей, Шығыс Еуро­па елдерін басып өтетін нар­ко­тра­фик­тер күшей­іп кет­ті. Нар­ко­биз­нес дамып, әлем­де­гі нар­ко­ман­дар­дың саны күрт өсті. Айна­лып кел­ген­де, мұның бар­лы­ғы нар­коқыл­мыстар­дың артуы­на, ғалам­дық тұрақты­лық пен қауіп­сіздік­ке қатер төн­ді­ре бастады.

Осы­лай­ша, тали­бан­дар әлем­дік қауым­да­сты­қтың ортақ жауы­на айнал­ды, олар­ды орны­на қоя­тын жалғыз ғана күш – АҚШ бастаған НАТО екені бел­гілі бола баста­ды. 2011 жылғы 11 қыр­күй­ек­те­гі АҚШ-та орын алған тер­ак­тілер сери­я­сы шыдам­ның шегіне жет­кен қай­ғы­лы жағ­дай­ға айнал­ды. АҚШ көп ұза­май халы­қа­ра­лық тер­ро­ризммен күре­су­ге бағыт­талған «Бұзыл­май­тын бостан­дық» атты кешен­ді әске­ри опе­ра­ци­я­ны баста­ды. АҚШ-тың баста­ма­сын әлем қол­да­ды. БҰҰ-ның Қауіп­сіздік кеңесі қарар қабыл­дап, АҚШ бастаған Ауған­стан­дағы қауіп­сіздік­ке жәр­дем­де­су­ші халы­қа­ра­лық күш­тер­дің әске­ри опе­ра­ци­я­сы­на рұқ­сат бер­ді. Яғни, Ауған­стан­дағы тали­б­тер­дің режи­мін әске­ри күшпен жою­ды, оның орны­на демо­кра­ти­я­лық басқа­ру жүзе­ге аса­тын, заң мен құқы­ққа негіз­дел­ген бей­біт қоғам құру­ды жалғыз АҚШ емес, бүкіл әлем қалап отыр.

Сон­дай-ақ АҚШ-ты басқын­шы деп сана­у­шы­лар «Түр­лі-түсті төң­керістер» мен «Араб көк­те­мін» аме­ри­кан­ды­қтар ұйым­да­стыр­ды дей­ді. Әдет­те кінә тағу­шы­лар мәсе­ленің бай­ы­бы­на бар­май, бай­ба­лам салу­да. Шыны­на кел­сек, «Түр­лі-түсті төң­керістер­дің» де, «Араб көк­те­мінің» де түп­кі мәні – билік­тің халық сені­мі­нен айы­ры­лып, өзінің леги­тим­ділі­гін жоғал­туы. Мұны сая­си тіл­де «деле­ги­тим­де­ну» деп атайды.

Билік леги­тим­ділі­гінің дағ­да­ры­сы­на алып келетін себеп­тер сан-алу­ан, бірақ, олар­дың бар­лы­ғы­на халы­қтың билік­ке қаты­сты нара­зы­лық (про­те­стік) көңіл-күйі тән. Мыса­лы, сай­ла­удың, рефе­рен­дум мен пле­бис­цит­тің әділ өтпе­уі, инфля­ция мен деваль­ва­ци­я­ның әсері­нен бола­тын қым­бат­шы­лы­қтан тұр­мыс тауқы­метінің қиын­да­уы, жұмыс­сыздық пен қыл­мыстың өршуі, өмір сапа­сы­ның төмен­де­уі, т.б. сая­си, эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік сипаттағы түр­лі себеп­тер халы­қтың нара­зы­лы­ғын туды­ра­ды. Билік леги­тим­ділі­гінің ресур­ста­ры сарқы­лған сай­ын, халық нара­зы­лы­ғы өсуі­мен қатар, оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің қоғам­дық қол­да­уға ие болып, тез күше­юіне ықпал ете­ді. Бұған соңғы жыл­да­ры әлем­нің түр­лі елдерін­де орын алған Қырғыз­стан мен Гру­зи­ядағы түр­лі-түсті төң­керістер, «Араб көк­те­мі», укра­и­на­лық май­дан мен «гибрид­ті соғыс», Еуро­одақ елдерін­де­гі кәсі­по­дақтар­дың ұйым­да­сты­руы­мен өтетін жұмыс­шы­лар­дың жап­пай ере­уіл­ге шығуы жатады.

Түр­лі-түсті төң­керістер – билік­ті күш қол­дан­бай құла­ту­дың тех­но­ло­ги­я­сы сана­ла­ды. «Түр­лі-түсті» ата­лу себебі – әр елде­гі билік­ке қар­сы шығу­шы­лар бел­гілі бір ашық түсті (сары, қызғы­лт, ал қызыл, көгіл­дір, ақ, ашық жасыл) бостан­дық үшін күре­стің сим­во­лы етіп таң­да­уы. Осын­дай төң­керістер­дің нәти­же­сін­де пост­со­ци­а­ли­стік лагерь елдерінің көбісін­де (КСРО, Шығыс Еуро­па, араб әле­мі) сая­си режим­дер ауы­сты. Олар­дың хро­ни­ка­сын реті­мен айт­сақ, мына­дай: 1989 жыл – Чехо­сло­ва­ки­ядағы барқыт рево­лю­ция; 2000 жыл – Юго­сла­ви­ядағы буль­до­зер­лік рево­лю­ция; 2003 жыл – Гру­зи­яда «рау­шан төң­керісі» – «вар­де­бис рево­лю­ция»; 2004 жыл – Укра­и­на­дағы қызғы­лт рево­лю­ция; 2005 жыл – Қырғыз­стан­дағы мақ­пал рево­лю­ция; 2005 жыл – Өзбек­стан­да түр­лі-түсті төң­керіс жаса­уға тал­пы­ныс жасал­ды; 2005 жыл – Ливан­дағы кедр рево­лю­ци­я­сы; 2006 жыл – Бело­рус­си­яда васи­лек (көк­ті­кен гүл – егін ара­сын­да өсетін ашық көк гүл­ді арам­шөп­тер­дің бір түрі) рево­лю­ци­я­сын жаса­уға тал­пы­ныс жасал­ды; 2008 жыл – Арме­ни­яда түр­лі-түсті төң­керіс жаса­уға тал­пы­ныс жасал­ды; 2009 жыл – Мол­да­ви­яда түр­лі-түсті төң­керіс; 2010 жыл – Қырғыз­стан­да екін­ші төң­керіс – Қауын рево­лю­ци­я­сы – (Халық төңкерісі).

Бұл аталған елдер­дің бар­лы­ғын­дағы халық нара­зы­лы­ғы­ның себеп­тері – билік­тің әділет­сізді­гі мен жау­ап­сызды­ғы, біліксізді­гі мен ашкөз жемқор­лы­ғы. Яғни, негізі­нен ішкі сая­си себеп­тер шешу­ші рөл ойна­ды. Егер билік әділет­ті, ұлт­жан­ды, пат­ри­от­ты болып, ел-жұр­тын ойла­са, халық та ондай билік­ті құр­мет­тей­ді. Халық билік­ке разы бол­са, АҚШ тұр­мақ, сай­тан келіп азғыр­са да, ешқан­дай төң­керіс жасамайды.

2014 жылы «Евро­май­дан» деп аталған, Укра­и­на­да туын­даған жаңа төң­керіс Еуро­одақ пен Кеден одағы­ның қай­сысы­на қосы­ла­мыз деген сая­си даудан туын­да­ды. Оның аяғы Ресей­дің ықпа­лы­мен Укра­и­на­ның «Батыс» және «Шығыс» болып бөлі­нуіне, Қырым­ды Ресей­дің аннек­си­я­лап, өзіне қосып алуы­на ұла­сты. Ресей өзінің басқын­шы­лы­ғын ешқа­шан мой­ын­даған емес, мой­ын­да­май­ды да. Халы­қа­ра­лық құқық нор­ма­ла­рын аяққа тап­таған бұл әділет­сіздік әлем­дік қауым­да­сты­қтың нара­зы­лы­ғын туғы­зып отыр. Тағы да сол – күшті ел әлсізіне әлім­жет­тілік жасай бас­та­са, оған АҚШ бастаған Батыс елдері қар­сы тұруда.

Ал «Араб көк­те­мі» бол­са, араб әле­мін­де 2010 жыл­дың аяғын­да бастау алған демон­стра­ци­я­лар мен бүлік­тер­дің (бір топ адам­ның мем­ле­кет­тік төң­керіс жасау мақ­са­ты­мен еткен әре­кеті) толқы­ны. 2010 жылы 18 жел­тоқ­сан­да Туни­сте Мохам­мед Буа­зи­зи елде­гі кор­руп­ция мен алым-салы­қтар­дың ауыр­лы­ғы­на нара­зы­лық ретін­де өзін-өзі өртеп жібер­ді. Оның жанқи­яр­лық әре­кеті туни­стік халы­қтың жап­пай бас көте­руіне ықпал етіп, аяғы төң­керіс­ке ұла­сты. Қысқа мерзім ішін­де халық нара­зы­лы­қта­ры көр­ші араб елдеріне жай­ы­лып, 2011 жылы көк­тем­де Алжир, Иор­да­ния, Еги­пет, Йемен елдерін­де төң­керіс болды.

«Араб көк­те­мінің» кең етек жаюы­на әсер еткен фак­тор­лар: араб елдерінің көбісін­де елді биле­ушілер 30–40 жыл бойы ауы­спай ұза­ғы­нан оты­руы, сыбай­лас жемқор­лы­қтан мем­ле­кет­тік аппа­рат­тың іріп-шіруі, эко­но­ми­ка­ның құл­ды­ра­уы, халы­қтың әле­умет­тік хал-аху­а­лы­ның төмен­деп кетуі.

«Араб көк­те­мінің» нәти­же­сін­де халық толқуы­нан төрт елдің билі­гі құла­ды: Тунис пре­зи­ден­ті Зин әл-Аби­дин Бен Али бас сауға­лап, Сауд Ара­ви­я­сы­на қашты. Еги­пет­те 2011 жылғы қаңтар­дың орта­сы­нан бастап, 18 күн­ге созы­лған халы­қтың қар­сы­лық акци­я­ла­ры­нан соң, ел пре­зи­ден­ті болған Хос­ни Муба­рак отстав­каға кет­ті. Ливи­я­ны 40 жыл­дан астам биле­ген хариз­ма­лы лидер Муам­мар Кад­да­фи билі­гі­нен айы­ры­лып, өзі дүни­е­ге кел­ген Сирт қала­сын­да Ұлт­тық өтпе­лі кеңе­стің сар­ба­з­да­ры қолы­нан қаза тап­ты. Йемен пре­зи­ден­ті Али Абдал­ла Салех билі­гі­нен айы­рыл­ды. Соны­мен қатар Оман, Марок­ко, Иор­да­ния, Судан, Мав­ри­та­ния, Джи­бу­ти, Ливан, Батыс Саха­ра, Кувейт, Сауд Ара­ви­я­сын­да билік­ке қат­ты қар­сы­лық көр­сет­кен халық толқу­ла­ры бол­ды. «Араб көк­те­мінің» зардап­та­ры әлі күн­ге дей­ін жой­ы­лған жоқ, араб елдері дағ­да­рыс пен аза­мат соғы­сы жағ­дай­ын бастан өткеруде.

Қоры­тып айтар бол­сақ, бүгін­гі таң­дағы әлем­дік сая­сат­та АҚШ-тың ара­ша­шы ел ретін­де­гі геге­мон­ды­ғы анық бай­қа­ла­ды. Әлем­дік сая­сат­тағы Аме­ри­ка­ның ара­ласқан дау-жан­жал­да­ры көбі­не­се халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың мақұл­да­уы­мен, өткір қажет­тілік­тен туын­дап оты­ра­ды. Сол сияқты «бұзық» мем­ле­кет­тер­ді де қадаға­лап, бас­сызды­қта­рын тежеп оты­ра­тын бір күш қажет. Сон­ды­қтан, «әлем­дік жан­дарм» рөлін көбі­не­се АҚШ пен НАТО елдері атқа­руға мәж­бүр. Бұл – бұл­тарт­пас факт.

Сей­іл­бек МҰСАТАЕВ,

әл-Фара­би атындағы

Қазақ ұлт­тық

уни­вер­си­тетінің профессоры,

сая­сат ғылым­да­ры­ның докторы

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн