Суббота , 5 июля 2025

АБАЙДЫҢ неше баласы БОЛҒАН?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Біле жүрей­ік

 


• Ұрпақта­ры­нан көзі тірі кім­дер бар?

 

Абай­дың екі әйелі­нен он бала – жеті ұл, үш қыз болған. Бәй­бі­ше­сі (Алшын­бай бидің неме­ре қызы) Діл­дә­дан: тұңғы­шы Ақыл­бай 1861 жылы туған. Ақыл­бай­дан: Әлі­мқұл, Әубәкір, Исрай­ыл атты үш ұл, Сағ­дат, Паки­зат, Рухия есім­ді ұш қыз болған.

 

Екін­ші бала­сы Әкім­бай. Бұл бала­сы жеті жасын­да өлген. Үшін­ші бала­сы Әбдірах­ман (Әбіш. 1869 – 1895). Оның соңғы бітір­ген мек­тебі – Петер­бург­тағы Михай­лов артил­ле­рия мек­тебі. Ол Вер­ный­да (Алма­ты) қыз­мет істеп жүріп, 26 жасын­да ауру­дан қай­тыс бола­ды. Әбі­ш­тен Рахи­ла атты жалғыз қыз қалған.

Төр­тін­ші бала­сы Маға­уя (1870–1904). Оның бала­ла­ры: Уали­са, Құтай­ба, Бабр, Жағы­пар және Кәми­ла – осы бесе­уі. Бесін­ші бала­сы Гүл­ба­дан (1872 – 1932). Алтын­шы бала­сы Рай­хан, 1871 жылы туыл­са керек. 1896 жыл­да­ры қай­тыс болған.

Абай­дың екін­ші әйелі Әйгерім­нен туған бала­ла­ры: Тұрағұл (Тұраш) (1875 – 1934), Абай­дың бала­ла­ры ара­сын­да біраз өмір сүр­гені осы кісі. Тұрағұл­дың Ақы­лия (Ақыш), Жәбірей­іл, Зүбәй­ір және Мәкен (қыз) деген бала­ла­ры болған. Екін­ші бала­сы Микайл­дан (Мекеш) Құзай­ыр, Әлі­шер деген бала­лар туған. Үшін­ші бала­сы Ізкай­іл, оның Тоқташ атты бала­сы Ұлы Отан соғы­сы кезін­де қай­тыс болған. Төр­тін­ші бала­сы Кен­же (қыз).

Қосып айта кетей­ік, Абай ұрпақта­ры­ның бесе­уі аза­мат және отан соғы­сын­да май­дан­да өлген. Олар: 1. Маға­у­я­ның Құтай­ба­сы­нан туған Бере­ке­хан; 2. Маға­у­я­ның Жағы­па­ры­нан туған Жошы­хан; 3. Абай­дың Микай­лы­нан туған Құзай­ыр; 4. Абай­дың Ізкай­ілі­нен туған Тоқташ; 5. Абай­дың Микай­лы­нан туған Әлішер.

Ақын­ның бұл кез­де көзі тірі жүр­ген ұрпақта­ры (1987 жылға дей­ін): 1. Маға­у­я­ның Жағы­па­ры­нан туған қыз – Ишағы отан соғы­сын­да авиа­ция шебін­де болып, соғы­сқа қаты­сқан. Онан соң Су шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гін­де жау­ап­ты қыз­мет істе­ген, Алма­ты­да тұра­ды. 2. Маға­у­я­ның Жағы­па­ры­нан туған қыз – Ғазел, Алма­ты­да, Шәкен Айма­нов атын­дағы музей­дің басты­ғы. 3. Ақыл­бай­дың Бағ­фұры­нан туған үш ұлдың бірі – Айдар, ол Маңғыш­лақ облы­сын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы маман­ды­ғы бой­ын­ша жұмыс істей­ді, осы­ның әкесі Бағ­фұр М. Әуе­зов­пен жақ­сы ара­ласқан. 4. Тұрағұл­дың Жәбірей­ілі­нен туған Алпаш (Оспа­нов делі­неді) Алма­ты­да тұра­ды. Соғы­ста жара­ланған. 5. Тұрағұл­дың қызы Ақы­лия (Ақыш) қазір Алма­ты­да тұра­ды. Абай­дың тірі кезін­де туған. 6. Абай­дың Ақыл­бай­ы­нан туған Исрай­ыл­дың қызда­ры – Нәзи­па, Күл­зи­па деген кісілер Зай­сан­да тұрады.

 

Абай ұрпақта­ры 30-жыл­дар­дың алды-артын­да түгел дер­лік қуғын-сүр­гін­ге ұшы­рап, аяны­шты тағ­ды­рға тап болған. Олар­дың ара­сын­да қол­дау көріп, тәр­би­е­лен­се, жақ­сы ақын шыға­тын дарын­ды­лар да болған көрі­неді. Мәсе­лен, Әубәкір Ақыл­бай­ұ­лы – соның бірі. Ол суы­рып-сал­ма әрі жаз­ба ақын болған.

«Болған­да әкем Абай, өзім жаман,

Қуа­ды жуан­сың деп мына заман» –

деп бір кет­се, енді бірде :

«Дүние көзім жет­ті тайғағыңа,

Кедей­лік – етік жамау – айғағы да,

Шапан, тон, тымақ, желет, тақия жоқ,

Тар­та­мын жалғыз мешпет қай жағыма?!» –

деген жол­дар­ды жай оты­рып айта салған.

1930 жыл­дар­дың бас кезін­де оның үйін Үржарға көшіріп тастаған­да, ата қоныс Шыңғыс тауды сағынып :

«Шыңғы­стау қалға­ның ба енді жат боп,

Бір іздеп бара алма­дым, астым­да ат жоқ.

Сая­лап биі­гің мен көлеңкеңе,

Шыға­тын күн болар ма, көңіл шат боп.


Жеті ел кеп біз­ден бұрын, жеті ел кеткен,

Қал­мақты Мамай қуып орын тепкен.

Бай­лау­сыз, тия­нақ­сыз жаратылыс,

Біз­ге де боса­туға уақыт жеткен», –

деп жазған.

Әубәкір «Мамай батыр» деген дастан жаз­ды. Ол шығарған ән де бар екен. Жаңағы екі шумақ өлең, бәл­кім, оның «Мамай батыр» даста­ны­нан ел есін­де қалға­ны бол­са керек. Әубәкір 1934 жылы жоқ­шы­лық, ауыр тұр­мыс жағ­дай­ын­да дүние сала­ды. Шәкәрім­нің ұлы Қабыш (Айған­ша деген әйелі­нен туған) сол жылдары:

«Ата туыс озғанбыз,

Тоғыз ата толғанда,

Ту-талақай тозған­быз», – деп­ті. Осы жол­дар­дың өзі-ақ Абай­дың атақты ата тегі тәл­кек­ке түс­кен кей­ін­гі ұрпақтар тағ­ды­рын анық көр­сет­кен­дей. (Әубәкір­дің бұл өлең­дері Нияз­бек Алда­жа­ро­втың жазған естелі­гі­нен алын­ды. «Жұл­дыз», 1992 жылғы 1‑сан).

Абай ұрпақта­рын неме­ре­леріне дей­ін атап өттік, толық бол­мауы мүм­кін. Қыздан туған жиен­деріне тоқталмадық.

 

Мид­хат РАЗДАНҰЛЫ, ағартушы

«The Qazaq Times»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн