Суббота , 5 июля 2025

АҚЫННЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫ ӨТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (355) от 20 октяб­ря 2016 г.

 

Тәбәрік

 


 

 

 

Біздің аны­қта­ма

 

Хамит Ерға­ли (1916–1997) Гурьев облы­сы­ның Ново­бо­гат ауы­лын­да (қазір­гі Аты­рау облы­сы, Иса­тай ауда­ны, Хамит Ерға­ли атын­дағы ауыл) дүни­е­ге кел­ген. 1939 жылы Қазақ мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің фило­ло­гия факуль­тетіне қабыл­дан­ды. 1940–45 жыл­да­ры Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сқа қаты­сты. 1945–50 жыл­да­ры Рес­пуб­ли­ка­лық «Соци­а­ли­стік Қаза­қстан» (қазір­гі «Еге­мен Қаза­қстан») газетін­де тіл­ші, 1959 жылға дей­ін Қаза­қстан жазу­шы­лар одағы­ның поэ­зия сек­ци­я­сы­ның, Қаза­қтың Мем­ле­кет­тік көр­кем әде­би­ет бас­па­сы бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі қыз­метін атқарған.1959 жыл­дан өмірінің ақы­ры­на дей­ін біры­ңғай шығар­ма­шы­лық жұмыспен айна­лы­сқан. «Әке сыры», «Үлкен жол­дың үстін­де», «Біздің ауыл­дың қызы», «Құр­манға­зы», «Күй дастан», «Орал­дағы отты түн», «Аңыз ата», «Қыз-хисса», «Жыл­дар, жыл­дар», «Суыт жүріс», т.б. дастан­да­ры бар ондаған кіта­бы шыққан.

 

 

Өткен сей­сен­бі күні Алма­ты­да қазақ поэ­зи­я­сы­ның көр­нек­ті эпик ақы­ны, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері, Қаза­қстан­ның Халық жазу­шы­сы Хамит Ерға­ли­ев­тың туға­ны­на 100 жыл толуы­на орай сал­та­нат­ты кеш өтті. Алма­ты қала­сы әкім­ді­гінің ұйым­да­сты­руы­мен өткізіл­ген сал­та­нат­ты кеш­те бел­гілі ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Ұлы­қ­бек Есдәу­лет мерей­той иесінің бар бол­мысын ашып беретін баян­да­ма жасады.

 

ХАМАҢ ДЕГЕН ЕКЕН

 

Ака­де­мик Ахмет Жұба­нов пен Хамит Ерға­ли­ев бір­де Іле бой­ын­дағы бір үйде қонақта болып, түс қай­та қалаға қай­та­ды. Ахаң өзінің «ГАЗ-21» маши­на­сын жүр­гізіп келе жата­ды. Мамыр айы­ның тамы­л­жып тұрған кезі екен. Жол бой­ы­ның табиға­ты малы­на құл­пы­рып көз тар­та­ды. Осы­нау табиғат құшағы­на сәл аял­дап, бір тыныс жасағы­сы кел­ген Хамаң маши­на жүр­гізіп келе жатқан Ахаң­ның көңілін аулап, бір сөз бастапты.

– Аха! – дей­ді Хамаң.

– Әу!

– Дүниенің жүзін­де менен құдай ақын бар ма?

– Дүниенің жүзі болған соң, сіз­ден де мықты­рақ біре­улер бола­тын шығар.

– Ойбай-ау, жоқ қой ол!..

Ахаң «мұны­сы қалай?..» деген­дей Хамаңа күдік­тене бір қарап қояды. Хамаң бол­са шын­шыл шырай­мен әлгі пікірін орны­қты­ра түскісі келгендей:

– Шын, Аха! Дүни­е­де­гі ақын ата­улы­ның табы­нар тәңірісі жалғыз мына мен! – дейді.

Осы кез­де Ахаң қабақ шытып:

– Осын­дай сөздің кере­гі не, бүгін­гі жұрт­тың ішін­де осы­ны да өсек қыла ала­тын­дар бар! – депті.

– Ал егер мен дәлел­де­сем ше?..

– Е, немен дәлелдемексіз?

– Біл­сеңіз айты­ңыз, дүниенің жүзін­де, қай кон­ти­нет­те, қай елде­гі ақын­ның шофері ака­де­мик? – дей­ді Хамаң.

Сон­да Ахаң заула­тып келе жатқан маши­на­сын дереу тежеп, жол шетіне тоқта­тып­ты да:

– Мұн­дай­да шофер кісі тоқтап тұрып күл­ме­се бол­май­ды! – деп, кеңкіл­дей күл­ген екен.

Мұнан әрі маши­на­ның қоб­ди­ша­сы ашы­лып, табиғат аясын­да екі тар­лан рахат­та­на тыныс алыс­са керек.

 

***

Ақын Тұман­бай Мол­даға­ли­ев жай­ған дастар­хан басын­да Хамит Ерға­ли­ев, Ғафу Қай­ыр­бе­ков, Сағи Жиен­ба­ев бастаған бір топ ақын­дар бол­са керек. Бір кез­де сөз кезе­гін Ғафу Қай­ыр­бе­ков ала­ды да, ықы­лас-ілти­фа­тын орта­ла­рын­дағы жасы үлкен аға­сы Хамит Ерға­ли­ев­ке арнай­ды: «Бір топ жүй­рік дала­ның шаңын аспанға көтеріп шауып келе жатыр, – деп бастай­ды Ғафу әдет­те­гі­дей арқа­ла­на сөй­леп. – Көп дүр­мек­тің алдын­да дала­ның ауа­сын еркін жұтып, ақ боз арғы­мақ келеді. Сол арғы­мақ – Сіз­сіз, Хама. Мен анау көп шоғыр­дың ішіндемін».

Хамаң бұл сөз­ге қат­ты толқып, көзі жаса­у­рап, орны­нан тұрып, Ғафу­ды құшақтап, үнсіз сүйеді.

Содан бір мез­гіл­де сөз кезе­гін Хамит Ерға­ли­ев­тің өзі алған­да: «Ғафу, рас айта­сың, бір топ жүй­рік дала­ның шаңын аспанға көтеріп, шауып келе жатыр. Сол дала­ның таза ауа­сын еркін жұтып, мен ағып келе жатқа­ным­да, соңым­нан қара үзбей келе жатқан торы құнан­ның демін ести­мін. Ады­мым­ды кең алып сер­мей түсе­мін. Әлгі құнан да қалы­сар емес, маған жетер-жет­пес жер­де келе жатыр. Сол – сенің құна­ның, Ғафу­жан!» – деген екен.

Кей­ін, ара­да жыл­дар өткен­де, Тұман­бай Хамаңа ерке­леп, әлгі сөз­дер­ді еске алып: «Хама, сол жолғы қалың дүр­мек­тің іші­нен тай мін­ген Сағи еке­уміз көзіңіз­ге түс­кен жоқ­пыз ба?!» – деп әзіл­дей­ді ғой.

Сон­да Хамаң ақын інісін бәлен­бай жыл бұрын өкпе­летіп алдым ба деген­дей көңіл­мен қауқыл­дап: «Тұмаш-ау, бар болған­да қан­дай, сол көп дүр­мек­тің ішін­де жұл­ды­здай ағып, суы­ры­ла шауып келе жатқан қос қоңыр – Сағи еке­уіңнің тай­ың бола­тын!» – деген екен.

 

***

Хамит Ерға­ли­ев бір­де Қазақ ССР Жоғарғы Советі Пре­зи­ди­у­мы­ның пред­се­да­телі Сат­тар Има­шевқа кіреді де, өзінің қар­тай­ған жасын ескер­тіп, Отан соғы­сы­на қаты­сқа­нын айтып, енді жүріп-тұру­дың қиын екенін біл­ді­ре келіп, маши­на­сы­на бір шоша­ла сал­ды­рып ала алмай жүр­генін айтады.

Сат­тар Има­шев бол­са, қазір елдің тұр­мысы­ның түзел­генін, маши­на алушы­лар­дың көбей­іп кет­кенін, қала­да маши­на қоя­тын жер­дің жоқ екенін айтып, қарас­пан орна­та­ды ғой. Сол кез­де Хамаң өзінің зор дауы­сы­мен қарқыл­дап тұрып күледі.

– Неге күл­діңіз? – деп таңы­рқай сұрай­ды Сат­тар Имашев.

Хамаң күл­кісін тый­ып, ора­ма­лы­мен суланған көзін асы­қ­пай сүртіп:

– Жай, әншей­ін, ат қора сала алмай­тын король­дің бола­ты­ны­на күліп отыр­мын! – деген екен.

Сон­да Сат­тар Имашев:

– Бол­ды, бол­ды, Хама, дегеніңіз орын­да­ла­ды! – деп, абды­рай жау­ап береді.

Ақсе­леу Сейдімбектің

жаз­ба­сы­нан алған –

«Әде­би­ет порталы»

 

 

Пай­ым

 

Қаза­қстан соты­нан ӘДІЛЕТ ІЗДЕМЕ

 

Қалам­дас інім Сей­ітқа­зы Мата­ев­пен таныс-біліс болға­ны­ма отыз жыл. Әу дескен­де-ақ оның: ақкөңіл, кіші­пей­іл, іскер, елге­зек екенін аңғар­дым. Ол Н. Назар­ба­ев мыр­за­ның құзы­рын­да қыз­мет істе­ген жыл­да­рын­да сан ада­мға шапаға­ты тигенін біле­мін. Қаз­ТАГ бас­шы­лы­ғы­на бары­сы­мен, халы­ққа жетуі тиіс жаңа­лы­қтар­дың аясы кең, әділет­ті болуы­на күш сал­ды. Жур­на­ли­стер одағын басқарған жыл­дар­дағы тың әре­кеті – Қаза­қстан­ның алыс-жақын елдер­мен заман тала­бы­на сай мәсе­ле­лер­ді қам­тып, алма­сып тұра­тын Қаз­ТАГ бөлім­ше­лерін ашқаны.

 

Міне, осын­дай аза­мат­тың кенет­тен қыл­мысты ата­лып, айлап үйқа­мақта ұста­лып, ақы­рын­да сот­та­лып, түр­ме­ге кете барға­ны­на мен де сен­бей­мін! Бала­сы Әсет Мата­ев та, қазе­кем айтқан­дай, «қосақ ара­сын­да бос кет­ті» деп білем.

Мата­ев­тар­дың басы­на қара бұлт үйірілуіне 2015 жыл­дың соңғы айла­рын­да Қаз­ТАГ хабар­ла­ры ара­сын­да тым жоға­ры­да оты­рған бірер мыр­за-ханым­дар­дың қоғам мүд­десіне кереғар қылы­қта­ры тура­лы деректер себеп­ші бол­ды-ау деп ойлай­мын. Сей­ітқа­зы Мата­ев сот­тағы соңғы сөзін­де атап айтқан­дай, Н.Нығматулин мыр­за­ның Қаз­ТАГ-ты тар­тып алуға ашық кіріс­кені сол тұс екен. Бірақ ол Сей­ітқа­зы­ны оңа­ша­да «балаң­ды, неме­ре­леріңді ойла» деп қорқыт­пақ тұрғай, тіп­ті ешбір боп­саға мүл­де қаты­сы жоғын мәлім­деп, пері­ш­те кей­піне еніп жүре бер­ді. Ал сот айып­та­лушы Мата­ев­тар­дың қорға­ныс мақ­сат­тағы талап-тілек­терін ескер­мей, үкім шыға­ра салды.

Сол сәт­те Пав­ло­дар облы­сы­ның бұры­нғы әкі­мі Ғалым­жан Жақи­я­но­втың 2002 жылы өзіне болған жасан­ды сот­тағы соңғы сөзі есі­ме түсті. Оны жари­я­лаған тәу­ел­сіз газет тігін­дісін дереу ақта­рып, ізде­генім­ді тауып алдым да, мына­ны оқы­дым (түп­нұсқа бойынша):

«…Четы­ре меся­ца десят­ки сле­до­ва­те­ли и «сви­де­те­ли», бук­валь­но под мик­ро­ско­пом изу­ча­ли всю мою жизнь в надеж­де най­ти хоть какие-то очень нуж­ные им сви­де­тель­ства кор­рум­пи­ро­ван­но­сти и коры­сто­лю­бия. И не смог­ли это­го сде­лать… Я дока­зал свою неви­нов­ность. Повли­я­ет ли это обсто­я­тель­ство на при­го­вор суда? Нет. При­го­вор суда был изве­стен дав­но, еще до его нача­ла… Мне совер­шен­но ясно, что при­го­вор будет обви­ни­тель­ным: меня отпра­вят в тюрь­му на семь лет… В заклю­че­ние хочу обра­тить­ся к суду. Ваша честь! Я хоро­шо пони­маю, что каж­дый дела­ет свое дело, и наш суд явля­ет­ся все­го лишь испол­ни­те­лем зака­за… Я ничем не могу облег­чить Вашу совесть. Еще древ­ние гово­ри­ли, что судья, осуж­да­ю­щий невин­но­го, осуж­да­ет само­го себя. Поду­май­те об этом и поста­рай­тесь най­ти в себе муже­ство посту­пить по прав­де» (шіл­де айы­ның 31-күні).

Сот, Ғалым­жан алдын ала біл­генін айтқан­дай, 7 жыл түр­ме­ге кес­кен үкі­мін оқып тын­ды. Үкім­де Ғалым­жан­ның мем­ле­кет­ке 2 мил­ли­он тең­ге зиян кел­тір­гені айтыл­ды, жеке басы­ның пай­да­сы­на жұм­са­ды неме­се талан-тараж қыл­ды деген­дей сөз жоқ. «Кел­тір­ген зия­ны» – облыс бюд­жетінің бір бабын­дағы 2 мил­ли­он тең­гені екін­ші бабы­на ауда­рып пай­да­ла­ну тура­лы шешім шығарғаны.

Ал 2003 жылы мамыр айы­ның 7‑сі күні Аста­на­да Қаза­қстан­ның Жоғарғы соты­ның үкі­мі оқыл­ды. Онда «рес­пуб­ли­ка­ның көлік және ком­му­ни­ка­ция экс-мини­стрі Абы­лай Мыр­за­хме­тов 3 мил­ли­ард тең­ге­ден астам қара­жат­ты жымқы­рға­ны үшін кінәлі деп таны­лып, шар­тты түр­де 5 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­сын» делін­ді де, айып­та­лушы сот залын­да бостан­ды­ққа шықты.

Иә, біздің сот қалай екен?!. Мем­ле­кет­ке 2 мил­ли­он тең­ге зиян кел­тір­ген кісіні 7 жылға түр­ме­ге тығып жібер­ді де, 3 мил­ли­ард тең­гені жымқы­рғанға 5 жыл шар­тты жаза бер­ді. Сол сорақы­лы­қтан кей­ін өз басым біздің бүгін­гі сот жүй­е­міз­ден әділ­дік ізде­ген­ше, Есіл­ден алтын балық іздеу дұрыс деп ұйғар­дым. Ол ойым­ды Сей­ітқа­зы мен Әсет Мата­ев­тарға болған сот бекі­те түсті.

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн