«Общественная позиция»
(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.
Ойдан-қырдан
Айтқызбауға қоймадыңдар
«Иә, ажырасқаным рас!». Желіде өзіне ең жиі жолданған сауалға бұл Жорабаеваның берген жауабы. Сәбитпен дәм-тұзы жараспаған Алтынай соңғы кездері ашық сұхбат беруден бас тартпайтын болған. Ал Әбдіхалықов мырза қыздарымен қаншалықты жиі жүздесіп тұрады?
Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды. «Қыздарға уже бір жылдан асады көрмегендеріне. Келіп, хабарласып, өздері бір жаққа барамыз деп тұрса, мен ешқашан қарсы болған емеспін. Керісінше, біз өзіміз қайта-қайта іздемейміз ғой. Олар өздері келіп іздемесе, қалай? Ер адам емес пе? Мен қыздарды көшеден тауып алған жоқпын», – дейді Алтынай Жорабаева.
Алғашқыда Алтынай Сәбитпен арадағы жайсыз жағдайды дүйім жұртқа жариялағысы келмеген. Тіпті осыдан үш жыл бұрын шаңырағы шайқалған жанұяның жай-күйін күні кешеге дейін сыр қылып сақтап келгенін айтады. «Мен оның барлығын айтпауыма да болатын еді. Өйткені көп адам сол сұраққа келе бергеннен кейін «Иә, ажырасқаным рас!» – деп айттым. Өйткені үш жылға жақындап қалды…» – дейді Алтынай.
Бірақ Алтынай қанша ашуға булықса да, Сәбиттің азаматтық намысына нұқсан келтіруге құлықты емес. Жорабаева үшін ең бастысы – төрт қызының әкесі аман жүрсе болғаны… «Қыздарымның әкесі ғой, қандай болса да, аман болсын! Ол да үлкен қызметте жұмыс жасап отыр. Оның қызметіне зиянымыз тимеуі керек бір жағынан», – дейді әнші.
Айта кетейік, Сәбит пен Алтынайдың ортақ некесінен төрт қызы бар. Бүгінде Әбдіхалықов Алматы қаласында, ал Жорабаева Елордада тұрып жатыр.
Stan.kz