Суббота , 5 июля 2025

АДАМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

Апта апты­ғы

Сай­та­ны азғырып,

Жұмақтан қуы­лған­дай қуылып,

Тен­тіреп кеп,

Жер­ге тіре­ген табанды;

Бастан кешіп қауымдық,

Федал­дық-пат­ри­ар­хал­дық,

Капи­та­ли­стік,

Фаши­стік,

Ком­му­ни­стік заманды;

Орыс­ша – «Чело­век»,

Испан­ша – «Personas»,

Ағы­л­шын­ша – «Human»,

Фран­цуз­ша – «Personnes»;

Қазақ қана: «Адам» деген – Адамды!

Көр­ген жұрт­пыз көресіңді, жоқтықты,

Көрін­ген ит біз­ге неге соқтықты?!

«Інжіл­де­гі» «Адам» деген асқақ сөз –

Қаза­қтікі!

Басқа тіл­де жоқ тіпті!

Дүниенің ғажа­бы да –

Біздікі!

Аза­бы да –

Біздікі…

• Серік Ақсұңқарұлының

ББ-фан­клу­бы парақшасынан


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн