Суббота , 5 июля 2025

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы: ҮШ МИЛЛИОН ҚАЗАҚ елге келсе, көп мәселе шешіледі

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
Өз аузынан

Қаб­деш ЖҰМАДІЛОВ,
Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері, жазушы:
ҮШ МИЛЛИОН ҚАЗАҚ
елге кел­се, көп мәсе­ле шешіледі

Соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­тия – менің түсіні­гім­де үлкен сая­си пар­ти­я­лар­дың бірі. Қаза­қтың жал­пақ тіліне аудар­сақ, демо­кра­тия бәрі­міз­ге ауа­дай қажет, ал «соци­ал» дегені­міз – әле­умет­тік деген сөз, оның ішіне әділет те, теңдік те, бәрі кіреді. Сол үшін де осы пар­ти­яға бүй­ре­гім бұра­ды. Осы жолы менің ерекше наза­рым­ды аударған – қаза­қтың көші-қоны­на, қаза­қтар­ды көк тудың асты­на, ата­жұр­тқа жина­уға өз үлесін қосып жатқан ЖСДП бас­шы­ла­ры­на рах­мет! Мұн­дай әңгі­ме басқа пар­ти­я­лар­да жоқ. Осы пар­ти­я­ның бағ­дар­ла­ма­сы­нан, тұғыр­на­ма­сы­нан көші-қонға назар аударға­нын көріп, разы болдым.
Пар­ти­я­лық тізім­де­гі Рахым Айы­пұ­лы – біздің көші-қон­ның бір­ден-бір жоқ­шы­сы, орал­ман­дар­дың құқы­ғын жоқта­у­шы, көші-қон­ды тоқтап қалған кезін­де қай­та тіріл­ту­ге тыры­сқан аза­мат­тар­дың бірі. Соңғы бес жыл­да көші-қон тоқтап қал­ды, оған бөлін­ген ақша қай­да кет­кенін біл­мей­мін, бөлін­ген кво­та қай­да ауы­сып кет­кені бел­гісіз. Кво­та – үкі­мет­тің жиыр­ма мың шаңы­рақты көшіріп алуы­на жұм­са­ла­тын қар­жы. Жиыр­ма мың шаңы­рақ дегеніңіз – жүз мың қазақ: соған да қанағат тұтқан­быз, енді соның өзі де тоқтап қалды.
Осы мәсе­ле­ге тіке­лей ара­ла­сып жүр­міз, менің шығар­ма­ла­рым­ның басты тақы­ры­бы да осы көші-қон, сырт­тағы қаза­қты тар­ту, көк тудың асты­на жинау. Көші-қон­мен айна­лы­сқан адам­мын, біреу білер, біреу біл­мес, бүгін­гі күн­ге дей­ін айтыл­май кел­ді: 1962 жылы көк­тем­де бір ғана Тар­баға­тай уали­я­ты­нан (Қытай­дағы) жиыр­ма күн­нің ішін­де, сәуір­дің 10-нан мамыр­дың 1‑не дей­ін, екі жүз мыңға жуық қазақ шека­ра­дан көшіп өткен жоқ, босып өтті деу­ге бола­ды. Импе­ри­я­ның шека­ра­сын бұзып өтті. Сол көштің идео­ло­гы болған, бұй­да­сын ұстап кел­ген адам алда­ры­ңы­зда сөй­леп тұр.
Сонан бер­гі менің көкей­ім­ді тес­кен мәсе­ле – мил­ли­он қан­да­сы­мыз келеді: олар­ды қата­ры­мы­зға неге қос­пай­мыз, олар­дың қата­ры­нан неге бір депу­тат шық­пай­ды? Осы жолы Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кар­ти­я­лық пар­ти­яға бүй­ре­гім­нің бұруы – оның бағ­дар­ла­ма­сын­да орал­ман­дар­дың жағ­дайы қам­ты­лға­ны, көші-қон мәсе­лесі­мен айна­лы­сып жүр­ген Рахым Айы­пұлын мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на үміт­кер­лер­дің тізі­міне қосып­ты, осы­ның бәрі пар­ти­яға наза­рым­ды бұр­ды. Бұл – ЖСДП бағ­дар­ла­ма­сы­ның жан жақты­лы­ғын, халы­ққа жақын­ды­ғын, халы­қтың көкей­ін­де не жатқа­нын біл­ген­ді­гін көр­се­те­ді. Қаза­қтың басын құрау – нөмір бірін­ші сая­сат болуы керек. Егер сенің азат ел екенің, тәу­ел­сіз мем­ле­кет екенің рас бол­са, шет­те жүр­ген: біреу 5 мил­ли­он, енді біреу – 6 мил­ли­он дей­ді, қаза­қты ішке тар­туы­мыз керек қой. Сол 5 мил­ли­он­ның тым бол­ма­са 3 мил­ли­о­ны елге кел­се, көп мәсе­ле өзі­нен-өзі шешілер еді. Тіл, дін мәсе­лесі, тағы басқа да көп нәр­се өзге­рер еді. Билік бол­са, басқа­ша ойлайды.
2009 жылғы санақтың қалай өткені, нәти­же­сін үш рет жари­я­лаға­ны естеріңіз­де бар ма? Едел-жедел рес­пуб­ли­ка­дағы қаза­қтың саны 67,8 пай­ыз деп жари­я­лаған еді, бір айдан кей­ін «қателік кетіп­ті», 65 пай­ыз екен деді. Екі айдан кей­ін жаңа­лап, қаза­қтар 63 пай­ыз екен деп мәлім­деді. Осы­ның бәрі қитұрқы бақай есеп­тен туын­даған мәсе­ле деп ойлай­мын. Әлдекім­дер­дің «под­ска­зы», қаза­қты қайт­се 70 пай­ы­зға жет­кіз­беу, уни­тар­лы-ұлт­тық мем­ле­кет­ке жет­кіз­бе­удің ама­лы жаса­лып жатыр. Менің есебім бой­ын­ша, қазақ 70 пай­ы­здан асып кет­ті. Сай­ла­удағы дауыс санау өз алды­на бір мәсе­ле бол­са, халы­қтың таза санын да өтірік жари­я­лай­ды, соған ақиқат жетпейді.
Қазақ көр­кей­сін, ірге­міз берік бол­сын десек, әлі де саны­мы­зды көбей­туі­міз керек. Жұрт бан­кі­де­гі ақша­сы мен қора­дағы малын санай­ды. Өз басым шека­ра асып кел­ген­нен бері қаза­қты санап жүр­мін. ЖСДП сай­ла­уда жеңіс­ке жетуін, мол орын алуын, кемін­де 10–15 орын алуын тілей­мін. Сол орын­ды алса, менің кан­ди­да­тым (мен­шік­теп алған­дай бол­дым-ау) Рахым Айты­пұ­лы қалып қой­ма­са екен деп тілей­мін. Өза­ра орын бөл­ген­де, Рахым­ды сырғы­тып жібер­меңіз­дер! Біз де қатарға оты­рай­ық, төр­ге шығайық!
Жазып алған –
Айман ОСПАНОВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн