Алтынай Жорабаева: ШЫДАМНЫҢ ДА ШЕГІ БАР…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №35 (399) от 28 сентября 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 

 



 

Алтынай Жорабаева алғаш рет актер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасуына қатысты бар шындықты айтты. Әнші о баста үлгілі отбасын құрамын деп ойлағанын, алайда арманының орындалмағанын жеткізді. Жорабаева отбасындағы берекені сақтап қалу үшін барын салғанын, алайда Әбдіхалықовтың оны бағаламағанын айтты, деп жазады Stan.kz.

 

Бұған дейін әнші жеке өміріне қатысты сұрақтардан басын ала қашып, ажырасуына қатысты пікір білдірмеген еді. Алайда күні кеше оқырмандары шамына тиіп кетсе керек-ті, Алтынай бұл сұрақтың нүктесін қоюға бел буды.

«Шынында да, мен күйеуге ажырасамын деп тиген жоқпын. Бір үлгілі отбасы боламыз бұйыртса деген арман болды. Мені әкем мен анам еріңе қарап сөйлеме, еріңдікі дұрыс болса да дұрыс, дұрыс емес болса да – дұрыс деп тәрбиеледі… Мейлі, үй тірлігі болсын, дала тірлігі болсын, барлығын өзім жасап жүре беретінмін… Өйткені бізді солай тәрбиеледі. Мынау әйелдің, мынау еркектің жұмысы деп бөлмедік. Ал оны түсінбейтін, бағаламайтын еркек болатынын айтпапты… Бірақ шыдамдылықтың да шегі болады ғой. Мені әкем мен анам көшеден тауып алған жоқ қой. Мен де ет пен сүйектен, сезімнен жаратылғанмын…» – деп жазды Алтынай Instagram парақшасында.

Stan.kz

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн