Суббота , 5 июля 2025

АЛЫП АДАМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.)

Тәу­ел­сіздік тарланы


Біздің аны­қта­ма

Сауық Тәке­жа­нов (18.11.1931–20.08.2003 жж.) – инже­нер-ғалым, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, Қазақ КСР-інің еңбек сіңір­ген өнер­та­пқы­шы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңір­ген метал­лур­гі. 1956 жылы Томск поли­тех­ни­ка­лық инсти­ту­тын, 1980 жылы КСРО Халық шару­а­шы­лы­ғын басқа­ру инсти­ту­тын бітір­ген. 1971–1987 жыл­да­ры Қазақ КСР‑і Түсті метал­лур­гия мини­стрінің орын­ба­са­ры, Қазақ КСР‑і Мини­стр­лер Кеңесі төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, Қазақ КСР‑і Жос­пар­лау коми­тетінің төраға­сы, 1987 жыл­дың аяғы­нан «Қазқорға­сын» қорға­сын-мырыш кәсі­по­рын­да­ры өндірістік бір­ле­сті­гінің бас дирек­то­ры болып жемісті қыз­мет атқар­ды. 1990 жыл­да­ры Жоғарғы Кеңе­стің эко­но­ми­ка­лық рефор­ма, бюд­жет және қар­жы­лан­ды­ру мәсе­ле­лері жөнін­де­гі коми­тетінің төраға­сы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның халық депу­та­ты болды.

1993–1997 жыл­дар ара­лы­ғын­да «Қаз­ме­талл» АҚ-ның өнер­кәсіп­тік-қар­жы ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті бол­ды. 1991–92 жыл­да­ры ұлт­тық валю­та­ны енгі­зу мәсе­лесі­мен айна­лы­сқан баста­ма­шыл топ­ты басқар­ды. Ол ұлт­тық төл ақша енгізіл­ме­стен бұрын алтын қорын, жал­пы ұлт­тық валю­та қор­ла­ры мен басқа да өтім­ділі­гі жоға­ры банк актив­терін жасау ісін рет­ке кел­тіру­мен шұғыл­дан­ды. 108 ғылы­ми еңбек­тің, 100-ден астам өнер­та­пқы­штық жұмысы­ның және 43 патент­тің авто­ры. КСРО-ның Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғын алған. Ленин ордені­мен, 4 рет Еңбек Қызыл Ту ордені­мен, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Құр­мет» ордені­мен мара­пат­талған. Өкініш­ке қарай, Сауық Тәке­жа­нов өзінің ойла­рын соңы­на дей­ін жет­кі­зе алмады.

Төмен­де біз Тәу­ел­сіздік дата­сы­мен қатар кел­ген Сауық Тәке­жа­но­втың 85 жыл­ды­ғы­на орай бел­гілі жазу­шы Бей­біт Қой­шы­ба­ев редак­ци­яға жол­даған көлем­ді очер­кі­нен үзін­ді жари­я­лап отырмыз.

Мем­ле­кет мүд­десіне елдің негіз­гі халқы­ның мүд­десі тұрғы­сы­нан қара­удың үлгісін күл­лі қыз­меті­мен Қона­ев ақсақал көр­сет­кен еді. Бірақ ол өзіне тіке­лей тап­сыр­ма беріп, ақыл айтқа­нын­ша, Тәке­жа­нов бұған сон­ша­лы­қты назар аудар­маған екен: Қаза­қстан өндіріс орын­да­ры ұстап тұрған қала­лар­ды, аймақтар­ды қыз­мет бабы­мен жиі ара­лай жүріп, ол еш жер­де тари­хи мәні бар нысан­дарға бас сұқпаған-тын.

Бір­де, жет­пісін­ші жыл­дар­дың орта­сын­да, оған Диме­кең: «Сен Кен­та­уға барып жүр­сің, ал соның жанын­да қаси­ет­ті Түр­кістан тұрға­нын біле­місің? Ондағы Қожа Ахмет Йас­са­уи мав­зо­лей­інің жағ­дай­ы­нан, оған не істеу қажет­ті­гі­нен хаба­рың бар ма?» – деп сұрай­ды. Әрине, біл­мей­тін, әрине, көр­ме­ген, әрине, хабар­сыз… Бірақ бар­ды, көр­ді, оны жөн­деу және қал­пы­на кел­ті­ру жұмыста­рын жүр­гі­зу мақ­са­тын­да тиісті меке­ме көме­гі­мен ғылы­ми зерт­теу жасап, Әзірет Сұл­тан­ның қазақ ханда­ры пан­тео­ны­на айналған, жер асты және жер үсті құры­лы­ста­ры мол тұтас бір кешен екеніне көз жеткізді.

Сол шақта мав­зо­лей­ді жаңғыр­тып, түзе­ген­дері – бер­тін­де сонау көне аста­на­ны толы­ғы­мен рет­ке кел­ті­ру жұмыста­ры­ның баста­ма­сы бол­ды. Сауық Темір­бай­ұлы­ның жеке өз басы­на Диме­кеңнің бұл тап­сыр­ма­сы­ның тигіз­ген әсері ерен еді: кешен­ді бір­ге ара­лаған қасын­дағы бір сері­гі сон­дағы кіта­п­ха­на­дан пар­сы тілі­нен тәр­жі­ма­ланған кітап мұқа­ба­сын­дағы аудар­ма­шы­ның аты-жөніне наза­рын аудар­ды. Жүре­гі тулап қоя бер­ді, өйт­кені аудар­ма­шы­ның аты-жөні Құсай­ын Тәке­жа­нов еді. Құсай­ын – Сауы­қтың әкесінің аға­сы. Ол жаса­уыл­дар­дың қырағы күзетіне қара­май, өзін, бес жасар сәбиді, АЛЖИР-ге айдалған ана­сы­ның қолы­нан алып қала алған, сөй­тіп өз ошағын­да тәр­би­е­леп өсір­ген, жетім­дік көр­сет­пе­ген, іс жүзін­де­гі әкесі еді. (Ақын Құсай­ын Тәке­жа­но­втың «Таң­да­ма­лы шығар­ма­ла­ры» Сауық қай­тыс болған­нан кей­ін жарық көр­ді. Кіта­пқа бер­ген алғы­сөзін­де ақын­ның келіні Кла­ра апай: «…жол­да­сым Сауық Тәке­жа­но­вты жастай­ы­нан асы­рап, өз орта­сы­нан кем қал­дыр­май оқы­тып-тоқы­тып, кәме­лет­ке жет­кіз­ген әкесі Құсай­ын Тәке­жа­нов. Сонау зұл­мат заман­да Сауы­қтың туған әкесі Темір­бай Тәке­жа­нов итжек­кен­ге айда­лып кет­кен­де, қара­у­сыз қалған оны бауы­ры­на басып, әкесін жоқтат­пай өсір­ген неме­ре аға­сы – осы Құсай­ын ақсақал бола­тын», – деп көр­сет­кен). Осы жәйт Сауы­қты шығыс дана­лы­қта­ры­мен жақы­ны­рақ таны­суға жете­леп қана қой­май, оның отан­шыл аза­мат ретін­де­гі ұста­ны­мы­ның маз­мұ­нын терең­детіп, ұлт­тық тамыр­мен жалғасқан, шын мәнін­де­гі ұлт­тық-мем­ле­кет­тік мүд­дені көз­дей­тін көзқа­ра­сын бай­ы­та түсті деп батыл айтуға болады.

Өзінің ғұмы­рын арнаған кәсібі бола­шақтың эко­но­ми­ка­сы­мен қалай үндесе ала­ты­нын Сауық Темір­бай­ұ­лы алғаш рет Өске­мен қорға­сын-мырыш ком­би­на­тын­да ұққан еді. Өткен ғасыр­дың 60-жыл­да­рын­да КСРО үкі­метінің бас­шы­сы Косы­гин ұсы­нған, жос­пар­лау мен эко­но­ми­ка­лық ынта­лан­ды­ру­дың жаңа жүй­есіне Кеңес Одағы бой­ын­ша 43 кәсі­по­рын көшіріл­ген­де, солар­дың қата­ры­на Қаза­қстан­нан жалғыз ӨҚМК енгізіл­ген болатын.

Жаңа жүй­е­де ең алды­мен әр жұмыс орны­ның ақшаға шаққан­дағы тиім­ділі­гі есеп­тел­ді. Сол есеп-қисап бары­сын­да Тәке­жа­нов метал­лур­ги­я­лық шикі­затты кешен­ді түр­де пай­да­ла­ну­дың қан­дай тиім­ділік әке­луі ықти­мал екенін мүл­дем айқын түсін­ді. Сапа­лық көр­сет­кі­ш­тер өнім көле­мі­нен гөрі таза табысқа жақ­сы қыз­мет ете­ді, – ол өзіне осын­дай жаңа­лық ашты. Сол кез­де ком­би­нат­тың таза кірісін­де­гі сапа­лық көр­сет­кі­ш­тер мен шикі­за­тқа кет­кен шығын­ды үнем­деу есебі­нен алы­нған таза пай­да үлесі ҚМК-ның бар­лық таза пай­да­сы­ның жар­ты­сы­нан асатын.

Кәсі­по­рын­ды әуелі Кеңес Одағы көр­месіне, одан халы­қа­ра­лық көр­ме­лер мен әлем­де­гі көп­те­ген елдер­дің өнер­кәсіп жәр­мең­ке­леріне шыға­ру­ды мүм­кін еткен – жаңа тех­но­ло­ги­я­лар екеніне ешкім күмән­дан­бай­тын. Ком­би­нат шығарған мырыш, қорға­сын, кад­мий Лон­дон­дағы метал­дар бир­жа­сын­да «таза­лық эта­ло­ны» ретін­де мой­ын­дал­ды. Экс­порт­тық мүм­кін­дік­тер ұлғай­ды. Ком­би­нат­та кен­та­стан Мен­де­ле­ев­тің пери­од­тық жүй­есін­де­гі елу эле­мент­ті алу игеріл­ді. Ал ӨҚМК-ның тех­но­ло­ги­я­лық жаса­лым­да­рын қол­да­на оты­рып, рес­пуб­ли­ка тау-кен кәсі­по­рын­да­рын­дағы тау­ар­лық өнім 74 эле­мент­ке жет­кізіл­ген бола­тын. СОКП Орта­лық Коми­тетінің арнайы шеші­мі­мен ӨҚМК тәжіри­бесі күл­лі одақтағы сала кәсі­по­рын­да­ры­на қол­да­ны­ла баста­ды. Осы­ның бәрі оны инже­нер­дің еңбе­гіне эко­но­ми­ка­лық тиім­ділік тұрғы­сы­нан ой жүгір­ту­ге итермелейтін.

Рес­пуб­ли­ка түсті метал­лур­ги­я­сы­ның ірі де таны­мал бас­шы­сы 1974 жылы Қазақ КСР Мини­стр­лер Кеңесі Төраға­сы­ның орын­ба­са­ры – Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау коми­тетінің төраға­сы лау­а­зы­мы­на бекітіл­ді. Жаңа жұмысқа кіріс­кенін­де Тәке­жа­но­втың не нәр­се­ге аң-таң қалға­ны жай­ын­да айтқан­да­ры былай баяндалады:

«Рес­пуб­ли­ка­да «ұлт­тық табыс», «ішкі жал­пы өнім» деген тер­мин­дер­дің бол­маға­ны мен үшін күт­пе­ген жаңа­лық еді, – деп еске алды ака­де­мик. – Дәлірек айтқан­да, бұл тер­мин­дер­дің біз­ге арналға­ны бар бола­тын, бірақ олар­ды біз үшін тек Мәс­кеу толы­қты­ра­тын. «Біз­ге мұны тек қана Мәс­кеу береді», – мен онда іс-қағаз­дар­ды қабыл­даған кезім­де осын­дай­ды естідім. Сон­да мен, өз-өзі­нен түсінік­ті, бір­ден «төмен­нен» есеп-қисап жаса­дым да, өздері­міздің ұлт­тық табысы­мыз жай­ын­дағы жол­ды өзім­нің бірін­ші есебі­ме салып, өзім қол қойдым.

О, соның артын­ша не бастал­ды десей­ші! Мені «идео­лог» – Орта­лық Коми­тет хат­шы­сы шақы­ра­ды. Сөй­тіп тура табал­ды­ры­қтан бас сала­ды: «Сауық Темір­бай­ұ­лы, сен, немене, – шыны­мен де ұлт­шыл­мысың? Егер біздің бәрі­міз­де бары – бір ғана Ленин пар­ти­я­сы бол­са, біздің рес­пуб­ли­ка­мы­зда қан­дай ұлт­тық табыс болуы мүмкін?».

Сон­да мен «идео­лог­ты» осын­дай «ұлт­тық табыс» деген ұғым­ды қабыл алмай­ын­ша, нағыз эко­но­ми­ка­ның бол­май­ты­ны­на, әрі оның біздің бір­тұ­тас пар­ти­я­лы­лы­ғы­мы­зға титім­дей де кедер­гі кел­тір­мей­тініне сон­ша­лы­қты қиын­ды­қ­пен илан­ды­ра алдым-ау әйте­уір! Сол кез­ден бастап ұлт­тық табыс гос­план­дық есеп­тер­де­гі өте маңы­зды көр­сет­кіш­ке айнал­ды. Ал бұл оқиға Мәс­ке­у­ге де жетіп­ті: мені Бай­ба­ков өзіне КСРО Жос­пар­лау коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры болып ауы­сып келу­ге шақы­рған­да, осы жәйт­ті жымия оты­рып еске алды…» (О. Квят­ков­ский. «Тәке­жа­нов», Алма­ты, 2004 ж., 142–143-бб.).

Тоғыз жыл түсті метал­лур­ги­я­ны, алты жыл Гос­план­ды (Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау коми­тетін) басқа­ру кезін­де­гі ұтым­ды еңбек тәжіри­бе­лері әкел­ген беделіне тән­ті халық депу­тат­та­ры 1990 жылы оны біра­уы­здан Жоғарғы Кеңе­стің Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма, қар­жы-қара­жат және бюд­жет мәсе­ле­лері жөнін­де­гі коми­тетінің төраға­сы етіп сай­ла­ды. Қай­та құру жыл­да­ры мем­ле­кет дер­бес­ті­гін әзір­ле­ген және тәу­ел­сіздік­ті жария еткен осы пар­ла­мент қабы­рға­сын­да еңбек еткенін­де, ол шын мәнін­де­гі ірі мем­ле­кет­шіл қай­рат­кер дәре­же­сіне көтерілді.

Оған мына жәйт баяғы­дан айқын-ды – Кеңес Одағы­ның эко­но­ми­ка­сы тек орта­лы­қты жағ­дай­ла­сты­рып, бай­ы­ту үшін құры­лған бола­тын. Шикі­заттың, ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерінің баға­сы әдей­ілеп арзан дең­гей­де сақта­ты­ла­тын. Мақ­сат – ақы­рғы өнім­ді өндіретін жер­де тиім­ді кіріс болуын қам­та­ма­сыз ету еді. Мәсе­лен, титан өндіруді одақта үш алып ком­би­нат –Өске­мен­де (Қаза­қстан), Запо­ро­жье­де (Укра­и­на) және Берез­ни­ки­де (Ресей­дің Пермь облы­сын­да) жүзе­ге асыр­ды. Өске­мен мен Запо­ро­жье кен­та­сты бай­ы­ту, яғни бос тасты кен­ді құрам­нан ажы­ра­ту бағы­тын­дағы тек алға­шқы өңде­уден ғана өткен дүм­білез шикі­зат – жар­ты­лай фаб­ри­кат шыға­ра­тын. Ал соның негізін­де шыға­ры­ла­тын нақты мате­ри­ал – титан про­ка­ты тек Берез­ни­ки ком­би­на­тын­да жаса­ла­тын. Біздің түсті метал­дар түгел­ге жуық шикі­зат күй­ін­де тасып әкетілетін. Қаза­қстан импе­ри­я­ның шикі­заттық қосым­ша­сы ғана еді. Қар­жы­ның бәрі одақтық бюд­жет­те шоғыр­лан­ды­ры­ла­тын да, елі­міз­ге дота­ция содан берілетін.

Осын­дай көзқа­рас­тың сал­да­ры­нан Қаза­қстан негізі­нен шикі­зат база­сы ретін­де ғана дамы­ты­лған да, Тәу­ел­сіздік алған кез­де ол күн­делік­ті тұр­мысқа қажет­ті заттар­ды өзін­де шығар­май­тын, ең арғы­сы шегенің өзін сырт­тан әке­летін жағ­дай­да еді. Сон­ды­қтан да Тәке­жа­нов басқарған коми­тет бар­лық басты про­бле­ма­лар­дың қай­наған орта­сын­да тұр­ды, жос­пар­лы шару­а­шы­лық қожы­раған елі­міз­де базар­лық эко­но­ми­ка­ны қалып­та­сты­ру­дың заң­дық негізін қала­у­мен шұғыл­дан­ды. Коми­тет­те мен­шік, жеке­ше­лен­ді­ру, валю­та­лық рет­теу, шетел­дік инве­сти­ция, еркін эко­но­ми­ка­лық аймақ, акци­о­нер­лік қоғам­дар, бир­жа­лар мен баға­лы қағаз­дар, банк­тер, бюд­жет жүй­есі, төл ақша жасау мен оны айна­лы­мға енгі­зу секіл­ді толып жатқан аса қажет мәсе­ле­лер­ді шешу­ге бағыт­талған алға­шқы заң­дар жаса­лып, пар­ла­мент­тің қара­уы­на ұсынылды.

Ресей 1993 жылғы 26 шіл­де­де өз ішін­де жаңа ақша кір­гізіп, біздің елді ескі қағаз ақша топан судай басып кет­кен. Инфля­ция күн санап өсіп жатқан, білетін­дер оны гипе­рин­фля­ция деп атай­тын. Міне, сол шақта, Ресей екі жарым ай бойы өзінің жаңа ақша­сы­мен дер­бес эко­но­ми­ка­лық сая­са­тын жүр­гізіп жатқан кез­де – 1993 жылғы 12 қазан­дағы пар­ла­мент мәжілісі Қаза­қстан­ның ақша жүй­есін Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның ақша жүй­есі­мен бірік­ті­ру жөнін­де­гі келісім­ді рати­фи­ка­ци­я­лау тура­лы мәсе­ле қара­ды. Келісім­нің мән-жай­ын үкі­мет бас­шы­ла­ры­ның бірі баян­дай­ды. Пар­ла­мент­шілер қой­ған сұрақта­ры­на жау­ап алған­нан соң, құжат­ты бекіт­пек бола­ды. Сол кез­де Тәке­жа­нов табан­ды түр­де өзіне сөз беруді сұрай­ды. Сон­дағы сөзінің мына қысқа үзін­ділеріне көз жүгір­телік: «…Қол қой­ы­лған келісім­ді рати­фи­ка­ци­я­ла­сақ бол­ды, төлем­дер­дің бар­лық сау­ал­да­ры жеңіл және жақ­сы шеші­ле кететін­дей ұғым бар біздің бәрі­міз­де. Мен сіз­дер­ге өзім­нің жеке пікірім­ді айтуға тиіс­пін. Төлем мәсе­лесін Ресей­дің Орта­лық бан­кі жал­пы жасан­ды түр­де даб­ы­рай­тып алға тар­тып отыр. …Келісім дегені­міз – екі тарап­тың мін­дет­те­ме­лері болуы керек. …Прин­ципті түр­де мәлім­дей­мін: мұн­да тек қана бір тарап­тың – Қаза­қстан­ның ғана мін­дет­те­ме­лері бар!».

Одан әрі: «Біз эко­но­ми­ка­лық одақты қол­дай­мыз. Бірақ әңгі­ме ақша жүй­е­лерін бірік­ті­ру жөнін­де болып тұрған­да, біз Ресей Орта­лық бан­кінің ойын ере­же­сін мой­ын­да­уға келі­сетіні­мізді еске­руі­міз керек. Мұн­да ешқан­дай да ойын бол­мауға тиіс! Мен сіз­дер­ге көбірек айт­пай­ын. Біз КСРО Мем­ле­кет­тік бан­кі жүй­есін­де тұр­мыс кешіп көр­дік, ол әлі жады­мы­зда. Міне, енді тың­даңы­здар, мұн­да ешқан­дай да жаңа рубль жүй­есі жоқ, бұл – бұры­нғы КСРО Мем­ле­кет­тік бан­кі жүй­есінің дәл өзі. Тек енді КСРО Мем­ле­кет­тік бан­кінің рөлін­де Ресей Орта­лық бан­кі сөйлейді».

Тағы да: «Мен қазір ашық айтып тұр­мын: Ресей­дің Орта­лық бан­кі, үкі­меті Қаза­қстан­ды рубль аймағы­нан итеріп шыға­рып жібе­ру­ге бей­іл. Бұл менің бекем иланымым».

Рас, өз ақша­мы­зды толық әзір­леп үлгер­ген жоқ­пыз, шынын­да, оны сүй­е­мел­деп нығай­туға – валю­та­лық қор, алтын қоры, өтім­ді мате­ри­ал­дар, т.с.с. едәуір мәсе­ле шеші­мін табуы тиіс деп мой­ын­дай келе: «Бірақ неге біз өз кедені­мізді тым бол­ма­са өз ақша­мы­зды қосар­ла­на қатар енгі­зу жолы­мен қорғай алмай­мыз? – дей­ді. – Біз бұл жай­ын­да күл­лі Коми­теті­міз боп баяғы­дан айтып келе­міз. Бостан-босқа уақыт өткіздік! Маған, бәл­кім, осы істер үшін таяқ та тиер, бірақ біз екі жыл бұрын өз ұлт­тық валю­та­мы­зды қатар енгі­зуді ұсы­нған бола­тын­быз. Тау­ар­лық рын­ок­ты қорға­удың бұдан басқа әдісін мен біл­мей­мін, себебі 11 034 шақы­ры­мға созы­лған шека­ра­ны біз ешқа­шан күзетіп қорғай алмай­мыз, бұл бос әңгі­ме. Бірақ өз тау­ар­лық база­ры­мы­зды қорға­удың басқа әдістері бар. Бүгін осы 1962–1992 жыл­дарғы ақша­мен біздің рес­пуб­ли­ка­да бәрі тып-типыл босап қалға­нын біз біле­міз. Қай­ран қалам, көп­те­ген депу­тат­тар бұл іске қалай­ша сон­дай­лық бей­ма­рал қарауда…».

Нағыз мем­ле­кет­шіл тұлға­ның жанай­қайы. Оны пар­ла­мент төраға­сы ұғып, келісім­нің қол қой­ғанға дей­ін төралқа­да талқы­ланға­нын еске сал­ды, сол кез­де «ең басты оппо­нент Сауық Темір­бай­ұ­лы болған еді, ол қазір де өз ойын айт­ты. Оның ұсы­ны­ста­рын­да ақиқат мол», – деді ол. Жағ­дай жар­ты айдан кей­ін, 28 қазан­да пар­ла­мент­те тағы қарал­ды. Тәке­жа­нов: «Тағы да қай­та­лай­мын: біз рати­фи­ка­ци­я­лаған құжат бір жақты бола­тын, – деді. – …Біз­де рын­ок­ты ойран­дау жүріп жатыр. …Біз ескі үлгі­де­гі құн­сыз рубль топа­ны елі­мізді басып тұрған­да, аса жақын уақыт­та-ақ мүл­дем тау­ар ресур­ста­рын­сыз бос қала­мыз». Нақты ұсы­ныс жаса­ды: «Пре­зи­дент­тің қолын­да біздің келісі­мі­міз­бен іске қоса ала­тын нұсқа болуға тиіс». Қабыл­дан­ды. Ақы­ры, 1993 жылғы 15 қара­ша­да төл ақша айна­лы­мға енгізіл­ді. Осы күн­ді Тәке­жа­нов «Эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сіздік күні» деп атады.

Еге­мен елдің алға­шқы пар­ла­мен­ті тара­ты­лған­нан соң, ол Халы­қа­ра­лық инже­нер­лік ака­де­ми­я­ның және Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Инже­нер­лік ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі – шикі­затты кешен­ді түр­де пай­да­ла­ну жөнін­де «Қаза­қстан алты­ны», «Кон­вер­сия алты­ны» секіл­ді бірқа­тар бай­ып­ты бағ­дар­ла­ма­лар жасап, олар­дың орын­да­луы­на бас­шы­лық жаса­ды. «Қаз­ме­талл» ком­па­ни­я­сы мен «Қазал­ма­за­л­тын» кон­сор­ци­у­мы­ның негізін қалап, пре­зи­ден­ті болды.

Ол арты­на еле­улі жаз­ба мұра қал­дыр­ды. Көп жылғы пай­ым­да­у­лар негізін­де жазы­лған «Қаза­қстан­ның түсті метал­лур­ги­я­сы. Тарих фраг­мент­тері, нәти­же­лер мен тен­ден­ци­я­лар» деген кіта­бын­да елі­міздің түсті метал­лур­ги­я­сы­ның даму кезең­деріне тоқта­лып, оның базар эко­но­ми­ка­сы кезін­де­гі өркен­деу ерекшелік­терін тал­да­ды. Ал «Кешен­ді шикі­за­тқа – жаңа тех­но­ло­ги­я­лар» атты кіта­бын­да түсті және қара метал­дар өнді­ру тех­но­ло­ги­я­сын қай­та жарақтан­ды­ру бола­шағы жай­лы әңгі­ме­лей­ді. Автор ойы­ның өзе­гі – «Метал­ды тек сыр­тқа шыға­рып сату үшін өндіру­де – бола­шақ жоқ».

Осы орай­да атап айту ләзім, Сауық Темір­бай­ұ­лы мине­рал­дық шикі­затты кешен­ді түр­де өңдеу жай­ын­да ұсы­нған кон­цеп­ция, шын­ту­ай­тқа кел­ген­де, ғалым­дар мен маман­дар­ды, сон­дай-ақ билік тұтқа­сын ұстаған­дар­ды алда тұрған маңы­зды да күр­делі мәсе­ле­лер­ді шешудің нақты әдісте­месі­мен жарақтан­ды­ра­тын фило­со­фия, әріп­те­стері мен шәкірт­терінің баға­сы бой­ын­ша – тех­ни­ка­лық фило­со­фия болып табы­ла­ды. Одан автор­дың инже­нер­лік қана емес, рефор­ма­тор­лық, мем­ле­кет­шіл­дік көзқа­рас­та­ры­ның жиын­ты­ғын айқын көресіз. Өкініш­ке қарай, аз ғана тара­лым­мен автор­дың өз қара­жа­ты­на шыға­ры­лған іргелі еңбек­тері әлі күн­ге дей­ін ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­қта­ры­на, өндіріс және оқу орын­да­ры­на жете қой­ған жоқ.

Ол мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен кет­кен­мен, жаңа эко­но­ми­ка­ны жаңа­ша басқа­ру тура­лы, мине­рал-шикі­зат ресур­ста­рын пай­да­ла­ну мәсе­лесі жөнін­де, кәсі­по­рын­ды жеке­ше­лен­дірудің ерекшелік­тері жай­ын­да, басқа да көп­те­ген өзек­ті про­бле­ма­лар хақын­да үкі­мет пен пар­ла­мент бас­шы­ла­ры­на нақты ұсы­ны­стар айты­лған хат­тар мен түсін­дір­ме-жаз­ба­лар­ды 90-жыл­дар­дың орта­сы­нан бастап үздіксіз жол­дап отыр­ды. Бөтен менедж­мент пен сыр­тқы неси­е­ге бағ­дар ұстаған бас­шы­лы­ққа оның ұсы­ны­ста­ры ұнай қой­ма­са керек, әйт­се де ака­де­мик мем­ле­кет­шіл көзқа­ра­сы­нан еш айны­ған жоқ.

Қаза­қстан­ның өз потен­ци­а­лы­на – жан-жақты білі­мі бар кадр­ла­ры­на, өндірістік, ғылы­ми және руха­ни күш­теріне сену және арқа сүй­еу ғана халық мүд­десіне қыз­мет ететін ашық, бәсе­ке­ге қабілет­ті, еркін эко­но­ми­ка құруға мүм­кін­дік береді – Тәке­жа­нов өмірінің соңы­на дей­ін (ол 2003 жылғы 20 тамы­зда, эко­но­ми­ка­лық дер­бес­тік пен тәу­ел­сіздік мәсе­лесінің қатаң кеңе­стік жос­пар­лау дәуірін­де қалай сана­ны жау­лай бастаға­ны тура­лы мақа­ла­сын айтып, жазғы­зып тұрға­нын­да, жұмыс үстін­де үзіл­ді) осы ойда болды…

Бей­біт ҚОЙШЫБАЕВ,

тарих ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, жазушы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн