Суббота , 5 июля 2025

Амандық сияқты АЗАМАТТАР біздің елде неге аз?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

Жаңғы­рық

 

Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­лов мыр­за­ның жетім­дер­ге арнап алпыс пәтер­лі үй салып беріп, кіл­тін өзі тап­сы­ра құт­ты­қтаға­нын осы гәзет­тің өткен, қазан айы­ның 29-ындағы саны­нан оқып, бас­па­на­лы болған шат-шады­ман жастар­дың сурет­терін көр­ген сәт­те қуа­ны­штан көңілім тасып: «Ай, Аман­дық Інім! Ай, Аза­мат! Жаса! 100 жаса!» – деп, құшағы ойын­шы­ққа тола қалған балақай­ша мәз бол­дым. Өзі­ме бей­та­ныс әкім­нің жан жылуы мол­ды­қтан жүзі нұр­ла­нып жүретін шығар деген оймен Адам, Аза­мат бей­несін көз алды­ма сырт­тай еле­стетіп: «Әп, бәре­кел­ді! Міне, халық үшін жаралған Ұл осын­дай бол­са керек-ті!» дей оты­рып, қаға­зым­ды үстел­ге төсеп, қала­мым­ды қолға алдым.

 

Мынау қысаң заман­да жетім жастар­дың алпыс отба­сы­на тегін пәтер сый­лап, жүз­де­ген жан­ның тыны­сын кеңей­ту дегені­міз – нағыз адам­гер­шілік қаси­ет­тің бір ныша­ны! Оны халқын сүйе біл­ген, ресми «мыр­за» ныспы­сын ақтай алған Аза­мат­тар ғана жасай ала­ды! Әне, Аман­дық Бата­лов мыр­за дәлел­деп берді!

Жақ­сы­лы­қты газет­те паш еткен Ермұрат Бапи: «…жетім­дер­ді тұрғын үймен, жеке пәтер­мен қам­та­ма­сыз ету бағ­дар­ла­ма­сын ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі бекіт­кен. Ал Бата­лов бол­са, сол бағ­дар­ла­ма­ны тап-тұй­нақтай етіп орын­да­у­шы ғана» деп­ті. Иә, оң тап­сыр­ма­ны орын­дау ой өрісі кең, сана­сы кір­шіксіз, таза іскер адам­ның ғана қолы­нан келеді. Ондай жан, өкініш­ке қарай, аз да, оны күн­де­у­ге, оған таса­дан тас лақты­руға дай­ын пасы­қтар көп екенін сан көр­дік. Солар неме­се солар­дың итар­шы­ла­ры Аман­дық Бата­лов мыр­за­ны да ныса­на етер. Бір өкіні­штісі – олар көз­ге көрін­бей­ді, не Аста­наға «дома­лақ хат» жауды­ра­ды, не интер­нет­те­гі сайт­тарға бүр­кен­шік атпен жын­да­рын төгіп жан­та­ла­са­ды. Солай­ша арам­за­ла­нып, тығы­лып жата­тын тексіз­дер­дің дер­тесін қай­ы­ру мүм­кін емес, ондай­ларға, мыса­лы, менің қолым­нан келетіні: – Аза­мат Аман­ды­ққа құдай­дың көзі түзу бол­са екен! – деген тіле­гім­ді қар­сы қою ғана.

Әңгі­ме аясы­на қарай жал­пы қай­ы­рым­ды­лық жай­ын­да бір пікір айтқым кел­ді. Аман­дық Бата­лов мыр­за іске асы­ра біл­ген қоға­ми сипатты қай­ы­рым­ды­лық өз алды­на десем, жеке адам­дар­дың қай­ы­рым­ды­лық пары­зы тура­лы неге айтпасқа?

Кеңе­стік кез­де қалып­тасқан «жол­дас» деген, яғни «жолы бір» деумен қалып­тасқан орын­ды сөзді кеңеспен бір­ге лақты­рып тастап, құд­ды бар-ау, тәу­ел­сіздік­те жолы­мыз бір бол­май­ты­нын алдын ала біл­ген­дей, шеті­міз­ден «мыр­за» болып шыға кел­дік те, бұл сөздің мәніне жүгіне білуді біра­зы­мыз керек етпей, аяғы­мы­зға іле сала­тын шәр­кей­ге айнал­дыр­дық. Сөй­тіп, жолы­мыз айрық-айрық болып кетті.

«Біра­зы­мыз» деп оты­рға­ным – халы­қтың нәпақа­сын «қарағай­ға тал­ды жалғап» сухит­та­у­мен, неме­се көзін бақы­рай­тып қой­ып тар­тып алу­мен бай­ы­ған бет­сіз­дері­міз. Олар – мей­ірім­сіз, қай­ы­рым­сыз, өзім­шіл өлер­мен­дер, мал­ды арам­ды­қ­пен тауып, ешбір ойлан­ба­стан арам қаре­кет­ке жұм­са­у­шы­лар. Солар­ды – ресми «мил­ли­о­нер», «мил­ли­ар­дер» атағы бар­лар­ды бөле-жара атап, әуре бол­май-ақ, олар­дың кім­дер екені бар­шаға бел­гілі, осы газет­те­гі, «Жас Ала­штағы» мақа­ла­лар­да тізім­деп ата­лып та жүр, иә, сол шылқа бай­лар­дың жетім-жесір­лер­ге, мүге­дек­тер­ге қол ұшын бер­ген­дерін, тіп­ті шара­сызды­қтан бас­пасөз арқы­лы көмек сұраған­дарға қай­ы­ры­лға­нын көр­ген емес­пін. Оның есесіне о қала мен бұ қала­да мил­ли­он­даған дол­ларға қабат­тап хан сарай­ын­дай үй, кот­тежд, мей­рам­ха­на, мей­ман­ха­на, супер­мар­кет салып, ондаған, жүз­де­ген мың дол­лар­дың шетел­дік ауто­көлі­гін қосақтап мініп, қай­сы­бірі жеке мен­шік ұшақ­пен серу­ен­деп жүр­ген­дері­нен хабар­дар­мын. Кей­біре­уі өзі­міз­де, шетел­де «тоқал ұстап», ола­рын бей­қам тұр­мысқа не қажет­тің бәрі­мен қам­та­ма­сыз етіп оты­рған көрі­неді. Олар «өзін­де бар­мен көз­ге ұрып», ерік­кен­де Алма­ты мен Қап­шағай­дың орта­сын­дағы кази­но мен түн­гі клуб қала­шы­ғын­да бәсе­ке­ле­се ақша шашып, «арман­да­ры­на жетіп» қарық.

Көп­шілік­тің басын­да бар өзге қиын­шы­лы­қтар­ды тізіп айт­паған­да, ауыр дерт­ке ұшы­раған, шыбын жаны шырқы­ра­удан қажып, өзі­міз­де шипа таба алмай, Қытай­ға, Гер­ма­ни­яға, Изра­иль­ге, басқа шетел­дер­дің біріне барып емде­лу­ге қажет­ті қар­жы­сы жоқты­қтан көп­шілік­тен газет арқы­лы көмек сұраған қазе­кем­дер­дің – мәде­ни­ет өкіл­дерінің он шақты­сын біле­мін. Елі­міз­ге еңбе­гі сің­ген бел­гілі қай­рат­кер­лер. Ал мил­ли­о­нер-мил­ли­ар­дер­лер олар­дың ешқай­сысы­на қай­ы­ры­лған жоқ.

Бел­гілі кино­ре­жис­сер Қал­ды­бай Әбе­но­втің жанай­қайы «Алла­жар» филь­мін біл­мей­тін қазақ бар ма?.. Өкініш­ке қарай, біл­гісі кел­мей­тін­дер бар. Олар кім­дер?.. Олар – фильм­нің билік­те­гілер­ге жақ­паға­нын есті­ген жыл­мақай жағым­паз­дар және адал­ды­қтан ада анау мил­ли­о­нер­лер мен мил­ли­ар­дер­лер. Қал­ды­бай­дың доста­ры оның шетел­ге барып емде­луіне жәр­дем жаса­уды өтіне газет­ке, интер­нет сайт­та­ры­на құлаққағыс жазға­лы, арна­у­лы есеп-шот ашқа­лы 10 ай бол­ды. Амал не, жетер­лік қар­жы жинал­ма­ды. Көмек­те­су­ге құл­шы­нған­дар­дың қал­та­ла­ры тесік, ал ақша­сы есеп­сіз тал­таң­бай­лар Қал­ды­бай­дың тағ­ды­ры­на елең етпеді.

Өзі жер­дің үстін­де жүр­мей, жер­ді өзі таба­ны­на жап­сы­рып алып, аман сақтап жүр­ген­дей бола­тын сол тал­таң­бай­лар тура­лы «хика­ят­тар­ды» оқы­ған­да: «Мил­ли­ард­таған дол­ла­ры­ң­ның бір мил­ли­о­ны ауыз­су­сыз қаңта­ры­лып қалған анау алты жүз шама­лы ауыл­дың кеңес кезін­де суды терең­нен тар­тқан элек­тр­лі құды­қта­рын қал­пы­на кел­тіріп беру­ге жетер еді», деп қала­мын. Неме­се «үйсіз-күй­сізі көбірек қала­ларға 80–100 пәтер­лі 4–5 тұрғын үй сал­ды­рып бер­сең, қан­ша мың адам сені ертеңді-кеш алқап жүрер еді!» деп ойлай­мын. Ойлап қана қой­май, атап-атап жаз­дым да. Бірақ «баяғы жар­тас…». Ай-хой заман!..

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн