Понедельник , 7 июля 2025

АДАСҚАНДАР немесе Желтоқсанға қатысты ЕКІЖҮЗДІЛІК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 45 (269) от 11 декаб­ря 2014 г.

 

Билік бұны біле ме?

 

АДАСҚАНДАР

неме­се Жел­тоқ­санға қатысты

ЕКІЖҮЗДІЛІК

 

Қаза­қтың тарихын­дағы ақтаң­дақтар жетіп-арты­ла­ды. Бірақ біздің бүгін­гі қоға­мға ең таяу тұрған ақтаң­дақ – Жел­тоқ­сан көтерілісі. Мәм­бет Қой­гел­ді аға­мыз бастаған бір топ ғалым­дар адам қаны төгіл­ген­дік­тен, 1986 жылғы Жел­тоқ­сан­ның көтеріліс екенін ғылы­ми түр­де дәлел­де­ген бола­тын. Бірақ мұның көтеріліс екенін билік әлі мой­ын­да­май отыр. Көтерілістің кей­бір тұста­ры әлі де ақтаң­дақ болып тұрға­ны да сондықтан…

 

Себебі сол кез­де Алма­ты­дағы алаң ғана емес, ірі қала орта­лы­қта­рын­да, аймақтар­да орын алған көтерілістер­де қан­ша адам­ның қаза болға­ны, қан­ша­сы қама­лып, жарақат­танға­ны қан­ша болға­ны – бүгін­гі күн­ге дей­ін үлкен жұм­бақ. Сон­ды­қтан Жел­тоқ­санға қаты­сты көр­сет­кі­ш­тер қазір­ге дей­ін әр кез­де әртүр­лі айтылады.

Бүгін­де сол алаңға не үшін барға­нын жете түсіне алмаған­дар болуы да әбден мүм­кін. Бірақ одан да өкіні­штісі – елге тәу­ел­сіздік әке­лу­де үлесі бола тұра, өзінің кім екенін дәлел­дей алмай, ада­сып жүр­ген­дер де аз емес. Дұры­сы, олар­ды ада­сты­ра­тын­дар бар…

Бүгін­де ең өкіні­штісі – сол 1986 жылы қазақ жаста­ры­на жасалған қуда­лау мен қуғын-сүр­гін­нің қазір­ге дей­ін жалға­сып оты­рға­ны. Мәсе­лен, әлі тір­кел­ме­ген «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы Жақ­сы­лық Тұсай­ұлы­ның айтуы бой­ын­ша, сол тұста қамауға алын­ды деген 8 мың­дай адам­ның ара­сы­нан ақталған­дар 2%-ға жет­пей­тін көрінеді…

Ақта­лу демек­ші, олар жап­пай репрес­си­яға ұшы­раған­дар ретін­де, ақта­луға тиіс болып тұр. Бірақ алаңға нан үшін, атақ-ман­сап үшін емес, шын мәнін­де қазақ үшін барған бол­са, ол адам бүгін­де ел алдын­да не үшін ақта­луы тиіс? Біз­ге тәу­ел­сіздік­ті жақын­датқа­ны үшін бе? Бұл да бүгін күр­ме­уі әлі шешіл­ме­ген мәселе…

Сон­да 2 пай­ы­здан өзге­лері – ұлты мен тілі, қаза­ғы­ның қамы үшін «біз­ге қазақ бас­шы керек» деп қасқай­ып алаңға шыққан­да, бүгін­гі тәу­ел­сізді­гі­міз­де басын тік ұстап, кеуде­лерін көтеріп, ара­мы­зда жүр­мей, олар қай­да жүр?! Біз неге олар­ды біл­мей­міз? Бүкіл рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша жүз­де­ген мың адам лық­сып, алаңға шыққан­да, бүгін­гі жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың қата­ры неге аз? Неге ширек ғасыр­дан астам уақыт­тан бері олар­дың есім­дерін тегіс атап, түген­деп-түстей алмай отыр­мыз?! Әлде біз жаста­ры­мы­зды қырғын еткен Ресей­дің импе­ри­я­шыл пиғы­лын әлі күн­ге дей­ін мой­ын­дап келе­міз бе?!

Бүгін­гі билік осы Жел­тоқ­сан көтерілісінің нәти­же­сін­де таққа оты­рға­ны ешкім­ге құпия емес. Бірақ соған қара­ма­стан, дүние жүзінің алды­ңғы қатар­лы елдері мой­ын­даған, баға бер­ген Жел­тоқ­сан көтерілісін «көтеріліс» деп айтуға билік­тің ауы­зы бар­май, оны әлі күн­ге «оқиға» деп келеді. Кей­де: «Егер Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан­дарға «көтеріліс­ші» неме­се Бал­тық жаға­ла­уы елдерін­де­гі сияқты «күрес­кер» деген ста­тус дер кезін­де беріліп кет­кен­де, бүгін­гі қоғам қазір­гі­ден мүл­де өзге­ше болар ма еді, қай­тер еді?!» деген арман­ның көкей­де туын­дай­ты­ны да рас.

Бірақ билік жел­тоқ­сан­ды­қтар­ды ресми түр­де жылы­на бір-ақ рет еске алу­ды дәстүр­ге айнал­дыр­са да, қоғам, халық өзінің ұл-қызда­рын ұмы­тқан емес. Жел­тоқ­сан идео­ло­ги­я­сын билік ресми түр­де жаса­уды қолға алма­са да, ол – халы­қтың қол­да­уы­мен өлмей қалған, исі қазақ әр адам­ның жүре­гін­де жыл­дар бойы жат­та­лып келе жатқан идео­ло­гия. Нәти­же­сін­де бүгін­гі күні Жел­тоқ­сан­ды білетін, алды оты­здан асқан тұтас бір буын өсіп, қалып­тасқа­нын жоққа шыға­ра алмайсыз.

Бірақ сол ұрпақтың алдын­да бүгін­гі билік­тің жылы­на бір рет екі­жүзділік таны­та­ты­ны да өтірік емес. Айта­лық, әкесі не шеше­сі сол Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де алған жарақат­тан әлі күн­ге зардап шегіп келе жат­са да, ол әле­умет­тік-құқы­қтық тұрғы­дан қорғал­маған болып жата­ды. Ал сон­дай отба­сын­да тәр­би­е­лен­ген бала біздің жылы­на бір рет, үш күн қата­ры­нан: «Тәу­ел­сіздік біз­ге алаңға шыққан жастар­дың қаны­мен кел­ді» деп жар сала­ты­ны­мы­зды да естіп өсіп келеді. Мәсе­ленің ең ауыр тұсы да осы бол­са керек…

Мыса­лы, әлгі қамауға алын­ды деген мың­даған адам­дар әлі күн­ге дей­ін Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан­дар қата­рын неге ресми түр­де толы­қты­ра алмай отыр? Неге Жел­тоқ­санға қаты­сты бір емес, жеті бір­дей ұйым бар? Олар осы уақы­тқа дей­ін бұл мәсе­ле­ге көңіл аудар­май, қай­да қарап отыр? Егер біз шын мәнін­де құқы­қтық мем­ле­кет құру­ды мақ­сат еткен бол­сақ, оның ірге­та­сы дәл осы жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың құқын қорға­удан бастал­са керек еді ғой?!

Дүниені дүр сіл­кін­дір­ген осы бір тари­хи кезеңнің жаста­ры бүгін­де алды алпы­стан асып, соңы қыры­қтың қырқа­сы­на шыққан. Бірақ «Кезін­де тұтас бір сая­си жүй­енің өзге­руі үшін шешу­ші рөл атқарған, соған ықпал еткен жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың бүгін­гі қоғам­да ала­тын орны мен рөлі қан­дай? Қоғам олар­ды кез кел­ген жер­де құр­мет­тей­тін­дей таны­мал адам­дар ма?» деген сұрақтарға кел­сек, бұған толы­ққан­ды жау­ап табу қиын. Себебі олар әле­умет­тік-құқы­қтық тұрғы­дан қорғал­май, ескеріл­мей отыр.

Рас, кітап­тар жазы­лып, жылы­на бір рет бол­са да, әкім­дік­тер мен жур­на­ли­стер олар­дың бар екенін еске алып, қоға­мға жар сала­ды. Сөй­тіп, тағы бір жыл айна­лып кел­ген­ше Жел­тоқ­сан көтерілісі мен көтеріліс­шілері тура­лы тіп­ті ақпа­рат айды­нын­да да тыны­штық орнай­ды. Бірақ жел­тоқ­сан­ды­қтар үшін бұл ара­лы­қтағы тыны­штық тағы да өз жара­сын өзі қасып, өз қиын­ды­ғы­мен өзі күрес­кен тір­лік­ке толы екенін айтқа­ны­мыз жөн.

Бүгін­гі күні Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сты жеті ұйым бар дедік. Солар­дың ара­сы­нан әлі тір­кел­ме­ген «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» қоғам­дық бір­ле­сті­гі бірін­ші болып, жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың құқын қорғау мәсе­лесін мақ­сат етіп қой­ған бола­тын. О баста қой­ы­лған осы мақ­сат­тан ауы­тқып кет­пеу үшін, бұл ұйым алды­мен өзін-өзі қорғап қалуға мәж­бүр болып тұрға­ны да көп­шілік­ке аян. Бірақ ұйым­ның өз ішін­де орын алған талас-тар­ты­сқа қара­ма­стан, осы ұйым көтер­ген баста­ма бой­ын­ша, өздерінің жел­тоқ­сан­дық екенін сот арқы­лы дәлел­деп, ақталған­дар саны қазір оты­здан асып, күн­нен-күн­ге өсіп отыр. Тек «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» ғана емес, өзге ұйым мүше­лері де бұл мәсе­лені күн тәр­тібіне қоя бастаға­ны бай­қа­ла­ды. Түсінік­ті тіл­мен айт­сақ, олар өздерінің жел­тоқ­сан­дық екенін қоғам алдын­да дәлел­де­уді қолға ала бастады.

Десек те, бүгін­де жел­тоқ­сан­ды­қтар «сұран­шақ», «тілен­ші» деген әле­умет­тік топ­ты құрай­ты­ны да рас. Бірақ оның түп­кі себебіне үңіліп, бұл мәсе­ленің бетін ашып жатқан тағы ешкім жоқ. Енді аз уақыт­та осы көтерілістің орын алға­ны­на 30 жыл тола­ды. Осы 30 жыл уақыт ішін­де жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың әле­умет­тік-құқы­қтық қиын­ды­қта­ры, сая­си жағ­дайы мем­ле­кет­тік дең­гей­де шешіл­ген емес. Құқы­қтық мәсе­ле деген­де, олар­дың жан-жара­сын қозғай­тын жағ­дай – ақта­лу мәселесі.

Біз сонау 90-жыл­да­ры «Жап­пай сая­си қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған­дар­ды ақтау тура­лы» заң қабыл­да­дық. Сөй­тіп, ста­лин­дік репрес­сия құр­бан­да­ры­ның үрім-бұтағын түген­деп, бір мәр­те бол­са да қомақты жәр­де­мақы бөл­гіздік. Оларға тіп­ті куәлік беру тәр­тібін бекітіп, арыз жазу­дың үлгісі де жасал­ды. Біз мұның бәрін тізіп айтқан­да, ста­лин­дік репрес­сия құр­бан­да­ры­на қаты­сты осын­дай әділ­дік­тің орын алға­нын айтқы­мыз келеді.

Бірақ осын­дай әділ­дік­ті Жел­тоқ­сан көтерілісінің құр­бан­да­ры көріп отыр ма? Біздің қолы­мы­здағы кей­бір құжат­тар бой­ын­ша, олар да репрес­си­яға ұшы­раған­дар ретін­де осы «Жап­пай қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған­дар­ды ақтау тура­лы» заң бой­ын­ша ақта­ла бастаған. Бұл, әине, қуа­нар­лық та, құп­тар­лық іс. Бол­ма­са жыл­дар бойы жур­на­ли­стер даб­ыл қағып, жазу­шы­ла­ры­мыз кітап шыға­рып, ғалым­да­ры­мы­здың алды Жел­тоқ­санға қаты­сты ғылы­ми еңбек жазып үлгер­се де, көтеріліс­ке қаты­сы болған­дар­дың дені үнсіз, қимыл­сыз, әре­кет­сіз оты­рған бола­тын! Оның себеп­терін тал­дау – өте ұзақ әңгіме…

Енді нақты ақталған­дар жай­ы­на ора­лар бол­сақ, олар­дың қата­ры­ның көбе­юі шын мәнін­де әділ­дік болар еді. Бол­ма­са, Алма­ты алаңы ғана емес, аймақтар­дағы көтерілістер­ге қаты­сқан­дар­ды қосқан­да, бұл көтеріліс­ке қаты­сы бар адам­дар­дың санын жүз мың­дап сана­уға бола­ды. Ал алаңға бар­ма­са да, жастар­ды мүм­кін­ді­гін­ше қорғап қалғы­сы кел­ген неме­се қол­дау таны­тқан зия­лы қауым өкіл­дерінің (пар­ти­ядан шыға­ры­лып, жұмыстан қуы­лған ЖОО бас­шы­ла­ры, қыз­мет­кер­лер, ғылы­ми еңбек­терін қорғай алмай, қуда­ла­нып кет­кен ғалым­дар, т.с.с) кім­дер екенін де біз әлі түген­дей алмай келе­міз. Сон­да жүз мың­даған адам көтеріл­ген көтерілі­стен жүз­шақты адам­ды ғана бөліп алып, тек солар­ды ғана «жел­тоқ­сан­ды­қтар» деу еш әділ­дік­ке жат­па­сы анық. Қалай болған­да да, тари­хи шын­ды­қты ұзақ уақыт бұр­ма­лай алмаймыз…

Жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, қол­да бар заң бой­ын­ша, жел­тоқ­сан­ды­қтар өздері ақта­лу ісіне кіріс­кені­мен, 30-дан астам адам­ның әрқай­сысы оп-оңай ақта­ла сал­ды деу­ге тағы да бол­май­ды. Ең алға­шқы­лар­дың бірі болып, өзінің жел­тоқ­сан­дық екенін дәлел­деу мақ­са­тын­да ақта­лу қаға­зы­на қол жет­кіз­бек болған­дар­дың бірі – Бей­сем­бай Құс­пе­ков. Оның айтуы бой­ын­ша, бұл іске ең басты кедер­гі бола­тын нәр­се – мұрағат­тан өзіңе қаты­сты құжат­ты сұра­тып алу. Құжа­тын қуда­лаған екін­ші адам­ның айтуы бой­ын­ша, өзіңе қаты­сты құжат­ты табу қиын емес. Себебі сол кез­де­гі ком­со­мол, пар­тия ұйым­да­ры құзыр­лы оры­нға жат­паған, олар тек сая­си ұйым болған­ды­қтан, қол­да бар құжат­тар­ды мұрағатқа өткізу­ге мін­дет­ті болған.

Бұл рет­те пре­зи­дент­тік мұрағат­тан өзіне қаты­сты құжат­ты сұра­тып алған Жұл­ды­зай Бей­сем­ба­е­ва­ны мысалға кел­тіру­ге бола­ды. Сол 1986 жылы жоғарғы қыз­мет­те бола жүріп, қазақ жаста­рын қол­дау үшін алаңға сана­лы түр­де барған апай­дың одан кей­ін көр­ген қуда­ла­уы мен аза­бы бір кіта­пқа жүк болар­лық тақы­рып. Ал жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың құр­метіне Ала­тау ауда­ны ұйым­да­сты­рған бір кез­де­су­де, өзін пар­ти­ядан шыға­руға қол көтер­ген қыз­мет­тесі, бүгін­де аудан­дық ақсақал­дар кеңесін басқа­рып оты­рған адам­ды бет­пе-бет кез­де­стір­ген­де­гі апай­дың мызғы­мас берік­тік таны­тқа­ны­на қай­ран қалға­ны­мыз бар. «Ең басты­сы – оның сол кез­де­гі өз әре­кетін бүгін ашық мой­ын­даға­ны да жет­кілік­ті», – дей­ді апай. Ақта­луға әре­кет етіп, қол жет­кіз­ген­дер­дің дені судья­лар тара­пы­нан Жел­тоқ­санға қаты­сты сау­ат­сыздық таны­та­тын­да­рын айта­ды. Ал про­ку­ра­ту­ра кей кез­дері тіп­ті кедер­гі болуға тыры­сып баққан…

Сөй­тіп, өздерінің Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сы бар екенін дәлел­де­гісі кел­ген 30 адам­ның ақта­лу жолы 30 түр­лі болып шыққан… Мәсе­лен, Қалел­хан Әділ­ха­но­втың алаң­да «Менің Қаза­қста­ным» әнін айтып, жастар­дың алғы шебін­де жүр­генін біл­мей­тін адам жоқ. Атақты «Алла­жар» филь­мін­де­гі деректі бей­не­лер­де де оны тануға бола­ды. Бірақ соған қара­ма­стан, ол әлі ақталған жоқ! Себебі ол – қамал­маған, сот­тал­маған… Өкініш­ке орай, қазір қол­да бар Жарғы мен заң бой­ын­ша, ол не қама­луы, не сот­та­луы тиіс көрі­неді. Демек, бұл бапқа (Жап­пай сая­си қуғын-сүр­гін­дер құр­бан­да­рын ақтау тура­лы» заңы­ның 2‑бабы) кір­мей­тін­дер, қан­ша жер­ден жер теп­кіле­се де, алаң­да алған жарақат­тың зардаб­ын әлі күн­ге дей­ін көріп келе жат­са да, жел­тоқ­сан­дық бола алмайды.

Өзі­міз білетін жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың ара­сын­да билік­тен үй де сұра­май, жәр­дем де сұра­май келе жатқан бір адам – итжек­кен­ге айдалған Әркен Уақтың жесірі Тоқтар Рах­ме­то­ва, ғылы­ми еңбе­гін ара­да 25 жыл­да өткен­де қорғап, қай­ы­спай келе жатқан, бірақ жел­тоқ­сан­ды­қтар тізі­міне енбе­ген Мағ­жан Иса­ев аға­мыз… Оларға қарап, билік­ке қол жай­май-ақ, намысы­ң­ды ту етіп өмір сүру­ге бола­ты­нын да түсін­ген­дей боласың…

Бір сөз­бен айтқан­да, өмір болған соң, жел­тоқ­сан­ды­қ­пыз деген­дер­дің дең­гей­лері де ала-құла. Бірі – тұр­мыстық дең­гей­ден аса алмай қал­са, енді бірі Жел­тоқ­сан­ның қадір-қаси­етін әлі күн­ге жаны­на жалау етіп келеді. Мұның бәрін бір ізге түсіретін, тар­тқан аза­бы­ның дең­гей­іне қарай мәр­те­бе беретін заң жаса­удың уақы­ты әлдеқа­шан жеткен.

Яғни, сонау ста­лин­дік дәуір­де­гі сая­си құры­лым кезін­де репрес­си­яға ұшы­раған­дар мен Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де репрес­си­яға ұшы­раған­дар ара­сын­да өза­ра ұқса­стық қана емес, айыр­ма­шы­лық та бар: ста­лин­дік репрес­сия құр­бан­да­рын дәл сол кезең­де қорғап қалу мүм­кін бол­ма­ды. Ал 1986 жылғы көтерілістің көтер­ген жүгі де, тарих­та ала­тын орны да өзге­ше, ол – тұтас бір жүй­ені өзгер­ту­ге түрт­кі бол­ды. Сөйт­кен адам­дар­ды құқы­қтық қорғау қолы­мы­зда тұрған нәр­се еді ғой?!

Бұл жер­де шыға­тын қоры­тын­ды – тағ­дыр­ла­ры ұқсас бол­са да, Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де репрес­си­яға ұшы­раған­дарға қаты­сты өз алды­на заң қажет екен­ді­гі. Себебі өзге сая­си құры­лы­мға қаты­сты шыға­ры­лған заң­ның екін­ші бір сая­си құры­лы­мға сәй­кес келе бер­ме­уі – заң­ды­лық бол­са керек. Мәсе­лен, ста­лин­дік қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған­дар­ды ақтау тура­лы заң бой­ын­ша, қаза болған­дар­дың мұра­гер­леріне бір рет­кі төле­мақы беріледі. Ал Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан­дар осы заң бой­ын­ша ақта­ла тұра, көмек­ке қол жет­кі­зе алмай­ды. Мораль­дық шығы­нын талап ету үшін, ол тағы құжат жинап, адво­кат жал­дап, сотқа шағым­да­нуы керек. Ал қамал­ма­са да, алаң­да алған соққы­дан өмір­ге ұрпақ әке­ле алмай қалған қызда­ры­мы­здың мораль­дық шығы­нын қан­дай заң­дық негіз­де талап ету­ге бола­ды?! Сұрақ көп…

Айта­лық, ақта­лып, жел­тоқ­сан­дық аталған күн­де ол адам­ның мем­ле­кет тара­пы­нан көмек көріп, қаға­нағы қарық болып жатқа­ны да шама­лы – оған айы­на бір рет берілетін жәр­де­мақы­ның көле­мі – 1 800 тең­ге! Салы­сты­ру үшін айтар бол­сақ, Ауған соғы­сы арда­гер­лерінің ай сай­ын ала­тын жәр­де­мақы­сы 14 мың тең­генің айна­ла­сын­да! Ста­лин­дік репрес­си­яға ұшы­раған­дарға ресми түр­де арнайы куәлік беріл­ген бол­са, жел­тоқ­сан­ды­қтарға бұл да жоқ. Соның сал­да­ры­нан «жел­тоқ­сан­ды­қ­пыз» деген ұйым­дар куәлік­ті өздері жасап, тіп­ті мара­пат­тық төс­бел­гіні де өздері жасап алуға мәж­бүр! Тіп­ті кей ұйым бас­шы­сы: «Куәлі­гіңе мөр бастым, сен енді ақталған­сың, жел­тоқ­сан­дық», – дей­тін болған. Бұл аз десеңіз, өзге біре­удің құжа­тын пай­да­ла­нып, жел­тоқ­сан­дық ата­лып жүр­ген­дер де жоқ емес.

Ал Жел­тоқ­санға қаты­сты оқу­дан қуы­лған бір аза­мат құжат жинау бары­сын­да өзінің учи­ли­щені «бітіріп, диплом алып кет­кенін» ара­да неше жыл өткен­де бір-ақ біліп, жаға­сын ұстап отыр. Мұның бәрі жел­тоқ­сан­ды­қтарға қаты­сты әле­умет­тік-құқы­қтық, сая­си ста­тус мәсе­лесі шешіл­ме­ген­дік­тен орын алу­да. Елде билік тара­пы­нан жаса­лып оты­рған жел­тоқ­сан­дық идео­ло­ги­я­ның бар қара­ма-қай­шы­лы­ғы – бір жағы­нан, Жел­тоқ­сан көтерілісін жоққа да шығар­май, екін­ші жағы­нан, оларға тиесілі сая­си ста­тусқа қол­да­рын жет­кіз­бей, әле­умет­тік-құқы­қтық тұрғы­дан қорға­у­сыз қал­ды­рып отырғандығында…

Дай­ын­даған –

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА,

«

 

 

Республиканский еженедельник онлайн