Суббота , 5 июля 2025

Абай «сәлем айтқан» ҚАЛАМҚАС КІМ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Біле жүріңіз…

 


Саған құр­бан мал мен бас…» деп баста­ла­тын Абай­дың әйгілі әнін біл­мей­тін қазақ кем­де-кем. Бірақ бәрі­міз бол­маған­мен, көп­шілі­гі­міз әнді тың­дап, сүй­сін­гені­міз­бен, ондағы кей­іп­кер­дің кім екен­ді­гіне үңі­ле бер­мей­міз. Абай­дың осы әнін­де­гі Қала­мқас кім?

Бел­гілі жур­на­лист Жолым­бет Мәкіш осы жөнін­де­гі деректі өзінің «Фейс­бук» парақ­ша­сы­на жазған еді, деп хабар­лай­ды «Қам­шы» ақпа­рат­тық агент­ті­гі massaget.kz пор­та­лы­на сіл­те­ме жасап. Най­ман елін­де Абай мен Қала­мқас тура­лы ерте­ден бері келе жатқан ескі аңыз бар. Баяғы­да осы өңір­де Тана мыр­за дей­тін атақты адам болған. Ол келе жатыр деген­де, Құнан­бай­дың өзі той­ды тоқта­тып қой­ып, Тана мыр­за­ның (өз кезінің авто­ри­теті) кел­генін күтетін көрі­неді. Қала­мқас – осы Тана мыр­за­ның інісі Жәні­бек­тің қызы болып шықты. Осы қызды Тана мыр­за бауы­ры­на салып өсір­ген. Шын аты Тұр­жан екен. Бірақ осы Тұр­жан сұлу­дың аты тарих­та «Қала­мқас» деген атпен қалады…

Бір­де аға сұл­тан­ды­қтан дәмелі болып, сай­ла­у­ға қаты­сқан Тана мыр­за­ның жолы бол­май қалып, орны­на Сан­ды­ба­ев Ерден сай­ла­нып кете­ді. Соған қат­ты наза­ланған Тана мыр­за қай­ғы­рып, жатып қала­ды. Бәй­бі­ше­сі оның көңілін аула­мақ болып, өзен­нің Ертіс­ке құя­тын түбе­гі­нен мешіт сал­дыр­та бастай­ды. Мешіт салы­нып біт­кен­де, алы­стан оған құт­ты бол­сын айтып Құнан­бай да келіп жетеді.

Он сегіз жастағы Абай осы кез­де әкесінің жанын­да жүреді. Тана мыр­за­ның ауы­лы­на келіп түс­кен­де, олар­дың көзі жар­ты­лай қала үлгісі­мен киін­ген сұлу бой­жет­кен­ге түседі. Жең­ге­лері «Қала­мқас» деп атап кет­кен Тұр­жанға Абай­дың көңілі бір­ден құлай­ды. Әдеп­ті, өңді қыз Құне­кеңе де ұнап қалып, құда түскісі келеді. Бірақ Тұр­жан бала кезін­де Бай­жі­гіт (най­ман) елінің Өзі­хан деген жігітіне ата­сты­ры­лып­ты. Ол да бір ата­лы жер. Тана мыр­за осы­ны естірт­кен­де, Құнан­бай аз-кем ойла­нып қала­ды. Оған да қара­май, бір себебін табар ма еді, осы кез­де орда­ның маңын­да аяқ асты күт­пе­ген оқиға болмаса.

Соқыр түй­есін дегеніне көн­ді­ре алмай жатқан бір адуын­ды жігіт оны боқтап жібе­реді де, бұл сөз құда­лы­қтың жай-жап­са­рын ойла­сты­рып оты­рған Құнан­бай­ға тиіп кете­ді.. «Соқыр түй­ені тұрғы­за алмай ұрып жатыр… Көзіңді, қу соқыр…». Бұны құлағы шалған Құнан­бай оны өзіне қара­та айтқан­дай қабыл­дап, әлгі жер­де бұлқан-талқан болып ашу­ла­на­ды. Оны әдейі істеп отыр деп ойлап, әлгі жігіт­ке ат-шапан айып кест­іреді де, қоналқы­ға қара­май, жүріп кетеді.

– Ойбау-ау, Құне­ке! Айда­ла­дағы біре­удің сөзін сон­ша көңіл­ге алға­ны­ңыз не? – Сен осы­ны әдейі істет­тің… Кет­тік, Абай!

Тұр­жанға көңілі кетіп оты­рған Абай әкесінің соңы­нан еріксіз ілеседі.

Бұл оқиға бол­маған­да, еке­уі жара­сып кетіп, ұлы ойшыл­дың кей­ін­гі өмірі мүл­де басқа арнаға түсер ме еді, кім біл­сін?! Тана мыр­за­ның орда­сы­нан аттанған Абай жүре­гінің бір жар­ты­сын осы жақта қал­ды­рып бара жатқан­дай, ала­са­пы­ран күй кешті. Ауыл­дан ұзап бара жатқан­да, аз уақы­тқа аял­дап, арты­на бұры­лып қараған. Тұр­жан сұлу оған «неге сон­ша асы­қтың, Абай?» деп, алы­стан қол бұлғап тұрған­дай болды…

Бұл оқиға­дан кей­ін «Түй­ені соқыр десе, Құнан­бай­ға тиеді» деген мәтел қалып­ты. Екі жастың бола­шақ махаб­ба­ты­на да осы бір келеңсіз жәйт кедер­гі жасап, еке­уі бірер мәр­те хат алы­сып, өткен-кет­кен кісі­ден сәлем айтып жібер­ген­нен ары­ға бара алмай­ды. Барып қай­туға жер де шалғай. Қала­мқа­стың жастай ата­сты­ры­лған күй­е­уі көп ұза­май ауы­рып қай­тыс бола­ды да, өзі біраз уақыт оң жақта оты­рып қала­ды. «Оты­рған қыз орнын таба­ды» демек­ші, ақы­рын­да Тұр­жан Сыбан (най­ман) елін­де­гі Быжы-Тоқтар деген сауда­гер сарт­тың ауы­лы­на келін болып түседі. Ескі құлақтар­дың сөзіне сен­сек, соңын­да ұрпақ қал­маған екен. Абай­дың Қала­мқасқа деген шексіз махаб­ба­ты осы кез­де өлең болып өріліп, қағаз бетіне түсіпті…

• Түп­нұсқа: qamshy.kz/home/show/20503

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн