Суббота , 5 июля 2025

АЛТЫНБЕК – Алашы арда тұтқан АЗАМАТ ЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 

Ақпан­дағы аза­лы күн

 


 

 

 

Сая­си тап­сы­ры­спен қан­ды қол қарақ­шы­лар­дың қолы­нан мерт болған Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы өмiр­ден өткен 11 ақпан – Ала­шқа аза­лы күн. Бұл күн бола­шақта қаза­қтың күн­тіз­бесіне осы­лай енеді.

 

Биыл да жыл­дағы дәстүр­мен ақпан­ның 11-інде қастан­ды­қтан қаза тапқан сая­сат­кер Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлын еске алған жұрт Кең­сай қоры­мы­на барып, құран бағы­штап, арда аза­мат­ты еске алды. Алтын­бек­ті еске алу жиы­ны Алма­ты­дағы «Аста­на» қонақүй­ін­де өтті.

Оған қоғам қай­рат­кер­лері, ақын-жазу­шы­лар, жур­на­ли­стер мен құқық қорға­у­шы­лар және қара­пай­ым халық өкіл­дері жинал­ды. Авто­ри­тар­лық басқа­ру жүй­есiне қасқай­ып қар­сы тұрған, бар­лық оңды күш­тер­дi қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­ру күресiне жұмыл­ды­ра алған Алты­кеңнiң сөзi мен iсiне деген зәрулiк күн сай­ын сезiлетіні де анық. Сон­ды­қтан болар, дөң­ге­лек үстел басы­на жиналған қауым қоғам­ды алаң­датқан басты мәсе­ле­лер­ге де тоқталды.

Жиын­ды жүр­гізіп оты­рған Төле­ген Жүке­ев: «Қазақ тілін­де­гі баян­да­ма­ның бірін Жан­бо­лат Мамай жаса­уы керек болған, бірақ ол нақақ қама­лып, баян­да­ма жасай алмай­тын бол­ды» деп, абақты­ға қамалған тәу­ел­сіз жур­на­лист Жан­бо­лат Мамай­дың мәлім­де­месін оқып беріп, сөзін былай деп жалғастырды:

«11 ақпан – қазақ тарихын­дағы қара­лы күн. Осы­дан 11 жыл бұрын Алтын­бек ара­мы­здан кет­тi. Бiрақ есi­мiз­ден кет­пей­дi, ұмы­тыл­май­ды. Ол биiк интел­лек­ту­ал, мықты сая­сат­кер едi. Оның елi­мiз­де­гi сая­си жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты айтқа­ны, жазға­ны күнi бүгiн де маңы­зды. Ақыл­ды, батыл адам­дар бiз­ге дей­iн де өмiр сүр­ген: халқы­ның бостан­ды­ғы мен құқы­қта­ры, елiнiң сая­си, эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сiздi­гi үшiн күре­сте мың­даған адам­дар құр­бан болған. Менiң­ше, қазiр бiз­ге ынты­мақты, бiр­лiк­тi болу өте маңы­зды. Соны­мен қатар қалың көп­шiлiк­тiң сая­си сау­ат­ты­лы­ғын көте­ру және жұр­тқа тек шын­ды­қты жет­кi­зу де – аза­мат­тық боры­шы­мыз», – деді Төле­ген Жүкеев.

Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы Қаб­деш Жұма­ді­лов он бір жыл бойы ашыл­маған сая­си қыл­мысқа өзінің баға­сын берді:

«Алтын­бек­ті оқу керек, одан үйре­ну керек. Алтын­бек жәй ұстаз емес, ол – халы­қтың, зия­лы қауым­ның ұста­зы. Мен жақын­да ғана Алты­кеңнің «Үштаған» мақа­ла­сын қай­та­дан оқып шықтым. Алтын­бек осы мақа­ла­сын 15 жыл бұрын жаз­са да, біздің билік­ке дәл болжам жасаған. Сол «Үштаған­да» айты­лған озбыр билік­тің тамы­ры әлі сол қал­пын­да қиыл­май тұр, беті­нен қай­та­тын райы жоқ. Алтын­бек билік­ке қар­сы шыққан жоқ, оның көз­де­ген мақ­са­ты – пре­зи­дент­ті рай­ы­нан қай­та­ру еді, оны­сын ашық айт­ты. 2001 жылы құры­лған «Демо­кра­ти­я­лық таң­дау» қозға­лы­сы­ның жетек­шілері Ғалым­жан Жақи­я­нов, Мұх­тар Әбі­ля­зов, тағы басқа­ла­ры әділет­сіздік­ке шыда­май, бас көтер­ді. Сол «Дем­таң­да­уды» қол­даған жігіт­тер өз ұсы­ны­ста­рын пре­зи­дент­ке жаз­ба­ша да, ауыз­ша да жет­кізді. Соның бірін­шісі – пре­зи­дент­ті отба­сы­ның шыр­мауы­нан бөліп алу, екін­шісі – пре­зи­дент­ті айна­ла­сын­дағы оли­гарх­тар­дан бөліп алып кету мақ­сат­та­ры болған еді. Содан кей­ін әділ сай­лау өткі­зу, әкім­дер мен сот­тар­ды сай­лау жөнін­де ұсы­ны­стар жасады.

Аза­мат­тар­дың көңіл­дері ақ еді, өйт­кені жоғарғы қыз­мет істе­ген, кеше ғана министр болған, пре­зи­дент­ті жаман атқа қима­ды. Керісін­ше, пре­зи­дент­ті құтқа­ра­мыз деп ойлай­ды. Пре­зи­дент «мақұл-мақұл, бәрін рет­тей­міз» деп уәдесін беріп, олар­ды шыға­рып сал­ды. Әсіре­се сол кез­де­гі пре­зи­дент отба­сы­ның мүше­сі Рахат Али­ев бәрін бүл­діріп жатқа­ны да ашық айтыл­ды. Пре­зи­дент бәрін жасай­мыз деп алып, ешқан­дай шара қол­дан­ба­ды. Есесіне бір жұма өткен соң, алды­на барған жігіт­тер­ді қыз­мет­тері­нен жап­пай сыпы­рып алып таста­ды. Екі жұма өтпей жатып, оларға қар­сы қыл­мыстық іс қозға­ды. Жақи­я­нов пен Әбі­ля­зо­вті бас бостан­ды­ғы­нан айы­рып, абақты­ға қамады.

Алтын­бек Мәс­ке­уде­гі елшілік­те­гі қыз­меті­нен қай­тып, Алма­ты­ға кел­ген­нен кей­ін, ара­да 10 күн өткен соң, жазу­шы­лар мен жур­на­ли­стері бар – 20 шақты адам­ның басын қосып, кез­де­су өткізді. Шәй ішіп оты­рып әңгі­ме­ле­стік. Сон­дағы Алтын­бек­тің айтқа­ны: «Менің мына қазір­гі бет­бұрыс жағ­дай­ын­да қыз­мет­ті, билік­ті тастап, халық жағы­на өтуім­ді біреу түсін­се, біреу түсін­бей жүр. Көбінің көңілін­де күдік бар, соны сіз­дер арқы­лы жет­кіз­сем деп едім», – деп сөзін бастаған еді. Алтын­бек­тің мықты­лы­ғы, сөзінің шынай­ы­лы­ғы сон­дай, сол жер­де оты­рған бәрі­мізді иландырды.

Біздің билік ақы­лға да, кеңес­ке тоқта­май­тын бол­ды ғой. Менің 1992 жылғы жазған мақа­лам бар. Сон­да пре­зи­дент­тің төңіре­гіне топ­та­лу керек деген мақ­сат бар еді мен­де. Ол кезең – тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры, тәу­ел­сіздік­тің буы басыл­маған. Егер біздің пре­зи­дент Қаза­қстан атты кемені жар­тасқа соқ­пай, тәу­ел­сіздік­тің жаға­ла­у­ы­на аман-есен алып шық­са, Нұр­сұл­тан салған «Нұр­лы жол» деп айтуға бола­ды деген сөздің авто­ры да мен. Сол сөзім­ді «Қасым салған – қасқа жол, Есім салған – ескі жол­мен» теңе­стіріп айтып едім. Содан бері ширек ғасыр өтті, бірақ сол жаға­ла­у­ға әлі жет­кен жоқ­пыз, «Қаза­қстан» атты кеме әлі жол­да кетіп бара жатыр. Қазір ойлап қара­сам, сол кеменің штур­ва­лын­да басқа адам­дар оты­рған секіл­ді. Көп­ті көр­ген менің өзім алда­нып қал­дым, ал жастар – Жақи­я­но­втар, Әбі­ля­зо­втар, Алтын­бек­тер осын­дай қай­шы­лы­ққа бар­май, бір ортақ мәміле­ге келе­міз деп еді, бірақ оған мүм­кін бол­ма­ды. Ал қазір­гі жағ­дай­ы­мыз, бүгін айты­лып оты­рған­дай, сөз бостан­ды­ғы, адам құқы­қта­ры, аяққа басы­лу­мен әлі келе жатыр. Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры бірі­нен соң бірі жабы­лып жатыр. Бұрын қуғын мен қысым тек жур­на­ли­сти­ка сала­сын­да ғана еді, енді, міне, бұл жағ­дай біздің жазу­шы­ларға да кел­ді. Біз­ге әртүр­лі эко­но­ми­ка­лық тәсіл­дер­мен қысым көр­сетіп, сте­пен­ди­ядан қиып тастап жатыр. Менің өзім, міне, 7 жыл бол­ды, сти­пен­дия алмаймын.

Осы­дан екі жыл бұрын сұм­дық жағ­дай бол­ды: «Әріп пен Сара» деген 400 бет­тік үлкен том­дық кіта­бым шықты. Сол кітап­ты елге апа­рып тара­та­тын бол­дық. Үржар ауда­ны әкім­шілі­гі мен мәс­ли­ха­ты­ның өкіл­дері 150 кітап­ты көлік­теріне тиеп алып кет­кен. Кіта­бым­ды апарған, мек­теп­тер­ге, ауыл-ауыл­дарға таратқан. Содан кей­ін не бол­ды дей­сіз ғой? Сол аудан­ның «КНБ»-сы таратқан кітап­ты тізім бой­ын­ша қай­та жинап алып, елдің ішін­де үрей туды­рып, кітап­тар­ды өрте­ген! Еге­мен елі­міз­де кіта­бы өртен­ген алға­шқы жазу­шы – мен бол­дым! Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лау­ре­а­ты­ның кітап­та­ры солай өртен­ді. Ол мара­пат­тың бәрін Назар­ба­ев­тың өз қолы­нан алған­мын, ешқай­сысын сатып алғам жоқ!

Біре­улер «жоға­ры жақтың нұсқа­уы» дей­ді. «Кім ол? Сол «жоғарғы жақты» тауып берің­дер, маған!» – дедім.

Қазір әсіре­се шека­ра аудан­да­рын­да Кәрім Мәсі­мо­втің меке­месі (Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті – Ред.) күшей­іп кетіп­ті. Бүгін осы жер­де адам құқы­ғын қорғау, сөз бостан­ды­ғы деген мәсе­ле­лер көтеріліп жатқан соң, осы мәсе­ленің бәрін әдейі айтып отыр­мын. Жур­на­ли­стер­ге ғана емес, біздің жазу­шы­ларға да тықыр таяң­ды. Енді біре­улер айта­ды: олар­ды сотқа беру керек деп. Қай­дағы сот? Қай сот? Сол аудан­ның соты ма? Сот­тан ештеңе шық­пай­ты­ны бәрі­міз­ге мәлім. Біз­де­гі жағ­дай осын­дай болып тұр!

Бүгін қара халық нара­зы, жігіт­тер күресіп жатыр. Олар­ды шеті­нен тер­ро­рист-экс­тре­мист деп қамап жатыр. Менің ойым­ша, қазақ ұлты­нан шыққан тер­ро­рист те, экс­тре­мист те жоқ. Бүгін­гі тер­ро­рист пен экс­тре­ми­стер­дің қаза­қ­ша ата­уын айтай­ын, ол – ашы­нған адам­дар! Бүгін­гі билік­тің жасап оты­рған әре­кет­теріне қар­сы, нара­зы адам­дар. Біз соларға «тер­ро­рист» деп ат қоя­мыз, халы­қа­ра­лық тер­мин­мен сөй­лей­тін болыппыз.

Жер­ді сатуға қар­сы нара­зы­лық біл­дір­ген Макс пен Талғат­ты 5 жылға сот­та­ды ғой. Олар­ды да экс­тре­ми­стер­дің тізі­міне кір­гізіп қой­ып­ты. Олар бол­са, жер­ді сатуға бол­май­ды деген бәрі­міз айтып жүр­ген мәсе­лені көтер­ді. Осын­дай жағ­дай­да күн кешіп отыр­мыз», – деді халық жазу­шы­сы Қаб­деш Жұмаділов.

Сөз соңын­да Қабең жиналған­дарға ортақ сау­ал таста­ды: «Өстіп айтып-айтып қоя­мыз ба? Жоқ әлде билік­ті тоқта­ту­дың басқа ама­лы бар ма? Қалай күре­се­міз? Күре­стің тәсілі қан­дай болады?

Билік­тің жанын сақтап тұрған – қазақ дала­сы­ның кеңді­гі. Бір қала мен екін­ші қала­ның ара­сы – мың, екі мың шақы­рым, бір-бірі­міз­де не болып жатқа­нын біл­мей­міз. Ана жақта қырып жатыр ма, мына жақта қамап жатыр ма, кей­ін ести­міз. Бір-бірі­міз­бен бай­ла­ныс жоқ. Жал­пы өкі­мет, мем­ле­кет халы­қтікі болуы керек! Біре­удің жеке мен­шік мем­ле­кеті жоқ бұл жер­де! Сон­ды­қтан қарап оты­ра бер­мей, осы күрес тәсілін ақы­лға салу керек!».

Жазу­шы Зей­неп Ахме­то­ва да еске алу жиы­нын­да ашы­на сөй­леді. «Алтын­бек­тей ары­стың мерт болға­нын естi­ген­де, егiлiп оты­рып жоқтау мақа­лам­ды жазған едiм. Жыл сай­ын осы күн­де сол жоқта­уым­ды жана­ры­ма жас кеп­телiп оты­рып оқимын.

Бiр күнi маған «Дiн iстерi мини­стр­лi­гi­нен едiк» деп бiр жiгiт теле­фон соқты. «Зей­неп апа, сiздi халық тани­ды, сон­ды­қтан сiздiң аты­ңы­здан газет­ке бiр-екi мақа­ла жари­я­ла­сақ», – дедi. «Айна­лай­ын, мен ақ пен қара­ны ажы­ра­та ала­тын көзi ашық адам­мын. Мақа­ла­ны өзiм де жаза­мын, сен­дер­дiң көмек­терiңсiз-ақ», – десем қой­май­ды. Содан соң элек­трон­ды поштаға менiң атым­нан жари­я­ла­нуы тиiс мақа­ла­сын жiбер­дi. Сөйт­сем, дiн­нiң бiр тар­мағын ұста­на­тын­дар­ды қара­лаған мақа­ла екен. Сол қара­лаған мақа­ла­ның авто­ры «Зей­неп Ахме­то­ва» бол­са, халық жапа-тар­мағай оқи­ды екен. «Егер де осы мақа­ла менiң атым­нан жари­я­лан­са, сотқа бере­мiн. Ата­мыз бiз­ге «Өлiп кет­сең де ақиқат­ты, шын­ды­қты көзi­ме тура қарап айт деген өси­ет қал­ды­рған!» – деп әлгiнi қай­та­рып тастадым.

Алтын­бек­тiң елiне, халқы­на аза­мат­тық iстерi­мен сеуiп кет­кен жары­ғы, сәу­лесi ешқа­шан көмес­кi­лен­бей­дi. Алтын­бек­тiң артын­да iзде­ушiсi, сұра­у­шы­сы, елi-жұр­ты бар.

Тәу­ел­сiздiк алға­ны­мы­зға 25 жыл бол­ды дей­дi. Кiм – кiм­нен тәу­ел­сiз? Халық – билiк­тен бе, билiк – халы­қтан ба? Қаза­қта «Соқыр­дың қолы­на түс­пе, кереңнiң асты­на түс­пе, мылқа­удан ақыл сұра­ма» дей­дi. Бiз қазiр дәл сон­дай қоғам­да өмiр сүрiп жатыр­мыз. Айта­тын ауыз бар, ести­тiн құлақ жоқ. Жуас атты шабы­нан түрт­кiлей бер­сең, ақы­рын­да тебедi. Мен де халы­қтың дәл қазiр­гi жағ­дай­ы­на қарап, бiр күнi дүрк көтерiлiп тебе ме деп ойлай­мын», – деді елге қадір­лі Зей­неп апа.

 

Еске алу жиы­ны­ның соңы марқұ­мға ас беру­мен жалға­сты. Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның көзі тірісін­де­гі видео-мәлім­де­ме­лерін көр­ген қауым сая­сат­кер­дің еңбе­гін еске алып, естелік­терін айтып тарасты. 

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн