Среда , 27 августа 2025

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР БАСТАН КЕШКЕН ҚУҒЫН-СҮРГІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

Тара­зы – тарих


Ақпан рево­лю­ци­я­сы нәти­же­сін­де монар­хи­я­ның құла­уы отарға айнал­ды­ры­лған елдер алды­нан тама­ша сая­си мүм­кін­дік­тер ашты. Импе­рия халы­қта­ры тәрізді қазақ халқы­на да өзінің жоғал­тқан мем­ле­кет­ті­гін жаңғыр­туға бастай­тын жол ашыл­ды. Рево­лю­ци­я­лық ұйым­дар құрыл­ды, алға­шқы жиын­дар, съез­дер өтті. Қаза­қтар­дан Жан­ша Досмұ­ха­ме­дов Ресей мұсыл­ман­да­ры одағы­ның атқа­ру коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры болып сай­лан­ды. Сол лау­а­зы­мын­да ол Ресей Рес­пуб­ли­ка­сы­ның уақыт­ша заң шыға­ру орга­ны­на, Пред­пар­ла­мен­тіне мүше болып, бола­шақ мем­ле­кет­тік құры­лым­ды аны­қтай­тын заң жаса­суға қаты­сты. 1917 жылғы 25 қазан төң­керісіне тіке­лей куә бол­ды. Пет­ро­град­тағы төң­керіс тала­бы­мен Екін­ші Кеңе­стер съезі құрған Совет үкі­меті мен оған қар­сы ұйы­сқан әре­кет­тер­ді «оры­стар­дың өза­ра ырыл­да­суы» деп баға­ла­ды. Анар­хи­я­лық құбы­лы­сты көзі­мен көріп оралған­ды­қтан, Орын­бор­да 1917 жылғы 5–13 жел­тоқ­сан­да өткен Екін­ші Жал­пы­қа­зақ съезін­де «орта­лы­қтан бер­мен лық­сы­ған анар­хи­яға тосқа­уыл болу үшін» Қазақ авто­но­ми­я­сын шұғыл жари­я­ла­уды талап ету­шілер­дің басын­да тұр­ды. 1918 жылғы ақпан­да Орал облы­сы қаза­қта­ры съезінің шеші­мі­мен «Алаш-Орда» Халық Кеңесінің мүше­сі ретін­де Мәс­ке­у­ге облы­стық зем­ство басқар­ма­сы­ның басты­ғы Халел Досмұ­ха­ме­дов­пен бір­ге арнайы деле­га­ци­я­ны бастап бар­ды. Жан­шаға бұл ісса­па­рын­да, 1930 жылы тер­ге­уші­ге бер­ген көр­се­туін­де айтқа­нын­дай, «көр­сетіл­ген аумақтағы «Алаш-Орда» билі­гін мой­ын­дау тура­лы РСФСР Сов­нар­ко­мы­м­ен келіс­сөз­дер жүр­гі­зу» тап­сы­ры­лған еді.

Деле­га­ци­я­ның совет үкі­меті бас­шы­ла­ры­мен тұңғыш келіс­сөзі бір­ша­ма сәт­ті бол­ды: Ұлт істері жөнін­де­гі халық комис­са­ры Ста­лин төте желі­мен Семей­де­гі Алаш үкі­меті бас­шы­ла­ры­мен сөй­ле­сті, Орал облы­сын­дағы зем­ство меке­ме­лерінің жұмыста­рын жалға­сты­ра беру­леріне рұқ­сат етіл­ді, облы­стағы Алаш құры­лы­мын совет­тік плат­фор­маға ауы­сты­руға жұм­сау үшін деле­га­ци­яға қомақты қара­жат беріл­ді. Артын­ша Ста­лин­нің совет­тік негіз­де­гі авто­но­мия ғана тән алы­на­ты­ны, сон­ды­қтан еңбек­ші бұқа­ра­ның бур­жу­а­зия қай­рат­кер­лерін мой­ын­да­ры­нан түсіріп таста­уға тиісті­гі тұжы­рым­далған цир­ку­ля­ры жари­я­лан­ды да, Алаш-Орда ақтар­мен одақ­та­суға мәж­бүр бол­ды. Қызыл­дар аза­мат соғы­сын­да жеңіп келе жатқан шақта Қазақ әске­ри рев­ко­мы жүр­гіз­ген келіс­сөз­дер нәти­же­сін­де Батыс Алаш-Орда ұлт­тық әскерінің күші­мен ақтар­дың әске­ри қосы­нын талқан­да­ды да, 1920 жыл­дың басын­да кеңес өкі­меті жағы­на шықты.

Алай­да Алаш-Орда ұза­май «контр­ре­во­лю­ци­я­лық ұйым» деп таны­лып, күл­лі елі­міз­де қыз­метін доғар­ды. Ала­шор­да­шы­лар, олар­дың артын­ша елі үшін еңбек еткен ком­му­ни­стер де жап­пай қуғын-сүр­гін кезін­де репрес­си­яға ұшы­ра­тыл­ды. Бұлар жай­ын­да тота­ли­тар­лық билік тұсын­да айтыл­май­тын. Осы жабық тақы­рып­тар биле­уші пар­ти­я­ның қай­та құру сая­са­ты жари­я­ланған­нан кей­ін ғана қозға­ла баста­ды. 1988 жылғы қара­ша­да «Алаш ісі­мен» 30-жыл­да­ры репрес­си­я­ланған­дар ақтал­ды. Сол шақта, 1989 жылғы сәуір­де, «Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы­ның шаңы­рақ көтер­гені мәлім. Қоғам халы­қты жап­пай сая­си қуғын-сүр­гін мен ала­пат ашар­шы­лы­қтарға ұшы­ратқан ста­ли­низм қыл­мыста­рын әшке­ре етуді, есім­дері мен елге сіңір­ген еңбек­тері ұмыт­ты­ры­лған тұлға­лар­ды қоғам­дық өмір­ге қай­та әке­луді, тарих­тағы толып жатқан «ақтаң­дақтар­ды» ашу­ды мақ­сат етті. Содан бер­гі ширек ғасыр­дан астам уақыт бойы «Әділет­ке» мүше ғалым­дар, жазу­шы­лар, кине­ма­то­гра­фи­стер, жур­на­ли­стер және, әрине, сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры­ның ұрпақта­ры өткені­мізді бұр­ма­ла­у­лар­дан аршу және адам­дар­ды тазар­ты­лған тарих арқы­лы тәр­би­е­леу ісіне бел­сене атса­лы­сып, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды орны­қты­руға еле­улі үлес қосып келеді.

Елі­міздің әуелі Ресей, одан Совет импе­ри­я­ла­ры құра­мын­дағы тарихы ұлт қай­рат­кер­леріне қар­сы жасалған сая­си қуғын-сүр­гін­дер мен руха­ни да, тәни де жаза­лау деректеріне тұнып тұр. Деген­мен, сая­си репрес­си­я­лар бірін­ші кезек­те кеңес кезеңінің қиға­шты­қта­ры­на қаты­сты түсініледі. Өйт­кені 1917 жылғы Қазан төң­керісі­нен бері боль­ше­вик­тер арнайы орган­ның жаза­лау маши­на­сы­на тап­тық тұрғы­дан төз­бе­ушілік оты­нын үсте­ме­леп салып тұр­ды. Осы құпия сая­си меке­ме алды­мен кеңес өкі­меті орнағанға дей­ін­гі, бүгін­дері Алаш қозға­лы­сы деп ата­ла­тын ұлт-азаттық қозға­лы­сқа қаты­су­шы­лар­ды, Алаш қозға­лы­сы алған биік шың – «Алаш-Орда» Халық кеңесін құру­шы­лар мен сол құры­лым­да қыз­мет істе­ген­дер­ді қуғы­нға ұшы­рат­ты. Сосын жасан­ды ашар­шы­лы­қта­ры­мен халқы­мы­зды әйгілі ұлт­тық апатқа ұрын­дыр­ды, одан үлкен тер­рор жыл­да­ры жұрт­ты жап­пай қуғын-сүр­гін­ге түсіріп, көл-көсір қай­ғы-қасірет­ке бөктірді.

Кеңе­стік қыл­мыстар­дың негіз­гілерін жүй­е­леп еске алар бол­сақ, ең алды­мен Алаш қозға­лы­сы­на қаты­сқан, кеңес билі­гі кезін­де совет­тік плат­фор­ма­да тұрып ұлт мүд­десін күйт­те­ген ұлт­тық интел­ли­ген­ци­я­ның қуда­ланға­ны тіл­ге ора­ла­ды. 1930 және 1932 жыл­да­ры бүгін­дері «Алаш ісі» деп ата­ла­тын сот үдерістері өтті. Кезін­де ұлт­тың ар-ожда­ны атанған Ахмет Бай­тұр­сы­нов­пен бір­ге қыры­қтан астам адам репрес­си­я­ның алға­шқы толқы­нын­да сот­тал­ды. Бұлар­дың ішін­де төр­те­уі – мәде­ни­ет қай­рат­кері Дін­мұ­ха­мед Әді­лов, жазу­шы Жүсі­п­бек Аймауы­тов, жур­на­лист Ахмет­са­фа Юсу­пов, әде­би­ет­ші Әбдірах­ман Бай­діл­дин 1930 жылғы 21 сәуір­де, про­ле­та­ри­ат көсе­мі Ленин­нің туға­ны­на алпыс жыл толу құр­метіне шалы­нған құр­бан­дық тәрізді – атып тастал­ды. Қоқан (Түр­кістан) авто­но­ми­я­сы­ның алға­шқы үкі­мет­ба­сы, кеңе­стік Түрк­сіб темір­жол маги­стралін салушы инже­нер Мұха­меджан Тыныш­ба­ев­пен бір­ге 1932 жылғы сәуір­де жиыр­ма шақты зия­лы Алаш қай­рат­кер­лері шар­пы­ған репрес­си­я­ның екін­ші толқы­нын­да жаза­лан­ды. Осы екі толқын­да да ұсталған ала­шор­да­шы­лар деп ата­ла­тын­дар­дың дені кеңес меке­ме­лерін­де қыз­мет атқа­ра­тын. Алаш-Ордаға да, оған қаты­сқан­дарға да совет өкі­меті амни­стия жари­я­лап, кешірім бер­ген, алай­да соған қара­ма­стан, аталған сая­си қуғын-сүр­гін­дер­ге ұшы­ра­ты­лып, сот­тал­ды. Олар­ды тұтқын­дау, тер­геу мен сот­тау бай­лар­ды тәр­кілеу науқа­ны­мен, қожа­лы­қтар­ды ұжым­да­сты­ру шара­ла­ры­мен және бұларға қар­сы артын­ша көтеріл­ген халық толқу­ла­ры­мен тұс­па-тұс келді.

Зерт­те­ушілер­дің айтуын­ша, 1929–31 жыл­да­ры 372 көтеріліс ошағы болған. Өкі­мет­тің терең ойла­сты­рыл­маған, солақай­лан­ды­ра жүр­гіз­ген рефор­ма­ла­ры­на Созақ, Сары­су, Бат­паққа­ра, Бостан­дық, Абы­ра­лы, Ырғыз, Қар­мақ­шы, Шұбар­тау аймақта­рын­да қар­сы­лы­қтар көр­сетіл­гені бел­гілі, олар азаттық үшін қозға­лы­сқа, қару­лы көтеріліс­ке ұла­сты. Бәрі де әскер күші­мен басып-жан­шыл­ды. Жаза­ла­у­шы қызыл қосын­дар қанға бояған көтеріліс­шілер қата­рын­да кем деген­де 80 мың­нан астам адам болған деп айты­ла­ды. Ала­ш­шыл­дар дем бер­ген көтерілістер, «бай­лар басқарған контр­ре­во­лю­ци­я­лық бас­кө­те­ру­лер» деп баға­ланған бұл қар­сы­лы­қтар­дың табиға­тын Абы­ра­лы көтерілісінің жетек­шісі Ысқақ Кем­пір­ба­ев сөзі айқын таны­та­ды. Оны тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры зерт­те­уші-ғалым Қай­дар Алда­жұ­ма­нов құпия мұрағат­тан тауып, ғылы­ми айна­лы­мға қосқан еді.

Сол құжатқа қараған­да, 1931 жылы 32 жасар Ысқақ Кем­пір­ба­ев көтеріліс­шілер алдын­да: «Біздің алды­мы­зда қиын да қаси­ет­ті парыз тұр, ол – тона­у­шы­лар­дың бірі Ста­лин басқа­рып оты­рған кеңес езгісін… құла­ту, – деген көрі­неді. – Қаза­қстан­дағы кеңес өкі­метінің тона­у­шы­лық сая­са­ты­ның мәні мен мін­детін сіз­дер­ге айтып жату­дың қажеті жоқ, – деп­ті ол одан әрі. – Бұл сая­са­ты­ның шынайы бет-жүзін кеңес өкі­метінің өзі сөз жүзін­де емес, іспен дәлел­деп бер­ді. Күні кеше­гі өткені­міз­ге көз сал­са да жете­ді: 1928 жылы бұл сая­са­тын іс жүзіне асы­ру­дың алға­шқы қада­мы жасал­ды, оны кеңес өкі­меті, оған дей­ін аса нығая қой­маған­ды­қтан, ерте­ректе бастай алмаған еді. «Ірі бай шару­а­шы­лы­қта­ры» дей­тін­дер­ді 1928 жылы тәр­кілеу арқы­лы Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на алға­шқы еле­улі соққы беріл­ді, біздің озық ойлы кісілері­міз содан көп бұрын болжаған тона­у­шы­лы­қтарға осы­лай жол салын­ды. Бәріңіздің де естеріңіз­де болар, 1928 жыл­дың өзін­де біздің ғалым­да­ры­мыз айтып еді ғой: «Алды­мен «ірі бай­лар­ды» тәр­кілей­ді, сосын «ұсақ бай­лар­ды» да іздеп тауып, шаңы­рағын орта­сы­на түсіреді, одан «орта­ша­лар­ды» қолға ала­ды, сөй­тіп, ақы­ры «кедей­лер­ге» де жете­ді»… Кеңес өкі­метінің сая­са­ты­ның мән-мағы­на­сы осын­дай, ол бұдан өзге­ше бола да алмай­ды, өйт­кені ол жеке мен­шік­ті жою­да. Жеке мен­шік­тің тамы­ры­на бал­та шабу арқы­лы ол жұмыс істе­мей-ақ, басқа­лар­дың тапқан-таянға­ны есебі­нен күн көру мүм­кін­ді­гін туғы­зу­да. Мұн­дай сая­сат­пен алы­сқа бара алмай­ты­ның – табиғи нәр­се, солай бол­ды да… Кеңес өкі­меті орта­ша және кедей шару­а­шы­лы­қтар­ды тәр­кіледі де, орны­на бірқа­тар сая­си-шару­а­шы­лық науқан­дар, дай­ын­да­у­лар делі­нетін­дерін енгізді, ола­ры сөз жүзін­де – соци­а­лизм­ге, іс жүзін­де – бас-басы­ң­ды түк қал­дыр­май тоз-тоз қылуға бағыт­тал­ды. Күл­лі кедей-кеп­шік, баты­рақтар­дың бас-басы­на салық салған ет дай­ын­да­у­лар мұны жет­кілік­ті түр­де айқын ашып тұрған жоқ па? Сәл-пәл нара­зы­лық біл­дірер бол­саң – түр­ме, «контр­ре­во­лю­ция», атып тастау, тағы­сын тағы­лар. Біз бұдан әрі бағы­ны­шты, әре­кет­сіздік жағ­дай­да оты­ра ала­мыз ба? Оның үстіне көтеріліс өрті бүкіл Кеңес Одағын шар­пып бара­ды. Бұдан әрі әре­кет­сіз оты­ра беру – Құдай алдын­да да, қазақ халқы алдын­да да қыл­мыс. Біздің боры­шы­мыз – жан аямай, шешім­ді түр­де, соңы­на шей­ін күресу».

Міне, 30-жыл­дарғы солақай рефор­ма туын­датқан ұлт-азаттық көтерілістер бас­шы­ла­ры­ның бірі кеңес билі­гінің жосы­қ­сызды­қта­ры сал­да­ры­нан сол кез­гі қазақ халқы­ның басы­на түс­кен жағ­дай жөнін­де осы­лай пай­ым­да­ды. Алай­да ұлт азатты­ғын көк­се­ген көтеріліс­шілер­дің аяу­сыз жаза­ланға­ны өз алды­на, күні бүгін­ге дей­ін сол бас­кө­те­ру­лер лай­ы­қты сая­си баға­сын алған жоқ. Ал ұлт зия­лы­ла­ры­на қар­сы бағыт­талған репрес­си­я­ның алға­шқы екі толқы­нын­да тұты­лған­дар ол жолы істері ұлт-азаттық көтеріліс­ке тіке­лей бай­ла­ны­сты­рыл­маған­мен, ең ауыр қыл­мыстық жаза­дан бәрібір құты­ла алма­ды. Олар өздеріне 1930 және 1932 жыл­да­ры кесіл­ген мерзім­дерін өтеп оралған­мен, өздерін құры­қтаған алға­шқы қуғын-сүр­гін науқа­ны­нан аман қалған ала­шты­қтар­мен, алаш иде­я­сы жүрек түк­пір­леріне ұялап, совет­тік негіз­де ұлт мүд­десін күйт­теп жүр­ген ком­му­нист қай­рат­кер­лер­мен және басқа да мың сан кеңе­стік адам­дар­мен бір­ге 1937–1938 жыл­да­ры Үлкен тер­рор ара­ны­на жұтылды.

Біз бүгін еш күмән­дан­бай­мыз – пат­ша­лық тарих сахна­сы­нан кет­кен­нен кей­ін, ұлт қай­рат­кер­лерінің алдын­да қазақ мем­ле­кет­ті­гін жаңғыр­ту мін­деті тұр­ды. Мұны орын­дау үшін олар сол кез­де­гі сая­си аху­ал салған екі жол­мен жүр­ді. Бірі – ұлт тұта­сты­ғын сақтай оты­рып, қаза­қтың ұлт­тық мем­ле­кетін құру­ды, екін­шісі – бұры­нғы импе­рия орны­на жұмыс­шы-шаруа-сол­дат депу­тат­та­ры кеңе­стері билі­гін орна­туға кел­ген боль­ше­вик­тер ұра­ны ауқы­мын­да, мем­ле­кет­тілік­ті тап­тық негіз­де құру­ды көз­дей­тін жол­дар. Екі жолға да жоға­ры­да аталған жыл­дарғы қуғын-сүр­гін үдерістері тый­ым сал­ды. Бірақ азатты­қты аңсау сезі­мін бір­жо­ла жоя алма­ды. Әділет­сіздік­тер жалға­сып жатқан­да, бұл мүм­кін емес еді.

Мұста­фа Шоқай атап көр­сет­кен «боль­ше­вик­тер­дің аштық сая­са­ты» аза­мат соғы­сы мен одан кей­ін­гі кезең­дер­де де дәуір­леп тұр­ды. Ашар­шы­лық 1917–1919 жыл­да­ры Түр­кістан Рес­пуб­ли­ка­сы өңірін ғана емес, 1921–1923 жыл­да­ры Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы облы­ста­рын, 1931–1933 жыл­да­ры Үлкен Қаза­қстан аумағын қам­ты­ды. Мил­ли­он­даған адам өмірін жал­маған ашар­шы­лы­қтар­дың – ұлт­тық апат­тың – қай­ғы­лы сал­дар­ла­ры қан­ды қылыш асы­нған көл­гір дема­го­ги­я­мен бүр­ке­ме­леніп кел­гені бүгін­де бар­ша­мы­зға мәлім. Үлкен тер­рор жыл­да­ры қазақ жерін­де конц­ла­герь­лер ашы­лып, Совет Одағы­ның түк­пір-түк­пірі­нен әкелін­ген «халық жау­ла­ры» казар­ма­лық соци­а­лизм өндірістерін жандандырды.

Бұған қосы­лып, соғы­сқа дей­ін корей­лер­ді, поляк­тар­ды күш­теп қоныс аудар­ту, соғыс жыл­да­ры немістер­ді, қал­мақтар­ды, шешен­дер­ді, ингу­штар­ды, балқар­лар­ды, қара­шай­лар­ды, қырым татар­ла­рын, месхет түрік­терін көші­ру, бар­лық арнайы қоны­стан­ды­ры­лған­дар­ды әске­ри комен­да­ту­ра тара­пы­нан тұрақты түр­де қадаға­лап, тек­серіп тұру арқы­лы Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сы іс жүзін­де Кеңес Одағы халы­қта­ры­ның түр­месіне айнал­ды­рыл­ды. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста тұтқы­нға түс­кен­дер­ді, Түр­кістан леги­о­нын­да қыз­мет етті деп айып­та­ла­тын­дар­ды, сон­дай-ақ қазақ ғалым­да­ры мен әде­би­ет, өнер адам­да­рын қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ту 40-жыл­дар­дың екін­ші жар­ты­сы мен 50-жыл­дар­дың басын­да да толас­сыз жүріп жат­ты. Совет Одағын құрай­тын тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тер­дің бірі сана­тын­дағы Қаза­қстан­да ұлт мүд­десіне кереғар әділет­сіздік­тер орын алды. Кеңес өкі­метінің жаңа отар­шыл­дық іс-әре­кет­тері қаза­қтар­ды өз елін­де ұлт­тық азшы­лы­ққа айнал­дыр­ды, олар­дың сана-сезім­дерін қыр­нап, бір арнаға түсір­ді, бар­ша­сы­нан ком­му­низм құрып жатқан бір ғана пікір­лі совет аза­ма­ты қалыптастырылды.

«Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы осы кезең­дер­де­гі тари­хи әділет­сіздік­тер себебін билік­ті жай­лаған неоста­ли­низмде, демо­кра­ти­я­мен үш қай­на­са сор­па­сы қосыл­май­тын пар­ти­я­лық дик­та­ту­ра­да деп сана­ды. Репрес­си­яға ұшы­раған Алаш қай­рат­кер­лері мен кеңес өкі­меті плат­фор­ма­сын­да ала­штық ел болу иде­я­сы­мен еңбек еткен совет қыз­мет­кер­лерінің ұрпақта­ры аталған мәсе­ле­лер­ді қоғам­да әлде­не­ше мәр­те талқы­ла­ды. Тота­ли­та­ризм қыл­мыста­рын әшке­ре­лей­тін мақа­ла­лар жаз­ды, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды совет­тік қуғын-сүр­гін­дер­дің қалай аяқ асты еткенін жұрт­шы­лы­қ­пен кез­де­су­лерін­де әңгі­ме­леп жүрді.

Соңғы он шақты жыл­дағы ізденістер нәти­же­лері – Алаш қозға­лы­сы құжат­та­ры­ның жинақта­лып шығуы, Алаш-Орда жай­ын­да деректі фильм жаса­луы, әйгілі қай­рат­кер­дің бұрын жұрт­шы­лы­ққа, тіп­ті зерт­те­ушілер­дің көбіне бей­мәлім болып кел­ген құпия хат­та­ры­ның толық мәтіні жария болуы «Әділет» мүше­лерін қат­ты толған­дыр­ды. 1924 жылғы сәуір­де Орта­лық Коми­тет­тің Бас хат­шы­сы­на, Орта­лық пар­ти­я­лық бақы­лау коми­тетіне және ГПУ-ге (Мем­ле­кет­тік сая­си басқар­маға) беріл­ген, сал­да­ры қасірет­ті қуғын-сүр­гін­ге әкел­ген осы құпия хабар­лар бой­ын­ша арнайы тың­да­у­лар өткізді. Алаш қай­рат­кер­леріне жасалған репрес­си­я­лар­дың баста­уы болған осы мәсе­лені талқы­ға салған­да, ымы­раға келе оты­рып түсіні­су жол­да­рын қарастырды.

Атақты қай­рат­кер Тұрар Рысқұ­лов Ста­лин­ге және тер­геу меке­ме­леріне бер­ген «Алаш-Орда» тура­лы сол хат­та­рын­да Түр­кістан Рес­пуб­ли­ка­сын­да қыз­мет атқарған жыл­да­ры «өзінің тура бір бүй­ірін­де үш жыл жұмыс істе­ген», «өздерінің ойла­ры мен наси­ха­тын тіп­ті пар­ти­я­лық қазақ бас­пасөзі арқы­лы жүр­гіз­геніне ұял­маған, өзінің иде­я­сы бой­ын­ша екпін­ді және Совет билі­гіне қар­сы», «шетел­мен (Шоқа­ев­пен) бай­ла­ныс орнатқан ұйым» болға­нын әшке­ре­леп, сол ұйым­дағы «Алаш-Орда­шы­лар» контр­ре­во­лю­ци­я­лық жұмыс жүр­гі­зу­де, олар­ды Қожа­нов тобы қол­дай­ды» деп көр­сет­ті. Негіз­гі баян­да­ма-хат­та­ры­на қосым­ша, «контр­ре­во­лю­ци­я­лық жұмыспен шұғыл­да­на­тын» пар­ти­яда жоқ Әли­хан Бөкей­ха­нов пен Жан­ша Досмұ­ха­ме­дов (Алаш-Орда­ның бас­шы­ла­ры) және пар­ти­яда бар Сұл­тан­бек Қожа­нов (Түр­кістан Рес­пуб­ли­ка­сы бас­шы­ла­ры­ның бірі) бастаған көп­те­ген қыз­мет­кер­лер­дің аты-жөнін тізіп, олар­дың «контр­ре­во­лю­ци­я­лық істерін» көр­се­тетін мінез­де­ме бер­ді. 1924 жылғы мамыр айын­да Түр­кістан­дағы үзең­гілесі Қабыл­бек Сар­мол­да­евқа жазған хатын­да ол өзінің ГПУ бас­шы­сы Ян Петер­сте болға­нын, Петер­стің өз аудар­ма­шы­сы­на «Ақ жол­да» басы­лған, басқа да бар­лық мате­ри­ал­ды ауда­руға тап­сы­рға­нын, содан төрт ай бұрын Мағ­жан­ның жинағы Қазан­да басы­лға­нын, оны ГПУ тәр­кілеп, тый­ым салға­нын айтып, соған қара­ма­стан, оның Қожа­но­втың алғы­сөзі­мен Түр­кістан­да шыға­ры­лға­ны­нан хабар­дар етті. Сосын ГПУ-де «қазір бел­гілі бір іс қозғал­ды… Петерс қат­ты қызы­қты», …«Қазақ мәсе­лесі­нен кей­ін өзбек­тер ара­сын­дағы Қоқан авто­но­ми­я­шы­ла­ры тура­лы мәсе­ле кезек­ке қой­ы­ла­ды» деген маңы­зды мәлі­мет­ті хабар­лай келе, өзі ашқан «контр­ре­во­лю­ци­я­лық топ­ты» әшке­ре­лей­тін қосым­ша мате­ри­ал­дар жинап, тиісті орын­дарға жөнел­тіп оты­ру жөнін­де нақты тап­сыр­ма­лар берді.

Чеки­стер ұлт қай­рат­кер­лерін совет өкі­меті орна­уы бары­сын­да үне­мі қадаға­лап, қадам­да­рын аңдып жүретін-ді. Атал­мыш құпия хабар олар­дың мақ­сат­кер­лік­пен тіміскі­леніп, ұлт мүд­десін жоқтай­тын ұйым құруға тыры­сқан Алаш қай­рат­кер­леріне қар­сы бұл­тарт­пас айып тұжы­рым­да­уы­на жақ­сы ілік, жаңа маз­мұн бер­ді. Алай­да пат­ша зама­нын­да юсти­ция гене­ра­лы дәре­же­сіне жет­кен білік­ті заң­гер, Батыс Алаш-Орда төраға­сы Жан­ша Досмұ­ха­ме­дов 1930 жылғы 5 қара­ша­дағы тер­ге­уде «астыр­тын ұйым құр­ды» дей­тін ондай әре­кет­ті өзінің «мән-мағы­на­сы жағы­нан қаза­қтың «ерік­кен сарт …уқа­лай­ды» деген мақа­лы­мен сипатта­уға болар еді» деп баға­лай­ты­нын аян етті. Сон­ды­қтан да алға­шқы тер­ге­улер­де айт­пай, тек бірқа­тар пси­хо­ло­ги­я­лық, бәл­кім, физи­ка­лық қысым жасалған­нан кей­ін ғана, сон­дай ұмты­лы­стың болға­нын мойындады.

«1922 жыл­дың көк­те­мін­де… үйі­ме қаза­қтар­дан 7–10 адам кел­ді, олар­дың ішін­де Халел Досмұ­ха­ме­дов, Дула­тов, жаңы­лы­спа­сам, Бірім­жа­нов бары қазір есім­де… Кел­ген­дер қазақ қай­рат­кер­лерінің ескі «Алаш» бағ­дар­ла­ма­сы еш жер­де қабыл­дан­баған, ол кезін­де тиісті дәре­же­де талқы­ла­нып-жасал­маған, бұры­нғы Ала­шор­да қай­рат­кер­лерінің сая­си мәсе­ле­лер хақын­да қалып­тасқан сая­си пай­ы­мы болу үшін, соны жетіл­діріп жөн­деу керек деген­ді айт­ты. Мұн­дай қай­та жөн­деу жүр­гізу­ге мен ашық қар­сы сөй­ледім. Бірін­ші­ден, біз, ала­шор­да­шы­лар, сая­сат­тың жеке­ле­ген мәсе­ле­лері бой­ын­ша мән-маңы­зы жағы­нан әртүр­лі сая­си ила­ным­да­мыз дедім. Бізді бұрын тек қана ұлт­тық бел­гі­міз ғана бірік­тіретін, ал қазір біз сая­си тұрғы­дан нөл­міз, сон­ды­қтан да айтып оты­рған мақ­сат­сыз бағ­дар­ла­ма­ны құра­с­ты­рып жазу біз­ге төтен­ше орган­дар тара­пы­нан тек қана жағым­сыз жәйт­тер тигі­зуі ықти­мал екеніне нұсқа­дым. Алай­да сая­си бет-бей­не­міз болға­ны жөн екен­ді­гі тура­лы өткен қызу айтыс-тар­ты­стан кей­ін бағ­дар­ла­ма жоба­сы жасал­ды. Оны «Ақ жол» маңын­да істей­тін­дер­дің бірі өздері­мен ала кет­ті, Орын­борға «сон­да жүр­ген бұры­нғы Алаш-Орда­ның басқа да қай­рат­кер­лерінің келісі­мін алу мақ­са­ты­мен» жібе­ру үшін…» – деді көрсетуінде.

Ұлт мәсе­лесінің дұрыс шешім табуы­на атса­лы­су­ды көз­де­ген бұл жұмыс содан әрі­ге бар­маған. Ұйым құрыл­маған. «Мен КСРО-да совет өкі­метін құла­та ала­тын күш бар деп ешқа­шан ойлап көр­ген емес­пін, – деді Жан­ша, – қазір де ондай ойдан аулақ­пын». Алай­да нақты іске айнал­ма­са да, пар­ти­я­ның негіз­гі бағы­ты­на көлең­ке түсіре­рлік әлдебір ойдың болуы­ның өзін қыл­мыс санау совет­тік бас­шы­лар үшін өте қажет еді.

Сон­ды­қтан да ГПУ репрес­си­я­ның алға­шқы екі толқы­нын­да ұсталған «қыл­мыс­кер­лер­ге» «кеңес өкі­метіне қар­сы контр­ре­во­лю­ци­я­лық ұйым құрған­да­рын» «мой­ын­да­тып», сая­си тап­сыр­ма­ны мүл­тіксіз орын­дап шықты. Үлгі жасалған­нан кей­ін, Үлкен тер­рор­да оны сол шақтағы тала­пқа сай қай­та­лау, сөй­тіп тіп­ті «халық жау­ла­рын» әшке­ре­ле­уде бел­сен­ді әре­кет етіп, совет өкі­метінің сені­міне әбден кір­ген­дей болған қай­рат­кер­лер­дің өзін «халық жауы» ету еш қиын­дық туғы­зған жоқ…

«Әділет» қоға­мы өткіз­ген талқы­ла­уда ұлт қай­рат­кер­лерін күста­на­лаған құпия хат­та­ры үшін Рысқұ­ло­вты кінәлаған­дар да, мәсе­ле­ге сол кез­гі тари­хи жағ­дай­мен сана­сып қара­уға шақы­рған­дар да бол­ды. Репрес­сия құр­бан­да­ры­ның бір ұрпағы, еңбек арда­гері, сол жиын­да ала­шор­да­шы­лар үсті­нен құпия ақпа­рат беру­шінің хат­та­ры сек­сен жыл­дан астам уақыт бойы жұрт­шы­лы­қтан жасы­рын жатқа­ны­на назар аудар­ды. Оның ғылым­да бел­гілі орны болған ірі тіл­ші-ғалым әкесін бәсе­ке­лесі тап сон­дай астыр­тын жала­мен ұстатқан да, өзі-ақ артын­ша газет­ке мақа­ла жазып, «халық жауын» әшке­ре­ле­гені жай­ын­да мақта­на хабар­лаған екен. Сөй­тіп, кеңес өкі­меті тұсын­да бар­лық құр­мет­ке бөлен­ген, тіп­ті есі­мі жоға­ры оқу орны­на беріл­ген. Сол жәйт­ті тара­тып айта келе, мұн­дай әділет­сіздік­ті қалай баға­ла­у­ға бола­ды деп күй­ін­ді қоға­мы­м­ы­здың мүше­сі. Талқы­ла­у­ға қаты­сқан­дар­дың көп­шілі­гі 30-жыл­да­ры қазақ қай­рат­кер­лері бірінің үсті­нен бірі әшке­ре-хат жазу­ды әдет­ке айнал­ды­рған деген­ді тіл­ге тиек етті.

Ақы­ры, түр­лі көзқа­рас­ты тың­дай келе, тари­хи тұлға­лар жай­ын­да енді бел­гілі болып жатқан ащы шын­ды­қтар олар­дың ел игілі­гіне сіңір­ген еңбек­терін қай­та баға­ла­у­ға сыл­тау етіл­ме­гені жөн деген тоқта­мға келісті. Ұлт­тық ымы­ра­ның жолы – тұлға­лар бей­несін жан-жақты тану, сөй­тіп, күр­делі заман­да өмір сүр­ген және күрес­кен аға ұрпақтың жақ­сы өне­ге­лері­нен үйреніп, көр­сет­кен нашар қылы­қта­ры­нан жире­ну, жал­пы, шын­ды­ққа тура қарай оты­рып, қоғам­дық аху­ал­ды терең түсі­ну­ге тыры­су. Бұл орай­да осы уақы­тқа дей­ін кей­бір зерт­те­ушілер­дің сот­тар мате­ри­ал­да­рын үстірт қара­у­ла­ры сал­да­ры­нан жеке­ле­ген тұлға­ларға қаты­сты қалып­та­сты­ры­лған теріс баға­ны, көзқа­рас­тағы бұр­ма­ла­у­лар­ды түзе­ту, жал­пы репрес­сия үдерістеріне әділ, адал, ғылы­ми тал­да­у­лар жаса­уды жалға­сты­ру маңы­зды болмақ.

Төрт ғасыр дер­бес өмір сүріп, алып импе­рия ота­ры­на айналған елі­міздің қай­та түле­уінің көрінісі болған Алаш-Орда­ның 100 жыл­дық мерей­тойы қар­саңын­да осын­дай пікір­ді де ортаға салған­ды қош көр­дік. Өйт­кені біз бүгін Ала­штың Орда­сы хақын­дағы алғы­сты сөз­дері­мізді айту­мен бір­ге, ол тарих сахна­сы­нан кетіп, ұлт­тық қай­рат­кер­лер кеңес шар­тын қабыл алған­нан кей­ін­гі сая­си тір­шілік­ті де, содан бер­гі жоғал­тқан мүм­кін­дік­тері­міздің шын себеп­терін де сара­лай білуі­міз керек. Мұн­дай әре­кет, сөз жоқ, елі­міздің баян­ды бола­шағын қам­та­ма­сыз ету­ге қыз­мет ететін болады.

Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ,

«Әділет» тари­хи-ағар­ту қоғамы

төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, т.ғ.к., жазушы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн