Суббота , 12 июля 2025

Ал түберкүлезді ҚАЙТЕМІЗ?

Өзінің сай­лау науқа­нын басқа­лар­дан бұрын бастап кет­кен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев ҚР пре­зи­дент істерін басқа­ру меди­ци­на­лық орта­лы­ғы­ның ашы­лу сал­та­на­ты­на қатысты.

«Біз­ге бүкіл Қаза­қстан­нан, алыс және жақын шетел­ден келетін бола­ды деп сене­мін. Біз­де осы­ның өзін­де бәрі бар», – деді Н. Назар­ба­ев сәр­сен­бі күн­гі сал­та­нат­та. Ол мем­ле­кет­тің қаза­қстан­ды­қтар­дың кәсі­би емде­луіне арналған бар­лық жағ­дай­лар­ды жасап оты­рға­нын баса айтты.

«Жақ­сы ғима­рат жаса­дық, ең зама­на­уи күшті құры­лғы құр­дық, мұн­дағы диа­гно­сти­ка өте жақ­сы», – деп толы­қтыр­ды президент.

Кешен Қаза­қстан үшін жаңа жоба бой­ын­ша құры­лған: мұн­да меджәр­дем көр­се­тудің бар­лық түр­лері бар екеніне қара­ма­стан, ста­ци­о­нар­лық және емха­на­лық паци­ент­тер­дің ағы­ны мак­си­мум бөлін­ген. Бөлім­ше­лер мед­тех­ни­ка өндірісі сала­сын­дағы озық көш­бас­шы­лар­дың құры­лғы­ла­ры­мен жабдықталған.

Кешен құра­мы­на біре­гей диа­гно­сти­ка­лық блок және ядро­лық меди­ци­на бөлім­ше­сі кіреді. Ғима­рат пен оның инфрақұры­лы­мы­ның жұмысын қам­та­ма­сыз ететін негіз­гі жүй­е­лер­дің мони­то­рин­гі мен басқа­ры­луы авто­мат­тан­ды­ры­лған. Меке­ме­де жоға­ры білік­ті маман­дар, соның ішін­де меди­ци­на ғылым­да­ры­ның 11 док­то­ры мен 24 кан­ди­да­ты жұмыс істей­ді. Дәрі­гер­лер­дің жар­ты­сы­нан аста­мы жоға­ры санатқа ие.

Бұның бәрі, әрине, жақ­сы және мұн­дай орта­лық та қажет шығар. Бірақ Қаза­қстан­да өлім­ге душар 80 мыңға жуық құрт ауруы­на (тубер­ку­лез) шал­ды­ққан адам­дар­ды қай­те­міз? Бүкіләлем­дік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның дере­гі бой­ын­ша, Орта­лық Азия мен Қаза­қстан осы дерт­тің ошағы­на айналға­нын еске­рер бол­сақ, зама­на­уи дәре­же­де жаб­ды­қталған дәл осын­дай медор­та­лық түбер­күлез ауруын емдеу үшін де қажет бол­са керек.

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн