Суббота , 12 июля 2025

Ақтауда планшет зауыты БӨЛШЕКТЕП САТЫЛАДЫ

 

Қаза­қстан­дағы алға­шқы план­шет­тер­ді өндіреді деген «Аққу» зауы­ты сол күйі іске қосыл­ма­ды. Енді мем­ле­кет салған ақша­ны шыға­ру үшін зауыт саты­лы­мға шыға­рыл­ды. Бұл тура­лы Ақта­удағы «Лада» газеті хабар­ла­ды. Зауыт 2011 жылы ашы­лып, мұн­да күніне 280 план­шет пен 180 мони­тор жаса­луы тиіс болған.

Газет ақпа­ра­ты­на қараған­да, әуелі зауыт ғима­ра­ты сатыл­мақ. «Одан бөлек, біздің неси­е­ге алған 80 мил­ли­он тең­ге қары­зы­мыз бар. Ол ақша зауыт ғима­ра­тын салуға кет­кен. Мем­ле­кет­ке 120 мил­ли­он тең­ге қай­та­ры­луы керек», – дей­ді басы­лы­мға «Кас­пий» «әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы» (ӘКК) басқар­ма басты­ғы Ибра­гим Тагашев.

«Кас­пий» ӘКК-сі – зауыт­тың 91 пай­ы­зы­ның иесі. Қалған 9 пай­ы­зы жеке мен­шік «Caspiy Еlectronics» фир­ма­сы­на тиесілі. 2013 жылы қыр­күй­ек­те фир­ма бас­шы­лы­ғы­на мүлік­ті талан-тара­жға салу және ала­яқтық бабы­мен айып тағылды.

Тер­геу болжа­мы бой­ын­ша, зауыт Қытай­дан план­шет­тер мен дай­ын өнім­дер әкеліп, олар­ды өз өні­мі ретін­де көр­сет­кен. Мем­ле­кет­ке 200 мил­ли­он тең­ге (1 мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры­на жуық) шығын кел­гені хабарланды.

«Caspiy Еlectronics» фир­ма­сы дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры Алек­сандр Пав­лен­ко ала­яқтық айы­бы­мен алты жылға түр­ме­ге кесіл­ді. «Кас­пий» ӘКК басқар­ма төраға­сы орын­ба­са­ры Ерға­ли Қай­ы­пов қыз­мет өкілетін асы­ра пай­да­ла­ну бабы­мен үш жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Ол Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гінің 20 жыл­ды­ғы­на орай рақым­шы­лы­ққа ілі­гіп, түр­ме­ге оты­рған жоқ.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн