Воскресенье , 6 июля 2025

«АЛАШ» АТАУЫ: лингвистикалық, этнологиялық және САЯСИ МАҒЫНАСЫ

«Алаш» – алға­шын­да моңғол импе­ри­я­сы кезін­де­гі бел­гілі бір әле­умет­тік топ­тың ата­уы ретін­де қалып­та­сты. Биле­уші тап – төре­лер, «төр», «жоға­ры» деген ұғым­ды біл­діреді, солар ғана билік­ке құқы­лы бол­ды. Ал бағы­ны­шты бұқа­ра­ның ішін­де «қара­шы», «ала­шы» деген топ­тар бол­ды. Қара­шы­лар – биле­ушінің айна­ла­сын­дағы­лар, оның шару­а­шы­лы­ғы мен бар­лық тұр­мыстық қам-қаре­кетін қам­та­ма­сыз ете­ді. Бұлар ата­лас жақын­да­ры­нан құра­лып, оларға қолға түс­кен тұтқын­дар­дан ірік­теліп қосы­лып оты­рған. Соңғы­ла­ры кей­ін­нен «төлен­гіт» ата­лып, ұрпақта­ры өсе келе үлкен рулы қауы­мға айналған.

 

Ал хан­ның қара­мағын­дағы халы­қтың еле­улі әле­умет­тік тобы «ала­шы» атанған. Бұл топ қара­шы­лар­дай, биле­уші­ге тіке­лей тұр­мыстық қыз­мет етпей, әске­ри мін­дет, тәр­тіп сақ­шы­лы­ғы, шека­ра қауіп­сізді­гі сияқты қатар­лы мін­дет­тер­ді атқа­рып, мем­ле­кет­тің күш-қуа­тын қалып­та­сты­рған. Бұл топ­тың басқа қара­пай­ым қауым­нан әле­умет­тік басым­ды­ғы (жер­ге иелік, әске­ри кеңе­стер­ге қаты­су, кей жағ­дай­да биле­ушілер­ге қол­дау көр­се­ту) болға­ны­мен, билік­ке талас­пай­ды, хан мен төре­лер­ге толы­қтай бағы­ны­шты. Олар­дың ала­шы ата­луы – хан сай­ланған кез­де оның бар­лық дүние-мүл­кін, үстін­де­гі киі­міне дей­ін «хан­та­ла­пай» етіп, ыры­мға бір жапы­рақтан бөліп алған. Ханға жеке мен­шік тиесілі емес, ол бүкіл мем­ле­кет­тің иесі, оның сыбаға­сы – елден бұй­ы­ра­ды деген түсінік орны­ққан. Міне, осы ала­шы­дан «алаш» ата­уы шыққан.

Шыңғыс­хан импе­ри­я­сын­да «Алты Алаш» ата­лып, мем­ле­кет­тің әске­ри күш-қуа­ты­на негіз болған алты ру: Татар, Мер­кіт, Керей, Қоңы­рат, Най­ман, Жалай­ыр. Кей­ін Мер­кіт­тер Керей руы­ның құра­мы­на енген, ал Татар­лар – Алтын Орда кезін­де қалып­тасқан биле­ушісінің аты­мен «Ноғай Орда­сы» болған, қауым­да­сты­қтың негіз­гі мүше­сі болған­ды­қтан, кей­ін­нен ноғай ата­нып кет­ті. Қазір­гі Еділ татар­ла­ры­ның ол кез­де­гі аты – бұлғар­лар. Бұлға – үлкен өзен бой­ын­дағы ел мағы­на­сын­да айты­лған. Халы­қтың атын өзгерт­кен оры­стар шығы­сын­дағы жұрт­тың бар­лы­ғын татар деп атап кеткен.

Моңғол импе­ри­я­сы­ның халқы этни­ка­лық жағы­нан моңғол­дар, түр­кілер және татар­лар болған. Сан жағы­нан басым түр­кілер­дің тілі ортақ тіл­ге айна­лып, Алтын Орда ислам дінін қабыл­даған­да, бар­лық алаш, оның ішін­де татар­лар да, мұсыл­ман болып, Алты Алаш бір­тұ­тас қауы­мға айнал­ды. Ислам дініне кір­ме­ген түр­кілер орыс князь­ді­гіне кетіп, олар­дың әулет­тері – Акса­ков, Арак­ше­ев, Ахма­тов, Беке­тов, Бул­га­ков, Буха­рин, Году­нов, Изма­и­лов, Карам­зин, Мен­де­ле­ев, Мичу­рин, Тур­ге­нев, Чере­ме­тев, Шиш­ков, Юсу­по­втар, т.б., – орыс мем­ле­кетінің қалып­та­суы мен өрке­ни­етіне еле­улі үлес қосты.

Жеке быты­раңқы князь­дік­тер­дің бір орта­лы­ққа топ­та­сып, қуат­ты мем­ле­кет болуы­на негіз болған – орыс ұлт­шыл­ды­ғы. Ұлт­шыл­дық идео­ло­гия желе­уі­мен бұры­нғы өздеріне үстем­дік еткен көр­шілерін енді «полов­цы», «кип­ча­ки», «тюр­ки», «ордын­цы» деуді қой­ып, бар­лы­ғын да «татар» дей­тін бол­ды және бұл ата­уды жек көру, мен­сін­беу, төмен­де­ту реңін­де қол­дан­ды. Осы ұста­ным­мен Орыс мем­ле­кетінің күре тамы­рын­дай өзен­мен аттас халы­қтың аты бұлғар­дан татарға өзгер­тіліп, өзен «Вели­кая рус­ская река – Вол­га» болды.

Алтын Орда­ның ыды­ра­уы кезін­де Керей мен Жәні­бек­тің баста­уы­мен ала­штар шығы­сқа, Шу мен Тала­стың бой­ы­на көш­кен­де, ноғай­лар баты­ста қалып қой­ды. Қазақ атанған бес Алаш өзі­мен тек­тес түр­кі рула­ры­мен бірі­гіп, іргелі ел болып, дер­бес хандық құрды.

Алаш – мем­ле­кет­тің тіре­гі, оның құн­ды­лы­қта­ры­нан ала­сысы болға­ны­мен, жоғарғы билік­ке ұмтыл­май­тын бағы­ны­шты қауым бол­са, қазақ – өз билі­гін өз қолы­на алып, бөлініп шыққан жұрт. Этни­ка­лық тұрғы­дан қаза­қтар бір тек­ті, бір тіл­де сөй­лей­тін, бір дін­ді ұстай­тын рулар­дан құрал­ды. Ұзақ уақыт тағ­ды­ры, тілі, діні ортақ болған ноғай­лар қазақ болған жоқ, қазақ болған рулар­дың ислам дінін қабыл­да­маған­да­ры да шет­теліп, басқа ұлы­старға, негізі­нен шығыс евро­па­лы­қтарға (орыс, мадь­яр) сіңісіп кетті.

Соны­мен, алаш – тегі жағы­нан құра­ма, билі­гі – басқа­да болған қауым. Ал қазақ – бір тек­ті, бір дін­де­гі тәу­ел­сіз мем­ле­кет құрған дер­бес қауым. Қазақ болуға ұйтқы болған бес алаш өзі тек­тес рулар­мен бір ханды­ққа бірік­ті. Бұл бірі­гу XV ғасыр­дың, екін­ші жар­ты­сын­да болға­ны­мен одан бір­не­ше ғасыр бұрын басталған үрдістің нәти­же­сі. Бұлар ала­шпыз деп емес, «қазақ» бола­мыз деп бірікті.

Мағы­на-мәні бой­ын­ша қазақ – этни­ка­лық ұғым, қалып­тасқан дер­бес ұлт­ты біл­діреді, ал алаш – сая­си-әле­умет­тік ұғым, мүд­делік қажет­тілік­тен туын­даған уақыт­ша қалып­тасқан құры­лым. Алаш – одақ­тас, қазақ –туыс. Бұл тұжы­рым­ды бекем­дей­тін Абы­лай айтқан дей­тін: «Алаш – туған бол­май­ды, ағаш – құман бол­май­ды» деген нақыл.

Алаш ата­уы­ның жаңа­рып, қастер­лі ұғы­мға айна­луы «Алаш» пар­ти­я­сы­ның құры­луы мен Алаш қозға­лы­сы­на бай­ла­ны­сты. Ресей отар­шы­лы­ғы кезін­де жері­нен айы­ры­лып, «Өз малын – өзім­дікі» дей алмай­тын хал­ге түс­кен қаза­қтар Шыңғыс­хан дәуірі мен Алтын Орда кезін­де­гі ала­шты­ғын аңсай­тын күй­ге жет­ті. ХХ ғасыр­дың басын­дағы жағ­дай­да ұлты­мы­здың көш бас­шы­ла­ры толық тәу­ел­сіздік­ке жетудің мүм­кін емес екенін түсін­ді. Қаза­қтың әлі де қуат­ты­лы­ғы қайт­паған ХІХ ғасыр­да әске­ри күшпен Ресей­ге қар­сы күрес­ке шыққан Кене­са­ры да орыс пат­ша­сы­нан толық тәу­ел­сіздік­ті емес, қаза­қ­пен болған шар­ттар­ды орын­да­уын талап етті. Алаш зия­лы­ла­ры Ресей­дің абсо­лют­тік монар­хи­ядан монар­хи­я­лық-кон­сти­ту­ци­я­лық жүй­е­ге өтуі­нен үміт­теніп, бұры­нғы Алаш иде­я­сын ұста­нып, пат­ша­лық билік­тің жағ­дай­ын­да нақты сая­си-әле­умет­тік шара­лар­ды (жер­ге иелік, оқу-білім) іске асы­ру­ды мақ­сат етті.

Олар­дың «Алаш» ата­уын таң­да­уы, бірін­ші­ден, Ресей билі­гіне мой­ын ұсы­нуы, толық тәу­ел­сіздік қол жет­пей­тін қиял ғана бола­тын­ды­қтан, сая­си мақ­сат – авто­но­мия алу бол­ды. Ол кез­де­гі қазақ қауы­мы­на авто­но­ми­ядан гөрі, «алаш» ұғы­мы түсінік­ті еді. Екін­ші­ден, ұлт­тың аты­мен «қазақ пар­ти­я­сы» делін­се, сепа­ра­ти­стік пиғыл ретін­де қабыл­да­ну­мен қатар, ұлты­мы­здың қазақ аты да тәр­кі­леніп, «кир­гиз», «кай­сак» ата­лып кет­кен­біз. Айбын­ды естілетін «қазақ» ата­уын атқа мініп, қылыш ұстаған оры­стың каза­че­ст­во­сы иелен­ді. Бұл Еділ бұлғар­ла­ры­ның татар атанға­ны­мен тақы­лет­тес сая­сат еді. Халқы­мы­здың өз атын қай­та­рып алуы да күш-жігер­ді қажет етті. Қазақ зия­лы­ла­ры­ның Алаш ұра­нын көте­руінің тағы бір сыры – Ресей­дің қол астын­дағы бауыр­лас халы­қтар­ды осы қозға­лы­сқа тар­тып, пат­ша­ның отар­лық сая­са­ты­на қар­сы одақ­тас табу еді.

Жоға­ры­дағы тал­да­у­лар­дан шыға­тын қоры­тын­ды: Алаш – сая­си инсти­тут, үлкен импе­ри­я­ның құра­мын­дағы бағы­ны­шты этно­стар­дың бір­лесіп, жоғарғы билік­ке мой­ын ұсы­на оты­рып, мүм­кін­ді­гін­ше тір­шілік мүд­десін қорғап, мем­ле­кет­те­гі лай­ы­қты орнын қам­там­сыз ету теті­гі. Алаш инсти­ту­ты импе­ри­я­ның жоғарғы билі­гі­мен бет­пе-бет ашық күре­спе­се де, түп­тің-түбін­де импе­ри­я­ның ыды­ра­уы­на соқтырады.

Соны­мен, алаш – импе­ри­ядағы бағы­ны­шты этно­стар­дың одағы. Бұл ұста­ным­да болған Ресей импе­ри­я­сы кезін­де­гі татар, қазақ зия­лы­ла­ры сенат­та мұсыл­ман фрак­ци­я­сын құр­ды, бірақ пат­ша билі­гі олар­дың қада­мын аштыр­май, тара­тып жібер­ді. Қазан төң­керісі­нен кей­ін қазақ зия­лы­ла­ры­ның (М. Шоқай, М. Дула­тов, А. Бай­тұр­сы­нов) тағ­дыр­лас туы­сқан қырғыз бен өзбек­тер­ді қатарға тар­ту әре­кет­тері нәти­же­сіз бол­ды. Кеңес Одағы кезін­де Бал­тық жаға­сын­дағы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дың орта­лы­қ­пен жасаған қаты­на­ста­рын нағыз ала­штық сая­сат деу­ге бола­ды. Осы жол­мен олар ұлт­тық мүд­де­лерін қорғай білді.

Біз тарихы­мы­зда жеке­ле­ген тәу­ел­сіз рулар болып тұрған­да бірік­кен жоқ­пыз, алаш инсти­ту­ты­нан өтіп, бір­ле­судің жөн-жосы­ғын игер­ген соң, қазақ болып, шаңы­рақ көтер­дік. Ресей отар­лы­ғы кезін­де ұлт­тық тәу­ел­сіздік тұр­мақ, ала­шты­қтан да айы­рыл­дық. Кеңес дәуірін­де қан­ша нәу­бет­ті көр­сек те, ала­штық дәре­же­ге жет­тік. Бұл жетістік Отан соғы­сын­дағы орас­ан зор құр­бан­ды­қтар мен одан кей­ін­гі білім мен өнер­дің дамып, ұлт­тық интел­ли­ген­ци­я­ның қалып­та­суы­ның нәти­же­сі еді.

Қазір, Аллаға шүкір, қай­та­дан тәу­ел­сіз қазақ бол­дық. Ала­шты­ққа жет­кен­ді­гі­міз – қазір­гі тәу­ел­сізді­гі­міз­ге иелік етудің алғы шар­ты бол­ды. «Мың өліп, мың тіріл­ген» қаза­қтың пеше­несіне жазы­лға­ны – нәу­бет­ке ұшы­раған­да құрып кет­пей, ала­шты­ққа арқа тіреп, қай­та­дан қазақ болып, бой жазып тұрып кет­кен­ді­гі екен.

Сон­ды­қтан да «Алаш» халқы­мыз үшін қастер­лі ұғым. Оны бүгін­де ұлт­тық сана­мы­зда ғана қастер­ле­сек те, қай­та­дан Алаш болуға ұмтыл­май­ық. Бөтен­нің билі­гіне мой­ын ұсы­нған ала­шты­қтан қай­та­дан еркін қазақ бол­дық. Енді­гі мақ­са­ты­мыз қаза­қты­ғы­мы­зды сақтау болуы керек.

Тіле­убер­ді САЙДУЛДИН,

ҚР ҰҒА академигі

 

Жол­ма-жол

 

«ҚАЗАҚ» АТАУЫ

тура­лы тағы бірер ой

Халқы­мы­здың, мем­ле­кеті­міздің ата­уы – «қазақ» сөзінің қай­дан шыққан­ды­ғы жай­лы бірқа­тар мәлі­мет­тер­мен бөліскім келіп отыр.

Кәріқұлақ ақсақал­дар­дан «Қазақ» сөзі қай­дан шықты?» деп сұра­саң, ауыз­ша шежірені айтып: «Қазақ пен Созақ ағай­ын­ды кісілер­ден тараған­быз» дей­ді. Бірақ Созақ тура­лы еш тара­тып айта алмай­ды. «Созақ» деген атау Оңтүстік Қаза­қстан­да және Қырғыз­стан­да – екі жер­де аудан, елді мекен ата­уы болып кездеседі.

Ал ғылы­ми негіз­де­гі «қазақ» сөзіне кел­сек, бұл сөз 850 жыл­да­ры грек мона­хы Епи­фа­ни­дың «Кав­каз өңірін­де Касог­ди­а­на деген халық бар (касог сөзіне қосы­лған диа­на – грек-пар­сы­ша ел ұғы­мын береді)» деген мәлі­метін­де кездеседі.

Ал «қазақ» деген дұрыс атау Фир­до­усидің «Шах­на­ма» даста­нын­да алғаш кез­де­седі. Ол тура­лы 1830–80 жыл­дар­дағы еңбек­терін­де А. Лев­шин,             О. Сен­ков­ский, неміс А. Вам­би­ри жазған. Неміс ғалы­мы «Түр­кі халы­қта­ры­ның этно­ло­ги­я­сы мен этно­гра­фи­я­сы» деген еңбе­гін­де: «Қазақ есі­мі ІХ–Х ғасыр­лар­да болған. Қазақ ханды­ғы деген ел Көк теңіздің (Арал теңізі) сол­түсті­гін мекен­деп оты­рған күшті әрі көп­сан­ды жұрт. Тұран­ның қас­та­сы Иран­ды қорқыт­пақ бола­ды» деп жазған. Яғни, 900‑1000 жыл­да­ры «қазақ» ата­уы, халқы болған. Оны Визан­тия импе­ра­то­ры Кон­стан­тин Богря­на­род­ный (913–959 жыл­да­ры өмір сүр­ген) «Об управ­ле­нии госу­дар­ством» деген ұлы­на өси­ет кіта­бын­да: «Зихи­я­ның ар жағын­да Папа­хия жері бар, оның сыр­тын­да Каса­хия деген жұрт жатыр. Каса­хи­ядан жоға­ры Кав­каз тауы­ның ар жағын­да Алан жері бар» деп жаза­ды. Бұл Кав­каз тауы­ның теріс­кей­ін­де КАСАХИЯ деген мем­ле­кет болған дегені.

934 жылы араб сая­хат­шы-тарих­шы­сы Масу­ди өзінің «Мурудж әл дза­хаб» деген еңбе­гін­де «Алан пат­ша­лы­ғы­ның ар жағын­да кашак (араб әлі­п­биі­мен жазы­лған­ды­қтан, әрі оны орыс ғалы­мы В. Минор­ский аударған­ды­қтан, «қасақ», «касах» деген­ді осы­лай «кашак» деп жазған болар деп есеп­тей­мін) деген халық бар. Сол өңір­ді мекен­де­ген тай­па­лар­дың ара­сын­да бұлар­дай бет­тері кір­шіксіз таза, әде­мі де көрік­ті жұрт жоқ» деп жаза­ды. Масу­ди «кашак» сөзі «өр, өжет, тәкап­пар» деген мағы­на береді дей­ді. Оны аударған В. Минор­ский «пар­сы­дағы дай­ын сөз­ге елік­теп жаза салған, әйт­пе­се сол кез­де­гі ата­уы «касах» еді» дей­ді. Оры­стың 965‑1022 жыл­дар­дағы жыл­на­ма­шы­ла­ры қаза­қты «касог» деп жазған. Одан кей­ін­гі 1000–1400 жыл­дар ара­лы­ғын­да қазақ ата­уы жиі әрі көбі­не­се дұрыс жазы­лған нұсқа­ла­рын­да кез­десіп отырады.

Ал жана­ма дерек көзіне сен­сек, «қазақ» сөзі біздің жыл сана­уы­мы­здың 3–4 ғасыр­ла­рын­дағы Хорезм өңірін­де­гі (Қаң­лы тай­па­сы биле­ген) Топы­рақ қала­дан табы­лған кісі есім­дері ара­сы­нан (қаңлы­ның 22 пат­ша­сы­ның тізі­мі) «касак, каса­сак (батыр сақ), панд­сак (ұстаз сақ), Саққа­зақ пат­ша» деген түр­де кездескен…

Міне, қысқа­ша ғана тари­хи деректер­ге шолу­дың өзі «қазақ» сөзінің, сол ата­уды иелен­ген тай­па, мем­ле­кет, халы­қтың ары­сы – біздің дәуірі­міз­ден бұры­нғы 400–300 жыл (сон­да «қазақ» ата­уы­ның алғаш кез­дескені­нен бері 2400 жыл­дай мерзім болға­ны), берісі – біздің жыл сана­уы­мы­здағы 8–9 ғасыр­лар­дан бері бар екенін айғақтай­ды. Ал «қазақ» сөзінің мәні мен мағы­на­сы тура­лы әлі нақты тұжы­рым жоқ.

Ал бүгін­гі ҚАЗАҚ ұлтын (бірқа­тар түр­кі тіл­дес ұлт­тар­ды да құрап оты­рған) тай­па-рулар­дың басым бөлі­гі 1–2 мың жыл­дан бері Қаза­қстан жерін мекен­де­ген, бірқа­та­ры кей­ін­гі қаған­ды­қтар­мен бір­ге Шығы­стан – Бай­көл (Бай­кал көлі ) маңы, сол­түстік Қытай, қазір­гі Моңғо­лия, Алтай, Шың­жан өлкесі жер­лері­нен қоныс аударған. Бірақ бар­лы­ғы да жүз­де­ген (мүм­кін, мың­даған) жыл­дар бойы біре­се бір мем­ле­кет­тің құра­мын­да, біре­се біраз мез­гіл ажы­рап қалып, қай­та қауы­шып, қоян-қол­тық өмір сүрген.

Аманға­ли ӘБУОВ,

пуб­ли­цист

(«Фейс­бук» парақ­ша­сы­нан алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн