Понедельник , 7 июля 2025

Адам екенімді ӘРЕҢ ДӘЛЕЛДЕДІМ

 

Сіз­дер­дің газет­теріңіз қаза­ққа жақын­дау болар деген үміт­пен жүре­гім­нің жан айқай­ын жіберіп отыр­мын. Мақа­ла жазға­ным­ның тағы бір себебі – менің басым­да болған жағ­дай басқа адам­дарға заң орын­да­ры­мен жұмыста мұқи­ят болы­ң­дар деген ескер­ту тарихы бол­сын дегенім.

Мен – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты­мын. 2014 жылы жаз­да пәтерім­ді сатай­ын деген ойым болған. Сон­ды­қтан халы­ққа қыз­мет көр­се­ту орта­лы­ғы­нан (ЦОН) аны­қта­ма қағаз алға­ным­да менің пәтерім бұға­уда (арест) тұрға­нын біл­дім. Содан 2014 жыл­дың тамыз айын­да ҚР Әділет мини­стр­лі­гі сот актілерін орын­дау коми­тетінің Алма­ты қала­сы депар­та­мен­тіне бар­дым. Міне, сол күн­нен бастап, жеті айға созы­лған «Адам екеніңізді дәлел­деңіз» деп ата­ла­тын сер­гел­дең бастал­ды. Ондағы­лар алды­мен Алма­ты қала­сы заң депар­та­мен­тінің басты­ғы Д. Айт­мұ­хан­бе­то­втың аты­на арыз жазып, сон­да баруым керек екенін айт­ты. Ол ары­з­бен барып, біраз уақыт өткен соң (бір айдай), қолы­ма пәтері­ме бұға­уды кім, қай уақыт­та қой­ға­ны тура­лы қағаз­ды алдым. Ол бұға­уды Алма­ты қала­сы Медеу тер­ри­то­ри­я­лық бөлі­мінің қыз­мет­кері, сот орын­да­у­шы­сы Бақ­бер­ген Арнұр 23. 09. 2009 жылы салға­нын білдім.

Сол құжат­тан біл­генім – 2009 жылы 15 мамыр күні Алма­ты қала­сы Медеу ауда­ны­ның соты К.Қалекеева сырт­тан шешім шығарған. Сот шеші­мін­де­гі құжат­та қалай жазы­лға­нын солай кел­тірей­ін: «Взыс­кать с Ахме­то­вой Май­ры в поль­зу ГКП СВЭК (госу­дар­ствен­ное ком­му­наль­ное пред­при­я­тие «Севе­ро-Восточ­ный Энер­ге­ти­че­ский Ком­плекс») сум­му задол­жен­но­сти в раз­ме­ре 74 606 тен­ге, рас­хо­ды по опла­те 2 580 тенге».

Сот шеші­мін­де Ахме­то­ва Май­ра­ның тұрған жері де көр­сетіл­ген. Онда «п.Алатау, ул.Жетбаева, дом 43 кв. 32» деп атап көр­сетіл­ген. Яғни, мені­мен аты да, тегі де ұқсас аза­мат­ша Ала­тау посел­кісін­де тұра­ды және ол ГКП СВЭК кәсі­пор­ны­на жылу және ыстық суға ақы төле­ме­ген, сон­ды­қтан олар сотқа бер­ген, сот сыр­ты­нан шешім шығарған. Сот орын­да­у­шы­сы Бақ­бер­ген Арнұр көп ойлан­ба­стан деректер қорын­дағы бірін­ші шыққан «Ахме­то­ва Май­ра» деген пәтер­ге арест қой­ған да, қағаз­ды ары қарай жіберген.

Осы айлар ішін­де Медеу ауда­ны­ның бір­не­ше сот орын­да­у­шы­сы осы іспен айна­лы­сты. Атап айт­сақ, Нұр­сей­ітов Ринат, Ора­зо­ва Анар. Ора­зо­ва Анарға деген алғы­сым шексіз. Осы депар­та­мент­те де адам­мен адам­ша сөй­лесіп, өз қыз­метін адал атқа­ра­тын адам­дар бар екен деген ой жүре­гім­ді жылыт­ты. Ал Бақ­бер­ген Арнұр деген аза­мат тіп­ті теле­фон­мен де дұрыс жау­ап бере алма­ды. Мен ары-бері заң депар­та­мен­ті, сот актілерін орын­дау коми­теті, «ЦОН» ара­лы­ғын­да қан­ша жүр­генім­ді басы­на осын­дай сер­гел­дең түс­кен адам ғана біледі. Зей­нет­кер адам­ды осын­ша­ма әур­ге салған қыз­мет­керіне ары­зда­нып, Алма­ты қала­сы­ның Медеу ауда­ны­ның сот актілерін орын­дау депар­та­мен­ті басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Саме­нов Берік­бол­дың қабыл­да­уы­на жазыл­дым. Оны екі апта күте­ді екен­сіз. Оған да шыда­дым. Ары­зым­ды тір­кеп, депар­та­мент басты­ғы­ның орын­ба­са­ры­на барған­да, ол өзі қабыл­да­май, оның орны­на Абе­уов Алмас­хан деген бастық қабыл­да­ды. Мен ары­зым­да «Жеті ай бойы сіздің қыз­мет­кер­леріңіз­бен хабар­ла­сып, жүгір­гені­ме жар­ты жыл­дан асты, әбден шар­ша­дым. Әне шешіледі, міне шешіледі­мен әлі келе­міз. Ал пәтер­де арест әлі тұр («ЦОН» аны­қта­ма­сы – 03. 02. 2015 ж.). Сіз­ден сұрай­ты­ным – мені осын­дай әуре­ге салған қыз­мет­керіңіз Бақ­бер­ген Арнұр мем­ле­кет­тік орган­дағы өзінің қыз­метін дұрыс атқар­маға­ны үшін жау­а­пқа тар­тыл­са екен дей­мін» деп көрсеткенмін.

Ал енді Абе­уовтың маған не дегенін білесіз бе? Оның жау­а­бы: «Бақ­бер­ген Арнұр­дың істе­гені бәрі дұрыс, сіз енді 2009 жылы 15 мамыр күні дұрыс шешім шығар­маған Алма­ты қала­сы Медеу ауда­ны­ның соты К.Е. Қале­ке­е­ва­ны сотқа беріңіз» деп қарап отыр. Яғни, «адам екеніңізді дәлел­деңіз» деген сөз.

Бұл не сон­да, «қарға қарға­ның көзін шұқы­май­ды» деген­ге сая ма, әлде «маған не істей­сің» деген дөңай­бат па? Бақ­бер­ген Арнұр­ды да, Абе­уов Алмас­ханды да мен сияқты қара­пай­ым қаза­қтың әйелі дүни­е­ге кел­тір­ген шығар. Олар­дың да біз сияқты ауыл­да­ры бар, «тәк»  деп айта­тын ақсақа­лы бар, «ұят бола­ды» деген­ді айта­тын ата­сы мен әже­сі бар, «балам, көз жасты жина­ма» деп айта­ты­ны бар әке тәр­би­есін көр­ген шығар? Әлде түк көр­ме­ген, біл­ме­ген көр­ген­сіз бе, бәріне көз жұмған жетесіз бе? Бізді ешкім таны­май­ды, біл­мей­ді, көр­мей­ді, «халық деген не, тобыр» деп өскен жүген­сіз бе? Бізді осын­дай әуре­ге сала­тын олар кім, құдай ма?

Құр­мет­ті редак­ция! Осы мақа­ла­ны жылап оты­рып жаз­дым десем, қате­ле­с­пей­мін. Менің тарихым жақ­сы аяқтал­ды. Оған ада­ми көме­гін аямаған, тағы да қай­та­лап айтам, Ора­зо­ва Анар деген осы депар­та­мент қыз­мет­керіне мың да бір алғыс айтамын.

Май­ра АХМЕТОВА,

зей­нет­кер,

Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн