Суббота , 5 июля 2025

АҚТӨБЕДЕ тегін жолақы БОЛМАЙДЫ

 

 

Ақтө­бе­де сту­дент­тер, зей­нет­кер­лер, мүге­дек­тер мен Ұлы Отан соғы­сы арда­гер­лері үшін тегін жолақы­ны ата­у­лы көмек­пен алма­сты­ру тура­лы шешім шыға­рыл­ды, деп хабар­ла­ды қала­лық эко­но­ми­ка және қар­жы бөлі­мінің бас­шы­сы Серік Нәби.

 

«ҰОС арда­гер­лері мен қаты­су­шы­ла­ры­на, жасы бой­ын­ша зей­нет­кер­лер­ге, І‑ІІІ топ мүге­дек­теріне, 16 жасқа дей­ін­гі мүге­дек бала­ларға қала­лық қоғам­дық көлік­те жүру үшін ай сай­ын 1100 тең­ге көле­мін­де әле­умет­тік көмек көр­сетіледі. Сон­дай-ақ әле­умет­тік көмек білім беру меке­ме­лерін­де оқып, тәр­би­е­леніп жатқан көп бала­лы, аз қам­ты­лған отба­сы бала­ла­ры мен жетім бала­ларға айы­на 1500 тең­ге көле­мін­де, сон­дай-ақ жоға­ры және орта-арнайы оқу орын­да­рын­да іштей оқып жатқан сту­дент­тер үшін айы­на 1100 тең­ге көле­мін­де төле­нетін бола­ды», – деді С.Нәби Ақтө­бе мәс­ли­ха­ты­ның 35-кезек­тен тыс сессиясында.

Депу­тат­тар төлем­дер­ді төле­уді уақыт­ша тоқта­туға және жолақы­сын төле­удің орнын тол­ты­ру үшін ата­у­лы әле­умет­тік көмек­ке көшу тура­лы шешім қабыл­да­нуы­на бай­ла­ны­сты әле­умет­тік маңы­зды бағыт­тар бой­ын­ша жола­у­шы­лар­ды тасы­мал­да­уды суб­си­ди­я­лау бой­ын­ша Т442,8 млн сома көле­мін­де­гі қара­жат­ты қай­та бөлді.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн