Суббота , 5 июля 2025

Академиктері жалған сөйлеген ҚАЗАҚ ҚАЙДА БАРАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 


 

Qamshy.kz пор­та­лы­ның Ала­штың 100 жыл­ды­ғы­на арнап бер­ген асы­нан аспан­дап қай­тқан көңіл­ге ака­де­мик Мұрат Жұры­нов бастаған жала жабу­шы­лар кір­бің сал­ды. 365info.kz сай­тын­да «Алаң­да­маңыз, Айгүл ханым. Ака­де­ми­к­тер­ді аран­да­тып оты­рған кім?» атты нағыз аран­да­ту­шы мақа­ла кеше түн жамы­лып жари­я­ла­нып­ты. Онда өзі­ме қаты­сты, жала жабы­лған жер­лерін кел­ті­ре кетейін.

 

«ҚР Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­к­тері – Ә. Хай­дар, Р. Сызды­қо­ва, С. Қира­ба­ев, Ө. Айт­ба­ев, Ш. Сары­ба­ев және М. Қой­гел­ді бастаған ғалым­дар да осы мәсе­ле­ге қаты­сты (клас­си­фи­ка­торға – Ред.) үкі­мет бас­шы­сы Б .Ә. Сағын­та­евқа, Мем­ле­кет­тік хат­шы Г.Әбдіхалықоваға, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры М. Тәжин­ге хат жазып, ол бас­пасөз­дер­де жари­я­ланған еді.

Алай­да Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның пре­зи­ден­ті, ака­де­мик Мұрат Жұры­но­втың айтуын­ша, «Қазақ үні» пор­та­лы­ның пре­зи­ден­ті, «Ақ жол» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Қазы­бек Иса және Әлия есім­ді келін­шек С. Қира­ба­ев, Ө. Айт­ба­ев және т.б. ғалым­дарға өздері дай­ын­дап жатқан хат­тың маз­мұ­нын басқа­ша түсін­діріп, жалған тізім көр­сетіп, әдейі ұйым­да­сты­рған көрі­неді, – деп соғады.

Одан соң менің аты­ма «аран­да­ту­шы» деген «атақты» тір­кеп қой­ып, басы жет­кен­ше аузы­на кел­генін айтып­ты «автор» – «Әділет Еле­усізұ­лы» деген жалған ат жамы­лған біреу.

Дәл осы сөз­дері үшін «365инфо.кз» сай­ты да, ака­де­мик Мұрат Жұры­нов та, жалған ат жамы­лған автор­сы­мақ «Әділет Еле­усізұ­лы» да заң алдын­да жау­ап береді. Өйт­кені менің бұл алты ака­де­ми­к­тің хаты­на мүл­дем қаты­сым жоқ, бұл хат тура­лы олар­дың бірі­мен де сөй­лес­кен жоқ­пын, ешкім­ге қол қой­ды­рған жоқпын.

Білім және ғылым мини­стрі Ерлан Саға­ди­ев енді маңды­та алмаған білім-ғылым мәсе­лесін жиып қой­ып, осын­дай лас әре­кет­ке кірісіп кет­кен бе, әлде мини­стр­ге жағы­нып қалай­ық деген мини­стр­лік­тің кең­сесін жаға­лап жүр­ген­дер­дің «кеңесі» мен «тір­лі­гі» ме – ол жағын біле алма­дық. Бір­ден «дәл солай» деп жаз­сақ, ұлт мүд­десі үшін жүгіріп жүр­ген біз пақыр­ды «аран­да­ту­шы» етіп, керісін­ше, өзі аран­да­тып оты­рған «атағы­нан ат үркетін» ака­де­ми­к­тен айыр­ма­мыз шама­лы болып қалар…

Бір­ден ака­де­мик Өмір­зақ Айт­бай­ұ­лы аға­ма хабарластым.

 

– Аға, мен сіз­бен ЖОО-дан қазақ тілі, әде­би­еті пән­дерінің алы­нып қалуы­на бай­ла­ны­сты Ашық хат жазған алты ака­де­ми­к­тің хаты тура­лы сөй­ле­стім бе?

– Жоқ, мен Мұрат Жұры­но­вқа мем­ле­кет­тік тіл­дің рөлін арт­ты­ру тура­лы зия­лы­лар­дың Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жөнін­де­гі комис­си­яға жол­даған Ашық хаты бой­ын­ша сенің хабар­ласқа­ны­ң­ды айт­тым. Соны сұрап отыр екен деп ойла­дым. Ол алты ака­де­ми­к­тің хаты бой­ын­ша маған бел­гілі ғалым (атын ата­ды – Қ.И.) хабар­ла­сып, мен ол мәсе­лені қол­дап, қолым­ды қой­ып бер­дім ғой.

 

365info.kz сай­тын­да «Ака­де­мия пре­зи­ден­ті есім­дері аталған ака­де­ми­к­тер үшін келеңсіз, тіп­ті заң бұзу­шы­лық әре­кет бол­ды деп есеп­тей­ді» , – дей­ді Әділет Еле­усізұ­лы деген біреу. Ал әйгілі ғалым, ҰҒА ака­де­ми­гі, халы­қа­ра­лық «Қазақ тілі» қоға­мы­ның пре­зи­ден­ті Өмір­зақ Айт­бай­ұ­лы өзіне «мен емес, басқа адам­ның хабар­ласқа­нын» айтып және «Иә, мен өз қолым­ды қой­дым» деп отыр…

Әрине, менің бұл хатқа қаты­сым жоқ болған­ды­қтан, әрі қарай тарқат­пай-ақ қояй­ын. Ертең-ақ ақиқат айты­ла­ды. Ұлт мүд­десін ұмы­тып, мәсе­ле­ге қаты­сы бол­ма­са да, жана­ма­лай шауып, түгел Білім мини­стр­лі­гінің адво­кат­та­ры­на айна­лып кет­кен «ғалым­дар­дың» да бет пер­десі ашылады…

Ака­де­мик-ғалым Серік Қира­ба­ев аға­мыз өмірі теле­фон соғып, сөй­лесіп көр­ме­ген ада­мым болған­ды­қтан, теле­фо­нын тауып алып, қоңы­рау соқтым. Бірақ хабар­ла­са алмадым.

Дәлел-дәй­ексіз сөзі арқы­лы бәріне кінәлі болып оты­рған Мұрат Жұры­нов аға­ма да теле­фон шалып, ала алмадым.

Сон­ды­қтан мен ҚР Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сын басқа­рып оты­рған ака­де­мик Мұрат Жұры­нов аға­мы­зға мына­дай сау­ал­дар қой­ғым келеді. :

– Сізді ака­де­мик басы­ңы­з­бен дәлел­сіз, жаңы­лыс айты­лған жалған сөзді жаны­ңы­зды салып, тара­тып оты­руы­ңы­зға не мәж­бүр етті?

«Анау айт­ты-мынау айт­ты» деген қара­ба­за­рда ғана бола­тын қара­бай­ыр­лық Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сын басқа­рып оты­рған ака­де­мик аға­мы­зға лай­ық деп ойлай­сыз ба?

Мен шетел асып кет­кем жоқ, Аллаға шүкір, аман-есен жүріп жатыр­мын, бір ауыз хабар­ла­сып, біліп алуы­ңы­зға не кедер­гі болды?

…Қай­ран, қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен қай­сар ғұла­ма Қаныш Сәт­ба­ев­тар қазы­ғын қаққан қаси­ет­ті Ұлт­тық ака­де­ми­я­мыз кім­дер­дің қолы­на түс­кен? Мұрат Жұры­нов аға­мыз жасы келіп, жаңы­лыс естіп, жаң­сақ сөй­лей бас­та­са, Ұлт­тық ака­де­мия секіл­ді аса жау­ап­ты ғылым орда­сы­на жабысып қал­май, жастау ғалым­дарға тіз­гін­ді тап­сы­ра­тын кезі әлдеқа­шан жет­кен екен-ау деп ойладық…

 

• P.S. Бүгін біздің «Қазақ үні» ұлт­тық пор­та­лы­мы­зға хакер­лік шабуыл­дар жаса­лып, күн­діз жабы­лып қал­ды. Дауыл­дың қай­дан соққа­нын сезіп отыр­сақ та, дәлелі­міз бол­маған соң, үнде­мей отыр­мыз. Әйт­пе­се дәлел­сіз соға беретін ака­де­мик пен «Әділет­сіз» «автор­дан» айыр­ма­мыз не?

 

Қазы­бек ИСА

qazaquni.kz

 

 

Жөн-ау!

 


 

БАЗАРДАҒЫ ҰРЫСҚАҚ әйел­дер­дің сөзі кім­ге керек?

 

Біз мәде­ни­ет­ті, дәлел­ді пікір­та­ласқа қашан жетеміз?

Кеше­гі бір топ қазақ фило­лог­та­ры­ның жанай­қай­ы­нан соң, әуелі білім мини­стрі (үш күн­нен соң) әле­умет­тік жүй­е­ге шықты, ал одан соң бір­не­ше облы­стың жоға­ры оқу орын­да­ры­ның декан­да­ры мен кафед­ра мең­ге­ру­шілері, т.б. «халы­қты тыны­штан­ды­руға кірісті».

Менің­ше, бұлар­дың бар­лы­ғы дүр­лік­кен жұрт­ты басу­дан гөрі, отқа май құй­ған сияқты әсер қал­дыр­ды. Теле­ди­дар­дан бюд­жет­тік оқу орын­да­ры­ның жау­ап­ты бас­шы­ла­ры­ның «ол ақпа­рат шын­ды­ққа жана­спай­ды», «сен­бе­улеріңізді өті­не­мін», «біз­де әзір­ше бәрі орын­ша» деген сөз­дері жау­ап­тан гөрі, сұрақтар­ды көбірек туды­рған сияқты.

Осы «халы­қты тыны­штан­ды­ру­ды» ұйым­да­сты­рған жан­дар – бұры­нғы Кеңес жүй­есінің жұмыс істеу тәсілі­нен шыға алмай жүр­ген­дер деп біле­мін. Ол уақыт­та да біре­улер­ді «халық жауы» қыла­тын бол­са, неме­се енді біре­улер­ді мадақтай­тын бол­са, адам­дар­дың аузы­на сөз салып, қолы­на қалам беретін. Газет бет­терін­де біре­улер­ді «иттей талап», енді біре­улер­ді әулие дәре­же­сіне жеткізетін.

Қазір уақыт өзгер­ді. Сон­ды­қтан Білім және ғылым мини­стр­лі­гі халы­қты одан әрі дүр­лік­тір­мей, хат­ты жазып, баста­ма көтер­ген аза­мат­тар­ды қол­да­рын­дағы құжат­тар­мен, нақты деректер­мен мини­стр­лік­ке шақы­рып, олар­дың деректерін тек­серіп, жалған­ды­ғын не дұры­сты­ғын дәлел­де­улері қажет. Мүй­ізі қарағай­дай ака­де­мик аға­ла­ры­мыз, апа­ла­ры­мыз біре­удің айтағы­на еретін аза­мат­тар емес қой, демек (олар­дың қолын­дағы құжат­тар жалған бол­са) сол құжат­ты дай­ын­даған, оған қол­да­рын қой­ған, оны таратқан жан­дар аны­қта­луы шарт.

Министр мыр­за «ондай бол­май­ды, бұл өтірік» деудің орны­на, осы мәсе­лені тек­серіп, аны­қтап, содан кей­ін ғана қоға­мға жау­ап беруі керек. Ал қазір бір жағы «аттан» десе, екін­ші жағы «олар­дың айтқа­ны жалған» деуден аса алмай тұр. Бұл база­рдағы ұры­сқақ әйел­дер­дің бір-біріне «өзің ақы­мақ­сың» дегеніне ұқсайды.

Өткен жылы мәде­ни­ет мини­стрі Ары­стан­бек іні­мізді жаман­дау науқа­ны «қызу» жүр­генін бәрі­міз біле­міз (60-тан асқан кезек­ші әйел­дің өзі отыз жыл­дан кей­ін Аре­кеңнің қырын­даға­нын есіне түсіріп, ұятқа қал­ды). Министр мыр­за осы­ның бәрін жала деді де, сол жала­ны таратқан жан­дар­ды сотқа бер­ді. Алып-қашпа, арзан сөз­дер сон­да ғана тоқтады.

Қысқа­сы, был­шыл сөз­дер­ді тоқта­тай­ық! Біле­мін, ертең мини­стр­лік газет бет­терін­де жүз­де­ген маман­дар­дың сөзін беріп, теле­ди­дар­дан көз­дерін жұмып, «мини­стр­дікі дұрыс» дей­тін басқа ака­де­ми­к­тер­дің пікірін ұйым­да­сты­руы ғажап емес. Оған қар­сы қазақ тілінің жана­шыр­ла­ры да қарап қал­май­ты­ны анық.

Бұл айқай кім­ге керек? Оның орны­на жұрт­ты атқа мін­гіз­ген құжат­тың дұрыс, бұры­сты­ғын аны­қтап, не жалған құжат­ты жасаған адам­дар­ды сотқа берің­дер, не (егер сол құжат­ты қазақ фило­лог­та­ры­ның өздері жасаға­ны дәлел­ден­се) жалған ақпа­рат­ты таратқан­дар­ды жау­а­пқа тартыңдар.

Дос Көшім

Abai.kz

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн