Пятница , 4 июля 2025

«АҚ ЖОЛ» шабуылға ШЫҚТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

Соңғы сағат­та

 


Кеше кеш­кісін бет қат­та­лып жатқан­да, «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның пар­ла­мент­те­гі депу­тат­та­ры Ішкі істер мини­стр­лі­гінің офф­шор­лық схе­ма­сы тура­лы мәсе­лені көтер­ді, деп хабар­ла­ды «Ақ жол­дың» бас­пасөз қызметі.

 

Соңғы бірер апта­дан бері билік басы үн-түн­сіз қал­ды­рған мәсе­лені пар­тия аты­нан депу­тат Кеңес Әбсат­та­ров көтер­ді. Ол «Ақ жол» фрак­ци­я­сы­ның эко­но­ми­ка­ны офф­шор­лан­сыздан­ды­ру және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл жөнін­де­гі бір­не­ше рет айты­лған ұсы­ны­ста­рын еске сал­ды. «Онда соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­нан 100 мил­ли­ард дол­лар­дан астам қара­жат офф­шор­ларға әкетіл­гені тура­лы мәлі­мет­тер кел­тіріл­ген», – делін­ген кеше тара­ты­лған хабарда.

«Бір­не­ше апта бұрын халы­қа­ра­лық қоғам­да­сты­қта «Жұмақ досьесі» деп ата­ла­тын жари­я­ла­ным кезек­ті офф­шор­лық дау туды­рып, дүр сіл­кін­дір­ді. Қаза­қстан­дық көлем­де­гі кезек­ті дау енді Батыс Қаза­қстан облы­сын­да өршіп келеді», – делін­ген депу­тат­тық сау­ал­да. Мәсе­лен, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның мәлі­мет­тері бой­ын­ша, Орал қала­сын­дағы бар­лық жыл­дам­ды­қты өлшей­тін (авто­көлік­тің – Ред.) тұрақты жүй­е­лер­ді әлем­де­гі ең ірі офф­шор­лық аймақ – Кипр­де тір­кел­ген «Midagi Holding LTD» ком­па­ни­я­сы­на тиесілі «Жаңа жоба­лар ғылы­ми-тех­ни­ка­лық орта­лы­ғы» ЖШС құрып және оған қыз­мет көрсетеді.

«Бұл ЖШС офф­шор­лық ком­па­ни­я­ның мем­ле­кет­тік сатып алуға қаты­су үшін тек қана бүр­ке­месі болып табы­ла­ды деу­ге негіз бар, ал ЖШС-нің тап­сы­рыс беру­шілері – Ішкі істер мини­стр­лі­гінің бір­ден 13 аймақтағы ішкі істер депар­та­мент­тері. Бұл жағ­дай офф­шор­лық схе­ма­лар­дың ІІМ жұмысы­на жүй­елі түр­де енген­ді­гі тура­лы дұрыс сұрақтар туды­ра­ды», – деді депу­тат­тық сау­ал жол­даған К.Әбсаттаров.

Ал ІІМ-нің 13 бір­дей облы­стық депар­та­мен­тіне бір ЖШС-тен ғана сатып алу­лар жаса­уға нұсқау беру құзіреті кім­де болуы мүм­кін? Әрине, ішкі істер мини­стрі Қал­мұ­ха­мет Қасы­мо­втан басқа лау­а­зым­ды тұлға­ның құзы­ры жүр­мей­ді. «Жаңа жоба­лар ғылы­ми-тех­ни­ка­лық орта­лы­ғы» ЖШС-ін тек­се­руді ұсы­нған депу­тат пар­ти­я­ның ортақ пікірін біл­дір­ді ме, жоқ әлде «Ақ жол» Ақор­да­ның иша­ра­сын орын­да­ды ма – ол енді басқа тақы­рып­тың әңгімесі.

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн