Суббота , 5 июля 2025

АҚТӨБЕДЕГІ «ҚАРАЛЫ ЖЕКСЕНБІ»:СЕБЕП ПЕН САЛДАР ЗЕРТТЕЛДІ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

ДАТ!

ДАТ АКТОБЕДЕГИ КАРАЛЫ ЖЕКСЕНБИ1

Ел аузын­да Ақтө­бе­де­гі «қара­лы жек­сен­бі» деп ата­лып кет­кен қан­ды оқиғаға 5 мау­сым күні бір жыл тол­ды. Ескер­те кетей­ік, был­тыр Ақтө­бе қала­сын­да бір топ тер­рор­шы­лар «Пал-лада», «Пан­те­ра» қару-жарақ дүкен­деріне шабуыл жасап, №6655 әске­ри бөлі­мінің қару-жарақ қой­ма­сын басып алмақ болған кез­де 7 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алған болатын.

Ал жат ағым­ның жете­гін­де кет­кен 18 содыр­дың көзі жой­ы­лға­ны тура­лы ресми ақпа­рат БАҚ-та жария бол­ды. Қан­ды оқиғаға қаты­сты қыл­мыстық іс сот­та қара­лып, 9 лаң­кес сот­тал­ды. Жете­уі өмір бойы бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­са, еке­уі 25 және 22 жыл жаза­ға кесіл­ген еді. Бей­біт күн­де қарақ­шы­лар­дың қолы­нан мерт болған­дар­дың ару­ағы­на тағ­зым етіп, қан­ды оқиғаға зерт­теу жасаған осы өңір­де­гі Жал­пы­ұлт­тық соци-ал-демо­крат­тар пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі Мирам­бек КАМАЛОВТЫ әңгі­ме­ге тар­тқан едік.

–Мирам­бек мыр­за, ара­да бір жыл өткен­де, осы лаң­кест­ік­тен қоғам­ның сана­сы қан­дай ой түй­ді деп ойлайсыз?

– Иә, бұл оқиға­лар тыныш оты­рған елді дүр сіл­кін­діріп, бой­ы­на үрей тудыр­ды. Бұл лаң­кест­ік­тің себеп­терін бір­не­ше қыры­нан түсін­діру­ге бола­ды. Бірін­ші­ден, эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік аху­ал: ел эко­но­ми­ка­сын­дағы болып жатқан тоқы-рау­лар алды­ме­нен қара­пай­ым жұр­тқа әсер ететіні бел­гілі. Мыса­лы, жұмысқа ор-нала­са алмай­тын, орна­лас­са қысқар­туға ұшы­рай­тын аза­мат­тың отба­сын­да небір қиын­шы­лық туын­дай­ды. Мем­ле­кет­тік орган­дар тара­пы­нан жөн­ді қол­дау тап-паған аза­мат­тар әділ­дік іздей­ді, барар жері мен басар тауы қал­май­ды, сөй­тіп жүріп дәстүр­лі емес, күмән кел­тіретін діни ағым­дар­дың жете­гін­де кете бара­ды. Ал оның дәстүр­лі емес, біздің ұста­ны­мы­м­ы­зға кереғар ағым екенін бір­ден бай­қай алмай­ды. Сол ағым жете­гін­де жүр­ген­дер­дің көп­шілі­гінің діни сау­ат­та­ры төмен. Бұл жер­де мем­ле­кет халы­қты жұмыспен қам­тып, олар­ды қорға­удың нақты әле­умет­тік тетік­терін қам­та­ма­сыз ете алған­да, біздің аза­мат­тар­дың теріс ағым­дарға ада­сып түсу ықти­мал­ды­лы­ғы төмен болар еді. Деген­мен де, бей­біт адам­дарға шабуыл жасаған­дар­дың ісін ешу­ақыт­та да ақтап алуға болмайды…

– Деген­мен, бұл ара­да қоғам­ның, әсіре­се билік­тің тара­пы­нан кет­кен кіна­рат­тар­ды жоққа шыға­ра алмай­мыз ғой…

– Әлбет­те, сөз жоқ! Екін­ші­ден, біздің қоғам поли­ци­я­лық мем­ле­кет­ке айна­лып бара­ды. Мем­ле­кет құқық қорғау, қорға­ныс сала­сы­на басты назар ауда­рып, сала қыз­мет­кер­лерінің жалақы­сын, т.с.с. әле­умет­тік қол­да­у­ла­рын күшей­ту­де. Күш құры­лым­да­ры бол­сын, құқық қорғау орган­да­ры бол­сын, тәр­тіп­ті, қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ететін құры­лым­дар болып сана­ла­ды. Сәй­кесін­ше, олар тәр­тіп бұзу­шы­лар­мен неме­се бұзуға ниеті бар әле­умет­тік топ­тар­мен жұмыс істеу тех­но-логи­я­сы­нан жұр­дай. Сай­ып кел­ген­де, бүгін­гі таң­да құқық қорғау орган­да­ры атқа­ру­шы билік­тің ағат­ты­ғы, сәт­сіз эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты нәти­же­сін­де пай­да бола­тын әле­умет­тік топ­тар­мен айна­лы­суға мәж­бүр. Ал ондай өрес­кел топ­тар легі күн санап өсуде.

Бұл жер­де атқа­ру­шы билік халы­қтың тіз­гінін салиқа­лы әле­умет­тік сая­сат­пен емес, поли­ци­я­ның қол­шоқ­па­ры­мен ұстап отыр деу­ге бола­ды. Ал қорқы­ту­мен, үркіту­мен, сая­си репрес­си­я­мен халы­қты мәң­гі басқа­ру мүм­кін емес. Үшін­ші­ден, ең басты­сы: мем­ле­кет өз халқын қауіп-қатер­ден сақтай алуы тиіс. Бұл оның тіке-лей мін­деті. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы «Аза­мат­тық және сая­си құқы­қтар тура­лы Ха-лықа­ра­лық Пакт­ті» 2005 жылы қара­ша­ның 28-інде мақұл­даған бола­тын. Сол пакт­тің 6‑бабы бой­ын­ша, «өмiр сүру құқы­ғы – әрбiр адам­ның ажы­ра­мас құқы­ғы» болып табы­ла­ды. Бұл құқық заң­мен қорға­ла­ды. Ешкiм­нiң де өмiрi жазы­қ­сыз қиы-луға тиiс емес. 1982 жылы БҰҰ-ның он алтын­шы сес­си­я­сын­да 6‑бапқа мынан­дай ескер­ту енгізіл­ген: «Өмір сүру құқы­ғы мем­ле­кет­те төтен­ше жағ­дай болып жат­са да, ешқан­дай мүл­тіксіз қорға­луға жата­тын негіз­гі құқық болып табы­ла­ды». Жоға­ры­дағы халы­қа­ра­лық құжатқа сәй­кес, мем­ле­кет қан­дай жағ­дай бол­са да, адам­дар­дың өмір­ге деген құқын сақта­уы тиіс. Сол бағыт­та шара­лар кешенін қабыл­да­уы тиіс болатын.

– Мирам­бек мыр­за, адам өмірі заң­на­ма­лық тұрғы­да қорға­луы­на қаты­сты зерт­теу жүр­гіз­ген екен­сіз, енде­ше сол құжат­тар рес­пуб­ли­ка аумағын­да қалай жүзе­ге асуы ке-рек еді?

– Мем­ле­кет тек кісі өлтіру­шілік­ке тый­ым салып қана қой­май, қыл­мыспен, оның ішін­де тер­ро­ри­стік әре­кет­тер­мен тиім­ді күрес ұйым­да­сты­руы тиіс. 1999 жыл­дың 13 шіл­десін­де «Тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қимыл тура­лы», 2005 жыл­дың 18 ақпа­нын-да «Экс­тре­мизм­ге қар­сы іс-қимыл тура­лы» Заң­да­ры қабыл­да­нып, тер­ро­ризм мен экс­тре­мизм­ге қар­сы іс-қимыл­дың құқы­қтық негізі қабыл­данған бола­тын. ҚР пре-зиден­тінің 2013 жылғы 24 қыр­күй­е­гін­де­гі «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да діни экс-тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қимыл жөнін­де­гі 2013–2017 жыл­дарға ар-налған мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма тура­лы» Жар­лы­ғы шықты. Бағ­дар­ла­ма­ның мақ­са­ты – діни экс­тре­мизм көріністерінің алдын алу және тер­ро­ризм қатер-леріне жол бер­меу арқы­лы адам­ның, қоғам­ның және мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету болып табылады.

Міне, осы заң­дар мен бағ­дар­ла­ма­лар­ды іске асы­руға 2013–2017 жыл­да­ры рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гілік­ті бюд­жет­тер­ден жал­пы көле­мі 100 мил­ли­ард тең­ге-ден астам қар­жы қарас­ты­ры­лған. Бірақ осын­ша­ма қыру­ар қар­жы­ның нәти­же­сі қай­да? Бағ­дар­ла­ма­да «Қалып­тасқан жағ­дай­да тер­ро­ри­стік тұрғы­дан осал объ-ектілер­дің қауіп­сізді­гін, сон­дай-ақ қару, оқ-дәрі, жары­лғыш құры­лғы­лар мен олар­дың құра­уы­шта­ры­ның айна­лы­мы­на тиісті бақы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету мәсе-лелері еле­улі түр­де өзек­ті сипатқа ие бол­ды» делін­ген. Бұған қосым­ша 2013 жыл-дың 28 тамы­зын­да Үкі­мет Қаулы­сы­мен «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тер­ро­ри­стік тұрғы­дан осал объ­ек­тілерінің тіз­бесі» бекітіліп, оған тиісті нысан­дар тізім­ге енді. Бірақ қару-жарақ сату­мен айна­лы­са­тын заң­ды тұлға­лар, мем­ле-кет­пен күзетілетін неме­се тер­ро­ри­стік тұрғы­дан осал нысан­дар­дың тізі­міне енгізіл­ме­генін айта кет­кен жөн. Тиісін­ше, бұл нысан­дар наза­рдан тыс қал­ды. Сон­да бөлін­ген қар­жы қан­дай мақ­сат­тарға жұм­сал­ды? Бұл арнайы тер­ге­уді қажет ететін сұрақ бол­са керек.

– Демек, қан­ша­ма заң­на­ма­лық құжат­тар ресми түр­де қабыл­данға­ны­мен, іс жүзін­де­гі нәти­же­сі Ақтө­бе­де­гі тағы басқа өңір­лер­де­гі лаң­кест­ік оқиға­лар­дың алдын алу шара­сы-на кел­ген­де қауқар­сыз құжат болып шыққан ғой…

– Сөзіңіздің жаны бар. Осы орай­да Ақтө­бе­де­гі лаң­кест­ік оқиға бой­ын­ша мы-надай тұжы­рым­дар жаса­уға бола­ды. Алды­мен қару-жарақ сату­мен айна­лы­са­тын дүкен­дер жоға­ры­да аталған үкі­мет қаулы­сы бой­ын­ша тізім­ге енбе­ген, оларға арнайы назар ауда­рыл­маған. Егер де қару-жарақ сата­тын дүкен­дер сол тізім­де бол­са, мем­ле­кет тара­пы­нан олар­дың күзетіне қатаң талап қой­ы­лар еді. Қару-жарақ дүкенін­де қару-жарақ пен оқ дәрілер­ден басқа спорт­тық, балық аулау, та-биғат аясы­на сая­хат­та­уға арналған т.б. бұй­ым­дар саты­лған. Дүкен­нің күзетін же-ке күзет меке­ме­лері қам­та­ма­сыз еткен. Ал шабуыл тура­лы алға­шқы даб­ыл же-ке күзет меке­месіне келіп түс­кен. Нәти­же­сін­де оқиға орны­на жет­кен күзет қыз­мет­кері опат болды.

Ал поли­ция кей­ін­нен кел­ді. Егер қару-жарақ сату­мен айна­лы­са­тын дүкен­нен түс­кен даб­ыл бел­гісі жеке күзет меке­месіне емес, бір­ден поли­ция орган­да­ры­на жетіп, арнайы жасақ оқиға орны­на жедел жет­кен­де, жағ­дай өзге­ше болар еді. Бұл сол уақыт­тағы Заң­ның тағы бір шикілі­гі болып табылады.

Төр­тін­ші­ден, «Пал­ла­да» қару-жарақ дүкеніне шабуыл 14 сағат 23 минут­та жа-сал­са, алға­шқы шабуыл­дан кей­ін топ екі­ге бөлініп, бірі «Пан­те­ра» қару-жарақ дүкеніне 14 сағат 49 минут­та шабуыл­дай­ды, ал екін­ші тобы 6655 әске­ри бөлім­ше­сіне 14 сағат 48 минут­та шабуыл­дай­ды. Яғни, қыл­мыстық топ екі бағыт­та – бір тобы жола­у­шы­лар авто­бу­сын тоқта­тып, әске­ри бөлім­ше­ге бағыт­тал­са, екін­ші топ – поли­ци­я­ның көлі­гіне мініп, екін­ші қару-жарақ сата­тын дүкен­ге, өздерінің көз­де­ген нысан­да­ры­на ешқан­дай поли­ция тара­пы­нан тосқа­уыл көр­мей жетіп, өздерінің әре­кет­терін жүзе­ге асырады.

Кей­ін­нен шабуыл­да­у­шы тер­рор­лық топ­тарға қар­сы тосқа­уыл қою­ды ұйым­да-сты­ра алмай, өз мін­детін дұрыс атқар­маға­ны үшін Ақтө­бе қала­сы­ның жер­гілік­ті поли­ция бас­шы­сы М.Шляшевтің үсті­нен қыл­мыстық іс қозғалған бола­тын. Егер де мем­ле­кет осын­дай тер­ро­ри­стік топ­тар­ды ауы­зды­қтау шара­ла­рын, бірі­гіп іс-әре­кет ету амал­да­рын алдын ала қарас­ты­рып қой­ған­да, қыл­мыстық топ­ты қару-жарақ дүкені­нен өзге де нысан­дарға шабуыл жаса­май тұрып ауы­зды­қта­уға мүм­кін­шілік болар еді…

– «Өткен іске өкін­бе» деу­ге аузы­мыз бар­май­ды, лаң­кестер де құқық қорғау меке­ме-лерінің әлсіз тұсын алдын ала біл­геніне күмән жоқ сияқты…

– Әрине, олар шабуыл­ды сти­хи­я­лық түр­де жаса­маға­ны­на қан­ды оқиға­ның жа-зық­сыз құр­ба­ны болған аза­мат­тар­дың рухы үшін бір жыл бойы жүр­гіз­ген зерт­те-уім­нің нәти­же­сін­де көз жет­кіздім. Лаң­кестер мін­ген көлік 6655-әске­ри бөлім­ше­ге еш кедер­гісіз басып кіреді. Бөлім­шенің қақ­па­сы өте әлсіз қаңы­л­тыр­дан жасалған, аяқ­пен теп­сең ашы­лып кететін, қақ­па алдын­да ешқан­дай жасан­ды кедер­гілер ор-натыл­маған, ал әске­ри бөлім­шенің бақы­лау-өткі­зу бекетін­де­гі сар­ба­з­дар наря­ды тек қана резең­ке шоқ­пар мен пышақ­пен қару­ланған. Қару-жарағы бар, стра­те-гия­лық нысан­ның өткі­зу-бақы­лау бекетін­де­гі сар­ба­з­дар­ды мем­ле­кет қару­мен қам­ты­май, олар­дың өміріне қауіп туды­рған. Егер де бақы­лау-өткі­зу бекетін­де­гі сар­ба­з­дар­да қару бол­са және әске­ри бөлім­ше қақ­па­сы тиісті стан­дарт­тарға сай мықты орна­тыл­са, алды­на жасан­ды кедер­гілер орна­ты­лған бол­са, тер­ро­ри­стік топ әске­ри бөлім­ше­ге оңай­лы­қ­пен кіре алмас еді. Әске­ри бөлім­нің жал­пы той­та-рыс беру, оның қорға­ну жүй­есіне жау­ап­ты бөлім­ше коман­ди­рі жау­ап-кер­шілік­тен сыты­лып шығып, әске­ри сот осы бөлім­нің екі офи­церін «өзіне жүк­тел­ген мін­дет­тер­ді дұрыс орын­да­ма­ды» деген желе­умен кіналі деп тауып, бас бостан­ды­ғы­нан айы­рған бола­тын. Деген­мен, шүкір, оның бірі жуы­қта рақым­шы-лық­пен босап шықты.

– Шүкір­лік ету­ден басқа амал қай­сы? Әске­ри нысан­ды қорға­ныс талап­та­ры­на сай жа-сақта­удың бір жағы қар­жы­лық мүм­кін­дік­ке келіп тіре­летін жағын біле алды­ңыз ба?

– Әрине, оның да жөн-жосы­ғын құзыр­лы орын­дар­дан сұра­с­тыр­дық. Жоға­ры­да айтқан­дай, діни экс­тре­мизм мен тер­ро­ризммен күрес бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша үкі­мет тара­пы­нан 100 млрд тең­ге­ден астам қар­жы бөлін­ген. Сол бағ­дар­ла­маға сай ішкі істер орган­да­ры­ның сырт­тан бақы­лау каме­ра­ла­ры­ның санын арт­ты­ру керек бола­тын. Соған орай ішкі істер депар­та­мен­ті басты­ғы­нан орна­ты­лған ка-мера­лар санын сұраған­быз. Көп ұза­май, Ақтө­бе қала­лық ішкі істер басқар­ма­сы басты­ғы­нан: қала­дағы каме­ра­лар саны бой­ын­ша ақпа­рат­ты, ішкі жари­я­ла­у­ға жат­пай­тын ақпа­рат­тар тізі­міне еңген­ді­гі себеп­ті бере алмай­ты­нын хабар­лаған жау­ап алдық. Ал игеріл­ген қар­жы көле­мі бой­ын­ша жасалған сұра­ныс, ақыр соңы түсініксіз жағ­дай­мен жау­ап­сыз қал­ды. Өздеріңіз­ге бел­гілі, жақын­да мем­ле­кет­тің экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қар­сы күрес­ке бөлін­ген 6 мил­ли­ард тең­гесін тиім­сіз жұм­саға­ны үшін Алма­ты облы­сы­ның 80 шене­уні­гі жаза­ланған бола­тын. Ал бұн­дай фак­тілер елі­міз бой­ын­ша әлі де аны­қта­луы ғажап емес деп есептеймін.

– Айт­пақ­шы, Ақтө­бе­де мұнай ұрлы­ғы­ның басы-қасын­да жер­гілік­ті жер­де­гі діни экс­т­ре-мистер жүр­ген деген ақпа­рат бар. Ол жөнін­де біздің газет мәсе­ле көтер­ді, бірақ тиісті орын­дар селт еткен түр көрсетпейді…

– Иә, осы орай­да «ДАТ»-қа шыққан мақа­ла­ның түп-төр­кіні біраз жыл­дан бері Ақтө­бені шулатқан мәсе­ле бол­ды. Жал­пы облы­сы­мы­зда әуелі­ден бері мұнай ұр-лығы бар бола­тын. Бұрын­да­ры мұнай ұрлы­ғы­мен бір­та­лай адам айна­лыс­са, қазір олар­дың саны азай­ды. Тоқе­терін айтқан­да, бүгін­де «кры­ша­сы» мықты­ла­ры ғана мұнай ұрлы­ғы­мен айна­лы­са ала­ды. Оған мұнай ұрлы­ғы бой­ын­ша жау­а­пқа тар­ты-лып жатқан поли­ция бас­шы­лы­ғын айта кету­ге бола­ды. Мұнай ұрла­у­шы­лар­дың ішін­де дәстүр­лі емес дін ұста­ну­шы­ла­ры болуын жоққа шыға­руға бол­май­ды. Яғни, олар поли­ция орган­да­ры­мен сыбай­лас болған.

– Ал билік осы қан­ды оқиға­дан сабақ алды деу­ге бола ма? Тер­ро­ризм қау­пінің алдын алу үшін облыс дең­гей­ін­де қан­дай да бір шара­лар іске асып жатыр деп айта ала­сыз ба?

– Билік был­тыр тер­ро­ризм мен экс­тре­мизммен күрес бой­ын­ша бірқа­тар заң жо-бала­ры­на өзгерістер мен түзе­ту­лер енгіз­ген бола­тын. Деген­мен, ол заң жоба­ла-рының да осал тұста­ры бар­шы­лық. Біз ЖСДП-ның аты­нан өз ұсы­ны­ста­ры­мы­зды әзір­ледік, осы бағыт бой­ын­ша жұмыстар атқа­ры­лып жатыр. Билік бар­лық күшті осын­дай қан­ды оқиға­ның сал­да­ры­мен емес, себеп­тері­мен күре­су­ге жұм­са­са ғана, жетістік­ке жете алады.

Өкініш­ке қарай, билік қазір­де, қай сала­ны алсаң да, «қай­нап жатқан қазан­ды­қтың қақ­пағын бүр­кеп қоюға» ғана құштар. Ал мұн­дай «құштар­лы­қтың» соңы кезек­ті лаң­кест­ік қан­ды оқиға­ларға алып кел­месіне кім кепіл болады?

– Иә, сіздің уай­ы­мы­ңыз қоғам­ның да басын­да бар жағ­дай бол­са керек. Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн