Понедельник , 7 июля 2025

Қалың қазақ отырған АТЫРАУҒА АССАМБЛЕЯ институты не керек?

 

 

Халел Досмұ­ха­ме­дов атын­дағы Аты­рау мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің жанын­да Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның инсти­ту­ты ашы­ла­тын бол­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Оның ашы­луы Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның (ҚХА) 20 жыл­ды­ғы­на орай­ла­сты­ры­лған. Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның инсти­ту­ты әзір­ге Қаза­қстан­да ашы­лған алға­шқы инсти­тут екенін айта кетуі­міз керек», – деп хабар­ла­ды Аты­рау мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің бас­пасөз қыз­меті­нен. Пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы мен үкі­мет­тің тиісті қау­лы-құжат­та­рын­да көр­сетіл­ген­дей, ҚХА инсти­ту­ты­ның қыз­метінің мәнісі – Қаза­қстан­дағы этно­стар ара­сын­дағы қарым-қаты­нас мәде­ни­етін дамы­ту, Қаза­қстан халқы­ның этно­са­ра­лық, кон­фес­си­яа­ра­лық келісі­мін және толе­рант­ты­лық, бір­тұ­та­стық иде­я­сын наси­хат­тау болып табылады.

Енде­ше қалың қазақ қоны­станған Аты­ра­уға «этно­стар ара­сын­дағы қарым-қаты­нас мәде­ни­етін дамы­ту, Қаза­қстан халқы­ның этно­са­ра­лық, кон­фес­си­яа­ра­лық келісім… иде­я­сын наси­хат­тау» қан­дай қажет­тілік­тен тууы мүм­кін? Егер дәл осын­дай инсти­тут Қызы­л­жар, Өске­мен неме­се Кере­ку қала­ла­рын­да құры­лып жат­са, оған әлдебір түсіністік­пен қара­уға болар еді. Ал қаза­қтан басқа халық сау­сақ­пен ғана санар­лық Аты­ра­удағы бұл инсти­тут облыс қызда­ры­на тегі­стей кокош­ник кигізіп қой­ған­дай бол­май ма?

Әсет АЙТҚАЗЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн