Суббота , 5 июля 2025

Ғалым АҒЕЛЕУОВ: ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ЖАҢА ЕРЕУІЛ үлкен толқуға айналып кетуі мүмкін

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (353) от 6 октяб­ря 2016 г.

 

 

ДАТ!

 


 

 

 

Жаңаө­зен­де тағы да бір үлкен ере­уіл бастал­ды. Қыр­күй­ек­тің 30-ында «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның ұңғы­ма­ла­рын бұрғы­ла­у­мен айна­лы­са­тын «Бұрғы­лау» кәсі­по­ры­нын­дағы жұмыс­шы­лар жалақы­ны көте­руді, жұмыс жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды, өздері сай­лаған кәсі­по­даққа қысым жаса­уды тоқта­ту­ды, 2014–2016 жылғы орын­далған жос­парға сай «бонус» төле­уді, өздерінің еңбе­кақы­сын мұнай-газ сек­то­ры­на арналған біры­ңғай еңбе­кақы жүй­есіне қосу­ды талап ету­де. Жаңаө­зен ере­уіл­шілері орта­сы­на барған бел­гілі қоғам бел­сен­дісі Ғалым Ағе­ле­уовтен соңы шие­ленісіп кетуі мүм­кін оқиға­ның егжей-тег­жей­ін біл­ген едік.

 

– Ғалым мыр­за, Жаңаө­зен­ге барып кел­геніңіз­ден хабар­дар­мыз. Жұмыс­шы­лар нара­зы­лы­ғы, еңбек дауы нен­дей талап­тар­дан туған екен?

– Иә, нара­зы­лы­қта­рын жария түр­де билік пен қоғам­ның наза­ры­на жай­ып салған жұмыс­шы­лар­дың қақ орта­сын­да болып, олар­мен кез­десіп, бей­не­тас­паға да түсіріп кел­дім. Ал даудың басы – әуел­ден мұнай-газ жүй­есін бір­не­ше кәсі­по­ры­нға бөліп-жару­дан баста­лып, кәсі­по­рын­ды әркім әр жақтан жұл­ма­лап, жеке мен­ші­гіне иеленіп алуы себеп болған. Сол талан-тараж кезін­де «Бұрғы­лау» да жеке мен­шік­тің қолы­на өтіп кет­кен. Соның кесірі­нен жұмыс беру­ші акци­о­нер­лер, яғни мен­шік иесі мем­ле­кет­тің құзы­рын­дағы мұнай-газ сала­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген ере­же тәр­тібі «Бұрғы­ла­у­ға» қаты­сы жоқ деп, еңбек дауын туғы­зу­да. Сөй­тіп, жеке мен­шік­ке өтіп кет­кен ком­па­ния еңбе­кақы мөл­шерін өздерінің қала­у­ын­ша бел­гілеп, кәсі­по­дақтың жұмысы­на кесе-көл­де­нең тұрып, өктем­дік жасап отыр. Ал еңбек ұжы­мы­ның келісім-шар­тта­ры «Өзен­мұ­най­га­з­дың» жалақы төлеу тәр­тібіне сәй­кес кел­се де, «Бұрғы­ла­уда» басқа жағ­дай орын алған. Жер­ді үңги қазып, бұрғы­лау ең ауыр жұмыс саналға­ны­нан не пай­да, адал еңбек­тің ақы­сы арзы­май­ды. Мұн­дай ауыр жұмысы үшін «Өзен­мұ­най­га­з­да» бұрғы­ла­у­шы­ларға өте жоға­ры көлем­де еңбе­кақы төленеді.

 

– Демек, «Бұрғы­ла­уды» ием­деніп алған­дар «үй іші­нен үй тігіп» оты­рған бол­ды ғой сонда?

– Дәл солай, өздерін мем­ле­кет­тен тыс жеке мен­шік құры­лым ретін­де санай­ды. «Өзен­мұ­най­газ» үшін біры­ңғай еңбе­кақы төлеу жүй­есі (еди­ная став­ка опла­ты тру­да – ЕСОТ) тиім­ді болға­ны­мен, Жаңаө­зен­де­гі «Бұрғы­лау» жұмыс­шы­ла­ры­ның еңбе­гі қаналған. Мен­шік иесі қан­ша төле­гісі кел­се, сон­ша көлем­де ғана жалақы бел­гілеп, өзім­білем­ге салған. Жұмыстағы әділет­сіздік­тер тоқтар емес: жөн­деу цех­та­рын­да жасалған жұмыстар­дың сағат­та­ры табель­ге енбей­ді екен. Сөй­тіп, ауыр жұмыстың аза­бын арқа­лаған бұрғы­ла­у­шы­лар­дың жалақы­сы азайған.

 

– Бір қала­ның тұрғын­да­ры бір сала­да жұмыс атқа­рып, еңбек­терінің екі түр­лі баға­ла­нуы­ның себебін біле алды­ңыз ба?

– Оның себебі қара­пай­ым ариф­ме­ти­ка­мен есеп­те­у­ге бола­тын қисап: бұрғы­ла­у­шы­ларға бұрын­да­ры сегіз сағат­тық жұмыс күніне төлен­се, енді еңбе­кақы­сы­ның төрт саға­ты ғана есеп­ке алы­на­тын болған. Сон­да күні бой­ғы ауыр жұмыстың өте­мі арзы­май­тын тиын-тебен­мен баға­лан­са, ондай әділет­сіздік­пен кім келі­седі? «Бұрғы­лау» жұмыс­шы­ла­ры «Өзен­мұ­най­га­з­дағы» әріп­те­стері­нен екі есе аз мөл­шер­де жалақы ала­ды. Бір – қала, бір – сала, екі түр­лі баға дегеніңіз осы! «Өзен­мұ­най­га­з­дағы» айлық жалақы – 400 мың тең­ге десек, «Бұрғы­ла­удағы­лар» 200 мың тең­ге­ге әрең қол­да­ры жете­ді. Осы апта­ның сей­сен­бісін­де ере­уіл­ге шыққан жұмыс­шы­лар­мен кез­де­су­ге Алма­ты­дан кел­ген акци­о­нер Рах­мет Хай­рул­ла­ев бұрғы­ла­у­шы­лар­дың жалақы­сы 400 мың тең­ге деуіне қараған­да, ком­па­ния екі түр­лі бух­гал­тер­лік есеп жүр­гі­зе ме деген күді­гім басым. Бұл да тек­се­руді, зерт­те­уді қажет ететін мәсе­ле. Есеп­тік құжатқа қол қой­ған кей­бір жұмыс­шы­лар да осы күді­гі­мізді рас­та­ды, олар бас про­ку­рорға, облыс про­ку­ро­ры­на да осы құжат­тар­ды жіберіп, тиісті тек­се­ру­ші орган­дар­ды хабар­дар еткен­дерін айтады.

Сей­сен­бі күні облыс про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Жаңаө­зен­ге келіп, жұмыс беру­ші акци­о­нер­мен және жұмыс­шы­лар­дың ара­сын­да келісім жаса­мақ болған жиы­нға қаты­сты. Бірақ оның нәти­же­сі әлі бел­гісіз, бел­гілісі – ере­уіл­ге шыққан отыз адам­ды про­ку­ра­ту­раға шақыр­тқан. Олар­ды осы ере­уіл­ді ұйым­да­сты­рған бел­сен­ді ретін­де әкім­шілік құқы­қты бұзған­да­ры үшін жау­а­пқа тар­та­мыз деп, сес көр­сет­кен екен.

 

– Үш жақты келісім­нің нәти­же­сі қалай бола­ты­нын алдағы уақыт көр­се­тер, ал жұмыс­шы­лар үміт­те­нетін­дей бір жарық сәу­ленің ныша­ны бар ма?

– Үміт үзіл­мей­ді ғой, бірақ күдік­тері басым көп­шілік аштық жари­я­лау тура­лы біра­уы­здан шешім қабыл­да­ды. Жағ­дай­дың жеңіл­дей­тін түрі көрін­бей­ді. Жұмыс беру­ші ауыр еңбек иелерінің тала­бы­мен санасса, шешіл­мей­тін мәсе­ле жоқ. Жиналған жұрт кәсі­по­рын­дағы жұмыс жос­парға сай атқа­ры­лып жатқа­ны­на қара­ма­стан, бас­шы­лық дағ­да­рыс пен қар­жы тап­шы­лы­ғын алға тар­тып, жұмыс уақы­ты мен еңбе­кақы көле­мін қысқар­тып оты­рға­ны­на нара­зы. Ал жер­гілік­ті билік бұрғы­ла­у­шы­лар­мен қоса, ұңғы­ма­лар­ды жөн­де­умен де айна­лы­са­тын жеке ком­па­ния бас­шы­лы­ғы мен жұмыс­шы­ла­ры ара­сын­дағы еңбек дауы­на ара­лас­пай, бүгін­ге дей­ін іштен тынып оты­рға­ны түсініксіз.

 

– Жұмыс беру­шінің кесірі­нен үлкен әле­умет­тік толқу туып кете­ді деген қауіп жоқ па? Жаңаө­зен­де­гі 2011 жылғы қан­тө­гіс жер­гілік­ті билік­ке де, кәсі­по­рын қожай­ын­да­ры­на да сабақ бол­маға­ны ма?

– Алдын ала ондай қауіп бар деп айту­дың өзі­нен қорқа­мын, бірақ Жаңаө­зен­де тағы бір үлкен ере­уіл­дің басталға­ны анық! Билік осы­дан бес жыл бұры­нғы­дай оқ атып, күш қол­дан­бай­ды деп сен­гі­міз-ақ келеді, Құдай сақ­та­сын дей­міз! Жаңаө­зен­де 2011 жылы «Өзен­мұ­най­газ» және «Қара­жан­бас­мұ­най» ком­па­ни­я­ла­ры мұнай­шы­ла­ры­ның жалақы­ны көбей­туді, еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды талап етіп, мамыр айын­да бастаған ере­уілі бір­не­ше айдан соң қан­ды қырғы­нға ұласқа­ны­нан билік сабақ алған шығар деп сенем…

Келісім жасай­тын комис­сия құрып, бір үстел­дің басын­да шешу­ге бола­тын мәсе­лені ушы­қты­ру ешкім­ге де қажет емес. Осы жыл­дың мамыр айын­да «Бұрғы­ла­у­ға» қыру­ар қар­жы түсіп, ол толы­ғы­мен игеріліп­ті. Бірақ ол ақша Аста­на мен Алма­ты­да оты­рған жоға­ры жақтағы акци­о­нер­лер­дің қал­та­сы­на кет­кен сияқты. Жұмыс­шы­лар да осы қар­жы­дан өз үле­стерін алғы­сы келеді, сон­ды­қтан да біры­ңғай еңбе­кақы жүй­есін (ЕСОТ) енгі­зуді, соны­мен бір­ге бір күн­ге сегіз сағат­тық еңбе­кақы­ның толық төле­нуі – басты талап­тың бірі.

 

– Жер­гілік­ті билік­тің үн-түн­сіз оты­ру себебі аса құпия жағ­дай емес. Жаңаө­зен­де­гі еңбек дауы­на билік­тің килік­пеу себебі біреу-ақ: егер билік­тің ара­ла­суы­мен кәсі­по­рын қожай­ы­ны ере­уіл­шілер тала­бын орын­дай­тын бол­са, бұл жағ­дай басқа ком­па­ни­ядағы қана­лып оты­рған жұмыс­шы­ларға үлгі болуы мүм­кін. Яғни, Маңғы­стау түбе­гін­де­гі ғана емес, бүкіл батыс аймақтар­дағы мұнай­шы­лар өре тұруы мүм­кін. Ондай­да ере­уіл толқы­ны жал­пақ елге жай­ы­луы ғажап емес. Себебі Қаза­қстан­да мұнай­шы­лар­дың ғана емес, басқа да өндіріс сала­ла­рын­дағы жұмыс­шы­лар­дың еңбек­тері қана­лу­да. Міне, билік осын­дай жап­пай ере­уіл­ден қат­ты қорқады.

Деген­мен, сіз қалай ойлай­сыз, жұмыс­шы­лар­дың есебі­нен бай­лы­ққа батқан акци­о­нер қожай­ын­дар өз кірістерінің мар­ды­мас пай­ы­зы есебі­нен жұмыс­шы­лар­дың талап­та­рын орын­да­са, осы дауды өршіт­пе­удің ама­лы табыл­мас па еді?

– Әлбет­те! Жұмыс көле­мін де, жос­па­рын да уақы­тын­да орын­дап жүр­ген бұрғы­шы­ларға осы даудың көк тиын­дық пай­да­сы жоқ. Бар мәсе­ле – оларға ақы төлеу тәр­тібіне келіп тіре­лу­де. Әрі-бері­ден соң, «Бұрғы­ла­удың» еңбек өні­мін пай­да­ла­на­тын тек қана оның иелері емес қой, ол – елдің игілі­гіне жара­ты­ла­тын табыс. Тап­сы­рыс беру­ші де мем­ле­кет­тік құры­лым – «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы. Осы дауды өршіту­ге жұмыс­шы­лар мүд­делі емес екені айт­па­са да түсінік­ті. Кәсі­по­рын­дағы еңбек дауы­ның шешілуі қожай­ын­дар­дың қолын­дағы мәселе.

 

– Ал жұмыс­шы­лар­дың мүд­десін қорғай­тын бір­ден-бір өкіл – кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның жағ­дайы да мүш­кіл деген ақпа­ратқа қосып-ала­ры­ңыз бар ма?

– Кәсі­по­дақтың жағ­дайы мүш­кіл екені рас, «Бұрғы­лау» жұмыс­шы­ла­ры сай­лаған кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның төраға­сы Сәду­ақас Бекқа­ли­ев қыр­күй­ек­тің 8‑нен бері Ера­ли­ев аудан­дық соты­ның шеші­мі бой­ын­ша шар­тты түр­де бір жарым жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған. Оған кеш­кі сағат 8‑ден кей­ін үйі­нен аяғын аттап басуға, Жаңаө­зен­нен басқа жаққа баруға, жиын­дар мен жина­лы­сқа қаты­суға тый­ым салыныпты.

Ал ере­уіл­ге шыққан жұмыс­шы-әріп­те­стері Бекқа­ли­ев­ке қоғам­дық-аза­мат­тық бел­сен­ділі­гіне бай­ла­ны­сты тый­ым салын­ды дей­ді. Тіп­ті кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның жұмыс бөл­месіне күзет қой­ы­лып, есеп­шо­ты­на тұсау салы­нған. Әле­умет­тік мәсе­ле­лерін, өз құқы­қта­рын, еңбек жағ­дай­ы­на қаты­сты мәсе­лені жұмыс беру­ші­мен талқы­ла­у­ға қаты­са­тын өкіл­дің жоқты­ғы жұмыс­шы­ларға ғана емес, кәсі­по­рын­да орын алған еңбек дауы­на да кесірін тигі­зу­де. Жұмыс­шы­лар­дың қой­ып оты­рған тағы бір тала­бы бой­ын­ша – өздері сай­лаған кәсі­по­даққа қысым жаса­уды тоқта­ту десек, ол да орын­да­луы қиын шаруа емес, бірақ ком­па­ния бас­шы­лы­ғы осы мәсе­ле­ге де тіресіп оты­рға­ны түсініксіз жағ­дай. Бұның соңы үлкен сая­си-әле­умет­тік тала­пқа ұла­сып кетуі ғажап емес.

 

– Десек те, осы ере­уіл­дің ертең­гі оңды нәти­же­сіне алаң­даған жұрт­тың көңілін баса­тын­дай өзгеріс­ке сену­ге бола ма?

– Егер Жаңаө­зен­де келісім­ге кел­тіру­ші комис­сия құры­лып, заң шең­берін­де жұмыс жүр­гізіліп, ере­уіл­шілер мен тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ ұйы­мы­на қысым жасал­ма­са, әле­умет­тік нара­зы­лы­қты шешу теті­гі табы­ла­ры сөз­сіз. Ал бұлай бол­маған жағ­дай­да билік тағы да жұмыс­шы­лар­дың қар­сы­лы­ғы­на тап бола­ды. Мұн­дай жағ­дай билік­ке де, жер­гілік­ті жер­де­гі тұрғын­дарға да, жал­пы қоға­мға да жақ­сы­лық әкел­месі анық. Аста­на мен Алма­ты­да жатып алып, кәсі­по­рын­ды билеп-төстеп оты­рған негіз­гі акци­о­нер­лер осы мәсе­лені қапе­рін­де ұстаған­да­ры жөн! Өкілет­тік­терін жүр­гі­зу құзы­рын өкіл­деріне тап­сы­рып неме­се өздері Жаңаө­зен­ге келіп, жағ­дай­ды ушы­қтыр­май, жұмыс­шы­лар­мен бір үстел­дің басын­да келісім­ге келу­лері керек деп санай­мын. Жұмыс­шы­лар бол­са, амал­дың жоқты­ғы­нан аштық жари­я­ла­у­ға дей­ін бара­тын­да­рын мәлім­де­уде. Ере­уіл­шілер бұл мәсе­ле­ге тек пре­зи­дент пен сала мини­стрі ара­лас­па­са, ушы­ққан жағ­дай шешіл­мей­ді деген ойда отыр.

 

– Рах­мет, Ғалым! Пре­зи­дент пен министр ел сөзіне құлақ асса, Жаңаө­зен­нің жағ­дайы осын­дай ұзақ «жырға» айнал­мас деп сене­міз. Тауқы­меті мен аза­бы мол ауыр кәсіп иелерінің еңбе­гі ақтал­са екен деген тілек­тен басқа айта­ры­мыз жоқ.

 

Сұх­бат­тасқан –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

 

 

 

Өз аузы­нан

 

Бека­рыс ТӨЛЕСІНОВ:

БІЗ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

 

Мен «Бұрғы­лау» кәсі­по­ры­ны­ның жұмыс­шы­сы­мын. Кәсі­по­рын­да екі мыңға жуық адам еңбек ете­ді. «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­на 2000 жыл­дан бері бұрғы­лау қыз­метін көр­сетіп келе жатқан кәсі­по­рын­дағы жұмыс­шы­лар нара­зы­лы­ғы 2008 жыл­дан бері оқтын-оқтын жалғасуда.

 

Өткен тамыз айын­да да бір апта бойы жұмысты тоқта­тып, ере­уіл өткіздік. Кәсі­по­рын­да жұмыстың жос­парға сай атқа­ры­лып жатқа­ны­на қара­ма­стан, бас­шы­лы­қтың жұмыс уақы­ты мен еңбе­кақы көле­мін қысқар­тып оты­рға­ны­на шағым­данған едік, одан нәти­же шық­па­ды. Көлік жүр­гі­зу­шілер­дің де еңбек­тері 2014 жыл­дан бастап дұрыс есеп­тел­мей жатыр, олар­дың қысқар­ты­лған жұмыс сағат­та­ры қай­та есеп­теліп, адал еңбек­терінің қай­та­ры­луын талап етеміз.

Өткен бірер ай шама­сын­да кәсі­по­дақ төраға­сын ауы­сты­ру ниеті­мен кон­фе­рен­ция өткі­зу үшін, бас­шы­лар­дан рұқ­сат сұраған­быз. Бас­шы­лық ұсы­ны­сы­мы­зды орын­да­май, бұры­нғы кәсі­по­дақтың бас­шы­сы сол күй­ін­де қала­ды деп шешім қабыл­да­ды. Алдын ала бұры­нғы кәсі­по­дақ төраға­сы Төле­ген Дос­ни­я­зо­втың алды­нан өткен едік, ол: «Кон­фе­рен­ция өткізу­ге қар­сы­мын», – деп шыға кел­ді. Содан үш күн­нен кей­ін жігіт­тер «кон­фе­рен­ция өткі­зе алма­сақ, төраға­мы­зды сай­ла­ма­сақ, нақты бір әре­кет­ке көш­кені­міз жөн» деп сана­дық. Осы мәсе­ле бой­ын­ша жұмыс­шы­лар тамы­здың 27-нен бастап үш күн бойы күніне екі сағат­тан жұмысты қой­ып, меке­ме­ге жақын жер­де­гі жұмыс­шы­лар­ды таси­тын көлік бекетінің жанын­да нара­зы­лық біл­дір­дік. Сол жер­де деле­гат­та­ры­мы­зды ірік­теп, төраға­лы­ққа Сәду­ақас Бекқа­ли­ев­ті сай­ла­дық, ол бұрын да осы ұйы­мға жетек­шілік еткен азамат.

Жұмыс­шы­лар сенім біл­дір­ген Сәду­ақас Бекқа­ли­ев мау­сым айын­да «себеп­сіз жұмыста бол­маға­ны үшін» жұмыстан шыға­ры­лған еді. Ол «Бұрғы­лау» меке­месін­де 1992 жыл­дан бері мұнай­шы болып еңбек еткен. 2009 жылы «Бұрғы­лау» ЖШС-інде еңбек жағ­дай­ы­ның нашар­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты болған нара­зы­лық кезін­де ере­уіл­шілер коми­тетінің мүше­сі, 2012 жылға дей­ін кәсі­по­дақ төраға­сы болған аза­мат. Жұмыс­шы­лар құқы­ғы­на қаты­сты мәсе­лені өткір көте­ретіні үшін меке­ме бас­шы­ла­ры оны жақтырмайды.

Дәл бүгін­гі таң­да кәсі­по­дақтың есеп­шо­ты да жабыл­ды: адам болған соң, қаза да, той да әркім­нің басы­на келетін жағ­дай­да дәр­мен­сіз күй­ге түстік. Ден­са­улы­ғы­мы­зға бай­ла­ны­сты есеп­шот­тан ақша алай­ық десек, қолы­мыз бай­ла­нып отыр. Біра­уы­здан сай­лаған төраға­мы­зға жалған жала жабы­лып, шар­тты түр­де бір жыл алты айға бас бостан­ды­ғы­нан айыр­ды. Әуел­де оны жұмыс­шы­лар­дан алшақта­ту үшін небір айла жасал­ды: жұмыс беру­шілер әртүр­лі бас­шы­лық қыз­мет­тер ұсы­нып, тұр­мыс-жағ­дай­ын жақ­сар­туға уәде бер­ген. Сәду­ақас өз тара­пы­нан өзіне сенім артқан ел-жұрт­тың сөзі­нен атта­май­мын дегені үшін жау­а­пқа тар­тып, оны бел­сен­ді қыз­мет­тен, әріп­те­стері орта­сы­нан алшақта­ту­дың әре­кеті іске асты.

Маңғы­стау облы­стық про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры­на талап­та­ры­мы­зды тап­сы­рға­ны­мы­з­бен, ешқан­дай шешім шыға­ры­лған жоқ. Біры­ңғай еңбе­кақы төлеу жүй­есі біздің емес, «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның құзы­рын­да деген жау­ап алдық. Сей­сен­бі күн­гі жина­лы­ста елдің көңілін көте­ретін ештеңе айтыл­ма­ды, бір-бір отба­сын асы­рап оты­рған аза­мат­тар­дың көтеріп оты­рған тала­бы – уақыт оздыр­май жер­гілік­ті жер­де шешілуі тиіс мәселе.

Жалақы­ны көте­руді, жұмыс жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды, өзі­міз сай­лаған кәсі­по­даққа қысым жаса­уды тоқта­ту­ды, 2014–2016 жылғы орын­далған жос­парға сай «бонус» төле­уді, мұнай-газ сек­то­ры­на арналған біры­ңғай еңбе­кақы төлеу жүй­есіне қосу­ды талап етеміз.

Жаңаө­зен­де­гі жағ­дай оң шеші­мін таба­ды деген ойда­мын. Тала­бы­мыз орын­дал­ма­са, қазан­ның 14-інде аштық жари­я­лай­ты­ны­мыз тура­лы Жаңаө­зен қала­сы­ның әкі­мі Елу­бай Әбі­ло­втың аты­на хат жол­да­дық. Аштық жари­я­лау жөнін­де­гі хатқа 400-ден астам адам қол қой­ды, біз­ге қосы­луға ерік біл­діріп жатқан­дар­дың қата­ры көбеюде.

Жұмыс беру­ші тарап­тың Жаңаө­зен қала­лық соты­на бер­ген ары­зы бой­ын­ша бел­сен­ді аза­мат­тар – Сәду­ақас Бекқа­ли­ев, Төре­бек Жол­ды­ба­ев, Бауы­р­жан Қуа­ны­шев, Ақыл­бек Нұр­лы­ба­ев, Ержан Құла­та­ев­тың қыр­күй­ек­тің 30‑ы мен қазан­ның 1‑і күні ере­уіл­ге шыққа­нын сот заң­сыз деп таны­ған шешім шығар­ды. Біз жұмыс беру­шілер­дің осы аза­мат­тар­ды қуда­лаға­нын тоқта­туын талап етеміз.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн