Четверг , 8 мая 2025

«Адемді» КІМ өртеді?

Алма­ты­да өртеніп кет­кен «Адем» сауда орта­лы­ғы­ның жалға алушы­ла­ры Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тан өрт себебін тек­се­руді ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­на тап­сы­руын сұрап, үндеу қабылдады.

 

«Біздің ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа қабыл­даған үнде­уі­міз­де бір ғана өтініш: Бас про­ку­ра­ту­ра өрт себебін тек тек­се­руді ғана өз бақы­ла­у­ы­на алмай, осы әле­умет­тік маңы­зды істі заңға сәй­кес өз өндірісіне қабыл­да­уын сұрай­мыз», – делін­ген дүй­сен­бі күні бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да тара­ты­лған ақпа­рат­тық парақшада.

Бұл рет­те жалға алушы­лар «Адем» СО ғима­ра­ты­ның мен­шік иесі болып табы­ла­тын «Алма­ты ХХІ ғасыр» ЖШС актив­теріне қамау жари­я­ла­уды сұра­ды. «Тер­геу тобы құрыл­ды ма, егер құрыл­са, оның жетек­шісі кім және зардап шек­кен­дер кім­нің аты­на шағым, өтініш, арыз бере ала­ды. Атап айтқан­да, алдағы шағым­дар­ды қам­та­ма­сыз ету ретін­де «Алма­ты ХХІ ғасыр» ЖШС актив­теріне қамау жари­я­лау тура­лы өтініш», – делін­ген үндеуде.

Ақпа­рат­тық парақ­ша­да атап көр­сетіл­ген­дей, жалға алушы­ларға келіп түс­кен ақпа­рат бой­ын­ша, тер­геу орган­да­ры өрт­ке айып­ты­лар­дың жоқты­ғы тура­лы шешім қабыл­дап қой­ып­ты. «Мыса­лы, «Алма­ты ХХІ ғасыр» ЖШС-тен келіп түс­кен хабар­лар бой­ын­ша, про­ку­ра­ту­ра мен тер­геу орган­да­ры өрт­ке айып­ты­лар жоқты­ғы тура­лы про­цес­су­ал­дық шешім қабыл­дап қой­ып­ты, ал «Алма­ты ХХІ ғасыр» ЖШС бас дирек­то­ры Е. Тыны­ба­ев мыр­за толы­ғы­мен ақта­лып шығып­ты», – делін­ген ақпа­рат­тық парақшада.

Одан басқа, зардап шек­кен жалға алушы­лар пре­зи­дент­тен «тер­геу бары­сы тура­лы тер­геу құпи­я­сы болып табыл­май­тын, бірақ адам­дар­ды дүр­лік­тіріп жүр­ген қау­е­сет­тер­ді теріс­ке шыға­ра­тын, қыл­мыстық қуда­лау орган­да­ры­ның адал қыз­мет­кер­леріне дақ түсір­мей­тін ақпа­рат­ты жари­я­ла­у­ға тап­сыр­ма беруді» сұрады.

Еске сал­сақ, «Адем» СО-дағы өрт 26 сәуір­де кеш­кісін орын алды. Оны тек 27 сәуір­де таңер­тең ғана сөн­ді­ру мүм­кін бол­ды. Өрт ауда­ны 25 мың шар­шы метр болды.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн