Суббота , 5 июля 2025

Адвокаттар НЕ ДЕЙДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (354) от 13 октяб­ря 2016 г.

 

Жаңа айғақтар

 


 

Алма­ты облы­сы Жам­был ауда­нын­дағы қан­ды қыл­мыс шека­ра бекетінің маңын­да болған дей­ді марқұм­дар­дың туы­ста­ры мен жәбір­ле­ну­ші тарап­тың адво­ка­ты Мұх­та­ри­ма Кар­ба­но­ва. Қыл­мыс­кер­лер қолы­нан қаза тапқан марқұм­дар­дың туы­ста­ры мен жәбір­ле­ну­ші тарап­тың қорға­у­шы­сы қыл­мыс орны­мен таны­сқан­нан кей­ін тер­геу бары­сы­на, алға­шқы саты­дағы тер­геу амал­да­ры­на қаты­сты сұрақтар туға­нын айтады.

 

«Қыл­мыс болған жер «Қастек» шека­ра бекетіне жақын орна­ласқан. Оқиға орны­на бара жатқан бізді де шека­ра­шы­лар алы­стан көріп, жаны­мы­зға кел­ді. Жөн сұрап, құжат­та­ры­мы­зды тек­сер­ді. Біз де олар­дан 18 қыр­күй­ек­те­гі оқиғаға қаты­сты сұра­дық. Шека­ра­шы­лар 19 қыр­күй­ек күні бір көлік­ті көр­генін, оның ішін­де үш-ақ адам болға­нын айт­ты. Мұқи­ят марқұм­ның қал­та­сын­да ол күні жеке құжа­ты бол­маған. Ол бұған дей­ін жеке бас куәлі­гінің мерзі­мі бітіп, жаңа­сы­на өтініш бер­ген. Сон­да шека­ра­шы­лар мем­ле­кет­тік шека­раға құжат тек­серіп өткіз­ген­де, оны қалай өткіз­ген? Басқа куә­гер­лер көр­дік деген үшін­ші көлік қайда?

Бұдан басқа да сұрақтар туа­ды. Үш аза­мат өлтіріл­ген орын­дар­дың ара­сы 100 метр­ден аспай­ды. Аты­лған мыл­тық дауы­сын ешкім­нің есті­мей қалуы мүм­кін емес. Одан кей­ін қыл­мыс болған жер жүк көлі­гінің жүруіне өте қолай­сыз. Ешкім мұн­дай жер­ге өз бетін­ше ауыр көлік­пен кел­мей­ді. Жол жүру өте қиын, көлік ауда­ры­лып кетуі мүм­кін. Сон­ды­қтан қай­тыс болған аза­мат­тар­ды қинап әкел­ген деп ойлай­мыз. Тер­ге­ушілер­дің айтқа­ны мен мына жер­де­гі жағ­дай үйле­с­пей­ді. Мәй­іт­тер­ді шөп­пен жасы­рған дей­ді. Ал мұн­да ондай оры­лған шөп жоқ, қан іздері жоқ. Бірақ маши­на­ның, мал­дың кел­ген іздері анық көрініп тұр», – дей­ді марқұм­дар­дың бірінің туы­сы Еркін Бейсекей.

Жоғалған үш аза­матқа тиесілі көлік­тер­дің бірі табы­лған Қан­шең­гел аулы­ның тұрғы­ны, мей­ір­би­ке болып істей­тін Сәния есім­ді келін­шек те өртен­ген көлік тура­лы айтып бер­ген. Ол кісі өртен­ген көлік жаны­нан еш адам көр­ме­генін, бірақ бала­ла­ры көлік­ті сөн­діру­ге барған­да, ол жер­ден бам­пе­рі жоқ «Мер­се­дес» көлі­гі шаң­да­тып өтіп кет­кенін көрген.

Жәбір­ле­ну­ші тарап­тың адво­ка­ты Мұх­та­ри­ма Кар­ба­но­ва да қыл­мыс орны­на барған. «Күдік­тілер­дің әре­кет­тері тура­лы бұған дей­ін тер­ге­ушілер айтып бер­ген бола­тын. Оқиға орны­на бара жатқан­да, шека­ра­шы­лар тоқтат­ты. Оларға болған жай­ды айт­тық. Оларға да сұрақ қой­дық. Шека­ра­шы­ларға мал айдап бара жатқан­да­рын айтып­ты күдік­тілер. Ол тура­лы шека­ра­шы­лар­дың қыз­мет кітап­ша­сын­да да жазы­лған екен және бір адам­да жеке куәлік бол­маған. Бұл да сұрақ туғы­за­ды», – дей­ді адвокат.

Адво­кат қыл­мыс орны­ның көлік­пен баруға өте қолай­сызды­ғы­на және ол жер­дің мал сата­тын, сауда­ла­са­тын жер­ге ұқса­май­ты­нын, марқұм­дар­дың ол жер­ге қан­дай сөз­ге сеніп баруы мүм­кін екеніне назар ауда­ру керек деп санай­ды. «Жол­дың өзі сон­дай тар. Көлік­пен бару қолай­сыз. Олар­ды күш қол­да­нып, қорқы­тып апа­руы мүм­кін. Бұл сұрақтар­дың бар­лы­ғын біз тер­геу тобы­на қой­ып, жау­ап ала­тын бола­мыз», – дей­ді адво­кат М. Карбанова.

 

Ал үш жігіт­ті өлтір­ді деген күдік­пен ұсталған Талғат Сүлей­ма­нов пен Мұрат Оңал­ба­ев­тың адво­ка­ты Мер­ке­бек Мәкен­ба­ев­тың айтуын­ша, қай­тыс болған ағай­ын­ды­лар мен күдік­тілер таныс бол­маған. Күдік­тілер­ден алы­нған жау­ап бой­ын­ша, оқиға­ның хро­но­ло­ги­я­сы былай өрбі­ген: «17 қыр­күй­ек­те Сүлей­ма­нов сол күні база­рға келіп, өзінің 2–3 бұза­уын сата­ды. Кей­ін­нен Сүлей­ма­нов екі көлік­пен мал әкел­ген ағай­ын­ды­лар­ды көріп, олар­мен сауда­ла­са бастай­ды. Сүлей­ма­нов 16 бас сиыр сатып ала­ды», – деп баян­да­ды адво­кат. Алы­нған тау­ар үшін күдік­ті Сүлей­ма­нов сату­шы­ларға 2 мил­ли­он тең­ге­ден аса ақша береді.

Содан күдік­тілер ағай­ын­ды­лар­дың жүк көлі­гі­мен мал­дар­ды Сұран­шы батыр ауы­лы­на апа­ра­ды. Жол­да Сүлей­ма­нов өзінің ауыл­да­сы Оңал­ба­евқа хабар­ла­сып, одан мал­дар­ды көлік­тен шыға­руға көмек­те­суін сұрай­ды. 18 қыр­күй­ек­те шама­мен сағат 13.00-де олар Сүлей­ма­но­втың үйіне келіп, мал­дар­ды сон­да қал­ды­ра­ды. Айта кетей­ік, олар ағай­ын­ды­лар­дың 36 малын сатып ала­мыз деп келіс­кен екен. «Содан Сүлей­ма­нов олар­ды алдап, 20 мал­ды оның тау жақта тұра­тын туы­сы алғы­сы келетінін айта­ды. Сон­да қалған ақша­ны бере­міз деп келіс­кен. Олар ағай­ын­ды­ларға тағы екі мил­ли­он 800 мың тең­ге төлеу керек болатын.

Осы­лай­ша мал сату­шы­лар келісіп, менің қорға­лушым өзі­мен бір­ге вин­че­стер алып шыға­ды. Ағай­ын­дар­дың «Нелік­тен қару алып шықтың?» деген сұрағы­на Сүлей­ма­нов онда қасқыр­лар көп деп, қару­ды қой­шы­ларға апа­рып беретінін айтқан», – деді Мер­ке­бек Мәкен­ба­ев. Тауға баруға келіс­кен үш ағай­ын­ды мен күдік­тілер осы­лай­ша жолға шыға­ды. Олар­дың соңы­нан сұр түсті Mercedes көлі­гін жүр­гізіп келе жатқан Оңал­ба­ев келеді.

Таудағы қораға жақын­даған бой­да олар Сулы сай шатқа­лы­ның алды­на барып тоқтай­ды. Содан мал­шы­лар «Камаз­дан» 12 мал­ды түсіреді. «Шатқалға жет­кен­де, Сүлей­ма­нов қасын­дағы ер адам­ның арқа­сы­на оқ ата­ды. Алай­да ол құла­май­ды. Содан менің қорға­лушым екін­ші рет тағы оқ ата­ды. Содан ер адам­ның мәй­ітін алып, шөп­тің ара­сы­на тығып, ары қарай кете береді. Сол жақта Сүлей­ма­нов аға­сы­ның мал қорас­ын­да қалға­нын айта­ды. Шатқал­да Талғат Сүлей­ма­нов екін­ші ер адам­ды атып өлтіреді. Осы­ны көр­ген Мұрат оған бас салып, осы қыл­мыс үшін қамауға алы­на­тын­да­рын айтқан. Ал Талғат бол­са, оның бұл айқай­ы­на «Егер сен маған қазір көмек­тес­пе­сең, сені де өлтіре­мін» деп жау­ап қай­тарған», – деді адво­кат. Сүлей­ма­нов Мұрат­ты қорқы­тып, оған үшін­ші ер адам­ды шай ішу­ге шақы­руын бұйырады.

Содан Мұрат үшін­ші ер адам жаққа қарай бет бұрған болып, жол­да жасы­ры­нып қала­ды. Бір­не­ше уақыт өткен соң Сүлей­ма­но­втың өзі сол жаққа қарай барып, табиғат­ты тама­ша­лап жүр­ген үшін­ші ер адам­ды көреді.

«300 метр биік­тік­те тұрып, вин­тов­ка­мен үшін­ші ер адам­ның басы­на оқ ата­ды. Содан Мұрат­ты тауып алып, оны көмек­те­су­ге мәж­бүр­лей­ді. Сөй­тіп еке­уі мәй­іт­тер­ді «Камазға» сала­ды. Мүр­де­лер­ді «Камаз­дың» ішін­де­гі тезек­тер­мен жауып тастай­ды. Кей­ін жолға шығады.

Алай­да жүк көлі­гі жол­да бұзы­лып қала­ды. Содан олар «Камаз­ды» сол жақта тастап, үйлеріне қай­та береді. Мұның бар­лы­ғын Сүлей­ма­но­втың өзі айтып бер­ді. Кінәсін толы­қтай мой­ын­да­ды. Ағай­ын­ды­лар­ды өлтір­ген соң қат­ты қиналға­нын және дүй­сен­бі­де өзі келіп, кінәсін мой­ын­да­мақ­шы болға­нын да айт­ты. Сон­дай-ақ ол үш ер адам­ды 20 мал­ды тар­тып алу үшін өлтір­генін айт­ты, – деді адвокат.

Qamshy.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн