Пятница , 4 июля 2025

АЛҒАБАСТА МЕШІТ САЛУҒА жергілікті билік не себепті мүдделі?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.

 

Редак­ци­яға хат

 


 

Діни фана­тизм құр­саған қазақ қоға­мы­на мешіт емес, озық үлгі­де­гі мек­теп қажет. Зай­ыр­лы Қаза­қстан діни мем­ле­кет­ке айна­лып кет­пес үшін, ел билі­гі мешіт­тер салу­дан бұрын, жастарға зама­на­уи білім беретін мек­теп­тер құры­лы­сы­на мән беруі тиіс еді.

Алма­ты қала­сы­ның Ала­тау ауда­нын­да – Алға­бас ықшам-ауда­нын­да 7000 адам­дық зәулім мешіт салын­бақ­шы. Ол мешіт­тің орны 16 мың шар­шы метр­ді құра­са, мұна­ра­ла­ры­ның биік­ті­гі 75 метр­ге дей­ін жете­ді деген жоба бар. Мешіт­тің 9 мұна­ра­сы бол­мақ. Соны­мен бір­ге ол жер­де діни кіта­п­ха­на, әкім­шілік меке­ме, діни рәсім­дер залы, шәкірт­тер тәр­би­е­лей­тін мед­ре­се және дүкен­дер желісі болады.

Жал­пы, бұл мешіт салы­на­тын жер­дің өзі үлкен орын алып жатыр (сурет­ті қараңыз). Соның орны­на зама­нуи білім ошағын ашса, жастар үшін қан­дай пай­да­лы болар еді. Мыса­лы, «Назар­ба­ев мек­тебінің» біре­уі қаза­қтар тығыз орна­ласқан Алға­бас ықшам-ауда­нын­да салы­нған бол­са, бұл отан­шыл әрі білім­ді жастар­дың қалып­та­суы­на зор ықпал етері сөз­сіз. Оның үстіне Ала­тау ауда­нын­дағы мек­теп­тер­дің сапа­сы сын көтер­мей­ді. Сол мешіт­тің орны­на халы­қа­ра­лық стан­дар­тқа сай, сапа­лы білім ошақта­рын көп­теп ашуға көңіл бөл­се, бұл ұлт бола­шағы үшін өте маңы­зды қадам болар еді.

Интер­нет­те жүр­ген макеті бой­ын­ша мешіт мұна­ра­сы сары, алтын түсті (араб елінің үлгісін­де) етіп жасалған. Ал қазақ жерін­де­гі кесе­не­лер­ден негіз алған дәстүр­лі мешіт­тер­дің мұна­ра­сы көк түсті бола­тын (Қожа Ахмет Ясса­уи кесе­несін есіңіз­ге алы­ңыз). Осы­дан-ақ мешіт­тің бола­шақ бағы­ты ара­би діни дәстүр­ге бей­ім­де­летінін аңға­руға болады.

Иә, кей­ін­гі жыл­да­ры Қаза­қстан­ның аймақта­рын­да мешіт ашу «мода­сы» белең алды. Ауыз суы жоқ, жолы ойдым-ойдым, түр­лі әле­умет­тік мәсе­ле­лері үйіліп қалған ауыл­дар­да (әсіре­се оңтүстік аймақтар­да) екі, тіп­ті үш мешіт­тен салы­нған жайт­тар кез­де­седі. Бірақ сол мешіт­тер­ден халы­ққа не пай­да? Қап­таған сан­сыз мешіт­тер тек діни фанат­тар­дың қата­рын көбей­ту­ге қыз­мет етіп жатыр.

Егер билік ислам дініне қол­дау көр­сетіп, мешіт салып беретін бол­са, онда елі­міз­де­гі өзге дін­дер мен діни бір­ле­стік­тер­ге де ғиба­датха­на мен шір­ке­улер салып беруі тиіс бола­ды. Өйт­кені зай­ыр­лы қоғам­да бар­лық дін­нің дәре­же­сі тең емес пе? Екін­ші­ден, зай­ыр­лы мем­ле­кет дін­ді дамы­туға қар­жы бөл­мей­ді, тек оны бақы­ла­уда ұста­уды ғана мақ­сат тұта­ды. Бұл тұрғы­дан да заңға том­пақ жағ­дай қалып­та­сып отыр.

Үшін­ші­ден, Алға­ба­ста салы­на­тын мешіт­тің құры­лы­сы мем­ле­кет тара­пы­нан қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын бол­са, ол қара­пай­ым халы­қтың салы­қтан түс­кен қар­жы­сы деп білу керек. Сон­да ел қар­жы­сы­на елдің сана­сын дін­мен улай­тын меке­ме салу қан­ша­лы­қты қисын­ды? Онсыз да дін­шіл­дер ғылым-білім­ге, зама­на­уи жаңғы­руға қара­дай қас. Елдің қар­жы­сы­на бала­лар­дың бола­шағын қам­та­ма­сыз ететін білім ошағын салған әлдеқай­да ұтым­ды бол­мақ. Онда бұл қадам билік­тің де ар-ұятын жамап-жасқа­уға сеп­ті­гі тиер ізгі іс ата­лар еді.

Зай­ыр­лы қоғам­да діні өзге жұрт­тар­дың маза­сын қашы­рып аңы­ра­тып азан шақы­ру қан­ша­лы­қты орын­ды? Мыса­лы, Алма­ты­дағы 28 пан­фи­лов­шы­лар саябағын­да орна­ласқан Кафед­рал­дық собор қоңы­рау қаққан­да, жақын маң­дағы өзге жұрт­тың маза­сын ала­ты­ны жиі айты­лып жүр. Сол сияқты қала ішін­де­гі мешіт­тер­ден дауыс күшейт­кіш мик­ро­фон­дар арқы­лы азан шақы­ры­лған сәт­те сол төңірек­те­гі әкім­шілік және биз­нес орын­да­рын­да жұмыс істей­тін­дер мен қала тұрғын­да­ры тара­пы­нан нара­зы­лық айты­ла­ты­ны бас­пасөз бет­терін­де жиі жазылады.

 

Жер­гілік­ті билік Ала­тау ауда­нын­да салы­на­тын 7000 орын­дық мешіт­тің ішкі идео­ло­ги­я­лық жағ­дай­ын қалай уысын­да ұста­мақ? Мәсе­лен, Алма­ты қала­сын­дағы мешіт­тер­дің бар­лы­ғын­да дер­лік уаха­би­стік идео­ло­гия үстем­дік құру­да. Алға­ба­ста салы­на­тын жаңа мешіт сол теріс ағым­дағы дін­ба­сы­лар мен дін­шіл­дер­дің жете­гін­де кет­пе­сіне кім кепіл? Тіп­ті дәл осы мешіт, бәл­кім, сол теріс ағым­дағы­лар­дың баста­ма­сы­мен салы­нуы да мүм­кін емес пе?

Оның үстіне Қаза­қстан мешіт­тері мен олар­дың төңіре­гін­де саты­ла­тын діни әде­би­ет­тер­дің бар­лы­ғы дер­лік (шама­мен 90 пай­ыз) сыр­тқы күш­тер­дің ықпа­лы­мен жарық көріп жатыр. Дін­ге бет бұра­мын деген кісілер­дің көп­шілі­гі – өздері де діни сау­ат­сыздық сал­да­ры­нан ұлт­тық-мем­ле­кет­тік мүд­де­ге қар­сы тұлға ретін­де қалып­та­сып жатқа­ны өз алды­на бөлек про­бле­ма. Мәсе­лен, дін­шіл­дер араб-пар­сы елдерінің ортаға­сыр­лық салт-дәстүр­лерін діни дог­ма­ти­ка­лық тұрғы­дан қабыл­дап, зай­ыр­лы қоғам ерекшелік­теріне қар­сы келіп жүр. Қазақ ұлты мен мем­ле­кетін құры­шы қанған­ша жаман­дай­тын олар араб елі мен діні тура­лы бір жағым­сыз сөз айтыл­са, өре тұра­ды. Сон­дағы олар­дың шыж-быжы шығып, өлер­мен­дік­пен қорға­штай­ты­ны – араб хали­фа­тын құру­ды аңсай­тын идео­ло­ги­я­ның насихаты.

Егер Алға­ба­стағы бұл мешіт бой көтер­се, халы­қты ертелі-кеш азан айтып, бүкіл Ала­тау ауда­нын­дағы қаза­қтар­ды дін­ге қарай үгіт­тей­тіні анық. Мек­теп­тер­де хиджа­б­пен күресіп жатқан билік­тің өзі зәулім мешіт салу арқы­лы дін­шіл­дік­ті қол­дап оты­рға­нын қалай түсі­ну­ге бола­ды? Қазір­дің өзін­де «Алғабас‑6» ықша­мауда­нын­да бет-ауы­зда­рын қап-қара паран­жа­мен тұтас тұм­ша­лап ала­тын әйел­дер мен сақал­да­ры беліне түс­кен еркек­тер 7 қабат­ты үйдің (№1/178) бір кіре­берісін (подъ­езін) тұтас жау­лап алға­ны бай­қа­ла­ды. Осы­лай­ша жат діни идео­ло­гия виру­сы өзге көр­шілер мен сол төңірек­те тұра­тын қаза­қтарға тара­лып жатыр.

Жат діни ағым­дар мешіт­тер түгілі, жоға­ры оқу орын­да­рын­да ора­за, айт діни мере­ке­лерін­де жүй­елі наси­хат­тық жұмыстар жүр­гі­зеді. Оны­мен қоса, жетім­ха­на­лар­дағы бала­лар­ды тұта­стай діни ағым­дар жау­лап алған. Олар әке-шеше­сіз өскен жас жет­кін­шек­тер­ге діни тәр­бие беріп, нағыз бас­ке­сер жиһад­шы тәр­би­е­ле­уді көз­дей­ді. Интер­нет­те ғылым-білім­ге, ұлт­тық дәстүр­ге, ген­дер­лік сая­сатқа, толе­рант­ты қоғам ерекшелік­теріне қар­сы мол­да­лар­дың уағы­зда­ры өріп жүр. Оның тасқы­ны күн­нен-күн­ге ұлғай­ып жатыр.

Білетін­дер­дің айтуы­на қараған­да, Қытай билі­гінің қан­даста­ры­мы­зға деген теріс көзқа­ра­сы да Қаза­қстан­дағы уаһа­бизмдік син­дром сал­да­рын жақ­сы біл­ген­дік­тен туын­дап отыр. Өйт­кені мем­ле­кет­тік қыз­мет­те де теріс діни идео­ло­ги­я­мен ауы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­дің жұмыс жасай­ты­ны көп­шілік­ке белгілі.

Ертең­гі күні уаһа­бизм сал­да­ры­нан елі­міз­де атыс-шабыс бастал­са, сыр­тқы күш­тер өз әскер­лерін кір­гізіп, қаза­қтың бай­лы­ғын тегін алуға ұмты­лу қау­пін кім жоққа шыға­ра ала­ды? Олай бола қал­са, бүкіл жет­кен жетістік­тері­міз жер­мен-жек­сен болып, бір-ақ күн­де жой­ы­луы ықтимал.

Сол себеп­ті жат дін­нің виру­сы ел-жұрт­ты мең­деп алмауы үшін, оған бүгін­нен бастап қам­да­ну қажет-ақ. Билік ел-жұрт­ты қараңғы дін­шіл­дік­ке емес, зай­ыр­лы бағыт­тағы ілім-білім­ге, өнер­ге, ұлт­тық құн­ды­лы­қтарға жол сіл­те­уі керек.

 

Қазы­бек САРҚАСҚА,

Алма­ты қаласы

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн