Воскресенье , 6 июля 2025

АҚТАУЛЫҚ АКТРИСА бастығым жыныстық қатынасқа МӘЖБҮРЛЕДІ ДЕЙДІ

Қаз-қал­пын­да

 

Шымыл­дық сыр­тын­дағы шытыр­ман оқиға! Ақта­уда Облы­стық дра­ма театр­дың актри­са­сы мәде­ни­ет ошағы­ның бас­шы­сын қыз­мет­кер­лерін жыны­стық қаты­на­сқа мәж­бүр­лей­ді деп айып­та­ды. Басты рөл­ді актер­лік шебер­лік емес, төсек­те­гі «өнері» үшін береді деген актри­са бұры­нғы жұмыс орнын «жезөк­ше­лер мекені» деп ата­ды. Театр бас­шы­лы­ғы, әрине, өздеріне шаң жуы­тқан жоқ. Енді тарап­тар мәсе­лені сот­та шешпек.

Мұның бәрі Маңғы­стау дра­ма теат­ры­ның сахна­сын­да емес, сыр­тын­да өрбіп жатыр. Дина Ахмет­жан өнер орда­сын­да 11 жыл еңбек етіп­ті. Содан бер­гі ішін­де сақтап жүр­ген сырын қазір ашып отыр. Айтуын­ша, театр дирек­то­ры бір­не­ше жыл­дан бері сөз салып­ты. Актри­са басты­ғы­на ашы­на болу­дан бас тар­тып, жұмыстан қағы­лған көрінеді.

Дина Ахмет­жан, актриса:

– Менің көңілім­нен шығуың керек деді. Ашы­қтан-ашық айт­ты. Төсек­тес бол деді. Келіс­кен жоқ­пын. Есің дұрыс па, сен менің кім екенім­ді білесің бе, бәрі мені жақтай­ды деді. Сені бір-ақ күн­де қуып жібе­ре­мін деді.

Ал бұл мәсе­ленің ушы­ғуы­на дирек­тор­дың көңіл­дес болуға жасаған ұсы­ны­сы емес, бас­па­на жайы себеп болып тұр. Дина­ның өз үйі бол­маған. Қыз­мет­тік пәтер алуы керек екен. Өткен жылы оған театр бас­па­на сатып алып беріп­ті. Бірақ 700 мың тең­гесін өзіне төлет­кен. Содан соң жұмыстан шыға­ра салыпты.

– Бұл жер­де дирек­тор Нұр­ни­яз Мұқа­нов пен театр режис­сері Гүл­си­на Мирға­ли­е­ва пәтер­ді тек өзі жақ­сы көретін адам­да­ры­на ғана береді. Көңілі­нен шыққан адам­дар ғана атақ, пәтер ала­ды, – дей­ді Дина Ахметжан.

Сөй­тіп, театр пәтерін де бер­ме­ген, төле­ген ақша­сын да қай­тар­мап­ты. Өмір спек­таклінің бұлай­ша бітуіне қар­сы­лық таны­тқан актри­са жұмыстан заң­сыз шығар­ды деп сотқа арыз жазған. Алай­да жеңіліп қалады.

Нұр­ни­яз Мұқа­нов, Н.Жантөрин атын­дағы дра­ма театрының

дирек­то­ры:

– Қара­лау дей­тін бола­ды. Актер мен актри­са­лар мені «әке» дей­ді. Солар­дан қалған бала­лар, неме­рем. Мынау «суға кет­кен тал қар­май­ды» дей­ді ғой. Сіз­ге жау­ап беруім де ұят.

Өздеріне лас айып таққа­ны­на қара­ма­стан, театр ұжы­мы бұры­нғы әріп­тесінің өнерін жоға­ры баға­лай­ды. Режис­сер­дің сөзіне сен­сек, ол әртістік шебер­лі­гін сахна­дан тыс кез­де де қол­да­на­ды екен.

Гүл­си­на Мирғалиева,

Н.Жантөрин атын­дағы дра­ма теат­ры­ның режиссері:

– Ол менің кино­ма түсті. Аяй­ты­н­мын. Бір кез­дері күй­е­уі­мен ажы­рас­ып жүр­ді. Оған басты рөл­дер­ді аямай бер­дім. Қыз Жібек­ті, Баян сұлу­ды ойна­ды. Адам­ның аяу­шы­лы­ғын туды­ра ала­тын актри­са болып тұр ғой. Тіп­ті күл­кілі екен.

Енді қос тарап сот­та кез­де­сетін бол­ды. Дина Ахмет­жан бас­па­на мен ақша­сын қай­та­рып алуға тал­пы­нып жатыр. Ал театр дирек­то­ры бұры­нғы қыз­мет­керін жала жапқа­ны үшін жаза­сын бермек.

«КТК»

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн