Понедельник , 7 июля 2025

Адамдар өз денсаулығы ҮШІН ҮРЕЙЛЕНЕДІ

Қаза­қстан­ның көп­те­ген өңір­лерінің тұрғын­да­ры қауіп­ті эко­ло­ги­я­лық орта­лы­қта мекен ете­ді, деп хабар­ла­ды БҰҰ эко­ло­ги­я­лық негіз­дел­ген рет­те­улер және қауіп­ті заттар мен қал­ды­қтар­ды жою­дың адам құқы­қта­ры үшін сал­да­ры тура­лы мәсе­ле жөнін­де­гі арнайы баян­да­ма­шы­сы Баш­кут Тунчак.

«Мен сол ластанған өңір­лер­дің тұрғын­да­ры­мен кез­де­стім, олар сол ауа­мен күн сай­ын тыны­стай­ды, сол суды ішеді, сол тағам­ды жей­ді, өздері маңай­ын­да тұра­тын мұнай өңдей­тін зауыт жұмыста­ры­на және тау-кен өндірісінің алаң­да­ры­нан, улы және радио­ак­тив­ті қал­ды­қтар қоқы­ста­ры­на бай­ла­ны­сты ласта­ну себеп­тері­нен ден­са­улы­ғы­на шағым­да­на­ды», – деді ол кеше өткен бас­пасөз мәслихатында.

«Мен болған әр қала­да табиғи ресур­стар­ды өндіру­де, олар­ды кей­ін өңде­уде және қал­ды­қта­рын кәде­ге асы­рған­да бөлі­нетін қауіп­ті заттар адам құқы­қта­ры­на еле­улі ықпал етуінің ыти­мал­ды­ғы жоға­ры», – дей­ді Б.Тунчак.

«Мем­ле­кет көп тір­лік атқа­руы керек. Адам­дар үрей­мен өмір сүруін жалға­сты­ра алмай­ды. Мем­ле­кет­тің адам құқы­қта­рын қорғай­мыз дәне оны нығай­та­мыз деген мәлім­де­ме­лері іс жүзін­де орын­да­луы керек. Мем­ле­кет халы­қтың осы тобын халы­қа­ра­лық құқы­қтарға және адам құқы­қта­ры сала­сы­ның стан­дарт­та­ры­на сай қорғау бой­ын­ша көп күш-жігер қабыл­да­уы керек», – деп тұжы­рым­да­ды сарапшы.

Қаз­ТАГ.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн