Среда , 27 августа 2025

АҚЫЛБЕК ЖЕМЕНЕЙ – қайықты тартқан кемедей

Іске сәт!

 

  • Таны­мал әнші Ақыл­бек Жеме­ней тағы да про­дю­сер атан­ды. Бұл жолы «Ақ кеме» әні­мен халы­ққа кеңі­нен таны­лып жүр­ген жас әнші Нұр­бо­лат Абдул­лин­ді жетек­шілі­гіне алған болатын.

Бүгін­де әншінің қор­жы­нын­да «Ақ кеме», «Сезім сыры» атты әндеріне түсіріл­ген екі бей­не­ба­я­ны және «Сүй­генің қай­да», «Ақтө­бе доста­рым», «Аға­жан», «Көңілім-ай», «Сезім сыры», «Өзің сәу­лем» сын­ды 20-ға жуық әндері бар. Әнші қазір про­дю­сері­мен жұмыс бастап, жаңа әндер жазу жұмысы­мен айна­лы­сып жатқан көрінеді.

Естеріңіз­ге сала кет­сек, Нұр­бо­лат Абдул­лин осы­ған дей­ін «Жас қанат-2012» ән бай­қа­уын­да дипло­мант атанған. Сон­дай-ақ «Күміс көмей, жез таң­дай», «Тәу­ел­сіз жыл­дар әндері», «Бақыт құшағын­да», «Арай», «Менің Қаза­қста­ным», «Әсет­тің әсем әндері-ай» сын­ды бір­не­ше рес­пуб­ли­ка­лық ән бай­қа­у­ла­рын­да бағын сынап, жеңім­паз ата­нып үлгерген.

Ал Ақыл­бек Жеме­ней осы­ған дей­ін өзі про­дю­сер­лік ететін «Самал» тобы­мен бір­ге «Ақ баян» атты әніне бей­не­ба­ян түсіріп, жары­ққа шығарға­нын газеті­міздің өткен сан­да­рын­да жазған бола­тын­быз. Осы орай­да өнер айды­ны­на қай­ық сын­ды қалқып шыққан жас әншіні жете­гіне алған Ақыл­бек Жеме­ней мұз­ды жарған кеме­дей керу­ен бастап кетеріне сенім мол.

Бет­ті дай­ын­даған – Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн