Суббота , 5 июля 2025

«Алаштың» 100 жылдығы АТАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ – дейді үкіметтің вице-премьері

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

Апта апты­ғы


ҚР пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Иманға­ли Тасмағам­бе­тов Ала­шор­да қозға­лы­сы­ның құры­лға­ны­на 100 жыл толуы­на орай Алаш зия­лы­ла­ры­ның шығар­ма­шы­лық мұра­ла­рын зер­де­леу және оны жан­дан­ды­ру мәсе­ле­лері бой­ын­ша кеңес өткізді.

«ХХ ғасыр­дың басын­да ұлт­тың зия­лы­ла­ры азаттық үшін болған көп ғасыр­лық күре­сте маңы­зды рөл атқар­ды. «Алаш» алға­шқы сая­си пар­ти­я­сы және Алаш Орда үкі­метінің пай­да болуы аза­мат­тық кемел­ден­ген және халы­қтың бола­шақ тағ­ды­рын шеше ала­тын қаза­қтың сая­си зия­лы­ла­ры­ның жоғарғы әле­уетін көр­сет­ті», – деп атап өтті Тасмағамбетов.

Бұл орай­да вице-пре­мьер елі­міз­де­гі Ала­шта­ну­шы тарих­шы­лар мен әде­би­ет­шілер, отан­дық кино және теле­ви­зия сала­сы­ның маман­да­ры­мен бір­ле­се оты­рып, тың баста­ма­лар­ды – кітап шыға­ру, кино түсі­ру мәсе­лесін қолға алу қажет­ті­гіне тоқталды.

«Ала­штың 100 жыл­ды­ғы­на дұры­стап дай­ын­да­луы­мыз керек. Қазір ең басты­сы – жақ­сы жос­пар құруы­мыз қажет. Оған бір-екі апта­дай уақыт алып, дұрыс жос­пар құрып, оны елба­сы­мен келісіп, уақы­тын бел­гіле­ген жөн. Ала­штың 100 жыл­ды­ғы сол заман­мен қалып қой­май, оны бүгін­гі тәу­ел­сіз мем­ле­кет­пен бай­ла­ны­сты­ру орын­ды бола­ды. Алаш зия­лы­ла­ры­ның арма­ны, оның орын­далға­ны, тәу­ел­сіз ел болға­ны­мыз, осы­ның бар­лы­ғы ұлт­тық және тари­хи сана­ны көте­ретін жақ­сы дүние болуы керек», – деді вице-премьер.

Кеңес қоры­тындысы бой­ын­ша И. Тасмағам­бе­тов ҚР Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гіне Алаш Орда үкі­метінің құры­луы мен қалып­та­суы­на атса­лы­сқан ұлт зия­лы­ла­ры­ның өмір­ба­я­нын зерт­теп, олар жөнін­де көр­кем өмір­ба­ян­дық кітап шыға­ру­ды және Ахмет Бай­тұр­сы­нов ғылы­ми еңбек­терінің 10 том­ды­ғын басып шыға­ру­ды тапсырды.

Алдағы уақыт­та Ахмет Бай­тұр­сы­нұлы­ның музей-үйінің ғима­ра­ты рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар Тарих және мәде­ни­ет ескерт­кі­ш­терінің мем­ле­кет­тік тізі­міне енгізілетін болады.

Қаз­ТАГ


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн