Воскресенье , 20 апреля 2025

ҚАЛАУБАЕВА қарау байлардан ҚАЙЫРЫМДЫ!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №02 (273) от 15 января 2015 г.

Өнеге

 

Жуырда қазақ эстрадасына өзгеше би стиліне ұштасқан нәзік даусымен келген Әйгерім Қалаубаева тыңдарманымен тағы бір рет отбасылық сыры жайлы бөлісті. Өзінің ресми парақшасында неке жүзігін тағып отырған суретiн жариялады.

Баспасөз беттерiнiң бiрiне берген сұхбатында: «Жолдасым Дәурен – әскери қызметте. Айсұлтан, Айдана есімді қос перзентіміз бар. Әскери адам болғаннан кейін, отбасымызда тәртіп мықты, «Шаг влево, шаг вправо – расстрел» деген қағидамен жүреміз», – деп, әнші өзінің бақытты екенін жеткізген еді.

Естеріңізге сала кетсек, Қалаубаева әншілік өнерімен қатар, 2010 жылдың жазынан бастап би студиясын ашқан болатын. Қазірде сол жерде көптеген шәкірттер тәрбиеленуде.

Сонымен бірге қайырымдылық шараларына үзбей қатысып тұратын әнші, бір кездері бұдан сырт екі-үш отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұратынын айтқан болатын.

Әдетте «Асы барда беріп жүріп ел танығысы келетін» бұрынғы пейілі бай қазақтың бүгінде қатары сирегенін ескерсек, Айгерімнің ауыл ағайынына аузынан жырып, ас бергені жұлдыз біткенге өнеге болса керек!

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн