Алтынай Жорабаева: «Қара тізімге» ЖАУАП

Дау-дамай

 

Нешетүрлі адамдар бар екен-ау! Менің алдында елбасын құттықтап салған постымды бүкіл интернет талқыға салғандарына жол болсын. «Қара тізім» дегенім – өз парақшамда блокқа қоямын дегенім ғой (Инстаграм). Елбасын жамандамаңдар, менің парақшамды ластамаңдар деген ойымды тырнақтың астынан кір іздеп, Ақберен Елгезек деген азамат өзінің «Ұлт» порталы сайтында басқаша оймен жариялапты. Әрине, өзінің рейтингін көтеру үшін. Әрине, ондай тақырыпты көргенде, халықтың маған деген теріс пікірі туады. «Мына қатын туып отырмай ма, саясатта несі бар, абайлаңдар КНГ-ға тоқылдап жүрмесін, сізді халық қара тізімге қояды» деген нешетүрлі пікірлерді жазыпты. Мен саясатқа араласқан жоқпын, тек қана елбасын құттықтадым және жаман пікір қалдырмасын дедім. Патшаны Аллаһ таңдайды дегенге, «причем тут Аллаһ» дегенді де айтып жатыр. Отырып алып мін іздейді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн