Суббота , 5 июля 2025

ҒАЛАМТОР ҒАРІП БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

Мең­зеу

 

Басқа елде ең алды­мен мил­ли­ар­дер бола­ды, содан соң пре­зи­дент болып сай­ла­на­ды. Біздің елде пре­зи­дент бола­ды, содан соң барып мил­ли­ар­дер болады.

• Ержан Тәліп­тің ФБ-парақшасынан

 

 


 

Қаза­қстан Freedom House халы­қа­ра­лық ұйы­мы ұйым­да­сты­рған ғалам­тор еркін­ді­гі рей­тин­гін­де 65 орын­ның 50-шісіне тұрақтап, өз пози­ци­я­сын төмендетті.

 

Жари­я­ланған зерт­те­у­ге сәй­кес, еркін емес ғалам­тор дең­гейі бой­ын­ша – 63 балл, ал БАҚ-тағы еркін емес сөз дең­гейі бой­ын­ша – 84. Айта кетелік, Freedom House желі­де­гі еркін­дік дең­гей­ін 0 – 100 ара­лы­ғын­да бел­гілей­ді. Бұл рет­те 0 балл толы­ғы­мен тәу­ел­сіз ғалам­тор­ды білдіреді.

Қаза­қстан­да ғалам­тор­дағы сөз бостан­ды­ғын шек­теу бар­лық 9 пара­метр бой­ын­ша аны­қталған: әле­умет­тік желілер­ді бұғат­тау; сая­си, әле­уметтк және діни кон­тент­ті бұғат­тау; үкі­мет­тік тіл­шілер­дің бел­сен­ділі­гі; ақпа­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық желілер­ді бұғат­тау; ғалам­тор­дағы цен­зу­ра­ны күшей­тетін заң қабыл­дау; сая­си неме­се әле­умет­тік тақы­рып­тар­да сөз қозғаған бло­гер­лер­ді қамауға алу; бло­гер­лер­ге шабуыл жасау; билік­ті сынға ала­тын интер­нет-ресур­старға тех­ни­ка­лық шабуыл жасау.

Freedom House бар­лы­ғы 65 елді үш пара­метр бой­ын­ша баға­лаған: ғалам­торға қол жетім­ділік, кон­тент­ке шек­теу қою және қол­да­ну­шы­лар құқы­ғы­ның бұзылуы.

Тізім­де бірін­ші орын­да Эсто­ния мен Ислан­дия (6 бал­дан), сосын Кана­да (16 балл) мен АҚШ (18 балл). Гру­зия 10-шы орын­да (25 балл), Арме­ния – 17-ші (30 балл), Қырғыз­стан – 21-ші (35 балл), Укра­и­на – 25-ші (38 балл), Әзір­бай­жан – 43-ші (57 балл), Бела­русь – 48-ші (62 балл), Қаза­қстан – 50-ші (63 балл), Ресей – 52-ші (65 балл), Өзбек­стан – 61-ші (79 балл). Соңғы 63 пен 65 ара­лы­ғын­дағы үш орын­да Иран, Сирия және Қытай (сәй­кесін­ше, 87, 87 және 88 балл).

Еске сал­сақ, был­ты­рғы Freedom House құра­с­ты­рған ғалам­тор еркін­ді­гі рей­тин­гін­де Қаза­қстан 65-тің 48-інші орнын­да болған еді. 2015 жылы Қаза­қстан ғалам­тор еркін­ді­гі индексін­де 61 балл жинады.

 

 

Қаза­қстан­да әрбір үшін­ші адам ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖЕМ БОЛҒАН

 

Қаза­қстан­да әрбір үшін­ші дер­лік аза­мат­тар күн­делік­ті өмір­де қоғам­дық қыз­мет­ті тұты­ну кезін­де кор­руп­ци­я­мен ұшы­рас­а­ды деп мәлім­деді Transparency International халы­қа­ра­лық ұйы­мы «Әлем­дік кор­руп­ция баро­мет­рі – 2016» деп ата­ла­тын есебін­де. Ұйым зерт­те­уін Еуро­па мен Орта­лық Ази­я­ның 42 мем­ле­кетін­де­гі 60 мың адам­нан күн­делік­ті өмірін­де кор­руп­ци­я­мен қан­ша­лы­қты ұшы­рас­а­ты­ны тура­лы сау­ал­на­ма алу негізін­де жүргізген.

Есеп­те ТМД елдері ара­сын­да жүр­гізіл­ген сау­ал­на­ма бой­ын­ша сұралған­дар­дың Тәжік­стан­да – 50 пай­ы­зы, Қырғыз­стан мен Әзер­бай­жан­да – 38, Арме­ни­яда – 24, Өзбек­стан­да – 18, Ресей­де – 34, Бела­русь­те – 20 пай­ы­зы соңғы бір жыл­да сегіз қоғам­дық қыз­мет көр­сетіп тұты­нған­да, кор­руп­ци­я­мен ұшырасқан.

Зерт­теу пост­со­вет­тік 14 мем­ле­кет пен Еуро­па­ның 28 мем­ле­кетін­де жүр­гізіл­ген. Ұйым мәлі­метін­ше, сау­ал­на­маға қаты­сқан қаза­қстан­ды­қтар­дың 37 пай­ы­зы кор­руп­ци­я­ны үкі­мет назар ауда­руы тиіс басты үш про­бле­ма­ның бірі ретін­де атаған. Ұйым зерт­те­уде ТМД елдерін­де кор­руп­ция дең­гейі ең жоға­ры әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту сала­ла­ры – жол поли­ци­я­сы, меди­ци­на, білім беру, аза­мат­тық сот сала­сы екені аны­қтал­ды, – дейді.

Azattyq.org


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн