Суббота , 5 июля 2025

«АЛЛО» АҚЫРЫ ДАУҒА АЙНАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (331) от 07 апре­ля 2016 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Қырғы­здың «Алло» әнін көшір­ген Төреға­ли Төреәлі мен Ерке Есма­хан­ның про­дю­сер­лерінің ара­сы­нан «қара мысық» жүгіріп өтті. Оған «Ел аузын­да» теле­бағ­дар­ла­ма­сын­да әншінің әкесі, әрі про­дю­сері Төреәлінің «Ерке Есма­хан бала­сы­ның арқа­сын­да халы­ққа таныл­ды» деген сыңай­дағы сөзі желеу болды.

 

Өз тәлі­мін­де­гі қыздарға шаң жуыт­пай­тын Баян инста-парақ­ша­сын­да: «Менің әріп­тесім Төреәлі өзге әртістер үшін жау­ап­кер­шілік­ті тым жиі өзіне алған­ды жақ­сы көреді. «Алло» − бұл ортақ туын­ды. Әнді Төреға­ли ұсын­ды, ал бей­не­ба­ян түсі­ру иде­я­сы – менікі. Ойы­мыз бір жер­ден шығып, жақ­сы жұмыс жасаған сияқты едік. Еркенің Төреға­ли секіл­ді сахна­да жеке ән айтып жүр­геніне екі жыл бол­ды. Өзгенің еңбе­гін сый­лай білу керек деп ойлай­мын, құр­мет­ті әріп­тесім Төреәлі, мен де жүгері күзетіп оты­рған адам емес­пін. Клип­ті 9 млн-нан астам адам қара­ды, оларға әнмен үйлес­кен бұл оқиға ұнай­ды, ал сізді клип түсір­ген­де көр­ген ешкім жоқ. Сіз арман­дап көр­ме­ген клип­ке қол жет­кіздіңіз. Сол себеп­ті ортақ еңбек­ті құр­мет­тей­ік. Ерке – дауы­сы кере­мет әнші, өзінің табы­ну­шы­ла­рын да жинап үлгер­ген. Олай бол­маған жағ­дай­да Төреға­ли оған дуэт болып шығу ұсы­ны­сын жаса­мас еді. Біз келі­су-келіс­пеу жағын ұзақ ойланған едік» деп жау­ап қай­тарған болатын.

Осы­ған қаты­сты Төреәлі мыр­за­ға теле­фон шалға­ны­мы­зда: «Мұн­дай өсек­ке ара­лас­пай­мын. Басым­ды шауып алам десе, алды­ма кел­сін. Айта­тын нәр­сем­ді Баян да, Ерке де баяғы­да өз аузым­нан есті­ген», – деп, жөн­ді жау­ап беру­ден бас тарт­ты. Бала­сы ма, әлде про­дю­сер болып жүр­ген әке жұл­ды­здық ауруы­на шал­ды­қты ма – білмедік.

Осы­ның алдын­да ғана Баян Есен­та­е­ва оның еркек сөзін­де тұр­маға­нын айтып, олар Еркенің есі­мін пай­да­ла­нып, өтірік кеш ұйым­да­сты­рып жүр­генін де жай­ып салған бола­тын. Және «Алло» әнін орын­даға­ны үшін Төреға­лидің әлі күн­ге дей­ін гоно­рар сұрай­ты­нын да жасыр­ма­ды. Сөй­те тұра, бір жарым ай бойы елі­міздің өңір­леріне өзі­мен бір­ге гастроль­дік сапарға шыққан Ерке Есма­ханға Төреға­ли көк тиын да бер­ме­ген. Бірақ әншінің көмек­шісі халы­қты алда­маған­да­рын айтып әлек. Ерке бол­май тұрып та, Төреға­ли­дың кон­цер­ті зал­да лық толы көре­рмен­мен өтетін­ді­гін желеу етеді.

Бүгін­де «Алло» әнін Баян ханым Төреға­ли ұсын­ды десе, оның әкесі «солар көн­бе­уі­ме қой­ма­ды» деп, қар­сы айып тағып отыр. Біздің білуі­міз­ше, Ерке Есма­хан про­дю­сері­мен келісім-шар­тын үзгеніне екі жыл болған екен.

Ақы­ры бұл дауға екі әншінің тың­дар­ман­да­ры да ара­ла­сты. Бірақ көп­шілі­гі Баян ханым­дікін жөн санай­ды. Мәсе­лен, бір оқыр­ман: «Төреға­ли нағыз талант деп айта алмай­мын. Әнінің бәрі ұрлық-қар­лық. Әкесінің де өресі тар. Ауыл­дан шығып, қалың қала­да ада­сып, не дегенін біл­мей жүр. Өзіне-өзі кедер­гі жаса­уда. Ұлы өнер­де ұрлық-қар­лы­ққа жол жоқ. Жөнін біліп, аз сөй­ле­ген дұрыс болар – Төреәлі де, Төреға­ли да. Ерке­ге нешетүр­лі сөз айтқан­мен, қыз да бол­са, АЗАМАТ екен – үнде­ген жоқ. Қазір­ше қыздар озып тұр, қадір­мен­ді Төре­лер…» деген пікір жазған екен.

Бір үйдің бала­сын­дай, бір қол­дың сала­сын­дай бірі­гіп жасаған жұмыстан енді­гі­де «Алло» бей­не­ба­я­ны­нан басқа татулық қал­ма­ды. Біздің білуі­міз­ше, екі про­дю­сер­дің ара­сы «фильм түсіре­міз» деп жар салған­да-ақ бұзы­лған екен. Баян Мақ­сатқы­зы фильм­ге сүй­і­су, «төсек қаты­на­сы» секіл­ді сюжет­тер­ді кір­гіз­бек болға­нын Төреәлі мыр­за­дан естіп қал­дық. Өз бала­сын халы­қтың алдын­да ондай әбес­тік­ке қалай жіберсін?

Сөй­тіп, намыс­шыл әке сөзі­нен тай­ып, бірі­гіп түсір­мек­ші болған фильм­нен бас тар­тқан. Осы даудан кей­ін қол астын­дағы әнші қызда­рын актри­са етіп шыға­ра­тын Баян фильм­ді Төреға­ли­сыз түсіретінін хабар­ла­ды. Бұл жер­де қай про­дю­сер­дің қылы­ғы дұрыс-бұры­сты­ғын айта­тын біз емес. Десек те, бір-бірінің арты­нан «өсек айту­ды» дау-думанға айнал­ды­рған шоу-биз­нес өкіл­дері өнер­ді өгей­сітіп алмай ма?

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн