Пятница , 4 июля 2025

Алпамыс ШАРИМОВ: Бүгінде Димаш пен Қазақстан ЕГІЗ ҰҒЫМҒА АЙНАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан


 

– Димаш неге сұх­бат бере алмай­ды? Уақы­ты сон­ша­лы­қты тығыз ба?

– Мәсе­ле уақыт­тың тығы­зды­ғын­да емес, халы­қа­ра­лық бай­қа­удың, «Хунан» теле­ар­на­сы­ның тала­бы­на қаты­сты. Димаш бай­қау аяқталған­ша сұх­бат бере алмай­ды. Бұл оның келесі кезең­дер­ге жоға­ры дең­гей­де дай­ын­да­луы­на ештеңе кедер­гі бол­мауы үшін жасалған. Өйт­кені Дима­штан сұх­бат алғы­сы келетін жур­на­ли­стер­дің қара­сы қалың, әнші олар­дың сау­ал­да­ры­на бай­қау аяқталған соң ғана жау­ап береді. Әзір­ге бұл мүм­кін емес.

– Димаш шығар­ма­шы­лы­ғын шетел­де жалға­сты­руы мүм­кін бе?

– Қазақ елін әлем­ге таны­тып, қазақ әндерін әлем­дік дең­гей­ге шыға­ру үшін Дима­шқа алдағы уақыт­та шетел­де еңбек ету­ге тура келуі де мүм­кін. Әзір­ге нақты ештеңе айта алмаймын…

Алдағы жос­па­ры­мы­здың бәрін жария ете алмай­мыз. Деген­мен, қазір­дің өзін­де Дима­шқа Еуро­па, Аме­ри­ка, Азия елдерінің үлкен сахна­ла­рын­да ән салу тура­лы ұсы­ны­стар түсіп жатыр. Шет мем­ле­кет­тер­дің алып сахна­ла­рын­да Дима­штың өнер көр­се­туі алдағы уақыт­тың еншісін­де деп айтар едім. Алла қала­са, Дима­штың әлем­дік тур­не­сі Аста­на қала­сы­нан бастал­мақ. 27 мау­сым күні «Аста­на Аре­на­да» кон­церт өте­ді деп жос­пар­ла­ну­да. Оған дей­ін Дима­штың ән аль­бо­мы жары­ққа шыға­ды. Бай­қа­у­мен қатар, қазір сол кеш­ке де қызу дай­ын­дық жүріп жатыр. Бұл кештің құр­мет­ті қонағы болуға әйгілі әнші Лара Фаби­ан да келісім бер­гені­нен қалың жұрт­шы­лық хабардар.

– Финал­дың екін­ші кезеңін­де әншілер дуэт­пен ән сала­ды. Осы­ған орай жан­күй­ер­лер ара­сын­да Димаш Лара Фаби­ан­мен бір­ге ән шырқай­ды екен деген әңгі­ме бар…

– Димаш қытай әншісі­мен дуэт орын­дай­ды. Әзір­ге оның кім екені бел­гісіз. Жақын ара­да оны әле­умет­тік желілер арқы­лы хабар­лай­тын боламыз…

– Димаш «Дай­ди­да­уды» айтқан күні сахна сыр­тын­дағы атмо­сфе­ра қан­дай болға­нын айта ала­сыз ба?

– Мен бұл күні Дима­штың қалай қобал­жы­ға­нын, әнді орын­дап болған соң, көзіне жас алға­нын айтқан бола­ты­н­мын. Кей­біре­улер соның алдын­да Димаш нағыз қазақ бол­са, неге бірін­ші кезең­нен бастап қазақ тілін­де ән сал­ма­ды деген еді. Димаш қаза­қты таны­ту үшін, алды­мен өзін таны­туы керек бол­ды. Ол мил­ли­он­даған ауди­то­ри­я­ны жау­лап алған­нан кей­ін ғана қаза­қ­ша ән сал­ды. Бүгін­гі таң­да біз­ге Фран­ци­ядан, Шве­ци­ядан, Ази­я­ның көп­те­ген елдері­нен жан­күй­ер­лер «Дай­ди­да­уды» айтқан виде­о­ла­рын жіберіп жатыр. Сол күні Қазақ ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы­ның рек­то­ры Айман Мұса­ход­жа­е­ва Дима­штың жан­ды дауы­ста ән салуы­на мүм­кін­дік жасап, Қаза­қстан­нан Дима­шпен бір­ге оқи­тын доста­рын арнайы жібер­ді. Қытай­ға олар­ды Тұрар Әлі­п­ба­ев пен Май­ра Іли­я­со­ва бастап кел­ді. Қаза­қтар­ды ерекше сағы­нып жүр­ген Димаш еке­уміз­ге бұл үлкен демеу, рух берер қол­дау бол­ды. Димаш сол күні «Адай» күйі арқы­лы қаза­қтың күй өнерінің құдіретін де паш етті. Жан­күй­ер­лер қалай қабыл­даға­нын өздеріңіз де көр­діңіз­дер. Бар­лы­ғы орын­да­ры­нан тұрып қол соққа­ны бар­ша­мы­зды айры­қ­ша толқытты.

– Қытай­дың Қаза­қстан­дағы елшісі Димаш арқы­лы Қытай Қаза­қстан­ды кеңі­нен танып жатыр деді. Оқиға орта­сын­да жүр­ген адам ретін­де не айтар едіңіз?

– Елшінің пікірі­мен толы­қтай келі­се­мін. Қазір­дің өзін­де «Хунан» теле­ар­на­сын­да қаза­қ­ша білетін алты аудар­ма­шы бар. Бізді қазақ аудар­ма­шы­сы­мен қар­сы ала­ды. Сон­ды­қтан Димаш Қытай жұр­ты­на қазақ тілін де, қаза­қтың бол­мысын да жан-жақты таны­тып жатыр деп нық сенім­мен айта ала­мын. «Хунан» теле­ар­на­сы – Хунан про­вин­ци­я­сы­нан тараға­ны­мен, бүкіл Қытай­ды жүз пай­ыз қам­ти­тын ауқым­ды теле­ар­на. Ал «I am a singer» – бұл арна­дағы ең рей­тин­гі жоға­ры жоба­лар­дың бірі. Осы жоба Дима­шты Қытай еліне таныт­са, өз кезе­гін­де Димаш та аталған бай­қа­уды шетел­дер­ге таныт­ты деу­ге бола­ды. Себебі ол ағы­л­шын, орыс, фран­цуз, ита­льян тіл­дерін­де әндер шырқа­ды. Аталған тіл­дер­де ән тың­дай­тын­дар­дың қара­сын есеп­тей беріңіз. Бұл да бай­қа­удың таны­мал болуы­на қосы­лған бір үлкен үлес. Қытай­да бүгін Димаш пен Қаза­қстан қазір егіз ұғы­мға айнал­ды. Мен мұны өз көзім­мен күн сай­ын көріп жүр­мін. Қаза­қстан­нан екенім­ді айт­сам, жұрт сен­дер­де Димаш деген әнші бар ғой дей­ді. Дима­шты қазір Қытай­дың тоқ­сан пай­ы­зы біледі десем, өтірік болмас.

– Димаш қаза­қ­ша ән орын­даған соң, қытай­лық жан­күй­ер­лер­дің қаза­қтың ою-өрне­гі мен дом­бы­рас­ы­на деген қызы­ғу­шы­лы­қта­ры арта түсті дегені қан­ша­лы­қты шын­ды­ққа саяды?

– Рас. Жан­күй­ер­лері Димаш сахнаға киіп шыққан киім­ді кигісі, оның қолын­дағы заттар­ды ұстағы­сы келеді. Димаш «Дай­ди­да­уды» айтқан­дағы киі­мі де ерекше таны­мал бол­ды. Ол өте сәт­ті образға айнал­ды. Киім­ді Айман Мұса­ход­жа­е­ва­ның ықпа­лы­мен Қазақ ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы тігін­шілері тігіп бер­ген еді. Жақын­да Қытай­да Дима­штың бей­несі­мен ком­пью­тер­лік ойын­дар шыға бастай­ды. Онда да Димаш көре­рмен­дері­мен «Дай­ди­да­уды» салған бей­несі­мен жүз­де­седі. Қазір Қытай­да қаза­қтың дом­бы­рас­ы­на ғана емес, бар­лық ұлт­тық аспап­та­ры­на деген айры­қ­ша қызы­ғу­шы­лық бай­қа­ла­ды. Жан­күй­ер­лер олар­ды зерт­теп, қытай тіліне ауда­рып, жари­я­лап жатыр. Еуро­па­дан да жур­на­ли­стер арнайы хабар­ла­сып, сұра­с­ты­рған­дар болды.

– Қытай басы­лым­да­ры Димаш қаты­сқан жар­на­ма­лық шара­ның көр­сетілі­мі рекорд жаса­ды деп жазып­ты. Ол қан­дай шараға қаты­сқан еді?

– Димаш қазір көп­те­ген бренд­тер­мен жұмыс жаса­уда. Шан­хай­да Димаш қаты­сқан Swiss пен Ferrari ком­па­ни­я­ла­ры ұйым­да­сты­рған шара­ны тіке­лей эфир­ден 54 мил­ли­он­нан аса адам тама­ша­лап­ты. Ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың айтуын­ша, бұл олар­дың тарихын­дағы рекорд­тық көр­сет­кіш екен. Осы шара бары­сын­да Дима­шқа «Сүй­ік­ті кіта­бың қан­дай?» деген сұрақ қой­ыл­ды. Димаш «Абай жолы» тура­лы айтып бер­ді. Содан кей­ін «Абай жолы­ның» қытай тілін­де­гі нұсқа­сы­ның саты­лы­мы да күрт арт­ты. Жан­күй­ер­лер «Димаш оқы­ған кітап­ты біз де оқуы­мыз керек» деп жазып жатыр.

 

Гүл­нұр Қуанышбекқызы,

«Еге­мен Қазақстан»


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн