Четверг , 2 апреля 2026

«Amal Bio» – табысты компания

Ару Алма­ты­ның түбін­де орна­ласқан Гүл­да­ла ауы­лын­да алма өсіру­мен айна­лы­са­тын «Amal Bio» атты ком­па­ния бар. Әрине, нарық зама­нын­да тек бір өнім өнді­ру аздық ететіні анық. Сон­ды­қтан отба­сы­лық биз­нес ретін­де құры­лған жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­стің қожай­ын­да­ры Асқар Саби­ров пен Дина­ра Рүстемб­а­е­ва тек алма өсіріп қана қой­май, одан әртүр­лі шырын өндіруді де жолға қой­ған. Ол үшін жан-жақты ізденіп, білім­дерін шың­да­уға, тәжіри­бе жина­уға тура кел­ген. Есесіне еңбек­тері зая кет­пе­ген, қазір­гі кез­де «Amal Bio» елі­міз­де­гі ең табысты ком­па­ни­я­лар қатарында. 

Асқар­дың айтуын­ша, алма өсі­ру иде­я­сы оған кез­дей­соқ кел­ме­ген. Марқұм ата­сы Қуа­ныш ақсақал – Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс кезін­де ең бір кес­кілес­кен шай­қас өткен Ржев қала­сы түбін­де 101-атқы­штар диви­зи­я­сы құра­мын­да ұрыс салған май­дан­гер екен. Ол қыз­мет еткен рота­дағы 120 сар­ба­з­дан сол шай­қа­ста тек 20 адам ғана аман қала­ды, коман­ди­рі ауыр жара­ла­на­ды. Тұтқы­нға түс­кен «тіл­ді» сүй­реп келе жатып, Қуа­ны­штың өзі де жой­қын аты­сқа тап болып, жарақат ала­ды. Май­дан гос­пи­талін­де біраз емделіп, ұры­сқа қай­та сұранға­ны­мен, меди­ци­на­лық комис­сия рұқ­сат бер­мей, елге қай­та­ра­ды. Ауы­лы­на оралған ол Отан қорғау жолын­да бір­ге от кеш­кен май­дан­дас доста­рын ұмыт­пау үшін 100 түп алма аға­шын оты­рғы­зып, оның әрбіріне Бақыт, Мирас, Сер­гей, тағы басқа деп, қаза болған жауын­гер­лер­дің есі­мін береді. Сөй­тіп, әрбір аға­штың қасы­на кел­ген­де, оны тірі досын­дай көріп, өзін­ше «тіл­десіп» жүреді. Ата­сы­ның бұл әре­кеті – ел басы­на күн туып, ер етік­пен су кеш­кен заман­да елінің аман­ды­ғы мен жерінің бүтін­ді­гін бір­ге қорғаған есіл ерлер­ге деген ерекше құр­меті, досты­ққа адал­ды­ғы неме­ресіне үлкен ой салып, «есей­ген­де атам­ның құр­метіне алма өсіре­мін» деп ұйғарады.

– Менің бой­ым­да ата-баба­ла­рым­ның қаны бар. Сол қан арқы­лы берілетін асыл қаси­ет, кіш­кен­тай­ым­нан май­дан­гер атам­нан өз көзім­мен көр­ген баға жет­пес өне­ге, ерін­бей айта­тын ерте­гілері мен өз басы­нан өткен оқиға­лар, ел мен жер, Отан тура­лы, адам­гер­шілік қаси­ет, достық тура­лы әңгі­ме­лері мен басқа да ешкім айт­паған ақыл-кеңе­стері маған туған жер­дің рухын сезініп, ата-ана­ның, ағай­ын-туы­стың, дос-жаран­ның қадірін түсініп, баға­ла­у­ға мол мүм­кін­дік бер­ді. Сөй­тіп мен «ұяда не көр­се, ұшқан­да соны іледі» демек­ші, ата­ма елік­теп, бау-бақ­ша шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­мын деп шештім.

Әрине, атам­нан көр­гені­ме, өз білі­мі­ме, азды-көп­ті тәжіри­бе­ме, бұл кәсіп­пен айна­лы­сып жүр­ген таныс жан­дар­дың ақыл-кеңесіне сүй­еніп, бола­шақ өндірістің арты­қ­шы­лы­қта­ры мен кем­шілік­терін жан-жақты есеп­те­у­ге тура кел­ді. Биз­не­сті қай­да бастай­мыз, өз елі­міз­де ме, әлде шетел­де ме деген үлкен сұрақ та туын­да­ды. Ол кез­дер­де Қаза­қстан­да биз­нес ашу – үлкен тәу­е­кел­ге бару­мен бір­дей бола­тын. Қажет­ті құрал-жаб­дық, жоға­ры сапа­лы көшет, тыңай­тқыш, өсім­дік ауру­ла­ры, зиян­кестер­ге қар­сы дәрі-дәр­мек үшін тиім­ді несие алу өте қиын еді. Түп­теп кел­ген­де, қан­дағы отан­шыл­дық қаси­ет басым түсіп, өз кәсібі­мізді өз Ота­ны­мы­зда аша­мыз деп шештік, – дей­ді Асқар.

Сөй­тіп ол Еңбек­шіқа­зақ ауда­нын­дағы Ащы­бұлақ ауы­лы­нан 160 гек­тар жер сатып алып, бау-бақ­ша өсіру­мен қарқын­ды түр­де айна­лы­са бастай­ды. Оның үстіне күн­де дүкен сөре­лерін­де тек поляк алма­сын көріп жүр­ген ол сапа­лы отан­дық өнім өндіру­ге бел буа­ды. Бүгін­де бұры­нғы Мало­вод­ный ауы­лын­дағы «Бес­тө­бе» деп ата­ла­тын жер­де қарқын­ды бақтар пай­да бол­ды. Олар­да алма­ның 16 түрі өсіріледі, ал бақтар­да 80 адам жұмыс істейді.

Асқар­дың әңгі­месі­нен бола­шақ қарқын­ды бақтар үшін алға­шқы алаң­дар­ды иге­ру 2013 жыл­дың көк­те­мін­де басталға­нын түсін­дік. Бұл – алға­шқы 50 гек­тар жер­де­гі ауыр жұмыс, сол кез­де­гі бей­мәлім тех­но­ло­ги­я­лар­ды үне­мі зер­де­леу, жаңа ұжым құру кезеңі, бақ оты­рғы­зу­дың және оны күтудің жаңа әдістерін иге­ру­де­гі көп­те­ген әре­кет­тер еді. Бүгін­гі таң­да бақ 150 гек­тар жер­ді алып жатыр, мұн­да әртүр­лі 16 сорт­тың 600 мың түп­тен астам алма аға­шы өсіп тұр. Кәсіп­кер­дің түсін­діруі бой­ын­ша, қарқын­ды бақтың ерекшелі­гі – аға­штар оты­рғы­зы­лған алға­шқы жылы-ақ 1 гек­тар­дан шама­мен 10 тон­на жеміс бере бастай­ды. Жыл сай­ын өнім көле­мі өсіп, 6–7 жылға қарай 1 гек­тар­дан 80 тон­наға дей­ін жеміс жина­уға бола­ды. Бұл мерзім ішін­де аға­штың тамыр жүй­есiнің нығаю үдерісі жүреді, дiңi жуан­дай­ды, жемiстер күшей­еді, алма­ның дәмi мен сыр­тқы көрінісі әбден жақсарады.

– Жеміс аға­шта­рын өсірудің сол кез­де­гі жар­ты­лай қарқын­ды жүй­есі жаман емес-ті, бірақ тиім­ділі­гі жет­кіліксіз бола­тын. Сон­ды­қтан қарқын­ды және өте қарқын­ды бақтар оты­рғы­зу керек бол­ды, ал жер­гілік­ті жер­де оған оқы­та­тын, оны үйре­тетін ешкім бол­ма­ды. Сол себеп­ті мен АҚШ-тың Вашинг­тон шта­ты, Ита­лия, Гер­ма­ния және Австрия елдеріне барып, алма бақта­рын өсірудің озық тех­но­ло­ги­я­ла­рын көріп, Қаза­қстанға ең үздік­терін әке­лу үшін сапарға аттан­дым. Жол­да сапар­лас болған адам­дар менің қызық жігіт екенім­ді айт­ты. Себебі, олар­дың ойын­ша, алма – Алма­ты­дан келеді, ал алма өсіруді бүкіл дүние жүзі қаза­қтар­дан үйре­нуі керек. Қазір біз­ге жер­гілік­ті бағ­бан­дар келіп, көп нәр­сені үйреніп жатыр. Біз­ге қараған­да оларға оңай, себебі олар алы­сқа шық­пай-ақ, өз елін­де, өз жерін­де жүр. Біз Ита­ли­яда алма аға­шта­ры­ның 12 сұры­бын таң­дап, көп­те­ген көшет сатып алдық. Жер­гілік­ті кли­мат­та қай­сысы жақ­сы орны­ға­ты­нын көру үшін, соның бәрін оты­рғы­здық. Бақы­ты­мы­зға қарай, бар­лық алма аға­шта­ры құд­ды өз ота­ны­на кел­ген­дей, бір­ден тамыр жай­ып кет­ті. Сөй­тіп алма аға­шта­ры­нан жоға­ры өнім алу үшін, там­шы­ла­тып суа­ру тех­но­ло­ги­я­сын енгі­зу тура­лы шешім қабыл­да­дық, себебі бұл алма үшін өте жақ­сы. Оның үстіне Қаза­қстан­да тұщы су мәсе­лесі бар. Егер бар­лық бағ­бан­дар там­шы­ла­тып суа­руға көшетін бол­са, онда бұл түйт­кіл өте тиім­ді шешіледі, – дей­ді кәсіпкер.

Оның түсін­діруі бой­ын­ша, бұл – олар­дың отба­сы­лық биз­несі. Жұбайы Дина­ра өздері өсір­ген алма­дан шырын өндіру­мен айна­лы­са­ды. «Түсі игі­ден түңіл­ме» деген­дей, жүзі жылы, сым­бат­ты кел­ген сүй­кім­ді келін­шек бізді күлім­деп қар­сы алып, алма сақтау тех­но­ло­ги­я­сы мен жұмыс үдерісі тура­лы кең түр­де айтып бер­ді. Ком­па­ния аумағы 4 гек­тар­ды құрай­тын жеке жеміс қой­ма­сын да салып алған. Зама­на­уи ғима­рат­тың ішін­де әрқай­сысы­ның сый­ым­ды­лы­ғы 250 тон­на­ны құрай­тын 12 каме­ра бар. Олар­да 3000 тон­на алма­ны сапа­сы бұзыл­маған балғын күй­ін­де сауда нүк­те­леріне жібер­ген­ше бір­не­ше ай бойы сақта­уға бола­ды. Күз­де бау-бақ­ша­дан жүк көлік­тері­мен әкелін­ген алма алдын ала өлшеніп, арнайы бун­кер­лер­ге түсіріледі. Одан әрі арнайы ыдыс­қа салы­нған алма­ны авто­ти­егі­ш­тер ауа­ның ылғал­ды­лы­ғы мен сақтау тем­пе­ра­ту­ра­сы рет­те­летін әлгі сақтау каме­ра­ла­ры­на тап-тұй­нақтай етіп тек­ше­леп жинайды.

Дина­ра Рүстемб­а­е­ва сон­дай-ақ Гер­ма­ни­ядан сатып алы­нған жар­ты­лай авто­мат­ты желілер, сығу және тіке­лей сығу құрал­да­ры бар шырын өндірісі тура­лы да айтып бер­ді. Мұн­да жылы­на 300 мың литр мөл­шерін­де шырын өндіріледі екен. Ерлі-зай­ып­ты кәсіп­кер­лер бұл өндірісті бастаға­ны­на үш жылға жуы­қтап­ты. Шырын шыға­ру үшін тау­ар­лық түрі төмен, басқа­ша айтқан­да, кон­ди­ци­я­лық емес алма­лар­ды ала­тын көрі­неді. Демек, әртүр­лі себеп­тер­мен езіл­ген, қыр­шы­лған алма­лар да зая бол­май­ды деген сөз. Арнайы ыдыс­тарға құй­ы­ла­тын шырын­дар келісім­шарт арқы­лы супер­мар­кет­тер­ге, бала­бақ­ша­ларға, мек­теп асха­на­ла­ры­на саты­ла­ды. Зауыт бас­шы­сы келе­шек­те желілер санын, сол арқы­лы өндіріс көле­мін ұлғай­ту­ды да жос­пар­лап отыр.

Біз ком­па­ни­я­ның аты неге «Amal Bio» деп сұраға­ны­мы­зда, Амал – олар­дың қызы­ның есі­мі екенін біл­дік. Сон­ды­қтан осы есім­ге «Bio» сөзін қосып, кәсі­по­рын­ның ата­уы­на үміт, мүм­кін­дік, жаңғы­рған жаңа өмір деген нақты мағы­на сый­ғы­зып­ты. Түсін­ген ада­мға бұл да тапқыр­лық. Дина­ра­ның айтуын­ша, қызы да ком­па­ни­я­мен бір­ге өсіп, бой­жетіп келеді.

Ком­па­ния үздік шетел­дік маман­дар­ды тар­та оты­рып, алма­ның ең жақ­сы сұрып­та­рын селек­ци­я­лық әдіспен шыға­ру бой­ын­ша үлкен ғылы­ми жұмыс та жүр­гізіп­ті. Кәсі­по­рын­ның өз көшет­ха­на­сы мен тәжіри­бе жүр­гі­зетін бақ­ша­ла­ры да бар. Мұн­да «Amal Bio» коман­да­сы жұмыс істей­ді. Оның құра­мын­да тек аграр­шы­лар ғана емес, соны­мен қатар био­лог­тер, химик­тер де бар. Олар шетел­дік сорт­тар­ды бей­ім­деп, біздің кли­матқа төзім­ділерін сұрып­тай­ды. Өткен жылы қаза­қстан­дық көшет­тер­ден алға­шқы өнім алы­нып­ты. Дина­ра біз­ге сол «Апорт-Amal» деп ата­ла­тын алма­ның жаңа сор­тын көрсетті.

«Amal Bio» ЖШС өнім­дерін тек отан­дық сауда орын­да­ры ғана емес, соны­мен қатар Новосібір, Томск және Хан­ты-Ман­сийск қала­ла­ры­нан да серік­те­стер сатып ала­ды. Ком­па­ния бас­шы­лы­ғы келе­шек­те көшет­тер­ді экс­порт­тау үшін батыс елдерін­де сұра­ны­сқа ие алма аға­шта­ры­ның алты біре­гей сор­тын шыға­ру­ды жос­пар­лап отыр. Бұл баста­ма­ны жүзе­ге асы­ру үшін олар қазір Вашинг­тон және Болон уни­вер­си­тет­терінің аграр­лық факуль­тет­тері­мен бір­лес­кен жұмыс жүргізуде.

– Жоба­лар көп, тек жұмыс істеу керек. Біз өзі­мізді сүй­ек­ті дақыл­дар өсіру­де де сынап көр­гі­міз келеді. Тәжіри­белік бақтар аумағын­да түр­лі сұрып­тағы шие, қара қара өрік, өрік, шаб­да­лы өсіріледі. Әзір­ге өнер­кәсіп­тік ауқым­да желілер арқы­лы сату іске қосы­лған жоқ. Өнім­ді жер­гілік­ті тұрғын­дар мен алма­ты­лы­қтар сатып алып жатыр. Бұл да агро­биз­не­сті дұрыс жүр­гі­зудің жақ­сы мыса­лы. Біз бір нәр­се­мен шек­теліп қал­май, өндірісті барын­ша әрта­рап­тан­ды­рғы­мыз келеді. Ең басты­сы – біздің ком­па­ни­яда өнім­ді қай­та өңде­уден бастап, сатуға дей­ін­гі бар­лық тіз­бек жолға қой­ы­лған. Зама­на­уи жеміс қой­ма­сы – қаза­қстан­ды­қтар­дың мау­сы­ма­ра­лық кезең­де импор­тқа тәу­ел­ді бол­май­тын­ды­ғы­ның айқын кепілі. Басқа­ша айтқан­да, біздің аймақ тұрғын­да­ры­ның дастар­ха­нын­да ел ішін­де өндіріл­ген өз жемістері­міз бола­ды, – дей­ді Асқар Сабиров.

Тағы бір нәр­сені атап айтқан жөн, бұл фир­ма­да өсіріл­ген алма жоға­ры сапа­сы­мен және қол­жетім­ді баға­сы­мен ерекше­ле­неді. Ком­па­ни­яда негізі­нен қазір­гі заманғы тех­но­ло­ги­я­лар­ды шетел­де мең­гер­ген жас маман­дар жұмыс істей­ді. Бас­шы­лы­қтың сөзіне қараған­да, бұл тәжіри­бе бола­шақта да жалға­са­тын бола­ды. Жал­пы, мұн­да 100-ден аса адам жұмыспен қам­ты­лған. Соның арқа­сын­да шағын кәсіп үлкен өндірістік ком­па­ни­яға айна­лып отыр.

Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн